Маңғыстаудың флорасы мен өсімдіктер

Маңғышлақ жөніндегі ақпарат өте ертеден белгілі. Алдымен, ежелгі грек ғалымы Птолемея (біздің эрамызға дейінгі 2 ғасыр) кезеңінде Каспий теңізінің шығыс жағалауы, соның ішінде Маңғыстау жөнінде дәл болмағанмен де, мәліметтер берген. Ол атақты «География» деген еңбегіндегі картада, алғашқы рет ерте заманғы географиялық білімді жүйелендірген, соның ішінде Каспий теңізінің сопақ формада болғанын, оның батыстан шығысқа қарай созылып жатқанын көрсеткен (Штейнберг, 1949). 18 ­ ғасырдың аяғы мен 20 ­ ғасырдың басында Маңғышлақ жерінде белгілі табиғатты зерттеушілер С.Г. Гмелин, К.М. Бэр, Н.И. Андрусов, Н.Г. Дорошин, Н.П., Барбот­де­Марни, Г.С. Карелин тағы басқа көптеген ғалымдар болған. Бұл өлке барлық Тұран шөлді аймақтарының табиғатына, өсімдік жамылғысының заңдылықтарына, үлгі есебінде қолдануға болатын аймақ. Шөлдер, яғни Маңғыстау түбегі жөнінде сол кезеңдердің білімпазы Б.А. Феодорович (1954) мынандай классикалық сипаттама берген: …»Егер сіз жер бетіндегі шөлдің барлық типтері жөнінде: қара, жарлы, жалаңаш таулар жөнінде, аппақ болып жарқырайтын немесе тынышталған орасан зор мұнараларымен, қорғандарымен: ­ әлсіз қызғылт күңгірт ойылған «шөлдің тасты қаласы» жөнінде мәлімет алғыңыз келсе, …егер сіз құмның бедерінің әр түрлі пішінін және сордың неше түрін көргіңіз келсе, құздың, жартастың классикалық түрлерін көргіңіз келсе, 132 метр мұхиттан төменде жатқан бос құдықтарға барғыңыз келсе, тақырдың қаттылығын сезгіңіз келсе, тастың түстілігінің мұңдылығына қарағыңыз келсе, сумен егелінген жұқа бұранданы көргіңіз келсе, шөлдегі желдің орасан зор жұмысына үлкен мағынада сезгіңіз келсе және де оның басқа да мыңдаған ғажайыптарын танығыңыз келсе, онда сіз Маңғыстаудан артық жер таба алмайсыз. Бұл елде азғана кеңістікте қорық қобдишасы сияқты, шөл табиғатының әртүрлі пайда болуының бүкіл арсеналы шоғырланған.

Маңғыстау өлкесінің ботаникалық игерілуі ғылыми әдебиеттердегі мәліметтерге сәйкес үш сатыдан тұрған: бірінші революцияға дейінгі кезең, яғни 18 ­ ғасырдың аяғымен 20 ­ғасырдың екінші он жылдағы, екінші кезең революциядан кейінгі кезең ­ ол 20 ­ ғасырдың 20 ­ жылдарының басымен 50 ­ жылдардың аяғы, ал үшінші кезең 20 ­ ғасырдың 60 ­жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі кезең (Иманбаева, Белозеров, 2001). Революцияға дейінгі кезеңде Маңғышлаққа саяхатшылар мен зерттеушілердің келуі өте сирек болды. Алғашқылардың бірі болып 1558 жылы ағылшынның саудагері Антоний Дженкинсон осы жермен Бұқараға өткен. 1716 жылы 1­ Петрдің тапсырмасымен, яғни сол жерге қамал салу бұйрығымен Каспий теңізінің шығыс жағалауына келуші князь Бекович­Черкасский еді (Дорошин, 1871). Осы кезде, ол Каспий теңізінің сол жағалауын суреттеп, алғашқы рет жағалауға толық сипаттама беретін карта жасады (Каимирасов, 1967).

