Мұсылман философиясындағы антропология және гносеология

Философия туралы біздің бірінші білуіміз тиіс мәселе ­ бұл философия дегеннің не екендігі мәселесі. Бұл сұраққа жауап беру барысында көптеген келіспеушіліктер болғандықтан, біз бутан жауап бермес бұрын, алдымен логика бойынша кітаптарда ресми талданған мәселелер туралы қысқаша кіріспе келтіруге мәжбүрміз. Сөздік және мағыналық анықтама Логиктер былай дейді: қандай да бір заттың «не екендігі» сұралғанда, сұрақтың пәні әртүрлі болады. Кейде сұрақтың пәні сөздің ұғымы мен мағынасы болады, яғни біз «мынау не зат?» деп сұрағанда, сұрақтың пәні болған нәрсе, сол сөздің өзі болады. Және оның «не екендігін» туралы айтқанда, біз сөздің лексикалық немесе терминологиялық мағынасының нені білдіретінін ескереміз. Қандай да бір кітапты оқу барысында «ләйлек» деген созбен ұшырастыңыз деп ұйғарыңыз және оның мағынасын білмейміз. Біреуден «ләйлек деген не?» деп сұраймыз. Ол айтады. «Ләйлек ­ бір құстың аты». Немесе, мысалы, логиктердің әңгімесінен «калима» («сөз») ұғымын кезіктіреміз. Логиктердің терминологиясында «калима» нені білдіреді деп біреуден сұраймыз. Ол былай деп жауап береді: Логиктердің терминологиясындағы «калима» ­ бұл грамматиктердің терминологиясынан алғанда «етістік». Сөз бен мағынаның байланысы ­ бұл келісімдік және конвенционалдық байланыс екендігі күмәнсіз, мейлі ол әмбебап немесе жалқы болса да. Мұндай сұраққа жауап барысында сөздің қолданылу жағдайын іздеу немесе сөздікке жүгіну қажет. Сондай­ақ сұрақтың көптеген жауаптары болып, олардың барлығының дәйекті болуы да мүмкін. Өйткені бір ғана сөздің әртүрлі дәстүрлерде әрқилы мағына беруі әбден мүмкін. Мысалы, бір сөздің логиктер мен философтардың дәстүрінде бір мағына, әдебиетшілердің дәстүрінде басқа мағына беруі мүмкін. Бұл «калима» («сөз») сөзінің жалпы дәстүр мен әдебиетшілердің дәстүрінде бір мағына, ал логиктердің дәстүрінде басқа мағына беретініне ұқсайды. Немесе «силлогизм» сөзі логиктердің дәстүрінде бір мағынаны білдірсе, дін негіздерінің білгірлері мен факихтердің дәстүрлерінде өзге мағына береді. Қандай да бір сөз бір дәстүрде екі және одан да көп әртүрлі мағына берсе, онда мұндай жағдайларда бүл сөз мынадай контексте осындай мағына, ал қандай да бір басқа контексте мынадай мағынаны білдіреді деп айту керек. Мұндай сұрақтарға берілетін жауаптар «сөздік анықтамалар» деп аталады. Алайда кейде қандай да бір заттың «не екендігі» жөнінде сұрақ берілген кезде, сұрақтың пәні сөздік мағына емес, мағынаның шынайылығы болады. Біз «бұл сөздің мағынасы не?» деп сұрағымыз келмейді. Сөздің мағынасын біз білеміз, бірақ оның шынайылығы мен мәні бізге белгісіз. Мәселе мағынаның шынайылығы мен мәніне қатысты болып отыр. Мысалы, егер «Адам деген кім?» деп сұрасақ, ­ онда мақсат қандай мағынаны білдіру үшін «адам» сөзінің орныққандығын анықтаумен сипатталмайды. «Адам» сөзінің осы ерекше екі аяқты, тік жүретін және ақылды жан екендігін білдіру үшін бекітілгенін біз бәріміз де білеміз. Керісінше, «адамның шынайылығы мен мәні не?» деген сұрақ қойылып отыр. Мұндай сұраққа дәйекті жауаптың біреу­ақ болуы күмәнсіз, яғни барлық көптеген жауаптардың дәйекті болуы мүмкін емес. Осындай сұрақтарға берілетін жауап «шынайы анықтама» деп аталады.

