Жоғарыда арнайы тоқталып өткеніміздей тұңғұс текті Манзу (Манжулер) 1644жылы құрған Чиң патшалығының барлық жоғары лауазымды әскери, әкімшілік қызметкерлері негізінен Манзулар болғанымен кеңсе қызметкерлері, ғылымбілім саласы, қатардағы әскерлер мен кішігірім офицерлер қытайлықтар болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай бұл үрдіс айқындала түсті. Біз сондықтан Чиң патшалығы МанжуҚытай папатшалығы деп, ал Шығыс Түркістандағы билікті МанжуҚытай отаршылдығы деп атау тарихи шындыққа сай келеді деп қараймыз. МанжурҚытай билігі дәуірі дегеніміз Шығыс Түркістан жерін 1759жылғы бірінші реткі жаулап алудан басталып, 1912жылы монархиялық Манчиң хандығы аударылып тасталғанға дейінгі 153 жылды қамтиды. Бұл дәуір қытайдағы қоғамдық ғылымдарда «Чиң династиясы дәуірі» деп аталады. Шығыс Түркістандағы «Чиң династиясы дәуірі» кей жағдайда 1759жылдан 1864жылға дейінгі ғасырға жуық уақытты қамтитын отарлаудың алғашқы кезеңі ретінде қарастырылса, 1864жылдан 1912 жылға дейінгі 48 жылды отарлықтың екінші – соңғы кезеңі ретінде қарастырылады. Жалпылама бұлай қарастыруда тұрған еш нәрсе жоқ сияқты көрінгенімен 18641880жылдар аралығында Шығыс Түркістанда болып өткен аса маңызды тарихи өзгерістердің мәні әдейі елеусіздендіріліп тасталғандай болатыны да ақиқат. Сондықтан алдағы бөлімдерімізде ол туралы арнайы тоқталатын боламыз. Біз әзірше 153 жылдық «Чиң династиясы дәуірі» дегенді үш кезеңге бөліп қарастырмақшымыз. Нақтылап айтқанда ол: бірінші кезең – 17591864 – жыл аралығындағы МанжурҚытай отаршылдығының ең ауыр, ең қара түнек кезеңі, яғни отарлық жүйенің қалыптасып, орнығуы мен жергілікті халықтың үлкенді кішілі қарсылығын аяусыз басыпжаншу арқылы бір шама тыншу кезеңі болды. Екініші кезең – 18641880 – жылдар аралығындағы бүкіл халықтық, бүкіл Шығыс Түркістандық ұлтазаттығы көтерілісі барынша күшейіп Шығыс Түркістан аумағында отаршыл Манжу Қытай үстемдігін аударып тастап үлкендікішілі дербес хандықтар билік құрған кезең. Үшінші кезең – 18781880 – жылдары генерал Зо Зұңтаң басқарған МанжурҚытайдың шапқыншы армиясының қанды қырғынынан кейін бүкіл Шығыс Түркістанды екінші рет қайта жаулап алуынан бастап 1912жылғы «Шиңхай көтерілісі» арқылы монархияның аударылып тасталуымен аяқталды. Бірақ Шығыс Түркістан халқы қытайлық отаршылдықтың милитаристік дара билігі кезеңін бастан өткеруге мәжбүр болды. Біз бұл бөлімде осы үш кезеңде дүниеге келген ұйғыр әдебиетіне жалпылама мынадай сипаттама беруді жөн көреміз. Бірінші кезеңге тән басты ерекшелік – негізінен қоғам өмірінде, саяси, экономикалық жақта кейбір өзгерістердің барлыққа келуінен байқалады. Ендігі оқуағарту саласында Манжуша, Қытайша оқу талап етілді. Қытайлармен көбірек араласқан Құмұл, Тұрпан, Қашқарларда сол тілдерде білім алған алғашқы оқымысты зиялылар тобы пайда болды. Ал Алтышаһардағы білім іздеген жастардың біразы Бұхара, Үнді, Кабул, Ирак қатарлы елдерге барып оқып, Исламдық білім негіздерін жетік меңгеріп халқына өнербілім дәнін шаша бастады. Соның нәтижелерінде Тұрпан, Күшәр, Қашқар, Жаркент, Хотан қатарлы қалаларда оқуағарту, дәрігерлік ілім, қол өнері, көркем өнердің дамуы байқалды. Алайда отаршылдық бұғау тұмшалаған қоғамда өзгеріс, жаңару дегендер тек