Загрузка…

МАЛДАН АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ

Ет нарығы жоғарғы қанықпен сипатталады. Ет ұсынысының өсімі мал басының көбеюі есебі арқылы қамтылған. Сол себептен ет өндірісі төменгі тиімділігімен мінезделеді, ал ауыл шаруашылық кəсіпорындарында ол шығынды. Ет жəне ет өнімдерін терең қайта өңдеу, ет өнімдері төмен өзара қамтамасыз еткендігінен жəне сол себептен жоғары импорт тəуелділік болғандықтан, отандық тауарөндірушілердің өнімдерінің қабілеті төмен бəсекелестікте. Ескірген өндірістік технология, ондағы қол еңбегінің басымдылығынан ет өндірісінің өсімін ұстап жібермейтін факторға айналды. Асыл тұқымды шаруашылықтар жаңа технологияға асықпай көшуде. Мал шаруашылығы саласы Қазақстан үшін дəстүрлі шаруашылық болып табылады, мұнда малдың 90%-ы тұрғындардың үй шаруашылығына тиесілі. Республика бойынша 2010 жылдың мəліметтері бойынша асыл тұқымды мал өсірудің шаруашылық базасын 787 шаруашылық субъектілері құрайды. Оның ішінде 67 асыл тұқымды зауыт жəне 720 асыл тұқымды шаруашылық бар. Асыл тұқымды малдардың ұрығын өндіру жəне сатумен 22 субъект айналысады, оның ішінде 2-уі асыл тұқымды орталық жəне 20-сы дистрибьютерлық орталық. Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жыл сайын мал тұқымын асылдандыруға, ірі қара мал, қой, шошқа, құс еттері мен сүт, жұмыртқа өндіруге керекті құрама жем бағасын төмендетуге кететін шығындарға субсидиялар берілуде. Алайда, республика бойынша асыл тұқымды мал санының жыл сайын өсуіне қара- мастан, олардың үлес салмағы əлі де төмен. Мəселен, мүйізді ірі қара мал шаруашылығында – 3,6 пайыз, қой – 6,9 пайыз, жылқы – 2,5 пайызды құрайды. Алдағы кезде де мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау үшін істелетін жұмыстар сапалы мал өнімдерін өндіруді молайту мен асыл тұқымды мал басын көбейтуге бағытталуы керек. 2010 жылдың 1 қаңтарына асыл тұқымды ірі қара мал саны республика бойынша 171269 басты құрайды, оның ішінде сүтті жəне сүтті-етті бағыттағы 94588 бас, етті 76681 бас. Асыл тұқымды қой саны 1048367 бас, шошқа — 80564 бас, жылқы — 49502 бас, түйелер — 12198 бас, құс — 597136 бас. Асыл тұқымды мал санының өсуіне мемлекет тарапынан көмек көрсетілуде. Агралық секторда бірінші кезекте ет беретін мал шаруашылығын дамыту керек. Ол үшін малдың барлық тұқымдарының басын көбейтуге себін тигізетін шаралар ұйымдастыру жəне ауылшаруашылық өндірісін көбейтуді қамтамасыз ететін инновациялық технологияларға негізделуі тиіс. Міне, бұл ауыл шаруашылығын индустрияландыру болып табылады. Біз малды қалай ұстауды, қалай бағып-қағуды білеміз, бірақ одан қалай ақша жасауды білмейміз. Сондықтан шетел тəжірибелерінің көптеген əдістерін қолдана отырып, жаңа технологиялардың көмегімен экспорт потенциалын жоғарлату қажет [1, 3б.]. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында шешімін таппаған үш үлкен мəселе бар. Біріншісі – техниканың тапшылығы жəне ескіруі, екіншісі – мал шаруашылығынң экспортталмауы, үшіншісі ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу, өңдеу мəселесі. Міне, сондықтан да алдағы кезде ауыл шаруашылығын қолдауды осы басты бағыттарда жүргізуіміз керек. Аграрлық сектор өндірісін əртараптандыру, аграрлық саласының бəсекеге қабілеттілігін жоғарылату, экспорттық потенциалды қалыптастыру мақсатында 2010-2014 жылдарға арналған Ауыл шаруашылығы министрлігінде АӨК дамыту бағдарламасы əзірленді. Бұл бағдарламаны құру мақсатында 8 бағыт атап көрсетілді: 1. инновациялық технологиялар енгізу арқылы ет өндірісі дамыту жəне қайта өңдеу; 2. бақша өсімдіктерін өсіру; 3. қант қызылшасын өндіруді дамыту; 4. астық экспортына жол ашу; 5. ет өнімдерін өңдеу жəне экспорттау; ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №5 (87). 