МАХАМБЕТ ӨТЕМІСОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ

ХІХ ғасырдың бірінші жартысы, 1800­1850­ші жылдар арасын қамтыған «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты зерттеу еңбегінің төртінші томында академик Сейіт Қасқабасов «махамбет Өтемісұлы» (1803­1846) атты монографиясында «Махамбет – жаңа заманның ақыны» деп жазды. Ғалым оны дәлелдеп: «Махамбет – жаңа заманның ақыны. Ол өз заманы талап еткен әдебиетті жасаушы, яғни Махамбет жаңа әдебиеттің басында тұр. Махамбеттің заманы қандай еді? Еске алайық. Бұрынғы қазақтың өз мемлекеті жоқ болатын. Халық жат жұртқа бодан болған. Ел басшылары халыққа қорған болудан қалған. Керісінше, отарлаушылармен ауыз жаласқан. Ресей тәртібі ене бастаған. Жәңгірдің жерге, салыққа, билікке қатысты енгізген «жаңалықтары» ежелгі тіршілік үрдісіне қайшы келген­ді. Ақсүйектер мен бұқараның алшақтауы күшейген еді. Отарланған елдің бұғаудан құтылу жолындағы күресі тынымсыз жүріп жатты т.б.», – дей келіп, «Махамбет өз дәуірінің тынысын, талабын дұрыс түсініп, көре білді. Сол себепті де ол әдебиетті жаңа бағытқа бұрды. Ең бастысы көркем әдебиетті хан сарайынан шығарып, бұқара ортасына әкелді. Әдебиеттің міндеті – әміршіге қызмет ету емес, қоғамға қызмет ету деп білді. Қоғамға қызмет ету – әр адамға, оның сезіміне әсер ету, оның бойында рух көтеру, сөйтіп көпшілікке ықпал ету деп түсінді. Осы себепті Махамбет әрбір сөздің қуатын, құдіретін барынша пайдаланған. Сөйтіп ол, көркем поэзияның өзіне тән табиғи функциясын қайта жандандырды, оны дамыта түсті. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбет сөздің магиялық күшін, эмоциялық қуатын, эстетикалық әсерін күшейтіп, зор биікке көтерді», – деп қорытынды жасады, баға берді. Шынында да, бұрын Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы Кеңес өкіметінің ұстанымына сай зерттелді. Енді ұлы ақын Махамбет жырларының құдірет күшін тану үшін, еліміз тәуелсіздік алған тұсында жаңаша зерттеп, ақынның көзқарасын, азаматтық позициясын, саяси әлеуметтік дүниетанымын жаңа бағытта айқындауымыз қажет. Бұл ұлт тәуелсіздігіміздің жаңа көрінісі, соны бағыты. Абай мен Махамбет салыстыруға келмейтін қазақтың екі ұлы тұлғасы. Абай данышпандық ой тереңдігімен, Махамбет тәуелсіздік күрескерлік рухани рухымен ерекшеленеді. Бірақ, бір­бірін жақындастыратын жағдаяттар жоқ емес. Біріншіден Абай да, Махамбет те қазақ халқы үшін жаны ашып күрескен тұлғалар. Күрескенде ісімен де, басты қаруы жырлары арқылы да күрескен. Екіншіден, заманы бір, қоғамы бір тұлғалар. Біздің алдымыздағы деректерге сүйенсек, қазақ халқының ұлы ақыны, философ, ағартушы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келсе, дауылпаз ақын, қазақ тәуелсіздігінің күрес­майданын бастаған ақын Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туған. Абайды он жасқа толғанда әкесі Құнанбай оны Семей қаласына әкеліп оқуға берген, әуелі аз уақыт татар молдасынан сауат ашқызып, кейін Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқытқызған. Бұрын жазылған деректерден белгілі болса, Махамбеттің қайда оқығаны туралы мәліметтер жоқтың қасы. Бірақ мұсылманша да, орысша да оқығандығы мұрағат деректерден анық көрінеді. 1824 жылы ішкі орданың ханы Жәңгір жиырма жасар Махамбетті өзінің баласы Зұлқарнайынмен бірге Орынборға жібергендігі кітаптарда жазылған. Ерлердің ісі бітер ме?!» деп тиянақтайды. Екі ақынның темірқазық ойы – халықтың қамы, ашынып сөйлейді, халқының кей адамдарына көңілі толмайды, ұлттық өсуді ойлайды, ойлай­ойлай қайғыға батады. Содан соң да келіп, «Ауру да емес, сау да емес, құрыды әл­қуатым» деп қазағы үшін қамығады, «Түн қатып жүріп түс қатпай, Ерлердің ісі бітер ме?!» деп ширығады. Абайдың да, Махамбеттің де жүрегі халқым деп, ұлтым деп, қазағым деп дүрсіл қаққан… «Кемел ақын, кемеңгер ойшыл» деген алғы сөзінде академик Зәки Ахметов: «Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны –білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетіндегі Абай орнының ерекше болуы тегін емес. Ұлы ақынды заман туғызады дейміз. Бұл ап­айқын, үйреншікті қағида көрінгенімен, зер салып қарастыруды қажет ететін өте күрделі мәселе. Басты мәселе – Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман­тілектерін қаншалықты терең ұғып­түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып жеткізе алғандығымызда. Ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып, жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек, ізденіс – міне осылардың түйісіп келуі шарт», – деп жаза келіп, «Осы жағынан келсек, Абайдың өз шығармашылық тұлғасы жан­жақты екені бірден ойға оралады. Ондай әрі ойшыл, әрі сыршыл лирик, әрі суреткер әр қырлы дарын иесі болған кесек тұлғалы ақын сирек кездесетіні даусыз.. Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып­түсіне алсақ, өткен заманды, елдің жайын, халықтың тағдырын, ой­арманын тани аламыз. Және сол арқылы қазіргі заманды, кешегі мен бүгінгіні, келешегімізді де бағдарлаймыз», – деп түйіндейді.

Читайте также:  Мифология, онтология, тарих

Оставить комментарий