«Манас» жырының қай кезде шыққаны туралы

«Манас» ­ бір дәуірдің туындысы емес. Ол көп заманның уақиғаларын, көп ғасырдың аңыздарын, эпикалы сарындарын тұтастырып айтқан жойқын эпопея. Оның мың жыл ішінде Орта Азия көлемінде болған уақиғалардан тізіліп, соны сәулетті түрде көп ақындар ұрпағы ежелгі заманның алып ері Манастың төңірегіне жиып айткан. Жырдың негізгі идеясы ­ шапқыншылық емес, қайта сыртқы жаудың шапқыншылығына қарсы тұрып, көп тайпалар қоныстайтын қадірлі отанды қорғау, өз ұлысының еркіндігін, тәуелсіздігін мұра етіп, ол үшін күресу, соның жолында бар өмірін сарп ету, сол үшін өлу. «Манас» сияқты ұлы жырға сюжет болған мұндай ұлы уақиғалар Орта Азия қыраты мен даласында аз болмаған. Оған ауық­ауық шығыс жақтан қаулаған басқыншылық сүрендері айқын дәлел бола алады. Болған уақиғаның жосықтарын халық ақындары шалқыған бейнемен ауызекі айтып, ұрпақтан­ұрпаққа жеткізіп отырса, оның анық тарихын істес болған көрші елдің жазушылары қағаз бетіне түсіріп отырған. Қырда болған ұлы оқиғалардың тарих бетіне ең алғаш түсуі біздің заманымыздан үш ғасыр бұрын, ежелгі Үйсін ­ ғұн заманында болған. Бұл кез ­ тайпалардың ерлік заманы, жыр, ертегі, миф шығарудың басы (Энгельс). «Манас» жырынын құрылысында ол кезден ауысқан сарындардың болуы өте заңды (бұл туралы кейінірек). «Манас» жырынын ең алғаш қалыптасуына негіз болған ­ әсіресе Түрік қағанаты кезіндегі (Қытай хандарына қарсы) ерлік уақиғалар, Бейжін (Бесбалық) төңірегінде талай рет болған соғыс суреттері. Бұл туралы М.Әуезов пен А.Н.Бернштамның ой ­ тұжырымдары зор ғылыми негізге сүйенген Бейжінді қорғау жолындағы бір тамаша уақиға, қарлық пен қырғыздардың бірігуі, (кейін) жырда ол Алмамбет пен Манастың достасуы түрінде айтылады. «Манас» жырына көп әсер еткен, әрине, Қарахан дәуірі, ол алдыңғы VII­IX ғасырлардағы ерлік уақиғалармен тығыз байланысып жатады. Одан кейінгі ұлы уақиға: қара қытайлардың Бесбалыққа (Шығыс Түркістанға), Жетісуға шабуыл жасауы. Проф. Б.Юнусалиев бойынша, қара қытайлардың шабуылынан кейін қырғыз халкы өзінің бұрынғы саяси бірлігін жойып, «Манас» жыры осы кезде «бұрынғы ерлік дәуірді еске түсіру» ретінде шығады Демек, бұл кез ­ «Манас» жырынын әбден қалыптасып, VII­XII ғасырлар арасында оқиғаларды тамылжыта айтатын ерлік жыры 454 болған кез. Бірақ «Манас» жырының қай кезде шыққаны туралы ғалымдар арасында осы күнге дейін бір пікір жоқ. Бұл жыр бір ғалымдар Түрік қағанаты мен Қарахан дәуірімен орайластырып зерттесе енді біреулері, мәселен, Маркварт, оны XIII ғасырдағы Шыңғыс ханның жорықтарымен орайластырып, соның уақиғаларын суреттеуге арналған жыр», ­ деп анықтамақшы болады «Манас» жырының идеясы шапқыншылық жорықтарын дәріптеу емес, қайта шапқыншыларға қарсы тұрып, отан қорғау, халықтың тәуелсіздігін арман ету сарындары түбегейлі болып отырады.