Сөздік анықтама шынайы анықтаманың алдында болады, яғни алдымен сөздің мағынасын нақтылап алу керек, содан кейін барып осы нақты мағынаға шынайы анықтама беру керек. Онсыз орынсыз пікірталастар мен қисынсыз паралогизмдерге ұрынып кетуге болады. Өйткені егер сөздің көптеген лексикалық және терминологиялық мағыналары болса және мағыналардың бүл көпшілігі бекітілмесе, онда әрбір топ ерекше магына мен ерекше терминологияны ескеретін болады және әрбір топтың ескергенінен айрықша нәрсені ұйғаратынын білмей анықтама беретін болады және себепсіз өзара таласқа түсетін болады. Сөз мағынасының сөз мағынасының мәнінен ажырамастығы кей кездері сөздің мағынасында пайда болатын өзгерістер мен түрленістерді шынайы мағына деп қабылдаудың себебіне айналып кетеді. Мысалы, қандай да бір ерекше сөз бастапқыда бір «жалпы» мағынада пайдаланылуы мүмкін, ал одан кейін терминдер өзгерер еді де, сол баяғы сөз өзінің «жалпы» мағынасының орнына сол «жалпының» «жалқы» жағдайы ретінде қолданыла бастайды. Егер кімде­кім сөздің мағынасын мағынаның шынайылығынан ажыратпайтын болса, ол сол «жалпының» шындығында да құрамдас бөліктерге жіктеліп кетті деп ұйғарар еді. Және бұл жалпыда ешқандай өзгерістің болмағанына, «жалпыны» білдіру үшін қолданылатын сөздің ғана өз орнын өзгерткеніне және сол жалпының бөлігін білдіру үшін қолданылатынына көңіл бөлмейді. Айта кететін бір нәрсе, «философияға» қатысты осындай қателік барлық батыстық философтар мен олардың шығыстық еліктеушілерінің соңынан қалмай келеді. Мүмкін, бізге оңтайлы сәті түсіп, келесі сабақтарда бүл қателікті түсіндіріп берерміз. «Философия» сөзі терминологиялық сөз және ол көптеген әрі алуан түрлі терминологиялық мағыналарға ие болды. Философтың әртүрлі топтарының әрқайсысы философияның өзінше анықтамаларын жасап алды. Анықтамалар мен түсіндірмелердің бүл алуан түрлілігі ешқандай шынайы нақтылықпен байланыспайды. Әрбір топ бұл сөзді ерекше мағынасында қолданды және өздерінің ұйғарған мағынасымен анықтады. Бір топтың философия деп атағаны, екінші топта философия деп есептелмейді; ол негізінен оның құндылықтарын теріске шығарады, не болмаса басқа есіммен атайды, не болмаса оны басқа ғылымның бөлігі деп есептейді. Және де, әрине, бір топтың өкілдерінің көзқарасынша, басқа топтың жақтастары философтар деп саналмайды. Сондықтан «Философия деген не?» деген сұраққа біз әртүрлі терминологияларға назар сала отырып, жауап беруге тырысамыз. Алдымен бұл сұрақтың жауабына ислам философтарының ұстанымы тұрғысынан келейік. Ең алдымен талқының тезіне осы сөздің лексикалық түбірін салайық. «Фәлсафа» («философия») сөзі Бұл сөздің түбірі грек тілінде. Грек тілінен және ежелгі грек ғылымының тарихынан хабары бар барлық бағзы және қазіргі ғалымдар былай дейді: Бұл ұғым «философия» сөзінің бұрмаланған арабша инфинитивін білдіреді. «Философия» сөзі екі сөзден турады: «филео» және «софия». «Филео» сөзі «сүйемін» дегенді, ал «софия» сөзі «даналық» дегенді білдіреді. Платон Сократты «философ» ретінде, яғни «даналыққа құштар» ретінде мадақтайды . Сондықтан бұрмаланған араб инфинитив! болып табылатын «фәльсафа» («философия») сөзі философияға берілуді білдіреді. Сократқа дейін өкілдері өздерін «софистер», яғни данышпандар деп атаған топ пайда болды. Бұл топ адами танымды ақиқат пен шынайылықтың өлшемі деп есептеді және өздерінің дәлелдерінде паралогизмдерді пайдаланды. Біртіндеп «софист» сөзі өзінің шынайы мәнін жоғалтты да, «паралогист» мағынасына ие болды, «софизмге берілу» «паралогизмге берілудің» синониміне айналды. «Сафсате» сөзі араб тілінде «софисттің» бұрмаланған инфинитиві болып табылады, ол қазір біздің арамызда «паралогизмге берілуді» білдіреді.

