Мұсылман философиясындағы негізгі мектептер

Мұсылман философиясындағы негізгі мектептер мен ағымдар. Исламдағы Захири мектебі. Ибн Халдунның «Муқаддимасында» орын алғаны сияқты Хиджаз халқының, әсіресе, мединеліктердің хадис ілімін игеру барысы өзге аймақтарға қарағанда көш ілгері болатын. Аббаси халифалығының күшеюімен және саяси билік пен діни жетекшілік Мухаммед пайғамбар хадистері кең таралған аймақтан алыс, күнделікті күйбең тіршілікке қажет негізгі элементтердің бастапқы кезден­ақ сәтті жүзеге асқан мәдени жетістіктер мен оның күйреуін басынан кешірген Иракқа ауысуымен бірге жаңа бір рей мектебінің дүниеге келуін қамтамасыз етті. Рей қауымы хадисті толықтай теріске шығармады, керісінше, оны салт­ дәстүрмен, күнделікті тіршілік талаптарымен немесе өмірдің жаңа шарттарына қарай үйлестіруді көздеді. Осы кезеңде шииттер арасында кең таралған (діни мәтіннің астарлық, эзотериялық мәніне көңіл бөлген) батыния басқа да есімдермен аталатын қозғалыс ретінде дүниеге келді. Аталған мектеп Мамун атты адаммен байланыстырылады, бірақ ол жайлы мәлімет қолымызда жоқ. Батынилік әрекет өз атауын оны ұстанушылар тарапынан әрбір захирдің (сыртқы бейне, сыртқы мән), әсіресе, уахимен байланысты, бір батыны (ішкі мән, аллегориялық құпия жағы) бар деген көзқарастан алынған. Грек философиясының кейбір жақтарын қабылдағандықтан, аталған әрекеттің жолын қуушылар сунниттік ғұламалар тарапынан адасқан немесе кәпір деп саналды. Мамунның халифалық құруы тұсында (198/813­218/833) батынилер өз күшінде болатын, шамамен жарты ғасырдан соң аталған әрекет Иракқа, Иранға, Синдке (Батыс Үндістан), Оманға (Оңтүстік ­ Шығыс Араб түбегі) және Солтүстік Африкаға таралды. Бірақ ол қуатты ықпалға ие бола алмады. Андалусняда батыни көзқарастар кейбір адамдар тарапынан қолдау тапса да, адасқан, еретикалық ілім ретінде жалпы халыққа таныстырылды. II/VIII ғасыр Алланың мәні, Құранның түсіндірмесі және халифалық сияқты исламның кейбір негізгі мәселелері бойынша ерекшеленген батыни атмосферасына куә болды. Сонымен қатар Құран мен Хазірет Мухаммед пайғамбардың сүннетімен бірдей деңгейде фиқһтың шынайы негізі ретінде еркін ойға жүгіну процесі де бар болатын. Сонымен қатар діннің барлық мәселелерінде ақылды уахиден де нақты айқындаушы құрал ретінде ұсынатын мутазила мектебі де өз тұжырымдамасын ұсынды. Аталған ағымдар Иракты пікірталас алаңы ретінде таңдағандығына байланысты Иракта әлгі әрекеттерге қарсы жаңа мектеп дүниеге келді. Бұл мектеп Алланың және оның пайғамбарының бұйрықтарында орын алған шынайы мәндерге жол көрсетуші, жетекші ретінде Құранның және Хз. Мухаммед пайғамбар хадистерінің ауызша, жазбаша (лафзи) тілімен түсіндірілуіне мән берді. Аталған мектептің құрушысы, атақты мұсылман құқықшысы Дауд Ибн Али болатын және жолын