МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ ТУРАЛЫ ШЫҒАРМА

Махамбет шығармашылығын Кеңес өкіметі кезінде саяси бағытқа бұрып, қоғам ықпалына орай талданды. Ұлы ақынның жырларын бай­манап, хан­патшаға қарсылық ұғымы шеңберінде ғана бағалауға ұмтылды. Бірақ, тереңірек ойлап ой таразысына салғанда, Махамбет жырларының ұстанған бағыты тереңірек еді. Махамбет қазақ халқының тәуелсіздік туын ұстанған ақын.

Тәуелсіздікке, бостандыққа үндеп, азаматтық еркіндікке ұмтылды. Осы жолда басын тау мен тасқа ұрды. Ашық айтты. Тартынбай сөйледі Поэзияның құдіретті қуат күшіне арқа сүйеп, алыстан сермеді. Туған еліміз, Қазақстан атты мемлекетіміз тәуелсіздікке қолжеткізген тұста, Махамбет жырларының қадір­қасиетін қайта қарауға, қайта талдау,басқаша бағалау міндеті алда тұр.

Махамбет туралы тұжырымды ой­пікір айту үшін, Махамбеттің құдіретті поэзиясына мағыналы баға беру үшін, ең алдымен Махамбет Өтемісұлының өмірін, Исатай Махамбет бастаған халық көтерілісін, Махамбет поэзиясының ақиқат шындығын, оның өлеңдерінің романтизмін, ең ақырында Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктерін ашып айтпай, Махамбет Өтемісұлы­сынды ұлы тұлғаны көзге елестете алуымыз мүмкін емес. Ғалым Қажым Жұмалиевтың дерегіне сүйенсек, Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстанда туғандығын, Батыс Қазақстан ол кезде, Бөкей, немесе, ішкі Орда деп аталғандығына көзіміз жетеді.

Жайық пен Еділдің екі арасында өткен өлке еді дейді ғалым. Тайманның­Исатайы да, Өтемістің Махамбеті де Беріш руының перзенті. Батыс Қазақстан поселкасында тұратын, Ерғалиев Құлбайдың айтуынша Өтеміс әулеті: Бекмағамбет, Махамбет, Исмаил, Досмаил, Қожахмет /Ахмет/ Уса, Иса,Хасей Мұса, Ибрайм сынды балалары болған дейді. Махамбеттің әкесі – Өтеміс, атасы – Құлмәлі. Жаугершілік кезде Жайық – Беріш руының батырлары Құлмәліні түрікпеннен қолға түсіріп әкелген деген дерек те бар. Махамбет ақын – шын мәнісінде халқының ұлт азаттығын аңсаған, тәуелсіздігін көксеген, әділет жолына жанын пида еткен тұлға.

Әділет жолындағы бұл іске тегін адам бармайды, жүрегінің түгі бар адам ғана бара алады. Сондықтанда Махамбет ақын: Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға, Қас үлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бір­біріндеп сөксе де Қабағын шытпас ер керек Біздің бүйткен бұл іске, – дейді. Бұл әділет жолына бір жола бет бұрған адамның сөзі. Жүрек толқынысы.

Читайте также:  Диктатура туралы мәлімет

Осындай мағыналы да, саналы да ерлікке кімдер жарамайды, кімдер қолқанат бола алмайды?! Олар: Арғымақтан туған қазанат, Шабуыл салса нанғысыз. Қазанаттан туған қаз мойын, Күнінде көз көрінім жер шалғысыз… Айырдан туған жампоз бар, Нарға жүгін салғысыз. Аруанадан туған мая бар, Асылын айуан десең нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар, Күндердің күні болғанда Жарамды бір теріге алғысыз, – жандар болмақ. Махамбеттің осы екі жырының мәні – ақынның көз қарасын айқындаған. «Толарсақтан саз кешіп… қабағын шытпас ер керек, біздің бүйткен бұл іске» деп тұжырымдаса, «аруанадан туған мая бар, асылын айуан десе нанғысыз, жақсыдан туған жаман бар.