2011 83 6. бəсекеге қабілетті жүнді өңдеуді дамыту; 7. сүт өндірісі жəне сүт өнімдері; 8. құс шаруашылығын дамыту. Дүние жүзінде аграрлық елдер қатарындағы біздің ел үшін мал шаруашылығының келешегі зор екені белгілі, өйткені, бізде мал өсіруге өріс те, кеңістік те жетерлік. Сондықтан бірқатар жерлерде мал тұқымын асылдандыру ісі жолға қойылып келеді. Бұл туралы кезінде Парламент арнайы заң да қабылдаған еді. Бүгінде малдың генетикалық əлеуетін арттыру, селекциялық жұмысты жақсарту, оның ішінде малдың əлемдік жəне отандық гендік қорының озық жетістіктерін қолдана отырып, саланы жедел дамыту, өнеркəсіптік негізге көшіру қа- жеттігі туындап отыр. Ынталандыру жолдарын белгілеу жəне басқа да экономикалық реттеу тетіктерін іске қосу арқылы Үкімет бұл міндеттерді шешу ісіне де белсенді қатынасуда. Мал шаруашылығының қарқынды даму үдерісін ынталандыру мақсатында ірі қара мал мен шошқаны бордақылау үшін пайдаланылатын құрама жемдердің бағасын арзандату үшін жаңа бюджеттік бағдарлама енгізілді. Қазіргі кезде мұздатылған жəне салқындатылған ет өнімдері əлемде сұранысқа ие болуда. Мұндай тиімді сұранысты қанағаттандыру ісіне қатысу үшін біз, ең алдымен, халықаралық талаптарға сəйкес озық үлгідегі жемдік базасы жəне инфрақұрылымы дамыған мал семірту алаңдарын салу, қалыптастыру жөніндегі жобаларды іске асыруымыз керек. Тауар өнді- рушілер қызметін нақ осы мақсатқа тиімді бағыттау мақсатында мемлекет, ұйымдастыру ша- раларын қолға алумен қатар, олардың жұмысына жеңілдік беретін осы бағыттағы жаңа бюджеттік бағдарламаларды енгізуде [2]. Елімізде мал шаруашылығында да оң тенденциялар сақталып отыр. Малдың барлық түрі- нің саны жəне мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі жыл сайын орташа 4-5%-ға тұрақты өсу үстінде. Малды асылдандыру, асыл тұқымды мал өсіру, асыл тұқымды шаруашылықтар- дың санын көбейту іске асырылып жатыр. Мал шаруашылығы өндірісін мамандандыру жəне оны өндірістік негізге ауыстыру процесі жалғасуда. Мал шаруашылығы саласында өндіріске қолданылатын ірі қара мал еті, шошқа еті, құс еті, жұмыртқа, сүт жəне биязы жүн субсидия- лануда. Аталмыш жағдай, бір жағынан қазіргі ауыр жағдайдағы қайта өңдеу кəсіпорында- рына қолдау көрсетуге, екінші жағынан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыт- талған. Қайта өңдеу саласын дамыту үшін, алдымен, қайта өңдеу кəсіпорындарын техника- лық жəне технологиялық қайта жабдықтау қажет. Сонымен қатар, қайта өңдеу қуаттылығын сапалы шикізатпен толықтай қамтамасыз ету жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Инновациялық жобалардың көп бөлігі отандық ет жəне ет өнімдерінің экспорттық потенциалын көтеруге байланысты. Қазіргі кезде Қазақтанда ет өнімдерін экспорттамайды. Ет импортының динамикасы 2000 жылдан бастап өсу тенденциясын көрсетіп келеді: 2000 жылы Қазақстан 21,9 мың тонна, 2007 жылы 170,7 мың тонна, 2009 жылы 156,3 мың тонна импорттаған. Тек 2010 жылы ұсыныстың қысқаруына байланысты, ақша девальвациясы жəне нарықты қорғау шешімдеріне байланысты импорт бірнеше есеге қысқарған. Біздің елде ет өндірісі бəсекелестік жағдайында басқа елдерден артта қалады. Ал, Ресей жыл сайын, негізінен, Бразилия, Аргентина, Мексика елдерінен 2 млн. тонна ет импорттайды. Яғни отандық ет өндірісінің көлемін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді. Көрші