Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Мағжан Жұмабаев атамыздың тағы да керемет поэмаларының бірі «Батыр Баян» десек болады.

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға, Сұм өмір абақты ғой саналыға. Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі, Сондықтан жаным күйіп жанады да. Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң, Толғанып қарауым сол баяғыға. Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар Әдемі ертегідей баяғыда. Әдемі еткенді ойлап айнымасам, Сұм өмір күшті уын аяды ма? Ертегі уатпай ма баланы да, Сөз сиқыр той, жазбай ма жараны да?

Ақын да бір бала той айға ұмтылған, Еркімен өзі ақ отқа барады да. Жай тақтақ жабайыдан жол қалғанда, Қанды ор боп ақын жолы қалады да. Ойлайды, күңіренеді, толғайды ақын, Күрсініп көзіне жас алады да. Ақында адамзаттан дос болмайды, Жалғыз­ақ сырын сөйлер қаламына. Мен де ойды ағытамын қаламыма, Арқаның көз жіберсем алабына: Сарыарқа ­ сары дария, қиыры жоқ, Көз болсын қандай қыран, талады да. Ішінде сары дария көз тоқтатар Көкшетау ­ Сарыарқаның аралы да.

Көкшеде күні кеше қойдай өрген Түрлі аң: бөрі, бұғы, маралы да. Айрылып асау, ерке аңдарынан, Көкшенің тас жүрегі жаралы да! Арқада жер жетпейді Бурабайға, Бөленген бұйра сыпсың қарағайға. Бұлт құшқан мәңгі мең­зең Көкшетауға Бөлектеу: «Ой, бауырым!»­ дер анадайда. Оқжетпес найза қия — қыранға ұя, Қарасаң, жанның шері тарамай ма? Солардың ортасында Бурабай көл Мөп­мөлдір, дөп­дөңгелек ұқсайды Айға.

Бурабай — Арқа аралы, жер еркесі, Ертеде қоныс болған Абылайға. Бауырында Бурабайдың қалың ағаш, Көкшенің жалыменен біткен жалғас. Арудың ақпен өрген тұлымындай Қарағай, қызыл қайың, тал аралас. Ертеде жел өтпейтін қызыл ағаш, Дариға, бұл күндерде жап­жалаңаш! Қабірінен әулиенің алашқа артық, Ертеде Абылайға орда болған ағаш.

Ордасын сол ағаштағы Абылайдың Меккедей тәуеп қылған тамам алаш. Қиын күн туған алаш баласына, Шұбырып жапанның сар даласында, Кез болған, жаудан үркіп, «Ақтабанға», Дұшпанның қалғандай боп табасына. Арқаға аяқ салып, түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына. Күндерде сонау қара, тапсырған ел Тағдырын Абылайдай данасына.

Сол күнде ел қорғаған Абылайдың Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына. Алыстан орыс, қытай — ауыр салмақ, Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. Артында — ор, алдында – көр, жан­жағы жау, Дағдарған алаш енді қайда бармақ? Сол кезде елге қорған болған Абылай, Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап. Күндердің бір күнінде хан Абылай Қалмаққа (ойына алды) ойран салмақ. Ханынан «Аттан!» деген сөз шыққан соң, Ордаға батыр, билер келді андап.

Жиылды өңшең ноян ығай­сығай, Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай, Ту баста Абылайды хан көтерген Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай, Ашуы жауған қардай, шөккен нардай Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай, Бөкеннің жас жолбарыс жеткіншегі Аузынан жалын шашқан жас Жанатай, Найзасын нажағайдай ойнататын Жас барыс бәсентиін Сарымалай.

Балталы, екпінді оттан Оразымбет, Сырғалы, шапшаң оқтан ер Елшібек, Өзіне тірі жанды тең көрмейтін Тәкаппар Қошқар ұлы ер Жәнібек, Қалданға ханмен бірге тұтқын болған Жолдасы Абылайдың батыр Жібек, Майданда от шашқандай оқ шашатын Сырттаны Бәсентиін ер Сырымбет — Осындай өңшең көкжал жиылысты Күңіреніп жолбарыстай: «Жау қайда?»­ деп. Әрі ақын, әрі батыр Қарабұжыр, Айтатын өрлеп барып аспанға сыр. Бұқар мен Тәттіқара жырлағанда, Толқынды тұңғиық боп төгілер жыр. Осылай думанменен күндер өтіп, Батырлар ерікті енді жатқанға құр. Аттан деп әлі айтпаған Абылайға Көкжалдар дей бастады:«Жүр енді, жүр!»

Читайте также:  ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ СТУДЕНТ-ЖАСТАР ӨМІРІ

Алайда Абылайдан сөз болмады, Сондықтан бұғып, бықсып туды күбір. Жиналған өңшең бөрі Бурабайға, Алаштың, Кебесіндей ізгі жайға. Батырлар бұғаудағы арыстандай, Абылай тұңғиық бір терең ойда. Бәрі де ел қорғаны — батыр, билер, Аттанбай тек жатудан таппай пайда: «Жүрелік, жау басынар!» деген сөзбен Салады Қанай биді Абылайға. Би Қанай: «Бұ қалай?»— деп бастағанда, Абылай сұрайды одан: «Баян қайда? «Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.

Көп жаудын албастысы, ел еркесі Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның аруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян? Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян!»— Деген соң ойы теңіз хан Абылай, Аяңдап батырларға қайтты Қанай. Байлаулы бөрілерді аза қылмай, Кестелеп, сөзбен сипап айтты Қанай. Күңдеу ме, көтеру ме, кім біліпті, Батырлар десті жалғыз: «Баян бала­ай!»

Көкшенің бауырында өңшең көкжал Күңіреніп күтіп жатты күндер талай. «Жау!» десе, жатпайтұғын батыр Баян, Апырм­ай, келмеуінің мәні қалай? Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді, Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді, Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап, Сан қолға аш бөрідей көрмеп пе еді?! Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей, Найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?

Бірін айт, бәрін айт та, басқа батыр Баяндай «алашым!» деп еңіреп пе еді? Бұл жолы кешігуі жай емес қой, Тұлпарым кез болды ғой орға, тегі! Арқада бір өзенді дер Обаған, Сол жерде аз ғана Уақ қоныс қылған. Уақтың ерте күнде өжет­қайсар Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған. Сол ері ерте күннің — Ер Көкшенің Нәсілінен қайтпас алмас Баян туған. Баянның ер ағасы батыр Сары, Қос қыран тізе қосып жауын қуған. Айналып оны айт, мұны айт, Баянды айт, Ер Баян алашының бетін жуған.

Ол күндер аз қазақ пен қалың қалмақ Қыран мен қара құстай алысқан шақ. Баласы алты алаштың Абылайдың Астында ақ туының табысқан шақ. Қазақтың батырлары бәрі қыран, Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап. Жауының бір жорықта бір сұлуын Ер Баян алып қайтқан артына сап. Баянның алып қайтқан сол сұлуы – Балдырған бөбек дерлік, он төрт жаста­ақ.

Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай, Бір соған бар сұлулық жиылғандай. Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт, Сөздері — су сылдырлап құйылғандай. Бір улап көз қарасы, бір айнытқан, Жұлдыздай еркелеген сөнбей­жанбай. Лебізі ­ жібек лебі, жұмақ желі, Кәусардай татқан адам қалар қанбай. Шын ер ғой батыр Баян алып қайтқан Еліне сол сұлуды, естен танбай.

Читайте также:  Дәстүр және дін

Ер Баян жас сұлуды алып келген, Сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген. Қан жауып екі көзін, қанды балақ Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген. Марал бар оққа ұшпайтын, тым сақ бірақ Кезеңде кез келсе де қандай мерген. Болмасын жас сұлудың білгеннен соң, Ер Баян қарындас қып, ерік берген. Алайда ар алысқан жүрегімен Теңізде алысқандай күшті сеңмен.

Қалмақтың қайсар қызы қайрылмаған, Болаттай жасу білмей, майрылмаған. Жап­жас қыз сұмдығы мол, сыр бермейді, Жандай­ақ ойдан аулақ қайғырмаған. Алаштың аруы боп кетсе­дағы, Жанымен өз жұртынан айрылмаған. Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап», Баянда жан қоймаған жандырмаған. Сонда да сыр шығармай батыр Баян, Жастық қып жанын естен тандырмаған. Осылай іштен күйген батыр Баян, Баянның, батырлары алашқа аян. Баянның інісі бар он бес жаста – Бөрінің бөлтірігі — бала Ноян.

Ноянның бар ақылы білегінде, Билеген асау жүрек, қайнаған қан. Келгенде­ақ сұлудың бір қарауынан Ноянның жүрегінде ұшқын туған. Сол ұшқын өртке айналып, жап­жас Ноян Алысып жүрегімен, аласұрған. Жастықта жалынданып сүйген қандай! Баладай өксіп жылап, күйген қандай! Көрмесең жан­жарыңды өлгендей боп, Қайғырып күлден кебін киген қандай!

Кеудеңе жан кірмей ме, көзің шалса, Өмірін жаңа ағарып атқан таңдай. Кеудеңді қасиетті сәуле кернеп, Жүрегің сол минутте жарылғандай. Не дерсің салпаң құлақ есектерге, Өгіздей өмір сүрген сүймей­жанбай! Ноян да сол сұлуға — тәтті балдай, Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай. Мас болып, дене түгіл, жаны елжіреп, Жұтқандай сол сәулені демін алмай.

Алайда бұзық ойдан аулақ еді, Сұлуға Тәңірі көріп табынғандай. Жанса да жап­жас Ноян, сұм сұлу қыз Көп заман жүрді бірақ көз де салмай. Сонда да кейбір кезде ақ бетіне Бір нәрсе жүгіруші ед ыстық қандай. Айға алтын Күн нұрынан сәуле бермек, Шалқыған махаббат­от аспанға өрлеп. Жүрегін өзі сүйген отты жүрек Оятпақ тас болса да, зарлап тербеп. Басында сыр бермеген сұм сұлуға, Біраздан бола бастар күлкі кермек. Нояннан о да көзін алмас болды, Күйдіріп жас жүрегін жалын кернеп.

Шешілді екі жастың жұмбақтары, Екеуі бір іңірде сайда кез кеп… Сиқырлы гүлге оранған жібек майда, Сылдырлап сылқ­сылқ күлген терең сайда Ерке өзен жанын өртеп, жармен ойнап, Сүйгізген ақ бетінен күміс Айға. Сондай бір жібек кеште жаны өртеніп, Екеуі «әй!» дескендей барған сайға. Аулақта сүйіскен жан ұшырасса, Еріксіз тамырларға у тарамай ма?! Анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Бастық деп Арсыға адым санамай ма? Жас Ноян қызды көріп от боп кетті, Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті, Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып, Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті.

Читайте также:  Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары

Келді де қызға жалын сөздерімен Шығарды жан ұшырып іштегі өртті. Бір күйіп, бір суынып, бір елжіреп, Біресе жас баладай жасын төкті. Өртемей отты жүрек қоймақ па екен, Тақады сұлу қыз да бетке бетті. Қыз сонда: «Ноян бауырым ­ Кебем!­ деді,­ Мен сенің сүйгеніңе сенем,— деді — Сүйемін мен де сені, Тәңірі куә, Тән түгіл, жаным саған берем!—деді.— Нояным, бірақ сенен қалауым бар»,— Деді де, сұлу ойға тереңдеді. Сұлудың сырға толы торғын беті ­ай, Бетінде ешбір толқын көрінбеді.

Біраздан көздеріне жас мөлдіреп, Жас сұлу жылап тұрып күлімдеді. Қыз сонда: «Қалауым бар, Ноян батыр, Адасқан аққу құстай мен бір пақыр. Арқаның аруы боп жүрсем­дағы, Алыста туған, өскен жерім жатыр. Өткізген балаусадай бөбек күнім, Барқыттай белес­белес белім жатыр. Айбынды арыстандай құмда кезген, Күңіреніп қалың қалмақ елім жатыр.

Барқыт бел, қашқан қалмақ қалсын адыра, Ата­анам ­ айым менен күнім жатыр. Ер Баян біздің елге барған еді, Көп қойға көкжал ойран салған еді. Бөбегін шырылдатып ап кеткенде Ата­анам жылап­зарлап қалған еді. Сорлы анам көкірегін көкке сауып, Қан жылап менен бір ант алған еді. Ол анты: «Елдің шетін, анаң бетін Бір көрмей, қозым, ерге барма!»— деді. Анама сөзім — анау, өзім — мынау, Жас Ноян, жүгінемін ер деп сені. Көр болсақ көрді көрмей, Тәңірі оңдай ма, Ер Баян неге батқан терең ойға? Мен сорды көргеннен­ақ сүйген Баян, Қосылсақ, Баянға ауыр дерт болмай ма? Биікке кетпей киік, ойда ойнаса, Ашулы арыстанға мерт болмай ма? Екеуміз Сарыарқадан сапар қылсақ, Қатерсіз қосылуымыз берік болмай ма?

Қаны бір ел еді ғой қазақ, қалмақ, О да бір саған туған жұрт болмай ма?!» — Деп сұлу сыбырлады сиқыр сөзін, Толтырып меруерттей жасқа көзін, «Шыдашы, кәне күймей!»­дегендей­ақ, Ноянға тақап тұрып жалын жүзін. Жас Ноян жас қанына тұншыққан соң, Ұмытпай тұрсын қалай өзі өзін! «Жарайды, даярмын!»­ деп айтып салды, Ойланып бір минут та қылмай төзім.

Сол сайда уәделерін бекітісіп, Екеуі аймаласты ыстық жүзін. Сол уақыт мезгіл екен дәл таң алды, Төзім қып албырт Ноян күтпей таңды, Жүгіріп жан ұшырып жаяу барып, Жылқыдан екі жүйрік таңдап алды. Азырақ азық алып, қару­жарақ, Жүйрікке әсем әбзел тұрман салды. Сөйтті де Сарыарқамен есендесіп, Екеуі ескен желдей кетіп қалды. Кетті олар. Сәске болды, ауыл тұрды, Алдымен Ер Баянға хабар барды. Боз үйде жатыр екен Баян жалғыз — Керілген күнге еркелеп жас жолбарыс. Ауылдың ақсақалы сөзді әкелген Деп бастап: «Баян­айым, бір масқара іс Өткен түн болып қапты…»,— деп шұбыртып, Жаудырды екі жасқа нәлет­қарғыс.

1 comment