Читайте также:  ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МОРАЛЬДЫҚ ЭТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Сократ өзінің қарапайымдылығы мен ұстамдылығының арқасында, сондай­ақ софистерге жатқызудан қашып, өзін «софист», немесе данышпан деп атауға тыйым салды. Сондықтан ол өзін «философ», яғни даналыққа құштар адам деп атады. «Философия» сөзі біртіндеп «данышпан» мағынасынан айырылып, «паралогист» мағынасына ие болған «софист» сөзімен салыстырғанда, «даналыққа құштар» ұғымынан «данышпан» ұғымына дейін көтерілді. «Фәлсафа» сөзі де білімнің синониміне айналды. Сондықтан «философ» сөзі Сократқа дейін ешкімге де қатысты қолданылған жоқ. Және Сократтан кейін де біреулерге бірден қолданыла қойған жоқ. Ол уақыттарда «фәлсафа» («философия») сөзі нақты мәнге ие бола қойған жоқ еді. Жұрттың айтуынша, Аристотель де бұл сөзді қолданбаған және тек кейінірек (философия» және «философ» сөздері) кеңінен тарала бастады. Мұсылмандардың терминологиясы жайында Мұсылмандар бұл сөзді Грециядан алды, одан арабтық форма жасады, оған шығыстық түр беріп, оны интеллектуалдық білімнің абсолюттік мағынасында қолдана бастады. Мұсылмандар арасында таралған терминологияға сәйкес, философия бір ерекше ғылымның және ерекше білімнің атауы болған жоқ. Олар лексикология, синтаксис, морфология, стилистика, риторика, поэтика, просодия, герменевтика, хадис, юриспруденция, дін негіздері сияқты баяндаушы ғылымдарға қарама қарсы ­ барлық рационалиста ғылымдарды философия деген жалпы атауға біріктіреді. Және бұл сөз жалпы мәнге ие болғандықтан, метафизиканы, математиканы, физиканы, саяси, этикалық және экономикалық білімдерді қоса алғандағы өз дәуірінің барлық рационалистік ғылымдарын қамтыған адамдар философ деп аталды. Осыны ескере отырып, былай дейтін: «Философ саналатын әрбір адам объективті әлем сияқты, өзінше бір ғылыми әлемге айналды». Мұсылмандар ғылымдардың аристотельдік жіктелісін баяндауды қалағанда, «философия» немесе «даналық» сөздерін пайдаланды. Олар философия, яғни рационалистік ғылым екіге ­ теориялық және практикалық деп екіге бөлінеді деп айтты. Теориялық философия ­ бұл заттарды сол бар күйінде зерттейтін философияның бөлігі. Практикалық философия болса, адами іс­әрекетті олардың қалай болуы тиістігіне сәйкес және олардың қандай артықшылықтарына қарай зерттейтін философияның бөлігі болып табылады. Теориялық философия үш бөлімге бөлінеді: метафизика немесе жоғарғы философия; математика немесе орта философия; физика немесе төменгі философия. Жоғарғы философия, оз кезегінде өзіне екі ғылымды енгізеді. Оның біріншісі ­ әмбебап мәндер туралы ілім, екіншісі сөздің шын мағынасындағы теология. Математика торт бөлімнен турады, олардың әрқайсысы жекелеген ғылымдар: арифметика, геометрия, астрономия, музыка. Физика, өз кезегінде, солар сияқты көптеген тараулар мен бөлімдерден турады. Практикалық философия болса, этика ғылымына, үй шаруашылығы ғылымына