Күндердің күні болғанда, жарамды бір теріге алғысыз…» деуі – тәуелсіздік жолындағы өрелі істерге бастайтын тағылымды туынды екенін көрсетеді. Алда Қазақ Елінің тәуелсіздігіне – жиырма жыл толғалы отыр. Бір қарасаң үлкен жас та емес, ұзақ жыл да емес. Жиырма жылдық атқарылған ұланғайыр істерге көз салсаң қария ғұмырындай біраз айтарлықтай ұлы істер атқарылған. Тәуелсіздікті айтқанда, Махамбеттің жырлары жадыңа оралады.

Дүниежүзінде екінші Шекспир атанған Португалия ақыны Луиш ди Камоэнс Махамбет­сынды тәуелсіздік үшін күрескен ақын. Португалия өзінің Тәуелсіздігінен айрылған 1580 жылдың 10 маусымында Луиш ди Камоэнс дүниеден өтеді. «Мен, тіпті, өзімнің туған Отанымда көз жұмғалы жатқан жоқпын, мен сол тәуелсіздігінен айырылған туған Отаныммен бірге өліп жатқандай сезінемін» деген ақынның жалынды сөзі ұлтының жүрегіне ұялап, Португалия елі қайта тәуелсіздік алғанда, ақынның асқан дана сөзі үшін Луиш ди Камоэнс қайтыс болған күнді – Португалияның Ұлттық Күні деп белгілейді».

Сол ақынның жүрегімен үндескен Махамбет: Абайламай айрылдым, Ар жақтағы елімнен, Анау Нарын деген жерімнен. Тірі кеттім демеймін, Кем болмады өлімнен, – дейді. Туған халқының тәуелсіздігінен айрылу, тәуелсіздік үшін күрескен Исатай­сынды нарқасқа асыл ерден айрылу – ажалдан кем соқпаса керек. Махамбет Өтемісұлы – халқының қамын жеген, мұңымен бірге мұңданған, қайғысымен бірге қабырғасы қайысқан қазақтың ұлы ақыны.

Ол өзінің ереуілдес серігі, қандос досы, Исатаймен бірге 1836­38 жылдары Қазақстанның батыс аймағында кеңінен өріс алған отты майданда халық көтерілісін басқарып, бай­шонжарларға қарсы күресіп, азаттық үшін, ұлтының тәуелсіздігі үшін бар жүрегімен майдан салды. Ел тілегінің жоқшысы Махамбеттің өршіл де отты жыр­толғаулары бұхара халықтың тәуелсіздік жолындағы күресінің айбынды қаруына айналды. Ақын өлеңдері қазақ халқын жігерлендіріп, ерлікке шақырды.

Читайте также:  Семиотикалар туралы қазақша

Оның өткір де отты сөздері алмас қылыштың жүзінен кем түскен жоқ. Махамбет шығармашылығындағы келелі образдардың бірегейі – Исатай батырдың бейнесі. Исатайдың тәуелсіздік үшін күресі, сол жолындағы ерлігі мен қаһармандығы, батырлығы мен азаматтығы Махамбеттің өлең­толғауларына өзек болып, өміршең әдеби туындыларды әкелді. Махамбет Өтемісұлы ақын, әрі күйші болған адам. 1836­38 жылдары Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің басы­қасында болып, әрі көсемі, әрі жалынды жыршысына айналған алмас жүзді ақын.

Бала кезінен әрі мұсылманша, әрі орысша оқып, зердесін кеңейткен тұлға. 1824­28 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайының қасында болды. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс туралы ғалымдарымыз кеңес өкіметі кезінде саясатқа орай шаруалар көтерілісінің тасасында қалдырды.

Бұл көтеріліс тәуелсіздіктің басы еді, әділет үшін майданның алғашқы қадамы еді, ұлт бостандығының тұңғыш бой көтеруі еді. «Исатай Тайманов көтерілісі» атты А.Ф.Рязановтың, «Торғай облысы» атты Добросмысловтың, «Ішкі орда және Исатай Тайманов көтерілісі» атты дүниелер деректілігімен бағалы. Солай бола тұрса да тәуелсіздік рухындағы Исатай мен Махамбеттің тарихи бағасын беруде біржақтылық басым болғандай.