Читайте также:  РАЙЫМЖАН МАРСЕКОВТЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Екінші болып келген 1773 жылы С.Г. Гмелин Маңғышлақ түбегіне алғашқы флора тұрғысынан сипаттама жасаған, одан кейін оның ісін 1825 жылдан жалғастырушы профессор Э.И. Эйхвальд болды. Ол өзінің ботаникалық байқауларын «Reise auf dem caspischeh Meere und in dem Caucasus» (Eichwald, 1834) мақаласында мазмұндаған. Сонымен қатар ол түбектің батыс жағалауының геологиялық құрылысына сипаттама бере отырып, жағаны түзуші жыныстың минералогиялық кұрамын анықтай отырып, жыныстың ерте дәуірлік, яғни үштік дәуірден екенін көрсеткен. 1832 жылы Г.С. Карелин Маңғышлақтың солтүстік жағалауының флорасының 280 түріне толық сипаттама беріп, құрастырған (Павлов, 1948). Экспедицияның жұмысы жөнінде есеп 50 жылдан кейін 1883 профессор М.Н. Богдановтың редакциясымен басылып шықты. Өкінішке орай осы жұмыстың жартысынан астамы өрт кезінде өртеніп кеткен (Липский, 1905).

1846 жылы Ақтау мен Қаратау аудандарының флорасына гербарий жинақтаған М.И. Иванин болып және олар бірнеше ботаникалық бақылаулар жөнінде мәлімет жасаған, сонымен қатар Қарағия ойпатының өсімдік жамылғысына да алғашқы рет сипаттама берген. 1865 жылы ғылым Академиясының кешенді экспедициясының кұрамымен Солтүстік Үстіртте болған И.Г. Борщов, өсімдік жамылғысына жүйелі сипаттама берді (Борщов, 1865). 1869 жылы тау инженері Маңғышлақтың геологиялық құрылысына ізденіс жасаумен қатар, өсімдік жамылғысы туралы да кейбір мәліметтер жинақтаған (Дорошин, 1871).

1874 жылы орыс географиялық қоғамдастығының ұйымдастыруымен, Арал мен Каспий теңізі аралығындағы үлкен территорияны зерттеу мақсатында кең ауқымда бағдарламалары бар экспедиция құрылып, оның құрамына геология, зоология, география, ботаника саласындағы Н.П. Барбот де Марта, В.Д. Аленицин, М.Н. Богданов, О.А. Гримм, Н.А. Андрусов сияқты ірі мамандар қатысты. Ботаникалық бағытта бұл экспедицияның тек тарихи мәні болды (Андрусов, 1889, 1910).

1906 жылы түбекке В.А. Дубянский келіп, үлкен ботаникалық мәліметтер жинақтаған, бірақ ғылыми жұмыстың нәтижесі жарық көрген жоқ. Сонымен, революцияға дейінгі кезеңде алғашқы зерттеушілердің арқасында, Маңғышлақ географиялық картаға түсіп және түбектің флорасы жөнінде алғашқы рет мәлімет жиналды. 20 ­ ғасырдың 30 ­ жылдарынан бастап түбектің өсімдік жамылғысы мен флорасын зерттеу тереңдетіліп, жан­жақты бағыт алды. 1926 жылы КСРО ғылым Академиясының Қазақстандық экспедициясының топырақты­ботаникалық отряды түбекке зерттеу жүргізді (Борнеман, Спиридонов, 1929). Осы экспедицияның жұмыс қорытындысы басылып шықты және жұмыс нәтижесінің мәліметтерінде Маңғышлақтың өсімдік жамылғысына алғашқы рет толық сипаттама берілді. Отрядтың жұмысына қатынасқан геоботаник Ф.Н. Русанов (1930), Батыс Үстіртте және Маңғышлақ тегістігінде болып, сол жерлердің өсімдігіне сипаттама бере отырып, жусанды және бұйырғынды ассоциация комплексінен тұратынын, соның ішінде соңғысының басым екендігін айқындаған.

Читайте также:  ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ СЕБЕПТІ БАЙЛАНЫС

Осыдан 20 жыл өткен соң, яғни 1949 мен 1952 жылдар аралығыңда Қаз. КСР Ғылым академиясының ботаника институтының аспиранты г. У.К. Қисықов флоралық материал жинау мақсатымен таулы Маңғышлақты зерттеді (Қисықов, 1953, 1955). Ол 470 геоботаникалық алаңшаларды зерттеп, оған сипаттама бере отырып, 16 формациядан және 80 ч ассоциациядан тұратын өсімдік жамылғысының 3 типіне бөлді: шөлдік, далалық, шалғындық. 365 гүлді өсімдік түрінен тұратын 1500 гербарий парағынан үлкен флоралық материал жинақтап және 1:600000 масштабты таулы Маңғышлақтың өсімдік картасын құрастырды. Осының ішінен таулы Маңғышлақтың 3 эндемін бөліп шығарды: Спиридинов қауы (Stipa spiridonovii), күмәнді долана (Crataegus ambigua), жіңішке тепкі (Linaria Ieptoceras).