«Манас» жырын бірінші зерттеген Шоқан бұл жырды «ноғайлы заманында (XIV­XV) шыққан жыр» деп түсінген Оның бұлай айтуында, әрине, көп ғылыми негіздер бар (төменде). А.К.Боровков пен Чэдвиктер «Манас» жырының шығуын тек қана жұңғар дәуірінде болған уақиғалармен, сол кездегі кісі аттарымен ғана байланыстырады. Бірақ «Манас» жырының сюжетінің қоюлығы сонша, мұны «жеткізе айтылған ой» деп түсінуге болмайды. «Манас» жырының шығуы, оның дәуірі туралы ғалымдардың бұлай әртүрлі айтуы ­ жырдың өзінен, оның бір қалыпта болмай, бір дәуірді суреттемей, әр дәуірді қосып айтуынан. Шоқан айтқандай, «Манас» жырының жаңадан тұтасып айтылған кезінің бірі – ноғайлы ­ қыпшақ заманы Ежелгі дәуірдегі ғұндар сияқты, қыр далада қызықты әңгіме, шалқыған ерлік жырын, махаббат жырларын шығаруда қыпшақтардың рөлі өзгеше болған. Оның жарқын өрнегін «Қозы Көрпеш ­ Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Қыз Назым» (Қамбар) жырларынан айқын көруге болады. Бұл дәуірдегі эпикалы сарынның күшті толқыны «Манаста» да көрінеді. Жалпы айтқанда, ноғайлы ­ қыпшақ эпосының сюжеті, оның батырлары «Манас» жырын жаңадан құруға негіз болып, жырдың эпикалық сарынын күшейтуге зор әсер еткен. Ең ақыры жырдың бас батыры Манастың өзін бергі кездің ақындары «ноғайлының батыры» деп дәріптеуге айналған. Бірақ бұл тарихи шындық емес. Жырдан көп орын алған өзге батырлар да – ноғайлы ­ қыпшақ заманында болған тарихи адамдар. Олар ­ Едіге, Тоқтамыс, оның қызы ­ Қаныкей, Жаңбыршы, Ағыс, тағы басқалар. Бұлардың әрқайсысы қазақтарда жеке­жеке дастан болып айтылады. Ноғайлы ­ қыпшақ жырынан «Манастағы» әсерінің күштілігі сонша: мұнда кейде ноғайлы жырында кездесетін жыр шумақтары, батырдың тұлпар аттары (Тайбурыл), кейде уақиғалары кесегінен кездесіп отырады. «Манас» жырына үлкен әсер еткен мұнан өзге де жағдайлар өте көп. Ол ­ Орта Азияда, Шағатай ұлысында, Моғолстан жерінде болған тарихи уақиғалар, Темірдің, оның ұрпақтарының Моғолстанға жорығы, олардың жорығына қарсы тұрған тарихи адамдар. Бұл уақиғалар жыршылардың ауызша айтуымен бірге XVI ғасырдың басында жазылған тарихи шежіре түрінде де сақталған. «Манас» жырынан белгілі орын алған тарихи дәуірдің бірі ­ Құбақалмақ (Ойрат, Жұңғар) заманы, сол кездегі тарихи адамдар (Қарақұла, Ғалдан хан). Жұңғар шабуылы ­ Қазақстан мен Орта Азиядағы ең соңғы ұлы уақиға. Сондықтан ол өзінің әсерін халық ойына ерекше тигізіп, одан бұрын болған тарихи уақиғаларға жамылыш болып, эпикалы аңыздардың мазмұнына үлкен әсер еткен. Мұнда ең алдымен «қалмақ» деген ат туралы, ол тарихи дәуірден келе жатқан барлық эпостан қалмайтын атқа айналған. «Қалмақ» деген атпен кейде өздерімен аталас кісілерді, тайпаларды да айтады (Ер Көкше, Алмамбет, Жаңбыршы). Және бұл тек қана «Манас» жырында емес, Жұңғармен істес болған қазақ, қарақалпақ, өзбек, ноғайлардың халық жырында үзілмей кездесіп отырады. Бірақ көп жырда («Қозы Көрпеш», «Алпамыш», «Қобыланды», «Ер Сайын») «қалмақ» деген ат ешбір тарихи негізі жоқ, эпикалы шартты түрде айтылғаны болмаса, хронология (заман, дәуір) жағынан еш байланысы жоқ, тек бергі кездегі күшті уақиғаның дүмпуі бұрынғы дәуірлерде болған уақиғаларды жауып кеткендіктен туған нәрсе. Болмаса «Манас», «Қозы Көрпеш», «Алпамыш» жырлары шыққан кезде Орта Азияға қалмақ шабуылы болған емес, XVI ғасырдан бұрын Орта Азия халықтары еш уақытта қалмақпен бетпе­бет келген емес. В.Котвичтің зерттеуі бойынша, қалмақтардың Қара Ертіс пен Жұңғар даласында бірінші рет көріне бастауы XVI ғасырдың соңынан былай қарай Одан бұрын олар Орта Азия жерінде, оның ішінде Балқаш төңірегінде, Жетісуда болған емес.