Оған, әрине, авторлар кінәлі емес, уақыт, замана, саяси қоғамның өтпелі кезеңі әсер етуінен деп, бағалаған орынды. Бұл орайда Қажым Жұмалиевтың Қазақ ССР ғылым академиясы арқылы 1948 жылы жарық көрген «Махамбет /1804­1846 жж» атты монографиясының құндылығы ерекше. «Мен едім» деген өлеңінде ақын көкке атылған найзадай тік шаншылып: Боз ағаштан биік мен едім, Бұлтқа жетпей шарт сынбан.

Ел құтқарар ер едім, Жандаспай ақыры бір тынбан, – деуімен­ақ, ақын өзінің кім екендігін, не үшін күрескендігін айқын дәлелдеген. «Ел құтқарар ер едім» деуі де сондықтан. Асылында, біз бұрын Махамбетті аясы тар ұғымда зерттеп, оның көсегесін көгерте алмай келгеніміз рас. Махамбет ақын шаруалар көтерілісін бастап, хан­сұлтандарға қарсылық көрсетумен тынған жоқ. Ақын хан­сұлтандарға қарсылық күресімен туған халқына деген әділеттілік үстемдік құруы үшін күресті.

Читайте также:  Сүгір жырау туралы

Махамбет Өтемісұлы – Тәуелсіздіктің ұлы жыршысы. Тәуелсіздіктің басы болған ақын. Бұл күнде ақын дегеніне жетті. Қазақ елі – Тәуелсіздіктің туын көкке көтерді. әлем қазақ халқын таныды. Мемлекет екенін мойындады. Мойындатқан ақын Махамбет Өтемісұлы болса, өз ісімен дәлелдеп, қажыр­қайратымен, ақыл­ой парасатымен Тұңғыш Президентіміз болып, Қазақ атын әлемге машһүр еткен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев! Кеңес өкіметі кезінде Қазақстан Жазушылар одағының кезектегі съезі өтті.

Сол съезд екі бір есте қаларлық оқиғасымен жадымда қалды. Біріншісі Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы, жазушы Әнуар Әлімжанов жазушылар съезін ашты. Сол кезде съез залына бір қария әйел имене басып, ортаға енді.Президиумда отырған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтан бастап барлығы әлгі әйелге аңтарылып қарап қалды.

Сол кезде бірінші қатарда отырған Бәукең – Бауыржан Момышұлы мұрты тікірейіп, көзі ежірейіп бұрылып, әлгі әйелге қарады. Ол болса залдың орта шенінде отыратын орын таба алмай, не істерін білмей тұрған сәті еді. Бауыржан Момышұлы әскери әдетіне басып, атып тұрып, әлгі әйелді ерітіп бірінші қатарға келді де, Сырбай Мәуленов, Жұбан Молдағалиев отырған барша ақын­жазушыларға: – Встать! – деп айқай салды. Бәрі де атып тұрды. Бір орын ығысыңдар деп, әлгі әйелді жанына отырғызды.

Президиумдағылар абыржып, залдағы ақын­жазушылар таңырқасып қалды. Мен ол кезде «Қазақстан» саяси баспасында редактор қызметін атқаратынмын. Әлгі бейтаныс әйел біздің редакциядағы Ғалым Мұхамеджанов ағамызға келіп, анда­санда мұңын шағып тұратын.

Мен содан танитынмын. Әлгі бейтаныс әйел – ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың жұбайы еді. Ол кез Мағжанның атын айтуға болмайтын, есімі бір журнал­ газетке кіріп кетсе, ол газет­журнал міндетті түрде жыртылатын. Өткен ғасыр – ХХ ғасырдың 70­ші жылдары еді. Кейін Мағжан ақын ақталғаннан кейін Мүсілім Базарбаев бастап, біз қостап Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдығына арнап, үш томдығын өзінің түп­нұсқасымен

Оставить комментарий