қуушылары уахиге түсініктеме жасауға емес, оның сыртқы мәніне көңіл аударғанына байланысты бұл мектеп захирия мектебі деп аталды. Дауд Ибн Алидің жанұясы Исфахан маңындағы бір қыстақ ­ Кашаннан шыққан. Оның әкесі халифа Мамун заманында Исфахан қазысы Абдуллах Ибн Халидтің хатшысы қызметін атқарған. Дауд 202/817 жылы Куфада дүниеге келіп, одан соң Бағдатта өсті, онда тәлім­тәрбие алды. Өскеннен соң мұнда «дауди» деп аталатын захири мектебін кұрды. Дауд Ибн Али Бағдаттағы Имам Шафидің атақты жолдасы және шәкірті ­ Сәур (ө. 246/860) мен басқа да мұсылман құқықшыларының дәрістеріне қатысқан. Олардан алған білімнің ықпалымен әкесінің ұстанған ханафи мектебінен бас тартып, шафи мектебінің өкіліне айналды. Себебі, ұстаздарының біршамасы, көбінесе, Әбу Ханифа шәкірттерінен құралған рей иелері мектебінен қарағанда ол шафилердің берік ұстанған хадис қауымы мектебіне бет бұрды. Дауд білім жолын Шафидің досы және шәкірті Исхақ Ибн Рауауайхпен (ө. 237/851 немесе 238/852) кездесу мақсатында Нишапурға жасаған іліми сапарымен аяқтады. Одан соң шығармалары дүниеге келген жер ­ Бағдат қаласына қайта оралды. Шафи мектебінің зерттеу әдісіне қанағаттанбаған Дауд Ибн Али Құран мен хадисті фиқх ілімінің бірден­бір негізі деп танитын жаңа мектеп ­ захирия мектебін құрды.

Ол Мухаммед пайғамбар сахабаларының ой ­ тұжырымдарып мойындағанмен, қиясты (аналогия), рейді (еркін ойды), истихсанды (салыстыру) және тақлидті (еліктеу) жоққа шығарған. Даудтың өзі шыншыл, білімді, Құдайдан қорқатын тақуа иесі және дегдар болатын, ол ойын жүйелей отырып, пікірсайыста алдына жан салмайтын. Даудтың Құранның жаратылғандығына, оның әуелгі еместігіне сенгендй баяндалғандығымен бұл оған жабылған жала екендігі байқалады. Дауд Ибн Али 270/884 жылы Бағдатта қайтыс болды. Дауд Ибн Али еңбекқор адам болатын. Ибн ан ­ Надим оның 150 кітабын атап өткен. Бұл кітаптардың тек оны оның басқа кітаптарының бөлімдері екендігі байқалады Сондай­ақ әрқайсысы екі мың, үш мың, тіпті, торт мың беттен туратын көлемді еңбектерден құралатын кітап ата улары да оның жеке туындыларында орын алған. Усул (методика), халифалық бойынша, иджма мен қиясты жоққа шығару сияқты кітаптарының кейбірі діннің негіздерімен байланысты. Ал өзге кітаптарының көпшілігі ғибадат пен адамдар арасындағы қарым­ қатынасқа байланысты фиқхтың екінші дәрежелі тақырыптарын кейінгі бөлімдерінде қарастырған. Алайда, өкінішке орай, оның еңбектерінің ешбірі бүгінгі күнге дейін жетпеген. Дегенмен, Ибн Хазм оған жиі сілтеме жасап кеткен. Мухаммад аш ­ Шатти (ө. Шам 1307/1089) оның шәкірттерінің әртүрлі еңбектерін пайдалана отырып, Дауд фиқхын жинақтаған. Дауд Ибн Али мәселеге қатысты болған жағдайлар айқын болса да, қияс жасағандығы байқалады, алайда, жағдай айқын немесе жабық болсын, қиясты