елдің нарығына шығу үшін экспорттық өнімге қажетті инфрақұрылым алуымыз қажет. Бұл бағытта үш жоба бар. Біріншісі – мал бордақылайын алаңқайлар құру. Қуаттылығы бес мың ірі қараға арналған екі осындай алаңқайды салу биылғы жылғы жоспарға енгізілген. Екіншісі – мал соятын нүктелер желісін құру жөніндегі пилоттық жоба. Бұл жоба Ақмола облысының селолық округтерінде жүзеге асырылады. Малды бордақылау мен союды халықаралық стандарттарға сəйкестендіру керек. Себебі қазіргі кездегі малдың көп бөлігі шаруалардың фермаларында сойылады, ал еліміздегі 440 мал соятын нүктелер халықаралық стандарттарға сай емес. Бүкілəлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін осындай орталық ашсақ, бірнеше мəселені қатарынан шешетін едік. Малды есепке алу, сою, санитарлық жəне жасанды жолмен ұрықтандыру. Үшіншісі – етті қайта өңдейтін қазіргі заманға сай кешендер салу. Қазір бізде ресейлік нарыққа шығаратын үлкен жəне 84 Вестник КазНУ. Серия экономическая, №5 (87). 2011 вакуумдағы ірі кесектеліп кеселген ет жоқ. Еліміз ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорттық мүмкіндігін арттыру үшін инновациялық жобаларға арқа сүйеп отыр. Оның ішінде барлық инфрақұрылымы жетілген жем дайындау алаңдарын ашу көзделуде. Уақыт өткен сайын əлемде экологиялық таза өнімге сұраныс артып келеді. Сондықтан жақын жəне алыс шетелдердегі мал азығы нарығын қазақстандық өндірушілердің «жаулап» алуына əбден болады [3, 2б.]. Ел ішінде қайта өңделген өнімдерді өткізетін тұрақты базар ашу, оның ішінде көліктік- логистикалық жүйе құру негізгі міндет. Шетелдік стандартты енгізген қайта өңдеу кəсіпорындарының саны 2014 жылға дейін 420 бірлікке жеткізу көзделуде. Егер сəйкесті ғылыми жəне кадрлық қамтамасыз ету болмаса, агроөнеркəсіптік кешен салаларын тиімді əрі толық ауқымда дамыту мүмкін емес. Аграрлық ғылымды дамытудың жəне мамандарды дайындаудың басты жолы да осындай мақсаттарға бағындырылуы керек. Олар: агротехнологияларды шетелдік трансфертпен қамтамасыз ету, АӨК-нің инновациалық жүйесін құру, жобаларды іске асыру. Алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар жүйесін енгізіп, ауылшаруашылық өнімдерін барынша сапалы дайындауға күш жұмсау керек, онсыз біздің өнімдердің бəсекеге қабілеттілігін жоғарлату мүмкін емес. Аграрлық несие корпорациясының тəжірибесі көрсеткендей, кəсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен сервистік дайындау орталықтарын құру тиімді болып келеді, ол өз кезегінде, өндірілген өнімді тиімді өткізуге жəне қажетті қаржылық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осындай нəтижелер бəсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімінің тұрақты өндірісін, ішкі қажеттілікті азық-түлікпен қамтамасыз ету жəне экспортқа жол ашуды қамтамасыз етеді. Аграрлық сектордың басты мəселелерінің бірі ауылшаруашылық технологиялары болып табылады. Өндіріс технологиясының өзгеруі, дамыған ауыл шаруашылығында өндірістің қарқынды мамандануы жəне шоғырлануы, санды жəне сапалы ауыл шаруашылығы жиһазы- мен жабдықталу жағдайы осы заманғы техникаға жəне ауыл шаруашылығын механикалан- дыру құралдарына сұраныстың себепші болатын факторлар болып табылады [4, 4б.]. Республикада 156,0 мың шынжыртабанды жəне доңғалақты тракторлар, 49,5 мың астық жинайтын комбайндар, 51,0 мың жүк автомобильдер, 15,2 мың дестелегіштер, 90,6 мың тұқым сепкіштер жəне 336,5 мың топырақ өндеу техникалары бар. Республиканың дəнжинаушы комбайндар, доңғалақты жəне шынжыр табанды тракторлар, өзге де ауыл шаруашылығы техникалар рыногы іс жүзінде барлық жетекші өндіруші елдермен ТМД – Ресей, Украина жəне Беларусь елдерінде шығарылған техникалардың басымдығымен көрінеді, бұл салыстырмалы қол жетімді бағаға, Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайына бейімделуге, жөндеу жəне техникалық қызмет көрсету сервистік базасының болуына байланысты. Соңғы 8 жыл (2003-2010) ішінде республикада 38 мың бірліктен астам негізгі ауыл шаруашылығы техникасы жəне жиһаздары əр түрлі қаржыландыру көздері: бюджеттік инвестициялар, екінші деңгейдегі банктердің несилеу қаржысы арқылы, жеке тұлғалар жəне өзгелер арқылы сатып алынды. Көрсетілген мерзімде сатып алынған негізгі ауыл шаруашылығы техникалардың түрлері келесі кестеде келтірілді.  2009 жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды: тракторлар – 950, астық жинайтын комбайындар – 1 150, сепкіштер – 430, егіс кешендер – 334, дестелегіштер – 172, топырақ өндеу техникалар – 216, жұк автомобильдер – 80, өзге техникалар – 901. «ҚазАгроҚаржы» АҚ өзінің барлық қызмет атқару мерзімі кезіңінде лизинг жəне несиелеу жолымен жалпы соммасы 107,4 млрд. теңгеге сатып алынған 13 мың бірлік əр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарды қаржыландырды [4, 4б.]. Республикада ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, терең өңдеу өз дəрежесінде емес. Базарларда, дүкендерде сатылатын, терең өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері шет елдерден келеді. Азық-түлік тауарларының импорт көлемі басым. Тамақ өнеркəсібі жоқтың қасы. Қазіргі кезде тұтынушылар азық-түлік өнімдерінің тек өңделгеніне ғана емес, оның сапасына, сондай-ақ дизайніне, буып-түюіне, өлшеп орауына дейін назар аударады. Ал, экономика заңдылығына сəйкес, азық-түлік өнімдерінің импорты 20 пайыздан асса, сол тауарды өндіруші сала дамымайды, қайта төмендейді. Сондықтан, мемлекет ауыл шаруашылығының өңдеу саласына қолдауды күшейтуі керек. Сонымен бірге, мал өнім- дерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен эпизоотиялық жағдайлардың алдын алу үшін бірқатар жұмыстар атқарылуы тиіс. Малдəрігерлік қызметті халықаралық талаптар мен стандарттарға сай дамыту үшін жəне азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында “Малдəрігерлік қызмет туралы” Заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі қажет. Ендігі жерде ет өндірісіне жаңа технологиялық процестерді енгізу арқасында өнімнің сапасын жақсартып, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру арқылы, ауыл шаруашылық құрылымдардағы мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің үлес салмағын көбейтіп, мал өнімдерінің ішкі бағаларын тұрақтандыру, мал шаруашылығы шикізатын дайындап, сақтау жəне алғашқы қайта өңдеумен айналысатын АӨК құру арқылы мал өнімдерінің бəсекелестік қабілеттілігін жоғарлату, нарықты, отандық жоғары сапалы жəне бəсекелестікке қабілетті тауарлармен қанықтыру, мал өнімдерінің экспорттық көлемін көбейту мен импорттық көлемін төмендету қажет. Біз осылайша елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін, сапалы, арзан, бəсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін ет өнеркəсібін дамытуға мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетуге тиіспіз. Қазақстан өзінің ет экспансиясын икемділігі əрдайым өсіп тұратын көрші Ресей нарығынан бастауы керек. Əсіресе, ет экспортының деңгейі 2020 жылға қарай 120 мың тоннаға жетеді деген болжам бар. Сондықтан отандық ауылшаруашылық экспортқа негізделуі керек.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar