Мағжан Жұмабаев «Өтірік ертек»

Бұл Ширазым ­ сол Шираз, Гүл, бұлбұлға мол Шираз, Гүлі қызыл лағылдай. Гүлге қонған бұлбұлы, Бұлбұлының бал үні Жазғы сұлу сағымдай. Осынау Шираз еркеде, Ертегідей ертеде Болған талай ақындар. Үні бұлбұл үніндей, Сөзі Шираз гүліндей, Қайда олардай ақын бар? Жырлап кетсе жорғадай, Сөз төгілсе сорғалай, Төгілгені ­ шекер, бал. Жырына адам мас болар, Көзіне ыстық жас толар, Бойың балқып, шымырлар. Бұл Ширазым ­ сол Шираз, Тамашасы мол Шираз, Баулары бар бұйра бұлт. Бұл бір бауда тізілген, Адам үзбей үзілген Қандай­қандай жеміс жоқ!.. Шираз қала ­ дәу қала, Айналасы бау қала, Бауы жеміс сыңсыған. Үзімі еріп білінбей, Тәтті дәмі тіліңді Шымырлатып шымшыған. Өзім көрдім көзіммен, Шираз елі үзімді Бауырсақтай асайды. Асауды місе қылмайды, Көп құрмай олар тұрмайды, Үзімнен арақ жасайды. Шираз елі ­ молда елі, Молдалары сәлделі Арақты шарап деседі. Таңырқай мұртты көп тақсыр, «Шарап ­ шипа»­ деп тақсыр, Кеу­кеулесіп ішеді. Сонымен, Шираз елінде, Екі­үш күннің бірінде Құмыршаға құюлы Шарап тұрад быжылдап, Құмыршасы тым сәнді­ақ, Әшекейлі,оюлы. Сөз ­ бұл емес, сөз кейін, Тақсырларға тимейін, Кезек келер бір күні. Тыңдаушы неге демесін, Мысық­тышқан кеңесін Айтпақшымын бұл жолы. Күндерде бір күн бір тышқан, Сықси көзді сұр тышқан Кіріп келді бір үйге. Үй болғанда, оңаша, Тізілген қаздай құмырша, Таң болды тышқан бұл күйге. Мойнын тығып мықшиып, Жылти көзі сықсиып, Жалт­жұлт етті, қараңды. Қараңды да таранды, Тамсанды да жаланды, Тыя алмады араңды. Сілекейі сорғалап, Шықты жылжып жорғалап, Болар­болмас жалады. Тағы татып қарады, Тәтті у бойға тарады, Бойы балқып барады. Татқан сайын тәтті су, Тәтті суы ­ тәтті у, Жылти көзі жайнады. Күш қосылды күшіне, Мысық түсті есіне, Тышқан тілді шайнады. Қолды сермеп жіберді, Үйдің іші түнерді, Күңгірт тартты көз алды. Ықылық атты, «ық» деді, «Тоқта, тоқта, тоқ!»­ деді, Өзінен өзі сөз алды: «Ай, дүние жалған­ай, Іште кетті­ау арман­ай, He көрмедік мысықтан?! Қанымызды ішті ғой, Баста қайғы күшті ғой, Өтті­ау өмір құсып қан!.. Аңдып тұрып тап беред, Тап бергенде шап беред, Талайға ол сұм салды ауыз. He қылмады қанды ауыз?! He қылмады жалмауыз?! He қылмады ол жауыз?! Әттең, дүние­ай, не керек, Көп жаманға кез болып, Десіп жүр ғой ол жаман!.. Бір көрінсе көзіме, Көрсетер ем өзіне, Қалмас еді ол да аман! Мынау батыр жүрекпен, Мынау балуан білекпен Алып ұрып, байлар ем! Танытар ем әкесін! Шағар едім шекесін! Қос құлағын шайнар ем!» Тышқан солай көпірді, Көпірді де кекірді, Ықылық атты, «ық» деді. Тап сол жерде мысық сұм Тыңдап тұрған болып жым: «Тоқта, тоқта, тоқ!»­ деді. «Тоқ!»­ деді де, тап берді, Тап бергенде, шап берді, Тап сауырдан салды ауыз. Сауыр ауызға ілікпей, Құйрығынан сүліктей Тістеп қатып қалды ауыз. «Танимысың әкеңді? Шағатұғын шекемді Сен екенсің, көрейін!.. Жаман мұндар, есіріп, Мұнша сөйлеп кесірді… Сазайыңды берейін!» «Алди, алди, алдияр! Бір­ақ ауыз сөзім бар, Тыңдап, басым кесіңіз. Айтқызады ғой жастық ит, Жастық емес, мастық ит, Қасық қаным кешіңіз! Айық болсам, сізге мен Тіл тигізіп, жынды емен… Патшасына әлемнің. Маған анау су қылды, Су емес­ау, у қылды, Түк жазықсыз өлем мен…» Сөйдеп тышқан зарлап тұр, Көзінен жасы парлап тұр, Жерге мөлт­мөлт тамады. Шиқылдады шашалып, Қиқылдады қақалып, Бүйірі бүлкіл қағады. Бұлтыңдады, бұлқынды, Жан ұшырды, жұлқынды, Күлді мысық мұртынан. Үш босатты, бас салды, Бес босатты, бас салды. Сілекей шұбырды ұртынан. Тікен мұрты тікиді, Шегір көзі шікиді, Бір «ап» деді, жеп қойды. Сілекей шұбырды ұртынан, Бір мырс етті мұртынан, «Құтырған құл!..»­ деп қойды. Сөйтіп, мысық қылғыды, Қылғыды да қалғыды, Пысылдады, кекірді. Қалғып кетті қорылдап, Баспалатты мырылдап «Шүкір, шүкір, шүкір­ді». Солай ұйықтап түн өтті, Түн де өтті, күн де өтті, Тышқан бойға тарады. Тамақ керек тағы да, He кез келер бағына?.. Мысық жалт­жұлт қарады. Мұртты тілмен жалап қап, Алақтады, жалақтап, Татарға түк көрінбей. Сілекейін жұтыпты, Тышқан заты жытыпты, Ешбір тықыр білінбей. Жердің бетін түн басты, Мысық оймен мұңдасты… Күлді, ойланды күбірлеп: «Қой, бүлісті тастайын, Мен бір істі бастайын, Тек таң атсын сібірлеп». Сібірледі күміс таң, Жетті мысық жалма­жан, Тартты тура мешітке. Кірді жымып үндемей, Мінді ақырын мінбеге, Кірісті бір кәсіпке. Мырылдады азандай, Сәлде салды қазандай, Тасбиық алды қолына. Тап сопыдай сумиді, Тап молдадай мүлиді, Кірді тәубе жолына. Кіргені оның қалайша? Кіргені оның былайша: Қазан сәлде қаңқиды. Таңырай мұрты таңқиды, Қос құлағы салпиды, Бір момын боп маңқиды. Бір күрсінді, бүйдейді: «Күй, күй, жаным, күй!­дейді,­ Асты бастан күнәйім. Қалай сабыр қылайын?! Мейірімі мол Құдайым, Бір өзіңе жылайын!.. He қылғаным, Жасаған, Талай тышқанды асағам, Сенен қалай жасырам?! Мейіріміңді түсір деп, Күнәйімді кешір деп, Дәрғаһыңа бас ұрам. Мейірімі мол Тәңірі ие, Мынау мешіт үйінде Ант ішемін атыңмен: Тіпті арамдық етпен деп, Тұмсығына шертпен деп Енді тышқан затының! Сүттей аппақ ниетпен Бір өзіңе ант берем: Енді өмірімде ет жемен! Ұшыраса аш тышқан, Тәжірибесіз жас тышқан, Етімнен кесіп ет берем». Осылайша сұм мысық Көзді қойып бір қысып, Күңірентті үйді сөзімен. Бар көңілі бағанда, Қарап қояд бағанға Құйрығымен көзінің. Қарамайды­ау бағанға, Қарап отыр тағамға, Тағамымыз ­ бір тышқан: Құжырайып, құнтиып, Тыңдап отыр жылтиып Сүлік құйрық сұр тышқан. Көріп мысық сәлдесін, Естіп антын­тәубесін, Ұйып мысық ­ молдаға, Қос құлағы ербиіп, Қос танауы делдиіп, Тартты тышқан ордаға. Келді де айтты: «Осылай, Осылай да осылай. «Тәңірі, күнәм!» ауыр деп Мысық зарлап жас төкті, Бізге тимеске ант етті,­ Тышқан маған бауыр деп». Орда тышқан үрпиді, Бәрінің көзі жыртиды, Ә дегенде таң болды. Ұзамады, мәз­мәйрам, Бастады у­шу той, мейрам, Үйдің іші даң болды. Отағасы, балақай ­ Бәрі де айғай, алақай, Бәрі ордаға ағылды. Шәрбат, шарап, бал, сыра, Сырнай, керней, домбыра, Дабыл даң­дұң қағылды. Гүжілдеді қобызы, Безілдеді сыбызғы, Бұрқылдады қорқоры. Үзім, алма алқызыл, Өрік, анар қан қызыл, Шаптал, інжір, алқоры. Соныменен, сөз қысқа, Опыр­опыр топ тышқан Ию­қию тойда отыр. Жалғыз­ақ бір қария, Өзінше ойы дария, Тойда отырып ойда отыр. Қария айтты: «Әлеумет, Құтты болсын қаниет!» (Күңгірт көзін көтерді). «Соныкі сұмдық болмасын!.. Сол сұм алдап ұрмасын!.. Малданбалық бекерді».

Читайте также:  Қоғамдық келісім туралы

Оставить комментарий