толықтай теріске шығарғандығы ықтимал. Ал иджмаға деген ұстанымы мүлдем өзгеше: сахабалар Мухаммед пайғамбармен үнемі байланыс жасағандықтан ол сахабалардың иджмасын мойындаған. Әсіресе, калам саласында ол Алланың мәселен, естуші (сами), көреген (басар) екендігін қабылдайды. Бірақ ол былай дейді: «Оның жарық сәулесінің көмегімен көретінін айта алмаймын…». Дауд Ибн Али захирилік ұстанымы бойынша фиқһтың барлық қырларын қайта жасақтаған. Дауд Ибн Али және онымен замандас мұсылман құқықшылары бір­біріне үнемі сын көзбен қараған. Әсіресе, шафи мектебінің өкілдері оны қатты сынға алды, захири мектебіне мүлдем құрмет көрсетпеді. әл­Исфахани (ө. 418/1027) захири мектебіне мүлдем мән бермеу қажеттігіне тоқталған. Қиясты жоққа шығарғандықтан әл ­ Исфахани олардың үкім шығара алмайтынын, сондықтан, олардың ешбірін мұсылман құқықшысы деп атауға болмайтынын ортаға қойды. Тіпті, кейбірі Дауд Ибн Алиді надан деп есептеді, ал өзгелері оны кәпір деп тапты. Ханбали мектебінің құрушысы ­ Ахмад Ибн Ханбал (ө.241/855) оған көз қырын да салмады. Бағдаттық атақты мутазилит ­ Әбу Абдуллаһ Мухаммад Ибн Зайд әл ­ Уасити (ө.306/918­919) захири мектебіне мән бермеген. Дауд Ибн Алидің шәкірттері санының көптігімен ғана шектелмей, олардың ішінен атақтылары да шықты. Дауд Ибн Алиден соң мектептің басшылығы оның улы ­ Әбу Бакир Мухаммад Ибн Даудқа (255/869­297/910) өтті. Алайда, Обу Бакир Мухаммад белсенді мұсылман құқығы ғұламасы жағынан қарағанда ақындығымен, тарихшылдығымен танылды. Десек те ол әкесінің құрған мектебінің сенімдерін насихаттады және аталмыш мектепті өз заманында шафи, малики және ханафи мектептерімен қатар Шығыста алдыңғы қатарлы төрт мектептің төртіншісі ретінде үлкен құрметке ие болды. Әбу Бакир Мухаммад Ибн Дауд өз ойын Китаб аз­Захра атымен танымал ғашық өлеңдері анталогиясында жинақталған. IV/X ғасырда захири мектебі халық арасында кеңінен тарала бастады. Аббаси шайыры Ибн ар­Руми (ө.383/986) Әбу Бакир Ибн Даудты «Ей Даудтың ұлы! Ей Ирактың атақты құқықшысы, ­ деп басталатын бәйітінде оны мадақтаған. Мәшһүр тарихшы ­ Табари (ө. 310/923) захири мектебінің өкілі болмаса да, захири құқығына құрметпен қарап, оның өзі Дауд Ибн Алиден ілім үйренген. ІҮ/Х ғасырда захири мектебінің алдыңғы қатардағы қүқықшысы ­ Дауд Ибн Алидің Фиқх атты еңбегін ислам әлеміне танытқан Абдуллаһ Ибн Ахмад Ибн әл­Муғаллис болатын (о. 324/936). Келесі ғасырларда захири мектебі мұсылмандық Шығыста өзінің қуатты күшінен айрылып, ханбали мектебінің құқықшысы ­ Әбу Яланың (ө. 459/1066) заманында оның орнын ханбали мектебі басты. Алайда, захири мектебі Сирияда 788/1386 жылына дейін ішінара жалғасын тапқан. Ал Мысырда аталған мектеп одан да ұзақ уақыт өмір сүріп, тамырын кеңге жайды. Мысырда Мамлүк дәуірінің атақты тарихшысы әл ­ Мақдиси (ө. 845/1442) елде захири мектебінің бірде­бір өкілі қалмаса да, оған құрметпен қараған. Ибн Хазм Андалусияда захири мектебінің шынайы құрушысы, атақты құқықшысы және алдыңғы қатарлы лидері ретінде танымал болған. Сонымен қатар, бұл мектеп Ибн Хазм арқылы шарықтау шегіне жетіп, ол өлген соң мектебі жойылған. Захири мектебі Андалусияда жеке қоғам болып қалыптаспаған болатын. Ол жерде мектептің айырмашылықтарын айқын түрде көрсете білген бірен­саран адамдар тарапынан қуатталып, философиялық ағым ретінде ғана көрініс тапты. Ибн Хазм тегін Шығыстағы омайяд халифатының құрушысы ­ Муауияның бауыры Язид бин Суфиянның азат етілген ирандық құлына тірейді. Ибн Хазмның әкесі Ахмад Ибн Саидтың 381/991 жылы II Хишамның уәзірі Хаджиб әл­Мансур Ибн Әби Амирдің көмекшісі болғанға дейін жанұясының атағы шықпаған. Әкесінің ұзақ уақыттық көмекшілік кезеңінде 384/994 жылы дүниеге келген Ибн Хазм таршылық көрмей өсті. Оның білім алуына мүмкіндігі болды. Ибн Хазмға ерекше әсер еткен ұстазы ­ захири мектебінің өкілі және Дауд Ибн Алидің шәкірті Ибн Муфит болатын (ө.426/1035). Ол ғибадат, мұсылман құқығы тақырыптары бойынша белгілі бір мектепті ұстанбаған және белгілі бір мектеппен шектелуге қарсы шықты. Ибн Хазмның молшылық пен тыныштық өмірі ұзаққа бармады. 400/1009 жылғы мазасыздық пен одан екі жылдан соң әкесінің өлімі оны және жанұясын сәтсіздікке ұшыратты, мемлекеттік қызметтен алыстатылғаннан соң оның өмірі күңгірттене бастады.

Алайда, бірнеше жылдан соң ол қайтадан мемлекеттік қызметке орналасты. Ол осылайша кейде қызметке орналасып, кейде абақтыға қамалып, өмірдің ащы ­ тұщысын әбден татты. Кордова Омайяд халифатының құлауынан (422/1031) және III Хишамның заңсыз қастандықпен өлтірілуінен алты жылдан соң, қулаған династияның жақтаушысы болғандықтан емес, түбектегі билеушілердің және халықтың қоштамаған ілімін насихаттағандықтан Андалусиядағы Ибн Хазмның өмірі қиындыққа тап болды. Ибн Хазмның тыныш өмір кешкен кезеңі ­ 430/1039 жылдан 440/1049 жылға дейінгі Майорка аралындағы өмірі. Майорканың жергілікті билеушісі мемлекеттік істің шебері және әдебиетші Әбу әл ­ Аббас Ибн Рашид болатын. Белгілі себептерге байланысты ол Ибн Хазмды аралды мекендеуге шақырған. Ибн Хазм аралда ерекше құрметке бөленіп, еркін тыныс алып, захири ілімін тарата бастады. Билеушілер арасында қолдауға ие болғандықтан кейбірі шынайы сеніммен, ал кейбірі саяси тактика себебімен майоркалықтардың біршамасы оның соңынан ілесті, онда оған ешкім қарсылық көрсете қоймады. 