Монғол даласын қоныстаған жұңғарлар өзара қырғын таласқа түскен кезінде, олардың торт атасы (дөрбін ойрат) ескі дәстүр бойынша қаруланған күшпен жаңа қоныс іздеп, тарихи дәуірдегі шапқыншылық жолымен осы күнгі Шығыс Қазақстан жерін келіп басады. Ол жерде күшейіп, бір қанатын Ертісті қуа, осы күнгі Семейге (Доржын­Кит) жайып, екінші канатын Жетісуға, Шығыс Түркістанға жаяды. Міне, осы жұңғарлармен қазақ пен қырғыз халқы 150 жылдан (1596­1756) аса алысып, талай қырғын соғыстарды басынан кешірді. Жұңғарлардың аса күшейіп, өкімдік жасаған кездері Сыбан­Раптан (Қара­Құла) мен оның баласы Ғалдан­ Шерінің кезі. 1720 жылдары Ғалдан Қазақстан жеріндегі «Ақтабан шұбырынды» деп аталған жұтты пайдаланып, оларға қатты соққы беріп, бет­бетіне бостырды, Ұлы жүз қазақтарын тегіс өзіне бағындырып, Ташкент, Түркістан, Сауран, Фергана қалаларын басып алып, олардың халқына салық, зекет төлетті. «Манас» жырында бұл оқиға Түркістан қаласын жұңғарлардан босату туралы «ғазат» болып айтылады (Сағымбай, Батыш, Сазан). Бұл кездегі Манастың ұлы жауы ­ Қара­құла, Fалдан хан, Алтын хан. Бұл барлаудан шығаратын тұжырым «Манас» жырының бір дәуірді көрсетуге арналған түу бастағы тексі заман еткен сайын көп өзгеріске түсіп, шұбарлана берген. Сондықтан онда кездесетін бейнелер, кісі аттары, тарихи уақиғалар соншалық тұрақты емес, көбі біріне­бірі қиғаш келіп отыратын әртүрлі эпизодтар. Мәселен, жырдағы ең ескі батыр Алтынай әрі Ер Төстіктің жұбайы (Айханның қызы ­Алтынай, оны алдым күшпенен, Ер Төстік), әрі Алмамбеттің анасы, әрі оның жұбайы болып айтылады. Жырдағы бар алыптың қарындасы бір ғана «Қарлығаш» деген атпен айтылады: Манастың қарындасы да ­ Қарлығаш, Жолайдікі де ­ Қарлығаш, Боқмұрындікі де ­ Қарлығаш, бәрі ­ Қарлығаш. Ойға қонбайтын нәрсенің бірі: жырда Жақып Қараханның баласы болып айтылса, оның келіні Қаныкей де Қараханның қызы түрінде айтылады. Демек, Жақып өзінің қарындасын баласы Манасқа үйлендірген болып шығады. Мұның тарихи шындығы әуелде дұрыс болып, екеуі де Қарахан тұқымынан болуы ғажап емес. Бірақ ата мен келінді бір кісіден туғызып айту эпос жырының өзіне қисынсыз. Мұндай күдікті, біріне­бірі қиғаш келіп отыратын бейнелер «Манас» жырының әрбір версиясында кездесіп отырады. Оны проф. Б.М.Юнусалиев дұрыс көрсеткен. Сондай қиғаш кейіпкерлердің бірі ­ Жолай, оны кейде қалмақ, кейде қытай, кейде ойрат, кейде қыпшақ етіп көрсеткен. Жаңбыршыны бірде «Қараноғай», бірде «қалмақ» деп жырлайды.