1950 жылы Маңғышлақ түбегінде, Киров атындағы Қазақтың Мемлекеттік университетінің доценті Н.Т. Агеева басқарған, Қаз.КСР Ауыл шаруашылық Министрлігінің жайылымдық­мелиоративтік тресінің экспедициясы болды. Осы экспедицияның зерттеулерінің нәтижесінде Маңғышлақ пен Үстірттің флорасының систематикалық құрамы ж 209 туыстан және 45 тұқымдастан құралған 419 өсімдік түрінен тұратыны көрсетілді. Зерттелінген территорияның өсімдіктерін 4 формация класына, 10 формация тобына, 23 формацияға және 42 ассоциацияға бөлді (Агеева, 1955, 1972,1974). XX ғасырдың 60­жылдары Маңғыстау өлкесінде кең ауқымда кен орындарын игеру басталып, жаңадан жұмысшы кенттері, қалалар бой көтеріп, көгалдандыру проблемалардың ауқымдыларының бірі болып тұрды. Осы кезде КСРО ғылым Академиясының ботаника институтының стационарлы экспедициясы құрылып, оны В.В. Романович басқарып келді. Экспедиция Маңғыстау өлкесіне тұрақты және декоративті өсімдіктердің түр­түрін іріктеу, көбейту, өсіру, күту агротехникасының таңдамасын жасауды мақсат етті. Экспедиция алдымен жергілікті жердің өсімдіктерінен, өсімдік түрлерін көгалдандыру ісіне таңдауды және оны практикаға енгізуді мақсат етті (Романович, 1969).

1972 жылы осы стационардың негізінде Маңғышлақ эксперименталдық ботаника бағы құрылды. Ботаникалық бақтың коллекциясында Маңғыстау флорасынан ­ долана, қаражеміс, ақтікен, жүзгін, жыңғыл, сексеуіл, жұмсақ жеміс туыстарынан 33 өсімдік түрі бар. 1976 мен 1991 жылдар аралығында Маңғышлақтың өсімдіктер жамылғысына КСРО ҒА B.Л. Комаров атындағы Ботаникалық Институттың география және картография лабораториясының экспедициясы зерттеулер жүргізіп, сонымен қатар жоспарланған жұмыстарының бірі негізінде шөлейт аймақ Орталық Азия мен Қазақстанның өсімдіктер жамылғысының картасын жасау болды.

Читайте также:  Биыл жоғары оқу орындарына 32 мыңға жуық грант бөлінді

Маңғыстау түбегінде ботаникалық зерттеудің үшінші дәуірінде көптеген есептер, жариялымдар басылып шығып, бүгінгі күні ең соңғы мәліметті береді (Сафронова, 1996). И.Н. Сафронованың зерттеулерінің нәтижесінде 1996 жылы Маңғыстау флорасы 286 туыстан, 63 тұқымдастан құралған 622 түрден тұрады. Ол шөлейт өсімдіктерінің эколого­фитоценотикалық классификациясын жасай отырып, 1:250 000 масштабты 635 қауымдастыққа сипаттамасында өсімдіктер жамылғысының 3 типіне, 7 формация тобына, 34 формацияға және 145 шөлейт ассоциациясына бөлген.

Маңғыстаудың бау­саябақтарын ботаникалық бақтың ғылыми қызметкерлері тексеру кезінде (Косарева, Белозеров, 1995) Маңғышлақ флорасынан 14 ағаш тектес өсімдіктерді, соның ішінде 10 туыс пен 10 тұқымдастан тұратын 6 ағаш, 8 бұта түрлерін әртүрлі отырғызу жолдарымен пайдаланылып жүрілгендігін белгілеген. Олар жатаған қарағаш, ақтал, ақ тұт, үшкір жемісті жиде, қара сексеуіл, күмәнді долана, ақ шеңгел, Шобер ақтікені және басқалар. Бүгінгі күні, жалпы Маңғыстау облысының көп жерінің елсіздігі, адам аяғының баса алмайтын жерлерінің болуы, оның үстіне Үстірт жотасының жерлерінде көп жылдардан бері ботаникалық зерттеулердің болмағаны, осы облыстың өсімдіктер жамылғысының толық зерттелмегендігін көрсетеді. Мұнай­газ саласы қарқынды дамып отырған осы өлкеде, қоршаған ортаны қорғау басты проблема болса, биологиялық алуан түрлілікті сақтау екінші бір көкейтесті мәселе.

Оставить комментарий