439/1047 жылы атақты малики мектебінің құқықшысы әл­Уалид әл­Баджа (403/1013­474/1081) Шығысқа жасаған сапарынан соң Ибн Хазммен пікірталасып оның елден кетуіне себепші болады. Ол қала­қаланы, ауыл­ауылды аралап, өзіне пана болар мекен іздейді. Ел есінен шығатындай он бес жылдан соң 456/1063 жылы ол Манта Лишамдағы жанұясына қарасты жерден пана табады. Ибн Хазм ­ шежіреден бастап, ғылыми тұжырымдамаларға дейін әртүрлі тақырыптарда қалам тартқан ойшыл. Кейбір дереьстерде оның жиырма миллион сөзден тұратын, сексен мың парақтан құралған торт жүз кітабы бар екендігі айтылады. Осы кітаптардың ішінде ең танымалдары ­ «Тауқ әл­ Хамама» (Көгершін алқасы), «әл­Милал уа­н­Нихал» (Діндер мен ағымдар), «әл­Ихкам фи усул әл­Ахкам» (Діннің негіздеріндегі нақтылық) және «әл­Мухалла би­л­Асар» (Уахимен және хадиспен безену). Осылардың соңғысы ислам дінінің ғибадат, қарым­қатынас тақырыптарын қамтиды. «Әл­Милал уа­н­Нихал» атты кітабында Ибн Хазм рационализмді жақтаушы ойшыл ретінде танылады. Канттың (ө.1804) «Таза ақыл­ойды сынауында» көрініс тапқан априори уақыт пен кеңістік мәселелері Ибн Хазмды да әуре қылған. Мұсылман каламшысы неміс философиясынан жеті жарым ғасыр бұрын осы мәселемен айналысқан. Ибн Хазмның білім тұжырымдамасын қарастырар болсақ, ол білімді төмендегі жағдай бойынша туындайды деп есептеген: а) Сезімдік қабылдау (шахадат әл­xayac): бақылау мен сезімдер арқылы қол жеткізілетін дәлел; ә) Бірінші ақыл (бахидат әл­ақл немесе әууал әл­ақл): бес сезім мүшесінің көмегінсіз априори ақыл; б) Сезім дәлеліне немесе априори ақыл­ойға тән аргумент. Ибн Хазм адамның алты сезім мүшесі бар және жан бес сезім арқылы материалдық заттарды ұғына алады деген көзқарасты ұстанған, осылайша, ақыл хош иісті сезінеді, жан қызылды жасылдан, сарыдан т.б. немесе қаттыны жұмсақтан, ыстықты суықтан ажырата алады. Ибн Хазмның пікірінше, алтыншы сезім ­ саналық объектілер жайлы жанның білімі, яғни, адамның аксиомалық тұрғыда олар жайлы қандай да бір аргументтен тәуелсіз ақыл­ой арқылы қол жеткізілетін білімдер. Жан ғылымы бөлшектің бүтіннен кіші екендігін ажырата алатын деңгейдегі білім, барлық нәрсені ажырата бастаған балаға екі құрма берген кезде, жылай бастайды, ал үшіншісі берген кезде, ол жылауын доғарады. Әлгі бала білімнің шегін игере алмаса да, бүтіннің бөлектен үлкен екендігін біледі. Бұл сезім балаға екі заттың бір жерге сыймайтынын ажыратып береді, бір орынның басқа адамның отыруына жеткілікті емес екендігін ұғынып, оның отыруына кедергі жасайтыны байқалады. Бұл ­ ақылдары өз орнында емес немесе сырқат яки белгілі бір кемшіліктерден басқа, барлығына тән априори ақылдың бір түрі. Априори ақылдың аталған ақиқаттары ­шынайы мән жағынан аксиоматикалық, олар күмән тудырмайды және есалаң мен алаяқ софистен басқалары ешбір дәйектемені қажетсінбейді. Әлгі объектілердің ешбір аргумента қажетсінбейтіні жайлы оның көзқарасына қатысты тезисі мынандай: «қандай да бір объект жайлы дәйектемеге қол жеткізу үшін уақыт қажет, априори ақыл бұл деректен қол үзе алмады.

Сонымен қатар, деректерді ажырататын жанның алғашқы білімі арқылы барлық нәрсенің ақиқатын білуі арасында бір секундтық уақыт болуы немесе болмауы мүмкін». Алайда, Ибн Хазм аталғандарға дәйектемелердің қажеттілігін мүлдем теріске шығармайды, мұндай дәлелге бірі қол жеткізсе, енді бірі қол жеткізе алмайтынын және тек жоғары білімді интеллектуалдық тәрбие көрген адамдардың қолынан мұндай жетістік келетінін қуаттаған. Ибн Хазмның пікірі бойынша, білімге қол жеткізудің өзге де жолдары ­ Алла тарапынан объектілерге берілуі және әртүрлі халықтардың тілдерінде орын алған кейпінде адамдардың өзара түсінуі. Бірақ аталған екі жол да каламның мәселесі және осы тақырып бойынша тартыстар өрбіген. Өзіне дейінгі мұсылман ойшылдары тәрізді Ибн Хазм да философияны грек тіліндегі түпнұсқа мәтіннен оқымаған. Ол пікірталаста алдына жан салмайтын және риториканың (калам саласында) шебері болатын. Оның милет және элает мектептерінің, Евклид пен Птолемейдің, Платон мен Аристотельдің және александриялық Афродистің еңбектерін (аудармаларын) оқығандығын, астрономия, астрология және медицина салаларын терең меңгергендігі баяндалады. Ибн Хазм дүниенің үнемі қозғалыста болатындығын қуаттаған Геракл мен оның тыныштықта екендігін алға тартқан элеаттардың пікірлерін қолдамаған. Бар болу мен жоқ болу тақырыбында элеаттардың көзқарастарын қолдаған: жоқ болу дегеніміз ­ жоқ деген соз. Аталған ой жүйесін үйлестіре отырып, уақыт пен кеңістіктің шектеулі екендігін және басқа болмыстар сияқты олардың да Алла тарапынан жаратылғандығын қуаттаған. Ол атомның бөлінетінін, себебі, ол барлық нәрсені жаратқан Алла құдіретінің ішінде екендігін, оның құдіреті атомды шексіз бөлшектеуге жететінін алға тартқан. Физиографияда әлемнің шектеулі және жер бетінің шар тектес екендігін, күннің жер шарынан үлкен екендігін Ибн Хазм қуаттаған. Ол аспанның жердің үстіндегі күмбез тәрізді екендігін ортаға қойған Анаксименнің пікірін қолдады. Осы көзқарасқа қайшы түрде дүниенің қалыпты жағдайда болуын қамтамасыз ететін оның қарындасы бар екендігін алға тартқан Пифагордың ұсынған көзқарасына қарсы шықты. Оның пікірі бойынша әлем жаратылған, бірақ, ол көп уақыттан бері өз болмысын сақтап келеді. Ибн Хазм моральдық тақырыпта грек философиясымен байланыс жасап, өлімнің қиындық туғызбайтынын, одан қорқудың қажеті жоқтығы мәселесінде Продистің пікірін жақтады. Эпикур және оның замандастарымен бірге ол рақат табу мен қасіреттен құтылу бақытының мөлшері бар деген көзқарасты ұстанды. Бірақ, адамдық тұлғаны қалыптастыру, дамыту тек философия арқылы жүзеге аспайды, оған пайғамбарлардың көмегі қажет. Білім тұжырымдамасында Ибн Хазм сезімдік білім мен априори ақылға қосымша исламның іргесі болып табылатын үш діни білімге қол жеткізу жолы бар екендігін ашып берді. Олар ­ Құранның сыртқы (лафзи) мағынасы, Мухаммед пайғамбардың хадистері мен сүннеті және ортақ ой ­ тұжырымдары: Білімнің алғашқы және алдыңғы қатарлы негізі ­ Құран мәтінінің сыртқы (лафзи) мағынасы. Бұл Ниса сүресінің 59 аятында айқын байқалады: «Ей иман келтіргендер! Аллаға бой ұсыныңдар, пайғамбарға және араларыңдағы билеушілерге (улу­л­әмір) бағыныңдар». Құран мәтіні түсінуге талпыныс жасалынған метафоралық және исламға дейінгі арабтардың арасында қолданылатын формамен қолданылмаса, сыртқы мәнімен (лафзи) түсіну қажет. Бір аяттың басқа аятпен ауыстырылуынан немесе мақсұқ талуынан (насх) басқа Құранның мәтініне өзгеріс енгізуге руқсат етілмейді. Құранға деген шынайылық өмірдің барлық саласын және адамдардың материалдық, рухани қажеттіліктерін Құранда қарастырылғандығына немесе сенім білдірілгендігіне мүмкіндік береді. Алла былай дейді: «Бүгін діндеріңді толықтырдым, сендерге деген игілігімді аяқтадым және дін ретінде сендерге исламды таңдадым». Білімнің екінші қайнар булағы ­ Мухаммед пайғамбардың хадистері мен әрекеттері. Ибн Хазм сахих (дұрыс) хадис пен сүннетті сенімді жолмен және Мухаммед пайғамбарға дейін жалғасатын хадис жеткізу шежіресі сенімді адамдар тарапынан жетсе, оны қабылдаған. Мухаммед пайғамбар сенімді адам, Ибн Хазм мұны мына Құран аятымен түсіндіреді: «Ол өз қалауымен сөйлемейді. Ол тек уахи жолымен сөйлейді». Ибн Хазм білімнің үшінші қайнары ретінде иджманы немесе Мухаммед пайғамбар сахабаларының бір мәселе жайында тоқтам жасағандарын қабылдаған. Бірақ олардың барлығы келіскен мәселені жете түсінуі шарт, ол мәселе жайлы түсінбестік, екі ойлылық туындамауы тиіс. Исламдағы басқа мектептерге, әсіресе, ханафи мектебіне қайшы түрде Ибн Хазм илхам (шабыттандыру), хабар, тәуил (кескіндеу, интерпретация), истинбат (дедукция), истихсан (жеке таңдау), ихтилат (кемшіліктен аулақ болу), далил әл­хитаб (тартыс тудырмаған тақырыпты шариғатпен негіздеу), талил (Құранда орын алмаған бір мәселеге дәлел іздеу), тақлид (еліктеу) сияқты мұсылман құқығының қайнарларын теріске шығарады. Сонымен қатар ол қияс пен рейден де бас тартқан. Оның ойынша мұсылмандар ислам діні тарапынан қабылданбаған, Хазірет Мухаммед пайғамбарға дейінгі пайғамбарлардың насихаттаған сенімдер мен үкімдерін мойындамауы тиіс. Ибн Хазмның Алла, оның субстанциясы (заты) мен эпитет сипаттары жайлы көзқарастары мынандай: Алла біреу және жалғыз, дене оған тән емес, сондықтан, ол ешнәрсеге ұқсамайды және жаратылған болмыстардың формасын иеленбеген. Ол ­ барлық нәрсенің, уақыттың, кеңістіктің және ғарыштың жаратушысы. Алла ­ әуелден бері бар, абсолюттік құдірет иесі және данагөй. Құдіретімен, ілімімен қатар оның басқа да есімдері әуелден бері бар. Алла уақытпен және кеңістікпен шектелмейді, өйткені, уақыт пен кеңістік кейіннен жаратылған, ал Алла одан бұрын да бар болатын. «Алла ғарышты игерді» және «одан соң көкке бет алды» деген Алланың өзін баяндаған аяттардан Ибн Хазм ашарилермен бірге Алланың ғарышты меңгергендігін, бірақ оның қалай жүзеге асқандығын білмейтінін ескерткен. Алла өзінің субстанциясын (затын) өзгеріске ұшырататын сипаттарға ие емес: оның қасиеттері ­ сипат емес, есім. Алла Құранда былай дейді: «Ең көркем есімдер Аллаға тән. Оған сол есімдермен дұға жасаңдар». Сондықтан Алланың өзіне берген, саны 99 есімдері оған тән. Алланың өзіне берілмеген дені сау, бақытты, сүйікті, текті және алғыр сияқты атаулар оған тән болса да, қадірлі есімдер деп мойындалса да, осы есімдермен Алланы атауға руқсат етілмеген. Алла былай дейді: «Иман келтіргендермен кездескен кезде, иман келтірдік дейді, ал өздері жеке қалғанда: «Біз сендермен біргеміз, оларды тек мазақ етіп жүрміз», ­ дейді. Оларды Алла мазақ етеді». Басқа бір аятта Алла былай дейді: «Бірақ (еврейлер) айлакерлік жасады, Алла да оларды жазаға тартты. Алла айлакерлік жасағандардың жазасын жақсылап береді». Тағы да: «Көкті құдіретімізбен тұрғыздық». Ибн Хазм аталған аяттардың мәніне қарамастан, Алланы айлакер, жазалаушы немесе тұрғызушы деп атамау қажеттігін ұсынады: өйткені Алла өзін солай атамаған. Сонымен қатар, оның есімдерінің неге және қалайша осылай аталғандығын білу мақсатында түсініктеме жасалынбаған: мысалы, оны көреген, естуші деп атауға болады, бірақ оның көру, есту сезіміне ие деп айта алмаймыз. Алланың Құранда (бір) қолы, екі қолы және қолдары бар екендігі баяндалған. Сондықтан оған бір қолмен, екі қолмен және қолдармен сілтеме жасалған. Сондай­ақ Құранда оның көзі мен көздері баяндалады, ал екі көзі туралы айтылмаған. Ибн Хазмның пікірінше, Аллаға бір көз бен көздер арқылы сілтеме жасауға болады, ал екі көз оған телінбейді. Алланың көздері, қолдары немесе жүзі баяндалған кезде, оны адамдық мүшелермен салыстыруға болмайды. Керісінше, жүз, көз және қол сөздері тек Алланы еске түсіру үшін метафоралар ретінде қолданылады. Аллаға дене тән болмағанымен, Ибн Хазмның пікірінше, мұсылмандар оны қиямет күнінде көреді. Мұсылмандар Алланы көздеріндегі көру қабілетімен емес, «алтыншы сезім» деп аталатын қабілетпен көреді. Алла жайлы мәліметпен байланысты түрде Ибн Хазм априори ақылмен оны танимыз деген пікірден аулақ болған. Себебі априори ақыл арқылы Алла жайлы мәліметке қол жеткізе алмайтынын алға тартқандар теріске шығару қаупіне кірудің қажеті жоқ. Ақылды іске қосу өнерімен Алла жайлы қорытынды мәліметті игеруге руқсат беріледі. Өйткені бұқараның мұндай тартысқа кіруге қабілеті жетпейді. Осындай жолмен білімге қол жеткізе алмағандар Алланың бар екендігіне күмәнмен қараған. Алла жайлы мәліметтің мөлшері ретінде еліктеушілікке немесе хабарға ден қоюға болады. Бірақ олар шынайы сенімге жетелемейді. Біз Алланы сенімді және айтқандарын мойындауға міндетті болған пайғамбарларға жіберілген уахи арқылы білеміз. Ибн Хазм адамды шексіз ерік, қалауға ие деп санамайды. Оның пікірінше тағдырдың алдын ала белгіленуі Алланың барлық нәрсені тағдырына байланысты бұйыруы болып табылады. Алла адамды икемді етіп жаратқан, сондықтан әрбір адам өз қабілетіне сай әрекет етеді. Бұдан адамның жасаған жақсы мен жаманы, барлық әрекеттері Алладан туындайды деген түсінік қалыптастыруға болады. Ибн Хазм тартысқа бейім болатын және пікірталастарда көбінесе жеңіп шығатын. Хитти былай дейді: «Бұл (әл­Ми­ лал уа­н­Нихал) еңбекте XVI ғасырда жоғары деңгейдегі сын дүниеге келгенге дейін ақыл­ойды жаңылыстырмайтын Құран қиссаларына жол көрсеткен». Сонымен қатар, Ибн Хазм ешбірін бөліп қарамай барлық діндер мен мектептерді сынға алған кезде, қолданған ауыр сөздеріне байланысты айыпталған. Кейбір жағдайларда ол өз ілімін қолдайтын адамдарды да сынға алған. Ибн Хазмның пікірі бойынша ислам мен иман біртұтас. Ислам діні өзіне дейінгі діндерді жою үшін келген. Сондықтан исламға дейінгі діндерді ұстануға болмайды. Себебі исламға дейінгі діндер көнерген және жойылған. Мухаммед пайғамбар ­ барлық халықтардың ортақ пайғамбары. Ол ислам дінін Алланың әмірлері бойынша көпшілікке паш еткен, ал ол көз жұмған кезде, уахи да тоқтады. Осылай ислам дінінің келуі аяқталды, аталған дінге бір нәрсені қосу немесе одан бір нәрсені алып тастау яки оны өзгерту мүмкін емес.

Читайте также:  КУЛЬТУРНЫЕ АСПЕКТЫ ПОЛЬСКОГО ПРЕДСЕДАТЕЛЬСТВА В ЕВРОПЕЙСКОМ СОЮЗЕ

Оставить комментарий