және қоғамды басқару ғылымына жіктеледі. Сондықтан кемел философ ­ бұл барлық осы аталған ғылымдарды қамтыған адам. Шынайы философия немесе жоғарғы ғылым Бұл философтардың көзқарасынша, философияның көптеген бөлімдерінің арасында біреуі басқаларына қатысында ерекше артықшылығы бар және барлығынан бір саты биік тур. Бұл ­ «бірінші философия», «жоғарғы философия», «жоғарғы ғылым», «әмбебап ғылым», «теология» және «метафизика» деген атаулармен аталатын бөлім. Біріншіден, басқа ғылымдарға қатысында бұл ғылымның артықшылықтарының бірі, ежелгі философтардың пікірінше, өзгелеріне қарағанда анағұрлым дәлелді және анағұрлым дәйекті. Екіншіден, барлық басқа ғылымдарға жетекшілік және үстемдік етеді және шындығында ғылымдардың падишасы, өйткені өзге ғылымдардың барлығы да оған мұқтаж болып келеді, ал оның оларға жалпы мұқтаждығы жоқ. Үшіншіден, ол барлық басқа ғылымдармен салыстырғанда, анағұрлым әмбебап әрі жалпы . Бұл философтардың көзқарасынша, міне осы ғылым шынайы философия болып табылады. Сондықтан кейде «философия» сөзі дәл осы ғылымға қатысты қолданылады, бірақ осыған лайық оның пайдалануы сирек кездеседі.

Читайте также:  Заң дегеніміз не?

Демек, ежелгі философтардың айтуынша, «философия» сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі ­ барлық баяндаушы емес ғылымдарды қоса алғандағы бүкіл рационалдық білімді абсолютті түрде білдіретін кең таралған мағына. Екіншісі ­ теориялық философияның үш бөлімінің бірі болып табылатын теологияны немесе бірінші философияны білдіретін кең таралмаған мағына. Сондықтан, егер біз философияны бағзы заман ойшылдарының терминологиясына сәйкес анықтағымыз және кең таралған терминологияны ескергіміз келсе, онда философия бүл ерекше білімге де, бүл ерекше ғылымға да қатысы жоқ, қандай да бір жалпы сөз болып табылады. Бұ мәнісінен алғанда философияның ерекше анықтамасы жоқ. Бүл кең таралған терминологияға сәйкес, философия баяндаушы емес ғылымдарды білдіреді, ал философ болу барлық ғылымдардың білгірі болуды аңғартады. Философия ұғымының осы жалпылығын ескеріп, философия теориялық тұрғыдан алғанда да, практикалық тұрғыдан алғанда да адам жанының энтелехиясын (кемелдігі) білдіреді деп айтатын еді. Бірақ егер біз кең таралмаған терминологияны ескеріп, философия дегенде, көне заманның ойшылдары шынайы философия, бірінші философия немесе жоғарғы ғылым деп атаған ғылымды ұғынатын болсақ, онда философия ерекше анықтамаға ие болады және «Философия деген не?» деген сұрақтың жауабы былай болады: «Философия өзінің өмір сүру өлшеміндегі болмыстың жағдайы туралы ғылым болып табылады, бірақ, мысалы, тән немесе мөлшер, немесе сапа, немесе адам, немесе өсімдік және т.с.с. ерекше мақсаты мен қолданысы болғандықтан емес». Мәселе мынада болып отыр: заттар туралы біздің мәліметтеріміздің екі түрі болады. Олар бір түрге не болмаса бір текке жатады, басқаша айтқанда, олар біздің сандар немесе мөлшерлердің жағдайлары туралы мәліметтеріміз немесе өсімдіктердің жағдайлары мен көріністері немесе адамзат тәнінің құбылыстары мен ахуалдарының жағдайлары және т.