Загрузка…

МАХАМБЕТ ШЫҒАР­МАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАР

Махамбет Өтемісұлы қазақ тарихында белді орын алатын дарын иесі: ақын, қоғам қайраткері, халықтың мұңын жоқтаған ойшыл, ұлттың азаттығын аңсаған батыр. Ол туралы «… его стихи звали к борьбе против алчных ханов, султанов, обиравших народ, как волчьи стаи» [1, 58 б.] деп жазылған да болатын. Махамбеттің саяси-құқықтық ойлары Бөкей ордасында болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістермен тығыз байланысты туындағаны хақ. Жәңгір хан реформалары қарапайым халыққа оңай тимеді. Жердің жеке меншікке үлестіріліп берілуі, жаңа феодалдық қатынастардың орнығуы халықтың тұрмысын ауырлатты. Бұл жағдайда жастайынан либералды ойларымен белгілі ақын ондай мәселелерге жәй қарап тұра алмады. «В период восстания казахских шаруа Внутренней (Букеевской) орды интересы народа совпадали с интересами старшин, возглавляемых Исатаем и Махамбетом, так как борьба была направлена против высшей феодальной знати (ханов, султанов)» [2, 87 б.]. Махамбеттің саяси-құқықтық ойларының іргетасы – еріктілік, теңдік, бостандық, сондай-ақ жаңадан туып келе жатқан қанаушылыққа қарсы тұру болатын. Бұл жырау поэзиясындағы ең маңызды проблема болып табылады. «Қорлықта жүрген халқыма, Бостандық алып берем деп, Қырық бір жасқа келгенде, Ауыр әскер қол ертіп, Жасқұсқа барып кіргенде, Арыстандай ақырған, Айбатыма шыдамай, Хан баласы жылады-ай» [3, 180 б.], – деген ақын өзінің күресінің негізгі мақсаты қорлықта жүрген халқының еркіндігі екендігін айқын айтады. Осы орайда Махамбет заманында феодалдық қатынастардың айтарлықтай дамығандығын айтуға болады. Осы формациямен бірге келетін бірқатар құбылыстар маңызды рөл атқарады. Мұндағы қорлықтың туындау себебі – жаңа қоғамдық құрылыс. Ал мұндай заман құбылыстарына қарсы тұрудың бір ғана амалы: МАХАМБЕТ ШЫҒАР­ МАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАР 54 ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы. №3 (75). 2015 Махамбет шығармашылығындағы саяси-құқықтық ойлар «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала, Сақалы шығып жат болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық, шөл көрмей, Арып-ашып жол көрмей, Өзегі талып, ет жемей, Ер төсектен безінбей, Ұлы түске ұрынбай, Түн қатып жүріп, түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай, Темір қазық жастанбай, Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?» [4, 35-36 бб.] – деп толғайды ақын. Яғни, жыраудың монархияға қарсы күш қолдану тәсілін ұсынуы бұрын тарихта болмаған оқиға. Мәселе саяси ой өркендей келе, басты мәселе – биліктегі төрелердің қалыптасқан монополиясын жою. Осы тұрғыдан Махамбет ойлары белгілі француз ойшылы Жан Боденмен сәйкес келеді. Мұндағы басты принцип – биліктің халықта болуы. Бұл билікті халық өз арасынан таңдаған бір адамға береді. Ол адамның тіпті төре тұқымынан болуы міндетті емес: Халық үшін қан төгем деп, Қараны ханға теңеп берем деп, Ол мақсатқа жете алмай, Дегенімді ете алмай, Қор болдық-ау, Махамбет шырақ-ай, – дейді. Яғни мұндағы билік басындағы тұлға кез- келген патриот адам болуы мүмкін. Бұл адамға абсолютті билік тапсырылуы керек. Халықтың жағдайы мен мұң-мұқтаждықтарына көңіл аудармаған билеушіні тақтан тайдыру қажет. Бұл құқық толықтай халық қолында. Мұны Махамбеттің: «Жүйрік аттың белгісі, Тұрады құйрық-жалында-ай. Айтып-айтпай, немене, Халық қозғалса, Тұра алмайды хан тағында-ай…» [3, 168 б.] немесе: «Алтын тақты хандардың, Хандығынан не пайда, Қаріп пенен қасірге Туралық ісі болмаса» [5, 