МАХМУД ҚАШҚАРИ «ДИУАНИ ЛУҒАТ ИТ-ТҮРК» СӨЗДІГІНДЕГІ ОНИМДЕР

Қазіргі лингвистикадағы маңызды мәселеле- рінің бірі тарихи мұраларымызда кездесетін, ата-бабамыздың өз ұрпағына қалдырған шығар- маларға талдау, сақтау, кейінгі ұрпаққа қалдыру болып табылады. Осыдай өзекті мәселелердің бірі – тарихи онимдерді зерттеу. Тарихи оним- дерге ғылымның назар аударуы, онимдерді зерттеу нысаны ретінде алған еңбектер санының артуы – заңды құбылыс. Ономастика – қазақ тіл білімінде көп зерттелмеген, тың саланың бірі. Осы бағыттағы зерттеулер түркі, соның ішінде қазақ тіл білі- міндегі онимдердің құрылымдық топтастыры- луын айқындауға; антропонимдердің, топоним- дердің шығу тегін зерделеуге, олардың көркем шығармадағы алатын орнын анықтауға мүмкін- дік береді. Осыған байланысты тарихи ескерт- кіштердегі ономастикалық кеңістікті зерттеу тіл біліміндегі шығарма ономастикасын жаңа қы- рынан талдап, жалпы көркем шығарма ономас- тикасымен салыстыра қарастырып, нақты тұжы- рым жасауда, ерекшеліктерін анықтауда маңыз- ды. Ұлы ғұлама Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрік» еңбегі — қазақ халқының тарихи- мәдени өмірінен ақпарат беретін құнды дүние. Оның тілдік бірліктерді (соның ішінде оним- дерді) шеберлікпен қолдануынан «Диуани лұғат ит-түрік» еңбегін қарастыра отырып, сол кездегі қоғамдық құрылым, мәдени құндылықтарды, қоршаған ортаны, аспан әлемін, өзіндік көзқа- растарын т.б. автордың танымы арқылы анық- тауға болады. «Диуани лұғат ит-түрік» түркі халықтары және тілдері, сонымен қатар 1000 жыл бұрынғы түркілер жайында құнды мағлұматтар беретін өте таптырмас дерек көзі болып табылады. «Диуани лұғат ит-түрік» сол замандағы түріктердің қоғамдық өмірі мен рухани дүние- сінің сан алуан өзіндік сипатын әржақты қамти- тын мәліметтерге толы. Сонымен бірге онда этнографиялық мәліметтер мен әдеби және мәдени мұраларға, географиялық және астро- номиялық атауларға, тіл ерекшеліктері мен ғылыми зерттеулерге, тағы басқа да алуан түрлі мәселелерге қатысты өте бай нақтылы мысал- дарға сүйенген деректі мәліметтер келтірілген. Профессор Әбжан Құрышжановтың, «Диуану лұғат ит-түрк» өзі әңгімелеп отырған лин- гвистикалық зерттеулердің әдейі құрастырылған хрестоматиясы тәрізді тұжырымына сүйене отырып, түркі халықтарының мың жылдық тарихы бар бұл еңбектің қазіргі қазақ тілі үшін де маңызы зор екенін түсінеміз. М. Қашқаридың «Диуанын» зерттей отырып, қазіргі қазақ тілі сөздік қорының негізі осы баба сөздікте екеніне көзіміз жетіп отыр. Түркі халқы, соның ішінде қазақ халқы үшін құнды болып табылатын бұл еңбектің оним- дерін талдап анықтау автор заманындағы және одан бұрынғы кезеңнің экстралингвистикалық факторларын ашуға мүмкіндік береді. Бұл жө- нінде А.В. Суперанская: «Әр дәуірдің өзіндік фактілері мен шындық болмысы бар, олармен кейіпкерлердің сөздері мен есімдері, әдеби шығарманың мәтіні байланысты болады. Атал- мыш фактілер авторлардың замандас оқыр- мандарына белгілі, бірақ олар дәуір өзгеруіне, жаңа ұрпақ келуіне байланысты ұмытылады. Сондықтан шығарманы дұрыс қабылдау үшін сол кезеңге байланысты экстралингвистикалық факторларды анықтау керек» /1, 140/, – деп атап көрсеткен. Ежелгі дәуірден жалқы есімдердің тілдегі ерекше орны мен олардың мәніне назар ауда- рылған. Көне дәуір ойшылдары жалпы есімдер мен жалқы есімдерді бөліп қарастырған, атау- лардың ақиқаттығы мен қажеттігі, зат пен атаудың тығыз байланысы, атаулардың мағы- насы, атаулардың жекелік тұлғалығы т.