Читайте также:  КӨНЕРГЕН СӨЗДЕРДІҢ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛДАРЫ

Манастың өзі де жоғарыда көрсеткендей, әр алуан елдің өкілі болып айтылады. Бұған қарағанда, бергі кездегі жыршылар «Манас» жырының ертеде қалыптасқан канондік тексін қадірлемеген, оның тарихи дәуірлерде жасалған желісін, кісі, ел, жер аттарын жиі өзгертіп, оның түу бастағы құрылысына көп жаңалық кіргізген. Мұны жырда кездесетін әр дәуірдің тарихи уақиғалары, оларға тұстас келетін тарихи адамдардың аттары ашық дәлелдейді. Сөйтіп, жыр ежелгі ерлік заманды мегзейтін батырлық ертегі, мифтен бастап, орта ғасырлардағы ноғайлы ­ қыпшақ заманының аңыздарын, эпикалы жырларын (XIII­XV), Жұңғар шабуылымен байланысты уақиғаларды, тіпті XIX ғасырдағы Қоқан хандығымен байланысты қарым­қатынасты, Қашғардың Жеңгір төресін, Ресейдің ақ патшасын ­ бәрін кіргізе берген. Бергі кезде жазылған «Манас» жырында тіпті жаңа заманның техникасы, телеграф, телефон, машинаға дейін кездеседі (Бағыштынай туында). Бұл соңғылардың ертедегі эпос жырымен еш байланысы жоқ, оларды қосу жырдың тарихи негізін кемсіткені болмаса, оны күшейтпейді. Өйткені әрбір дәуірдің өзінің тудырған қызықты легендалары, тамаша ерлік жырлары бар. «Манас» жырының ең алғашқы құрылысын кейінгі қаттаулардан айырып, оның түу бастағы эпикалы сюжетін анықтау ­ қазіргі зерттеушілерге бірінші мәселе болуға тиісті. Осы мақсатпен біз бұл еңбегімізде Шоқан мен В.В.Радловтың ертеректе жазып алған версияларына сүйеніп, «Манастың» түу бастағы эпикалық құрылысына көбірек тоқтап, оның тарихи­әлеуметтік негізін зерттеуді алдымызға қойдық, ноғайлы дәуірінен бері қарай қосылған қаттауларға оншалық бөгелмедік. «Манас» жырын жаңартып айту Шоқан мен Радловтың кезінде­ақ көріне бастаған. Шоқан бұл әдісті ұнатпай, жырдың түбегейлі құрылысын жақсы білетін жыршы іздеп, оны тапқан да. Міне, сондықтан Шоқан жазып алған «Манас» жырынын ғылыми маңызы тіпті ерекше. Мұнда бергі кездері өзгертіп айтылған сарындар (модернизм) жоқтың қасында. Ғасырлар бойы бір қалыпта айтылып келген жырдың негізгі сюжеті өзінің тұрақты, сәулетті түрінде жазылып алынған (көш жолы, Көкетайдың кереезі, асқа сауын айту суреті, тағы басқалар). Шоқан мен В.В.Радловтың жазулары бойынша «Манас» жырынын түу бастағы эпикалы желісін бергі кездегі араласудан сүзіп шығару соншалық киын да емес; жырдың жарқын жосықтары әлі де болса ұмытылмай әдемі сақталып, біздің заманымызға дейін өзінің сәулетті түрінде келіп жеткен. Оны Сағымбай Оразбаковтың, Саяқбай Қаралаевтың, Тоголок Толданың айтуларынан айқын көруге болады. Бұрынғы ұстаз болған әйгілі манасшылардың жақсы дәстүрі бойынша, олардың шәкірттері XIX ғасырдың соңына дейін, одан кейін де ертеде қалыптасқан сюжетті, кісі аттарын оншалық өзгеріске түсірмей, сол қалыптасқан түрінде және бірінен­бірі өте жақын тексімен айтып келген. Ұлы ұстаздардың дәстүрлі үлгісі бергі кездегі атақты манасшылар ­ Тоголок молдаға, Сағымбай Оразбақовка, Саяқбай Қаралаевка ауысады.

Оны барлық жыршыға ортақ болған жырлау түрі, тақпақтап айтатын қиын сөздер ашық дәлелдейді. «Манастың» түу бастағы ескі түркі тайпаларына дәстүр болған жыр түрімен құрылған. Ол ­ Манастың кереметпен туысы, оның 12 жасар бала күндегі ерлігі, есейе келе Алмамбетпен кездесуі, жас алыптың ертеден келе жатқан ерлік салтымен үйленуі. Бұдан әрі Манастың екінші ерлік өмірбаяны басталады. Оған кіретін ең алдымен әлеуметтік ­жұртшылық міндеттер, ел басқару, көшіп­қону мәселесі, Көкетайдың асын беру, бұлар туралы жұртшылық ішіндегі талас, оған сыртқы жаудың қол сұғуы (Көзқамандар). Сыртқы елмен қарым­қатынас, отан қорғау ісі, соның жолында Манастың өлімі. Міне, жырдың осы арқауын Манастың замандастары Қошай, Бақай, Алмамбет, Шұбақ, Сырғақ туралы айтылатын жырлармен кеңейтіп айтқан. Осында аз орын алмаған, әрине, Манастың жаулары (Месқара, Қоңырбай, Жолай). Бұл айтылған реалистік негізбен қатар, «Манас» жырының түпкі сюжеті ежелгі ерлік дәуіріндегі көшпелі тайпалар шығарған ертегі, миф, аңыздармен берік ұштасып жатады. Бұл аялғыны «Манас» жырында жиі кездесетін ғажайып суреттер, жалғыз көзді дәулер (Мадықан, Мекел, Бақал), керемет күш иесі алыптар (Шойынқұлақ, Дүмір алып) әдемі көрсетеді. «Манас» жырының түпкі сарынында ежелгі тайпалар өмірінде болған тарихи уақиғалардың сілемі де аз жолықпайды. Қытай жазушыларының айтуынша, сондай тарихи эпизодтың бірі Қытай хандарының ежелгі үйсіндердің жеріне, жылқысына, күніне мың шақырым жүгіретін тұлпар аттарына (Яньли­Ма) сұқтана қарауы болатын «Манас» жырындағы Көзқамандар сияқты отанын жауға сатқан, екі жүзді, залым адамдар Үйсін қауымында да болған. Ондай алаяқ адамдарды Қытайдың ежендері өзіне тартып, солардың қанды қолымен үйсіннің басшыларын улатып, олардың ордасына талай рет бүліншілік салатын. Демек, отанды қорғайтын ерлерді улатып өлтіру әдісі осы үйсін ­ ғұн заманында ­ ақ басталған. Бір тамаша жері: осы айтылған тарихи эпизодтар «Манас» жырының алғашқы құрылысына арқау болған. Тегінде, ертедегі қырғыздар, сол кездегі өзімен бірге жасасқан тайпалар (ғұндар, үйсіндер, қыпшақтар, оғыздар, қарлықтар) айтатын Сауыр Азиядағы тарихи уақиғаларды, тамаша аңыздарды, ертегі ­ жырларды жақсы білген болу керек. Олардың кейбір жарқын бейнелерін қырғыз халқы ғасырлар бойы ұмытпай, есінде сақтап, оны атадан балаға, ұрпақтан ­ ұрпаққа жеткізіп отырған. «Манас» ­ сондай ғажайып әңгіменің бірі. Бір кезде (IV ғасырлар) осындай қызықты аңыздарды, тамаша ерлік жырларды ғұндар Еуропа жұртына таратып, соның күшті лебімен «Аға Эдда» сияқты дүниежүзілік әдебиетке мұра болған әрі қызықты, әрі көркем, тамаша эпос жырының шығуына үлес қосады. «Аға Эдда» жыры өзінің аялғысы, әлеуметтік сарыны бойынша «Манас» жырымен өте үндес келіп отырады.

Читайте также:  КОММУНИКАТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Оның басты геройлары ­ Манас сияқты Орта Азияда туып, жылқы өсіріп, қымыз ішкен, кермеде мүсін аттар баптаған өңшең серілер. Бұл екі жырдың үндестігін оларды салыстырып зерттеуші ғалымдар Чэдвиктер дұрыс түсінген Мұнда, біріншіден, көзге түсетін нәрсе: «Манас» жырындағы сияқты «Аға Эддада» ерлік 12 жастан басталады. Тегінде бұл жас ­ ежелгі түркі тайпаларына жора болған ерлік жас. Оны Н.И.Веселовский мен П.М.