58 б.], – деп тұжырымдайды. Мәселе, адамның кім, қандай тектен екендігінде емес, оның халыққа деген ықыласында! Дегенмен, Махамбет – дәстүршіл жырау. Хандық дәуір жыраулық үлгісінің жалғасы. Дәстүршілдік Махамбеттің ойы бойынша өткеннен үйрене отырып жаңа ойларды жинақтауға, топтастыруға көмектеседі, ұрпақаралық сабақтастықты қамтамасыз етеді. Махамбет Өтемісұлы саяси дербестік пен тәуелсіздіктің жыршысы. Оны Ресей империясының отарлық саясаты қинайды, толғандырады: «Тептер үшін тебістік, Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Қиғыш үшін қырылдық, Теңдікті малды бермедік, Теңдіксіз малға көнбедік» [3, 174 б.]. Мұнда Махамбеттің тек отаршылдарға ғана емес, ішкі реформаларға да қайшылығын байқауға болады. Бұрыннан қасиетті болып келген жерге жеке меншіктің орнауы, оның азаматтық-құқықтық қатынасқа тауар ретінде қатысуы ақынның жанын ауыртқандығы сөзсіз. Махамбет көзқарасы, тарихтың сол бір кезеңі үшін ерекше озық көрінеді. Оның Орынборда болған жылдары патшалық үкімет тарапынан теперіш көруінің өзі саяси ой егесінің, тіпті Ресей империясының ішкі саясатына қауіп төндіргенін байқаймыз. Махамбеттің түсінігінде тәуелсіздікті жоғалту оңай болғанымен, ол үшін күресіп, қайтарып алу қиынға соғады: «Беркініп садақ асынбай, Біріндеп жауды қашырмай, Білтеліге қол салмай, Қозы жаурын оқ алмай, Қорамсаққа қол салмай, Атқан оғы жоғалмай, Балдағы алтын құрыш болат, Балдағынан қанға боялмай, Қасарысқан жауына, Қанды көбік жұтқызбай, Халыққа тентек атанбай, Ерлердің ісі бітер ме?» [3, 166 б.] Бұл өлең жолдары бізге Махамбеттің қоғамға деген көзқарасын айқындап береді. Ұлы мұрат-мақсаттар құрбандықсыз болмайды. Осыған қарағанда Махамбеттің революционерлік бағыттағы саясаткер екендігі аңғарылады. Қоғам өзінің құндылықтары үшін күресуі керек. Күш қолданусыз қоғамдағы әділеттіктің орын алуы қиын. Тек, жау қашып, билік өзгерсе ғана ха­ ISSN 1563-0366 KazNU Bulletin. Law series. №3 (75). 2015 55 Ергөбек Ш.Қ., Алтаева К.Ж. лық өзінің мұратына жетеді. Бұл сындарлы ойлар Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлең жолдарында да айқын көрініс тапқан. Қазақ халқының негізгі мақсаты үшін адам кез келген қиындыққа бара білуі керек. Тек осындай әдіспен келген құндылықтар баянды болады. Еңмаңызды мәселе – осы құндылықтарды жаулап алу ғана емес, бұл құндылықтарды сақтап қалу. Демократиялық құндылықтарға қол жеткізген қоғам өзінің негізгі мақсат-мұраттарын ұмытпауы үшін бұл құндылықтарға қалай қол жеткізгендігін ұмытпағаны жөн. Осы мұрат үшін бәрі де құрбандық. Батырлық ақынның қанында бар. Оның билеуші тап өкілдеріне қоятын бір сауалы бар. Ол сауал: Неге бай мемлекеттің, шұрайлы жердің иелері болып табылатын халық нашар өмір сүруі керек? Жаңа жүйе ұсынып отырған хан Жәңгір неге халық қамын ойламайды? Оның Жәңгірге деген ашу-ызасына келесі сөздері мысал бола алады: «Хан емессің, қасқырсың, Қара албасты басқырсың, Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқа ұрсын! Хан емессің, ылаңсың, Қара шұбар жылансың. Хан емессің, аярсың, Айыр құйрық шаянсың» [3, 167 б.]