б. жөнін- де ережелер жасалды. Ономастика саласы қалыптасқаннан бері ға- лымдар көбірек көңіл бөліп, жалқы есімдердің түрлерін анықтаған. Соның негізінде «ономас- тикалық кеңістік» термині қалыптасқан, яғни онимдердің разряд түріне қарай ономастикалық кеңістіктің өзегін құрайтын онимдер (антро- поним, топоним, космоним, зооним) және өзек- тен тыс шектік онимдер (эроним, идеоним, биб- лионим т.б.) деп ажыратылған. Қоғамда жалқы есім табиғатына, оның тарихи қалыптасуына де- ген қызығушылық өсе түсуде. Ономастика – (топонимика, антропонимика, этнонимика, космонимия, зоонимия т.б.) ұр- пақтан-ұрпаққа ауысып отыратын жалқы есім- дерді зерттеуге бағытталған, бірнеше ғылыми арнаның басын біріктіретін, география, этногра- фия, тарих ғылымдарымен сабақтастыра қарау- ды қажет ететін лингвистиканың кешенді сала- ларының бірі екені белгілі. Кез келген этностың өзіне тән мәдениеті, эстетикалық талғамы, руха- ни өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен жалпы болмысы бірнеше тарихи кезеңдер мен әрқилы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды қам- ти отырып, белгілі бір географиялық кеңістік аясында көрініс табады. Тіл білімінің ономастика саласы бойынша зерттеулер саны өсіп келеді, мәселен, антро- поним, топоним, этноним, космоним түрлері бұрынырақтан зерттеу нысанына айналып кел- се, қазіргі кезде эргоним, прагматоним, ойконим сияқты түрлері де кеңінен зерттелуде. Антропо- ним ішінде лақап, бүркеншік аттары бойынша да кешенді зерттеулер жүргізілуде. Қазіргі кезде шығарма ішіндегі, оқиғаның ұйытқысына айналған онимдер де назардан тыс қалмаған, оған дәлел ретінде соңғы кезде жарық көрген мақалалар мен кешенді зерттеулерді кел- тіруге болады /2-5/. А.В. Суперанскаяның қаты- суымен жасалған ономастика бойынша ұжымды теориялық еңбекте терминологиялық сөздікке енгізуге болатын ономастикалық кеңістік ұғы- мына нақты анықтама беріледі: «ономастикалық кеңістік – белгілі бір халықтың аймақтық, гипо- тетикалық және қияли объектілерді атау үшін тілде қолданылатын жалқы есімдер жиынтығы. Ол нақты кезеңде сол халықтың көзқарасын- дағы әлем моделімен анықталады, дегенмен он- да алдыңғы дуірлердің элементтері де сақтала- ды. Әр мәдениетке, дәуірге, аймаққа жататын адамдардың ономастикалық кеңістігі әр түрлі болады. Сонымен қатар әр түрлі зат жалқы есім- ге ие бола алады. Шынайы болмыс заттар әлемі қияли және гипотетикалық заттар әлемімен толықтырылып, шынайы болмыс ретінде қабыл- данады» /6, 281/. Жалпы алғанда, ономастикалық кеңістік әлемге көзқарас, белгілі бір этностың әлем та- нымын білдіретін әлемнің ономастикалық бей- несінің және әлемнің тілдік бейнесінің кесіндісі болып табылады. Ежелгі дәуірден жалқы есімдердің тілдегі ерекше орны мен олардың мәніне назар ауда- рылған. Көне дәуір ойшылдары жалпы есімдер мен жалқы есімдерді бөліп қарастырған, атау- лардың ақиқаттығы мен қажеттігі, зат пен атау- дың тығыз байланысы, атаулардың мағынасы, атаулардың жекелік тұлғалығы т.б. жөнінде ережелер жасалды. Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ит-тү- рік» еңбегінің ономастикалық кеңістігі топо- нимдер, антропонимдер, теонимдер, космоним- дер, этнонимдер, фитонимдер т.б. тұрады.

Читайте также:  Бестем ойыны туралы мәлімет

Оставить комментарий