б. туралы мәліметтеріміз сияқты бір түрдің ерекше жағдайларына, ахуалдарына және акциденцияларына немесе белгілі бір текке жатады. Олардың біріншісін арифметика немесе сандар туралы ғылым, екіншісін геометрия немесе мөлшерлер туралы ғылым, үшіншісін ­ ботаника, ал төртіншісін медицина немесе адам тәні туралы ғылым деп атаймыз. Космологияны, геологияны, минерологияны, зоологияны, психологияны, социологияны, атомистиканы және басқаларын қоса алғандағы барлық өзге ғылымдар да осы топқа жатқызылады. Не болмаса заттар туралы біздің мәліметтеріміз ерекше бір түрге жатпайды, яғни ерекше түр ретінде болғандықтан мән осындай жағдайларға, ахуалдарға және көріністерге ие емес. Керісінше, ол «мән» болғандықтан ғана осы жағдайларға, ахзуалдарға және феномендерге ие. Басқаша айтқанда, әлем кейде өзінің жекелеген нәрселерінің алуан түрлілігі тұрғысынан зерттеу пәніне айналса, ал басқа кездері оның біртұтастығы тұрғысынан зерттеледі, яғни «мәнді» бар болғандығының арқасында қандай да бір тұтастық ретінде қабылдаймыз және барлық заттарды қамтитын осы «тұтастық» туралы оз зерттеулерімізді жалғастырамыз. Егер біз адам денесін әлеммен салыстырар болсақ, онда біздің тән туралы зерттеуіміздің екіжақты екенін көреміз: кейбір біздің зерттеулеріміз бас, немесе қол, немесе аяқ, немесе көз сияқты осы дененің органдарын зерттеумен байланысты. Бірақ кейбір басқа біздің зерттеулеріміз бүкіл денемен байланысты болады, мысалы: бүл дене қашан пайда болды және қай кезге дейін ол өмір сүреді? Денеге тұтастай алғанда қатынасында «қашанның» (уақыттың) мәні мен мағынасы бола ма, әлде жоқ па? Мүмкін бүл дене бір нақты тұтастыққа ие болар, ал оның органдарының алуан түрлілігі тек тысқары көрініс және жалған шығар? Оның тұтастығы қандай да бір салыстырмалы нәрсе емес пе және машиналы, яғни жасанды (механикалық) тәуелділіктен аса алмай тұрған жоқ па? Өзінің барлық басқа органдары содан туындайтындай бұл дененің тек бір бастауы бар шығар? Мысалы, осы дененің басы бар емес пе және тәннің басы басқа органдардың пайда болуының бастапқы себебі емес пе екен немесе ол бассыз дене ғана ма? Ал егер оның басы болса, онда оның басы сезетін және танитын миға ие ме, әлде бос па? Бүкіл дене, тіпті тырнақтар мен сүйектер де өмірдің қандай да бір түріне ие ме әлде бұл денедегі сана мен таным шіріген мәйітте кездейсоқ пайда болатын құрттар тәрізді жәндіктерге тән бола ма екен және дәл осы құрттар жануар немесе адам деп атап жүргендеріміз емес пе екен? Өзінің жиынтығындағы бұл дене қандай да бір мақсатты көздеп, қандай да бір кемелдікке ұмтылар ма екен немесе ол ешқандай мақсаты да, еш пиғылы да жоқ нәрсе ме екен? Дене органдарының пайда болуы мен жойылуы кездейсоқтық па немесе ол себептілік заңына багына ма? Қандай да бір құбылыс себепсіз пайда бола ма немесе әрбір ерекше салдар ерекше себептің арқасында пайда бола ма? Бұл денеге үстемдік етіп тұрған тәртіп түбегейлі және өзгеріссіз бе екен немесе ешқандай қажеттілік пен түбегейліліктің оған үстемдігі жоқ па? Осы дененің тәртібі, алдыңғысы мен кейінгісі нақты әрі шынайы ма әлде олай емес пе? Осы дененің барлық жалпы жүйелерінің саны қандай? Бұл сұрақтарды ары қара тізе беруге болады. Өмір сүріп отырған әлемнің жеке жағдайларын танумен байланыстағы біздің зерттеулеріміздің тарауы «ғылым» болып табылады. Ал әлемнің денелерін танумен байланысты біздің зерттеулеріміздің тарауы «философия» болып саналады. Демек, бір ерекше мәнді зерттейтін әлем туралы ғылымдардың бір де бірінің мәселелеріне мүлде ұқсамайтын мәселелердің ерекше бір типі бар екенін біз көріп отырмыз. Керісінше, алдыңғылардың өзі мәселелердің ерекше бір типін құрап отыр. Мәселелердің осы типі туралы «ғылым бөліктерін» тану тұрғысынан зерттеу жүргізгенде және осы типтегі мәселелердің қай пәннің көріністері болып саналатынын білгіміз келген кезде, біз олардың қандай да бір «өзіндік мәннің» көрінісінің мәнісі екендігін көреміз. Бұл мәселені талдау мен түсіндірудің жан­жақты қамтушы философиялық кітаптарда жүзеге асырылуы қажет, өйткені бұл міндеттің шешімі біздің сабағымыздың міндеттерінен тыс жатыр. Жоғарыда аталған мәселелерден басқа, біз заттардың мәні туралы пікір таластырғанымызда, мысалы, адам немесе тәннің мәні, не екендігі және нақты анықтамасы туралы талқылағанда немесе, мысалы шынайы айналымның болатыны немесе болмайтыны туралы заттардың болмысы мен өмір сүруі жайлы пікір таластырғымыз келген кезде, барлығы қайтадан осы ғылымға қатысты болып шығады, өйткені бұл құбылыстар туралы да таластар өзіндік мәннің акциденциялары туралы пікірталас болып табылады, яғни мәннің терминологиясы бойынша өзіндік мәннің акциденциялары мен жағдайлары қатарына жатқызылады. Және бұл пікірталастың да ұзақ тарихы бар және ол да біздің сабағымыздың шеңберінен тыс жатыр. Арнаулы философиялық кітаптарда ол толығырақ баяндалған. Талдаудың нәтижесіне келер болсақ, егер кімде­кім бізден «Философия деген не?» деп сұраса, ­ онда біз оның сұрағына жауап бермес бұрын айтар едік: бұл сөз әрбір топтың дәстүрінде ерекше терминологиялық мәнге ие. Егер мұсылмандардың терминологиясына сәйкес философияның анықталуы ескерілетін болса, онда олардың кең таралған терминологиясы бойынша бұл сөз барлық рационалистік ғылымдарды белгілеудің жағымсыз атауы және анықтама беруге болатындай ерекше ғылымның атауы болып табылмайды. Кең таралмаған терминология бойынша философия бірінші философияның атауы. Бірінші философия болса, қандай да бір ерекше нәрсемен байланысты емес, барлық нәрселермен байланысты болмыстың анағұрлым жалпы мәселелерін зерттейтін ғылым болып табылады. Ол бүкіл болмысты зерттеу пәнінің біртұтас мәселесі етіп бекітетін ғылым болып саналады.

Читайте также:  ТӨРТ РЕТТІ ҚИСЫҚ СЫЗЫҚТАРДЫҢ ЖАҢА САЛЫНУ ЖОЛДАРЫ

Оставить комментарий