шартты түрде ғана айтылмаса, түбірлі жаңғыру мүмкін емесі белгілі. Шығыс Түркістанды басып алған Чиң патшалығы әлемдік даму үрдісінен барынша артта қалған, тежеусіз әскери билікке сүйенген мешеу феодал озбыр өкімет болды. Шығыс түркістандықтармен бұл отаршыл билік арасындағы негізгі қайшылық кейбір тарихшылар дәріптеп жүргендей таптық қайшылық емес, ұлттық қайшылық, езілген ұлттармен отарлаушы өктем ұлттың арасындағы бітіспес қайшылық болатын. Шығыс Түркістанның езіліпқаналған халқы қат қабат зорлыққа тап болды. Олар МанжуҚытайлардың, сосын олардың жергілікті итаршылары болған феодал бектермен, байып құдайын ұмытқан діни жоғары жіктегілердің аяусыз қанауына тап болды. «Шиңжияңның жергілікті тарихы» атты оқулықта жазылғандай 1850жылдардан былай қарай отаршыл өкіметтің халықтан жинап алатын алымсалығы 65 түрге жеткен. Адам өмір сүріп, тіршілік етуге қанша нәрсеге мұқтаж болса соның бәрінен салық алатын жағдайға жеткен. Мәселен, мақта бажы, сауда бажы, шәй бажы, кездеме бажы, жан басы бажы, жер бажы, шөп бажы (жайылым), тұз бажы, азаматтық бажы, әскерлік бажы, су бажы, астық бажы, қан бажы, бастықтар бажысы, шерік бажы, т.б. Бұған жергілікті атарман шабармандар өз бетімен жинайтын бажыларды қосқанда халықтың күн көріс көзі мүлдем бітеліп өлуден басқа жол қалмайды. Құлдырауға бет алған Чиң империясы Шыңжаңда тұратын әскерилер мен мансаптыларды қаржыландыруға шарасыз қалғандықтан 1862жылдан былай қарай «жылу жинау» дегенді ойлап тауып, ұйғыр, дұңған ауқаттылары өкіметке ақшалай жылу тапсырса мансабын жоғарлатуға, жаңа мансап беруге ресми рұқсат беретін болды. Сөйтіп, мансапты сатып алу заңдастырыла бастады. Ол туралы мынадай дерек келтіруге болады: «Шиңжияңдағы мансап сатып алу істерін ақыры Чиң патшалығы үкіметі іштей құптады. Әрі «ұйғырлардан жылу бергендерді сыйлау ережесін» жариялап, әр дәрежелі мансаптың сатылу бағасын анық белгіледі.»[53] «Күн бір жауса, терек екі жауады» демекші мансап сатып алған обыр итаршылар өз халқына қасқырша шауып, қан қақсатты. Біз қарастырғалы отырған Чиң патшалығы отаршылдығының алғашқы кезеңінде осындай зорлықзомбылықтарға шыдай алмаған ұйғыр халқы 1764жылғы Үштұрпандықтардың көтерілісінен бастап 1864жылғы Іле шаруалар көтерілісіне дейінгі бір ғасырда көптеген үлкендікішілі көтерілістерге шығуға мәжбүр болды. Әдебиет өмірдің айнасы, ұлттық, халықтық, қоғамдық, әлеуметтік, саяси, экономикалық тыныстірішілігін көркем образдар арқылы бейнелеп беретін ерекше өнер болғандықтан Чиң патшалығы отаршылдығының алғашқы бір ғасырында дүниеге келген ұйғыр әдебиеті өзінің кәсіби әрі тарихи міндетін абыроймен орындап шыққанына көзіміз жетеді. Бұл дәуірдегі ұйғыр әдебиеті қоғам дамуының талабына сәйкесіп идеялық мазмұн, тақырып, түр, жанр жағынан жаңаша даму жолына түскені байқалады. Бұл дәуір әдебиетін зерттеушілердің ортақ пікірі ретінде, бұған дейінгі әрқандай дәуірмен салыстырғанда ақынжазушылар қосыны ұлғайып, әдеби шығармалардың тақырыбы аясы кеңейіп,шығармалардың көлемі барынша артқандығы, әдеби ағым ретінде реалистік тақырыптарға бет бұрып, өз дәуірінің ащы шындығын сөз етуге бейімделуі, тіл, әдістәсіл жағынан қарапайым халыққа жақындай түсуді атап көрсетуге болады.
Оставить комментарий