! Бұл өлең жолдары Махамбеттің тек Жәңгірге деген позициясын анықтап қоймай, жалпы хандық билікке көзқарасын айқындайды. Мұндағы ең маңызды мәселе хандық билікті Махамбет негізгі қайнар көз – қалыпты саяси жүйе ретінде мойындайды. Бөкей ордасындағы монархияның спецификасына көз жеткізеді. Біріншіден, ол монархия ежелгі дәстүр бойынша сайланбаған. Яғни, бұл биліктің дала дәстүрі бойынша легитимді болуы қиын. Екіншіден, атадан балаға мұра болып қалатын бұл биліктің Ресей отаршыл әкімшілігі тарапынан берілгендігін мойындауға мәжбүрміз. Яғни, бұрынғы халықтың хан сайлау құқығының Ресей әкімшілігінің хан тағайындау құқығымен алмастырылғандығын байқау қиын емес. Бұл, көзқарастың негізіне көз жүгіртер болсақ, Жәңгірдің хан болып отырғандығы дәстүрлі тұрғыдан толыққанды мойындалған, легитимді монархия деп айтуға болмайды. Оның үстіне, Жәңгірдің феодалдық қатынастарды дамыту мен билікті орталықтандыруға бағытталған реформаларының барлығы дерлік көшпелі қоғам тарапынан туындаған қарсылыққа тап болады. «Патша қалыптасқан заттар ретін өзгеріссіз қалдырмай, оны өзгерткенде өзінің аса құдіреттілігін танытамын деп ойласа, онда монархия құлайды. Монархия патшаның біреулерге заңды түрде тиесілі қызметтерін өз қалауынша басқаларға алып берген жағдайда, патшаның өз ерік-жігерінің шешімінен гөрі өз қиялының шешімдерін ұнатқан жағдайда құлдырауға ұшырайды. Патшаның барлығы тек өз жеке басына қатыстырып, мемлекетті өз астанасына, ал астанасын – өз сарайына, ал сарайын – өз жеке тұлғасына теңестірер болса, монархия өледі» [6, 138  б.]. Көшпелі қоғамдағы негізгі байлықты мал деп қарастырғанмен, экономиканың негізі мал шаруашылығын жүргізу үшін шүйгін жайылымдық жерлер екендігі бесенеден белгілі. Ал, бұл жерлердің бұрыннан иесі қазақтың жекелеген ру-тайпалары болатын. Ханның жерлердің бәрін өзіне алып, жақтастарының арасында бөлуі, жерге деген меншіктік көзқарастың қалыптасып, хан қолына шоғырлануы қазақ көшпелі қоғамының қарсылығын туғызғандығы хақ. Осы, тұрғыдан Бөкей ордасындағы ішкі қайшылықтар Махамбет пен Исатай секілді тұлғаларды тарих аренасына алып шығуы – табиғи, тарихи заңдылық. Ал Махамбеттің қалыптасқан, жағдайдан шығудың жолын халықтық билікке негізделген билік формасынан іздеуі де заңды. Бұл, тек адамдардың құқық пен мемлекет алдындағы теңдігі жағдайында ғана орын алатындығын түсінген Махамбет әділетті өмір дәстүрін – дала демократиясын енгізуге тырысады. Махамбеттің бұл ойлары Томас Мордың утопиялық ойымен сабақтасып жатады. Жерұйық іздеп өткен Асан Қайғыға қарағанда, Махамбеттің ойлары Жерұйықты құруға бағытталған. Махамбеттің ойынша, Жерұйық орнаған жер жоқ. Алайда, оны орнатуға болады. Ол үшін әділетті билік орнату керек. Ол билік жеке адамның билігі емес, халықтың билігі болуы керек. Билік кедейлерге қорған болып, шаруашылық жүргізуге жағдай жасауы керек. Махамбеттің ойын таптық тұрғыдан қарастыру дұрыс емес. Себебі, ол нақты бір әлеуметтік топқа қарсы бағытталған көтеріліс емес, заң мен мемлекет алдындағы теңсіздікке, яғни әділетсіздікке қарсы бағытталған көтеріліс деп қарауға болады. Жеке биліктің халықтың жағдайын жасай алмайтындығына көз жеткізген ақын халықтық билік орнатуға ынталы. Ол ханға халық билігінің өкілі ретінде емес, тіпті қазақтардың Ресей империясымен қатынастарын реттеуші тұлға емес, империяның жендеті деп қарайды. Жеке адамның билік институтындағы ұстанымдарының жеткіліксіздігі бүкіл билікке сенімсіздік тудырып отыр. 56 ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы. №3 (75). 2015 Махамбет шығармашылығындағы саяси-құқықтық ойлар Махамбет пен Исатайдың Жәңгір ханмен болған жеке қақтығысы халық көтерілісіне алып келгендей көрінгенімен, халықтың наразылығының мұнда ерекше күші мен маңызы сезіледі. Бұл жәй, билік үшін талас емес, құрылған мемлекеттік билік жүйесіне қарсы күрес екендігі аңғарылады. Махамбет шығармашылығында халық қамы ең басты орында. Жаңа қоғамдық қатынастарға икемделмеген халықтың жағдайының жақсарары екіталай. «Жәңгірдің ісі» өлеңі ақынның жаңа қатынастарға үйрене алмаған қазақ халқының Орынборға крепостной, басыбайлы шаруа ретінде кетіп бара жатқандығын суреттейді: «Міне алмаған алаға-ай, Шыға алмаған далаға-ай, Қара қазақ баласын, Атаңа нәлет Жәңгір хан, Көзінен тізіп жіберді-ау, Орынбор деген қалаға-ай» [3, 171 б.]