Мелиоранский дұрыс анықтаған «Аға Эддада» мынадай бір шумақ бар: «Соғысқа 12 жастан бастап ер ­ алыптар тегіс шықты. Құнаннан бастаған барлық жылқы ерте ат болды». Жасөспірім баланы тай ­құнанға отырғызып үйрету қазақ пен қырғыз халқында үлкен бір қауым тәрбиесі болатын, ол осы соңғы заманға дейін ұмытылған жоқ. Ер балаға жаңа туған құлынды «ат болсын» деп арнап қою жорасы да оларда зор этнографиялық сатыда болды. Бұл екі жырдың этнографиялық ұқсастығымен катар, олардағы ақындық бейнелер де көп жерінде біріне­бірі жақын келіп отырады; олар ерте заманнан қалыптасып, белгілі дәстүрге айналған көркемдік бейнелер, мәселен, бәйтерек, ақ сұңқар, құмай тазы, қанатты тұлпар, тағы басқалар. Еуропа ғалымдары (Паве де Куртейль, Чэдвиктер) бұл бейнелерді «бір ғана көшпелі елдерге тән ақындық бейнелер» деп түсіндірген. «Аға Эддамен» аса үндес шығатын бір жері: ондағы Еділді улап өлтіру аялғысы Манасқа өте ұқсас. Өлер алдында бұл екі батырдың екеуі де жаман түс көріп, шошынады. Еділге өтетін өмір қолынан ұшқан ақ сұңқар болып көрінеді не бақшаға еккен ағаштардың бұтақтары жапырылған, түбінен бәрі қопарылған болып көрінеді. Бұл жырдың аялғысы «Ақсақ құлан» әңгімесіндегі «терек түптен жығылды, кім тұрғызар, уа, ханым» дейтін сарынмен өте үндес. Семетейдің түсінде: Терек түптеп тербелді, Теңіз түптеп шайқалды, Бұ немене болушы еді? – Манасқа да түс ақсұңқар болып кіреді, екеуінде де ақсұңқар, бәйтерек түс көрудің негізгі аялғысы. Алмамбет Манасқа келерде ол Манастың түсінде қолына қонған ақсұңқар болып кіреді. Сөйтіп, «ақсұңқар» қолдан тайса, бактың кетуін, қолға келіп қонса, оның келуін болжайтын бейне түрінде айтылады. Ақсұңқар бейнесі – Орта Азия халықтарының жырында ертеден дәстүр болған көркемдік бейненің бірі. Од әсіресе қазақ пен қырғыз жырларында ерекше орын алады. Оның «Аға Эдда» мен «Манас» жырында қатар кездесуі ­ олардың тамыры ежелгі дәуірдегі бір арнаға апарып тіркейтінін дәлелдейді. Бұл екі жырда үндес шығатын тағы бір тамаша жора: ерлердің бірімен­бірі достасқанда анттасу түрі. Олардың анттасуында ежелгі замандағы аспанға, көкке, жер ­ суға табынудың әсері тым күшті. «Аға Эдданың» ерлері достық берік болу үшін шығып келе жатқан күнге қарап анттасады. Манас пен Алмамбет достасқанда, ол бұзылатын болса: «Түсі түкті жер ұрсын, Төбесі ашық күн ұрсын!» – деп анттасады, бірақ бергі кездегідей «Құдай ұрсын», «Құран ұрсын» деп құдай атын атамайды, Құранды басына көтермейді, екі жырдағы ерлердің анттасу тірегі бір ғана көк, аспан, күн болып айтылады. Мұның барлығы исламнан анағұрлым бұрын болған, ежелгі заманда қалыптасқан ой­сананың түрі екенін аңғартады. Қазақ пен қырғыздарда бұл ескі наным түрі осы соңғы кезге дейін ұмытылмаған. Оны «Көк атсын», «ант атсын», «Көк ұрған», «ант ұрған» дейтін ұғымдар ашық көрсетеді. «Аға Эддамен» үндес болумен қатар, «Манас» жырында кейде тарихта жазылған ежелгі ғұндардың ерлік өмірінің елесі де кездеседі. «Аға Эдда» бойынша, Еділ соғысқа отыз шорасын ертіп шығады, «Қорқыт» жырында Қамбөрі мен баласы Бамсы қырық жігітпен шығады, Манас қырық шорасымен жүреді. Бірақ«Манас» жырында қырық шорамен катар, кейде «отыз ұл» айтылады (Қара­ Бағыш отыз ұл). Ескі тарихи жазулар бойынша «отыз мың шеру» ерекше күш болып саналған. Ең мықты жауды жеңу үшін тек отыз мың қол жіберу дәстүрге айналған. Тегінде, түркі тайпаларының әскер түзеу салтында отыз мың оң қолды, қырық мың сол қолды көрсететін; демек, сол қол ең мықты жағы.

Бұл әскери тәртіптің елесі Манас жырында да сақталған. Мәселен: Оң жағында отырған Отыз екі ханы бар Сол жағында отырған Қырық батырдың саны бар. Орхон жазуы бойынша, Күлтегіннің бабаларының бұрын 17 нөкері болса, кейін ол көбейіп, 70 болады, одан әрі 700 болады. Мұндағы киелі сан ­ жеті. Бұған қарағанда, қолбасшыға ерген отыз, қырық не 70 шора (нөкер) жеке­жеке кісі болумен қатар, әрбір тайпалардың басшылары болуға тиіс. Соғыс болғанда олардың әрбірі соңынан мың­мыңнан шеру алып шығатын болған. Мұны жырдың өзі де солай сипаттайды. Мәселен, Алмамбетпен бәсекелес болған қырық шораның бірі ­ Шұбақ: «Мені кеңеске шақырмады» деп, өзіне ерген қолмен майданнан кетіп қалады (Бағыш Сазанов). Ежелгі ғұндардың ерлік өмірін еске түсіретін тарихи бейненің бірі ­ сол заманда қолданылған соғыс әдістері. Бұл «Манас» жырында әдемі, өзінің дәстүрлі түрінде кездеседі. Әскерді он қол, сол колға болу де солардан басталған. Ежелгі тайпалар өмірінде әскерді тәртіпке түсіру әдісі Қытай тарихында өте ашық жазылған. Тарихтың барлауынша, ғұндар соғыста бірыңғай боз ат не баран ат пайдаланған. Жауға ылғи ай жарық күндері боз атпен ай астынан тиіп, күндіз күн жағынан тиетін болған. Міне, осы әскери әдіс жырда Манастың ерекше қолданған әдісі болып суреттеледі. Жыр: Ай жағынан тиген дейді, Айтадан сүрең салған дейді Күн жағынан тиген дейді, Күнду сүрең салған дейді Ежелгі замандағы соғыс жорасы бойынша, екі жақтың қолы бетпе­бет келгенде, тура ат қойыспай, әуелі күш сынасып, тіл қатысатын болған. Өзінің күшіне сенген жақ жауын үрейлендіру үшін: «Алыспақ керек пе? Атыспақ керек пе» дейтін болған. Ерте заманнан салт болған бұл қорқыту әдісі «Манаста» да бар. Ерлік дәуіріндегі магиямен (керемет) байланысты жораның бірі ­ арбау. Бұл «Манас» жырында ерекше орын алады. Мұндағы барлық атақты ерлер, батырлар тегісімен осы қасиетпен бөленген. Кісі былай тұрсын, олардың атының өзі арбай білетін, киелі (қиылу) аттар (Манастың Аққұласы, Жолайдың Ашбуданы, Қоңырбайдың Алқарасы). Алып ерлердің аттары қиыншылық кезінде иесімен тіл катысып, кейде түсін өзгертіп отырады. Атақты ерлердің арбаушы аттары «Манас» жырында «арбын құлын» деген әдемі атпен айтылады. Сөйтіп, «Манас» жырының қалыптасуына біріншіден, арқау болған ежелгі ерлік дәуірдің аңыз­ертегілері, жалғыз көзді дәу туралы мифтар, мифке айналған ерлік бейнелер (Шойын алып, Дүмір алып). Жалғыз көзді дәу (Төбе кез), онымен алысу ерлік дәуірдегі ең қызықты, ғажайып әңгіменің бірі болған және ол бір ғана грек дүниесінде кездесіп қоймайды, оның көп тараған жері әсіресе Батыс Азияның биік тауларын, шөл даласын мекендейтін аңшы, бақташы елдер арасы.

Читайте также:  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЭЛИТАНЫҢ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫЛЫҒЫ

Бұл мифтің түу баста шығуын ерте заманда тау ішіндегі белгілі үңгірлерді тұрақ еткен тағы адам өмірінен іздеу керек. Адам баласынын алғашқы ой жүйесін көрсететін жалғыз көзді дәу туралы миф түркі тайпаларының ескі жырларында, аңыз­ертегілерінде жиі кездесіп отырады. Оны «Ер Төстік», «Ақ Көбек», «Қорқыт», «Домбауыл», тағы басқа әңгімелерден көруге болады. Мұндай ежелгі дүние мифтерінде кездесетін алыптардың ерекшелігі ­ отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып суреттеледі және өздері жаратылыстан тысқары алып күштің иесі болып айтылады. Сондықтан Ер Төстік жер астына түсіп, дәулермен соғысып, олардың қолында тұтқын болып жатқан сұлу қыз Күнайымды босатып, жер үстіне шығады. Алыптардың өздері қандай керемет иесі болса, олардың аты да өздеріне сай, сенімді серігі болып айтылады. Ол қиын жерде құтқаратын, алыс жерді жақын ететін, қаулаған өрттен, шегі жоқ теңізден қарғып өтетін, қанат бітіп аспанға ұшатын, жеті қабат жерден өтіп, жеті басты жалмауызды жеуге күш беретін, ердің жауынгер серігі ретінде суреттеледі. Кейде сәуегей тұлпарлар елсіз­күнсіз жапан түзде өліп жатқан иесін тірілтіп, еліне апарып, қызық ­ қуанышқа батырады. Жырда Манас ­сондай бейнеде суреттелетін ердің бірі. Бірақ ол ­ феодал дәуіріндегі қауымның батыры. Тыныш өмірді, бейбітшілікті, елінің бүтіндігін көксеген халық қиялы ел қорғайтын мықты ерді ерекше ардақтап, оның ұлы бейнесін жасау үшін ежелгі ерлік дәуірді еске түсіріп, сол кездегі қалыптасқан алыптардың тұлғасы бойынша жаңа заманның алып ері Манастың бейнесін жасамақшы болады. Демек, ежелгі дәуірдің алыптары ­ Ер Төстік, Дүмір алып туралы ертегілер ­ ең алғаш шыққан ерлік әңгімесінің түрі. Олардың сюжетінде бергі заманның уақиғасы, тарихи адамдардың аты бүтіндей жоқ және болуы мүмкін емес. Өйткені олардың тарихи негізі бүтіндей көмескіленіп, тек миф, аңызға айналған. Алайда осы мифтің өзі «Манас» жырынан белгілі орын алып, оның түу бастағы сюжет құрылысына жасауға көмек еткен. «Манас» жырының ең алғаш қалыптасуына үлкен әсер еткен ­ әсіресе Түрік қағанаты кезінде шыққан ертегі ­ жырлар, мифке айналған аңыздар. Бұл аңыздардың ерекшелігі ­олар өткен ерлік дәуірінің сарындарымен тығыз байланысып жатады. Мұнда біріншіден, кезге түсетін әсіресе сол дәуірлерде қалыптасқан салт­сана түрлері: жерге, суға, күнге, аспанға табыну жосындары, ата­баба рухын қадірлеу салты, тарыққанда олардың қабіріне барып тілек ету, әдемі үнмен жатқан жерінің жайлы болуы туралы сарын айту.

Бұл аялғы «Манас» жырында түу бастағы қалпында кездесіп, ислам әсерін бүтіндей ұмыттырғандай етеді. Ой­ сананың бүл түрі жалғыз «Манас» жырында кездесіп қоймайды, оны «Күдергі» сияқты V­VI ғасырларда тасқа қашап түсірген кісі бейнесі тіпті ашық көрсетеді. Жерге, көкке табынудың аялғысы жырда, жоғарыда келтіргендей: «түсі түкті жер ұрсын, төбесі ашық Кек ұрсын» деген ұғыммен суреттеледі. «Манас» жырынын басталуының өзі (В.В.Радлов бойынша): «Жер­жер болғанда, су­су болғанда» деп келеді. Көп ғалымның зерттеуі бойынша, ежелгі түркі тайпалары жаратылыстағы бес нәрсені қасиеттеп, оларды «ұлы күш» деп санаған. Олар Көк (аспан), жер, су, от, ағаш. Кейін феодал дәуірі басталарда мұның бәрі түйдектеліп, ең ұлы күш Көк және табынатын тәңірісі ­ Көк болып шығады; Көк ­ Тәңіріні арабтардың Алласы мен иранның Хұдасымен теңеп, «бір Тәңірі» деген ұғым шығарады. Бұл кездегі (VI­IX ғ.) кісі аттары «күшті болсын» деген ой тілегімен, көкке теңеп қойылады. Көк Тәңірі, Көктегін, Көкаман, Көкетай, Көкше, Тәңіріқұт, Тәңірікөк, тағы басқалар. VI­IX ғасырлардағы ой­ сананың бұл түрлері «Манас» жырынан түбегейлі орын алған. Бұл кездегі халық жырына әсер еткен салт­сананың бір түрі ­ өлікті қасиеттеу, сол туралы жоралар: өлген кісіні үлкен салтанатпен шығарып салу, ас беру, аза тұту, бетін жырту, жоқтау, жыр шығару, өлетін кісінің өсиет сөзі (кереез), осының бәрі «Манас» жырының алғашқы қалыптасуына белгілі арқау болады. Жырда булар Көкетай мен Манастың өсиет (кереез) сөзі түрінде, оларды зор салтанатпен қабірлеу түрінде айтылады. Жыр бойынша Көкетай мен Манасты қабірлеуге самсаған сансыз тайпалар одағы жиналып, аза тұтып, олардың елесіне зор құрмет көрсетіп, ақындар жоқтау жырын айтуымен өткізеді. Ерте замандағы халық қадірлеген адамдарды бұлай көп тайпалардың бас қосқан үлкен мерекесі түрінде, жырмен өткізу суреті тарихта ғұн басшыларын, түрік бектерін жерлегенде істеген салтанаттан жақсы көрінеді. «Манас» жырының ежелгі мазмұны Орхон ­ Енесей жазуларымен тығыз ұштасып жатады. Мұнда біріншіден, сол кездегі халық әдебиетіне дәстүр болған әдет­ғұрып жырларының түрі бар. Олар ­ «Естірту», «Қоштасу», «Жоқтау» (Шоқан версиясы бойынша). Естірту Көкетайдың өлер алдындағы халін әрбір елге жариялап, білдіру түрінде айтылады.

Оставить комментарий