! Бұл өлең жолдарының Ресейдің рухани-мәдени экспансиясының кеңейген дәуірінде жазылғандығы байқалады. Жаңа туындаған қатынастарды реттейтін жаңа кадрларды қажет еткендіктен, қазақ балаларын Орынборға жіберіп, батыстық білім алуға жағдай жасайды. Әрине, дұрыс ниетпен жасалған бұл қадамның теріс жағы да бар. Ресейлік құндылықтарға негізделген өмір аңқау қазақ балаларын ата жолынан аудырып, жаңа рухани әлем ашар еді. Қазақ жеріне өз билігін орната алған Ресей әкімшілігі енді қазақ қоғамының рухани құндылығына қол сұға бастаған болатын. Оның үстіне көтеріліс кезінде Жәңгір Орынборды бекініс ретінде пайдаланып, ол жерде өз жақтастарын ұстағандығы белгілі. Махамбет әділетті басқару идеясын дәстүрлі қоғамнан іздегені хақ. Ол легитимді сайланбаған, Ресей үкіметі тарапынан таңылған Жәңгірге оппозиция болуы да сондықтан. Махамбет қазақ көшпелі қоғамының негізгі қайнар көзі болып табылған әдет-ғұрып нормаларына қайта ден қою, оралу арқылы әділетті қоғам орнату идеясын ұсынады. Ресей әкімшілігінің жүзеге асырып отырған реформалары халықты түп-тамырынан ажырату деп ұққан Махамбет, бұл реформалар дала демократиясының, дәстүрлі институттарының жүйесін бұзғандығына қатты налиды: «Қарт бұғыдай билерден Ақыл сұрар күн қайда? Бізді тапқан ананың, Асыраған атаның Ризалықпен жайласып, Қолын алар күн қайда?» [4, 38 б.] – дейді ақын. Шын мәнінде де Ресей ықпалымен қазақ даласында, әсіресе Бөкей ордасында жүзеге асырылған реформалар қазақ халқын дәстүрлі құндылықтар мен принциптерінен айырып отыр. Жоғарыда көрсетілген бірқатар құндылықтардың өзара қайшылыққа ұшырап отырғандығын байқау қиын емес. Мысалы, адамдардың теңдігі мен төрелердің билігіне қарсы тұру. Қара халық пен далалық аристократияны әдет-ғұрып нормаларының негізінде татуластыру мен теңестіру аса қиын мақсат екендігі айқын. Дегенмен, дала демократиясында заң алдындағы теңдік, сайланбалы хандық секілді билік институттарының болғандығы, дала демократиясының өкілдері билер мен жыраулардың ықпалының күштілігінен хандық биліктің шектеліп отыруы, оның үстіне қоғамның еркін мүшелеріне берілетін құқықтар мен бостандықтардың сақталуын жіті қадағалаудың орнатылуы бұл принциптердің әлі де кең қолданылуына ықпал етеді. Дәстүрлі қазақ қоғамын әділетті қоғамнан алыс деп қарастыруға болады және оған негіз де жоқ емес. Алайда, әлі пісіп жетілмеген монархияның абсолютті принциптерінің енгізілуі әрине қоғам тарапынан қарсылық туғызбауы мүмкін емес. Жаңа қолданылатын принциптерге қарағанда, дәстүрлі принциптердің біріншіден көшпелі дала өміріне икемді екендігі, екіншіден әлдеқайда әділетті екендігі айқын. Оның үстіне биліктің атадан-балаға қалуы қазақ қоғамындағы дәстүрге тән емес. Қазақ хандығында әдетте, билік, сайлау арқылы ханның жақын туыстарына, олардың ішінде аға-інілеріне бұйыратын. Қазақ хандығы дәуіріндегі туындап отыратын билікке таластың орын алмауының басты себебі осы. Абсолютті, атадан балаға қалатын монархия, бұл режимге қарағанда прогрессивті мәнге ие болғанымен, абсолютті монархия үшін жағдай пісіп жетілмеген-ді. Оның үстіне, Махамбет ескі әдет-ғұрып нормаларын көзсіз қолдана бермей, жаңа жағдайға сәйкестендіруді көздейді. Қазақ дәстүрлі элитасының патшалық Ресеймен ауыз жаласқанынан, оның тиімсіз ішкі саясатынан, қазақ халқын ыдыратуға бағытталған саясаттың қолшоқпарына айналған төрелерден көңілі қалған Махамбет биліктің касталық жолмен берілуіне қарсы. Ол хан институтына қарсы емес. Тіпті белгілі дәрежеде авторитарлы басқаруды қолдайды. Ханның төре тұқымынан болуы Махамбет үшін маңызды емес. Касталық жүйе дұрыс билеушінің билікке келуіне кедергі келтіреді. Сондықтан, ханды қарапайым халық өкілдерінен де сайлауға болады. Тек қана болады емес, солай болуға міндетті. «Адамдар тумы­ ISSN 1563-0366 KazNU Bulletin. Law series. №3 (75). 2015 57 Ергөбек Ш.Қ., Алтаева К.Ж. сынан тең құқықты» қағидасын, Махамбеттің келесі өлең жолдарынан байқауға болады. «Жақсыдан туған жаман бар – Күндердің күні болғанда, Жарамды бір теріге алғысыз, Қасына адам барғысыз. Жаманнан туған жақсы бар – Атасын айтса нанғысыз!» [3, 170 б.], – немесе: «Ханнан қырық туғанша, Қарадан бір-ақ тусайшы, Халықтың кегін қусайшы, Артымыздан біздердің Ақырып теңдік сұрарға!» [3, 189 б.], – немесе: «Ақсүйектің баласын, Қара ұлына теңгердім, Қоңыраулы найза өңгердім. Жетімдерге жер бердім» [3, 182 б.]. Шынында да жоғарыдағы жыр жолдарынан теңдік, касталық бөлінбеушілік идеяларын айқын аңғарамыз. Оның үстіне демократиялық бастаулары бар бұл идеяның негізінде халық қамы жатқандығын байқаймыз. Биліктің негізгі көрсеткіші – халық жағдайы. Әділдіктің негізгі көрсеткіші – заң мен сот алдындағы теңдік. Тағы да бір байқағанымыз, Махамбет билікті тармақтарға бөлмейді. Биліктің бір орталыққа шоғырланғанын қолдайды. Биліктің табиғаты халық мүддесінде жатыр. Соны кез келген билеуші түсінуі керек, әйтпесе, халық көтеріліске шығып билікті жояды. Бұл Ұлы француз буржуазиялық революционерлері принциптерінің батырдың көзқарасымен сәйкесіп, қазақы демократиялық ілімдегі жаңа бағыттың айқындалғанын көрсетеді. Халық сеніміне ие болмаған билік өзін-өзі бүлдіреді, өзін-өзі жояды. Мұнда да қарама-қайшылықты байқауға болады. Қазақ секілді дәстүршіл халықтың өз әдет-ғұрып нормаларынан бас тартуы аса қатерлі нәрсе. Жәңгірдің қателігі де сонда. Ақынның тілімен айтқанда: «Атаңа нәлет Жәңгірдің, Қан жылатқан заңы үшін…» [5, 106 б.] Онда бұл әдет-ғұрып нормаларын қандай құжат реттеуі керек? Оның толыққанды сақталуы үшін не істеу қажет? Қандай жаңа нормалар халық жағдайын жасап, жаңа өзгерістерге жол ашады? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Ақын өлеңдерінің бірінде: «Адамзат басы құралса, Мәшурат кеңес сұралса, Мәшурат берер ер едік» [7, 55 б.], – делінген. («Мәшурат» – Конституция, демократиялық заң деген мағынада. Бұл сөзді ғылыми әдебиетте алғаш қолданып, анықтамасын берген С. Өзбекұлы.) Ақынның бұл сөздері келесідей тұжырымдарға әкеледі: Біріншіден, Махамбет шектеулі болса да бас заң, Ата Заң идеясын қолдайды. Ол нормативті-құқықтық акт қазақ қоғамындағы туындаған барлық дерлік сұрақтарды шешуге бағытталуы қажет. Екіншіден, бұл заңның толыққанды жүзеге асуы үшін сайлау өтіп белгілі алқа қалыптасуы керек. Ондай болмаған жағдайда, бұл құқықтық актілердің заңдық күші шектеулі болатындығы хақ. Үшіншіден, бұл алқалы орган ешкімді алаламайтын негізде, өзінің басты қызметін жүзеге асырып, осы нормалардың қалыптасуы мен ықпал етуіне жағдай жасауы керек. Бұдан туындайтын қорытынды, Махамбет хандық билікті қайта құру үшін уақытша үкімет құрып, соған қоғамдағы ең маңызды мәселе, Ата Заң қабылдауды жүзеге асыруы қажет – дейді. Ата Заң арқылы әділеттік орнайтындығына сенімді ақынды қазақ далалық демократиясының принциптерінің негізін қалаушы деп тану орынды.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar