Марксизм-ленинизм саяси-құқықтық ілімінің мәні

Марксизм-­ленинизм саяси­-құқықтық ілімінің мәні және лениндік ұлт саясатының ерекшеліктері. Саяси құқықтық ілімдер тарихында 19 ғасырдың 40­-шы жылдарында қалыптасқан марксизмнің алатын орны ерекше. Оның негізін қалаушы Карл Маркс (1818­1883) пен Фридрих Энгельс (1820­1895) өз еңбектерінде алғаш рет еңбекші бұқараның мүддесін қорғай отырып, қоғамдағы теңсіздік, әлеуметтік қанау және құқықтық бейберекетсіздікке қарсы қарсы күрес жолын анықтауға тырысты. Осындай бағыттағы идеялар негізінде мемлекет пен құқыққа қатысты жаңа марксистік тарихи­матералистік тұжырымдама қалыптасты. Жалпы марксизмнің мемлекет пен құқыққа қатысты ілімінің пайда болып қалыптасуына 19 ғасырдағы Батыс Европада орын алған экономикалық, қоғамдық­саяси жағдайлар жиынтығы өз әсерін тигізген болатын [Нерсесянц В.С. История политических и правовых учений: Учебник. ­М.: ИНФРА­М, 1996.­ 504 б.]. Бұл марксизмді 19 ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық­саяси шындыққа негізделген ілім болды деуге негіз болады. Марксизмнің қоғамды тапқа бөліп қарастыруы, жеке меншікке қарсы болуы, соның негізінде мемлекетке қатысты жаңаша көзқарастарды қалыптастыруы кейіннен тап күресіне бағытталған социалистік саяси жүйенің өмірге келуіне өз септігін тигізді. Ал маркстік ілімнің өзі де ғасырлар бойғы қалыптасқан саяси­құқықтық ілімдердің жемісі екені даусыз, ол жайлы Ленин «Марксизм – система взглядов и учения Маркса. Маркс явился продолжателем и гениальным завершителем трех главных идейных течений 19 века, принадлежащих трем наиболее передовым странам человечества: классической немецкой философии, классической английской политической экономии и французского социализма в связи с французскими революционными учениями вообще» деген қорытынды жасайды және оның нақты тәжірибеге енуі жайлы «только философский материализм Маркса указал пролетариату выход из духовного рабства, в котором прозябили доныне все угнетенные классы. Только экономическая теория Маркса разъяснила действительное положение пролетариата в общем строе капитализма» [Ленин В.И. Три источника и три основных части марксизма. ­ М.: Политиздат, 1971.­ 8 б.] деп маркстік ілімнің езілген тапқа жол көрсетушілік роліне жоғары баға береді. 19 ғасырдың екінші жартысында социалистік және коммунистік идеологияның өз бағдарламалық мақсаттары, өзіне тән теориялық негіздемелері, көптеген жақтаушылары бар басым бағыттары жер­жерлерде қалыптасып, дамыды. Бірқатар мемлекеттерде социалистік партиялар құрылды («Жалпыға ортақ герман жұмысшылар одағы», «Германия жұмысшыларының социал­демократиялық партиясы», «Жер мен Ерік», «Халық еркі» және т.б.). 1864 жылы «Халықаралық Жұмысшылар Серіктігі» (1­ші Интернационал) құрылды. 19 ғасырдың 70­80 жылдары Австрия, Венгрия, Дания, Франция, Швейцария, Швеция, және басқа бірқатар мемлекеттерде социалистік, социал­демократиялық, жұмысшылар партиялары құрылды. 1889 жылы социалистік партиялар 2­ші Интернационалды құрды [Лейста О.Э. История политических и правовых учений: Учебник. ­ М.: ЗЕРЦАЛО, 2000. ­ 504 б.].

Екі Интернационалдың және социалистік, жұмысшы, социал­демократиялық партиялардың қызметі марксизмнің 20 ғасыр басындағы кең тараған социалистік тұжырымдама болып қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Дегенмен осы кезеңде марксизм жақтаушыларының арасында капитализм мен социализмнің тарихи тағдыры жайлы, жұмысшылар табының мүддесін қорғау тәсілдері жайлы әртүрлі пікір қайшылықтары орын алды, соған орай марксизмде әртүрлі бағыттар қалыптаса бастады. Патшалық Ресейде осы бағыттардың ең белді де белсендісі В.И. Ленин қалыптастырған большевизм болды. Ленин өз кезегінде қалыптасып болған марксизмді өмірге енгізудің өзінше әдіс­тәсілдерінің негізін қалай білді. Өз мақсаты ретінде тап күресін жандандырып, төңкеріс арқылы қаналған таптың өз қолына мемлекеттік билікті алуын көздеген бұл бағыттың жетекшісі жайлы «Ленин дал не только обоснование возникновения идеала, но и указал пути его успешной реализации в жизни. Для этого необходимы, учил он, четкая формулировка задач и целей революционной борьбы рабочего класса, широкое распространение научных социалистических идеалов и слияние их с повседневной жизнью и борьбой трудящихся» деген пікір қалыптасты [Косичев А.Д. История марксистско­ленинской философии (1893­1917 гг.). ­ М.: Высшая школа, 1987. ­ 65 б.]. Кейіннен ленинизм болып аталған большевиктік бағыттың негізі жайлы Сталин «Изложить основы ленинизма – это еще не значит изложить основы мировоззрения Ленина. Мировоззрение Ленина и основы ленинизма – не одно и то же по объему. Ленин марксист, и основой его мировоззрения является, конечно, марксизм. Но из этого вовсе не следует, что изложение ленинизма должно быть начато с изложения основ марксизма. Изложить ленинизм ­ это значит изложить то особенное и новое в трудах Ленина, что внес Ленин в общую сокровищницу марксизма и что естественно связано с его именем» [Сталин В.И. 1924 г. // Сочинения. ­ М.: Изд. политической литературы, 1952. ­ Т.6.­ 69 б.] деп Лениннің марксизмге өз тарапынан өзгертулер жасай отырып өзгеше марксизм­ленинизм идеалын өмірге енгізгенін атап көрсетеді.

Читайте также:  Жаяу Мұса Байжанұлы

1917 жылғы ақпан­қазан төңкерістері әлем тарихында алғаш рет бір формациядан екінші бір формацияға эволюциялық емес революциялық, төңкеріс жолымен өту мүмкіншілігін дәлелдеп берді. Бірақ, сол кезеңге дейін еш мемлекетте жеңіске жете алмаған социалистік мемлекет құру идеясының Ресейде жеңіске жетуі оған дәлелді себептің болуына меңзейді. Нақты бір тарихи кезеңде орын алған жағдайды, оның ерекшелігін бір ауыз сөзбен жеткізе білетін адамдар әр кезде де табылған. Солардың бірі немесе бірегейі Ключевский өзі куә болған Ресейдегі жағдай жайлы «При крепостном праве мы были холопами чужой воли; получив волю размышлять, мы стали холопами чужой мысли» [Ключевский В.О. Письма, дневники, афоризмы и мысли об истории. ­ М.: Наука, 1968. ­338 б.] деп қорытқан екен. Міне, бұл ұлы сөздер 1917 жылы Ресей империясында орын алған өліара кезеңде халықтың санасына жаңа идеяны барынша сіңіріп, биліктің әлсіздігін пайдаланып билікті жаулап алу мақсатында большевиктердің қарқынды жұмыс жасау арқылы өз мақсаттарына жеткеніне, осылайша дүниежүзі мемлекеттерін нақты екі қарама­қайшы саяси жүйеге бөлу орын алғанына қатысты айтылғандай. Бұл ұлы төңкеріс жайлы Бердяев «Характер русской революции был таков, она произошла в столь своеобразных условиях, что идеологически ей мог соответствовать лишь очень трансформированный марксизм и именно в сторону противоположную детерминизму. Марксизмом пользовались, чтобы доказать невозможность в России пролетарской социалистической революции. Если действительно экономика детерминирует весь социальный процесс, то в экономически отсталой России нужно еще ждать развития капиталистической индустрии и можно рассчитывать лишь на буржуазную, а не пролетарскую революцию. И вот в советской России появилась новая философия марксизма­ленинизма. Она продолжает считать себя марксистской философией, но марксистской философией эпохи пролетарских революций» [Бердяев Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма. ­ М.: Наука, 1990.­121 б.] деп марксизмнің Ресей империясындағы бастапқы негізінен ауытқыған кейіпте өмірге енгенін қынжылыспен баяндайды. Марксизмнің Ресейде жүзеге асырылуы жайлы кейіннен баға берушілер сол кезеңге көз жүгірте отырып, «В России же марксисты­ ленинцы трактовали все наоборот» деген қорытынды жасайды [Мукашев З. Карл Маркс и марксизм­ленинизм. – Алматы: ВШП «Әділет», 1999.­ 13 б.]. Ленинизм марксизм идеалдарын насихаттай отырып, нақты мәселелерде өз бағыттарын марксизмге негіздей отырып анықтай алды. Оның негізгісі ретінде лениндік ұлт саясатын атауға болады. Лениндік ұлт саясаты теория жүзінде гумандық бағыт ұстанғанымен өз негізі ретінде марксизмнің ұлтсыз пролетариат идеясын алды.

Коммунистік партияның манифестінде «Рабочие не имеют отечества. У них нельзя отнять то, чего у них нет. Так как пролетариат должен прежде всего завоевать политическое господство, подняться до положения национального класса, конституироваться как нация, он сам пока еще национален, хотя совсем не в том смысле, как понимает его буржуазия. Национальная обособленность и противоположности народов все более и более исчезают уже с развитием буржуазии, со свободной торговли, всемирным рынком, с единообразием промышленного производства и соответствующих ему условий жизни. Господство пролетариата еще более ускорит их исчезновение» [Маркс К. Энгельс Ф. Манифест коммунистической партии. ­ М.: Изд. политической литературы, 1983. –44 б.] деп марксизмнің ұлтқа қатысты ұстанымы нақтыланған, яғни ұлттардың өз ішінде тап күресін жүргізуі арқылы жұмысшы табының билікке келуі және өзге ұлттардың жеңіске жеткен жұмысшы табымен біріге отырып жалпы интеграция арқылы ұлтсыз қоғам құру болды. Ленин Маркстің ұлтқа қатысты ойын жалғастырып «Марксизм непримерим с национализмом, будь он самый «справедливый», «чистенький», тонький и цивилизованный. Марксизм выдвигает на место всякого национализма – интернационализм, слияние всех наций в высшем единстве, которое растет на наших глазах с каждой верстой железной дороги, с каждым международным трестом, с каждым (международным по своей экономической деятельности, а затем и по своим идеям, по своим стремлениям) рабочим союзом» [Ленин В.И. Критические заметки по национальному вопросу. ­ М.: Изд. политической литературы, 1954. – 36 б.] деп ұлттық бөліністің орнына интернационалдық ұранын көтереді.

Читайте также:  Хореография өнерінің пайда болуы мен қалыптасуы

Біздің жұмысымыз ұлттық мүддені көздеп қызмет атқарған ұлттық қозғалыс жайлы болғандықтан, ең алдымен Лениндік саясаттың ұлттық топтарға қатысты тұстарына саралау жасауға талпындық. Ленин өзінің «Ұлттар туралы немесе «автономияландыру» туралы мәселеге» деген мақаласында «Мен ұлт мәселесі жөніндегі шығармаларымда жалпы ұлтшылдық туралы мәселені абстрактылы түрде қою тіпті жарамайтын іс деп жазған болатынмын. Езуші ұлттың ұлтшылдығы мен езілген ұлттың ұлтшылдығын, үлкен ұлттың ұлтшылдығы мен кішкене ұлттың ұлтшылдығын ажырата білу керек» дей келе өз ойын «Пролетар үшін маңыздысы ғана емес, сонымен қатар ең қажеттісі – пролетарлық тап күресінде оған орыс емес халықтардың барынша сенуін қамтамасыз ету. Бұл үшін тек формальдық теңдік қана керек емес. Бұл үшін өткен тарихи дәуірде «ұлы державалы» ұлт үкіметінің орыс емес халыққа жасаған сенбеушілігін, күдігін, көрсеткен зәбірін қалай болғанда да сол халық жөніндегі өзіңнің көңіл бөлуің арқылы немесе ол жөнінде уступка жасауың арқылы жуу керек болады» деп аз ұлт өкілдері тарапынан болған ұлтшылдыққа төзе білу арқылы оларды өз жағына шығаруға үндейді [Ленин В.И. Орта Азия мен Қазақстан туралы. ­ Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1960. – 608 б.]. Осы сөздерден біз ұлы көсемнің ұлтқа, ұлтшылдыққа қатысты объективті көзқараста болғанына куә боламыз, бірақ, ол расында да солай ма еді? Шынында да большевиктер жалпы Ресей империясын мекендеген барлық ұсақ халықтарға кеңшілік жасауды көздеді ме, жоқ әлде бұл олардың өз мақсаттарына жету жолындағы ұстанған айла­әрекеттері ме? Онда неліктен Ленин негізін қалаған саяси режим ұлттар үшін нағыз тажал болды? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеу үшін ленинизмнің ұлтқа қатысты ұстанымдарының қыр­сырына үңілуге тура келеді.

М. Шоқай большевиктердің ұлт саясатына қатысты «Пятаков, Преображенский, Бухарин, Дзержинский және басқалары ұлттардың өзін­өзі билеуі мен ұлттық автономия мәселелерінің бағдарламадан мүлдем шығарылып тасталуын талап етті. Ленин, Сталин, Зиновьев және басқалары бұл істі сәл басқаша жолдармен шешуді қуаттады. Олардың соңғылары ұлттардың өзін­өзі билеуі мен ұлттық автономия іс жүзінде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтынын біле тұра, көз алдау үшін болса да мәлім ету керек деп есептеді» [Шоқай М. Таңдамалы. ­ Алматы: Қайнар, 1998. – Т.1. ­ 94 б.] деп большевизмнің ұлттарға бостандық беруінің мүмкін еместігін сол кездің өзінде ашық айтқан еді. Ұлт мәселесіндегі «ашық алдау» саясаты Лениннің өзге ұлттарды өз идеясына бұру құралы болды деуге болады. Ол «Ұлт мәселесі жөніндегі қарарда» ұлттар мәселесіне «Россияның құрамына кіретін ұлттардың бәрі де өз еркімен бөлініп шығып, өз алдына дербес мемлекет құруға праволы деп танылуы қажет. Мұндай правоны мойындамау және оның практикада жүзеге асырылуын қамтамасыз етерліктей шараларды қолданбау басып алу немесе аннекция жасау саясатын қолданумен тең нәрсе. Ұлттардың бөлініп шығу правосын пролетариаттың мойындауы ғана әртүрлі ұлт жұмысшыларының толық ынтымақтас болуын қамтамасыз етеді, сөйтіп ұлттардың шын демократия жолымен жақындасуына себеркер болады» [Ленин В.И. Орта Азия мен Қазақстан туралы. ­ Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1960. – 350 б.] деп әртүрлі патшалы Ресей отарындағы ұлттарға қатысты большевиктердің ойының түзу екендігін дәлелдеуге де тырысты. Лениннің ұлт саясаты жөнінде оның идеялық серігі Троцкий «В своей политике внутри Советского Союза Ленин с величайчим вниманием относится к положению национальностей, угнетавшихся царизмом, и всеми мерами стремится создать для них условия свободного национального развития. Ленин ведет беспощадную борьбу против всякого проявления великодержавных тенденций в государственном аппарате, тем более внутри партии» деп оң баға береді [Троцкий В. Портреты революционеров. ­ М.: Московский рабочий, 1991. – 31 б.]. Бірақ расында да солай болды ма, ол жайлы сәл кейінірек сөз қозғамақпыз.

«Партия программасын қайта қарау жөнінде» деген мақаласында Ленин «Бұл саяси программаның 9­параграфы туралы, ұлттардың өзін­өзі билеу правосы туралы сұрақ. Пункт екі бөлімнен құрылған: біріншісі өзін­өзі билеу правосының жаңа тұжырымын береді, екіншісінде талап емес, декларация айтылған. Маған қойылған сұрақ: бұл арада декларация орынды ма, деген сұрақ еді. Жалпы айтқанда, декларациялардың орны программада емес, бірақ, меніңше, бұл арада ережеден шығу қажет. Теріс түсінуге көп рет себеп болған өзін­өзі билеу деген сөздің орнына мен: «ерікті түрде бөлініп шығу правосы» деген мейлінше дәлме­дәл түсінікті қоямын. Россияның революцияшыл пролетариатының партиясы, великорус тілінде жұмыс істейтін партия бөлініп шығу правосын мойындауға міндетті екеніне 1917 жылғы жарты жылдық революцияның тәжірибесінен кейін таласуға бола қояр ма екен. Өкіметті жеңіп алғаннан кейін, біз Финляндияның да, Украинаның да, Арменияның да, патша өкіметінен езгі көрген қай халықтың болса да осындай правосы бар деп дереу сөзсіз таныған болар едік. Бірақ біз, өз тарапымыздан, бөлініп шығуды ешбір тілемейміз. Біз мүмкіндігінше ірі мемлекет болуын, мүмкіндігінше тығыз одақ болуын, великорустармен көршілес тұратын ұлттардың санының мүмкіндігінше көп болуын тілейміз; біз демократия мен социализм мүдделері үшін, пролетариат күресіне әртүрлі ұлттардың еңбекшілерін мүмкіндігінше көп тарту мүдделері үшін осыны тілейміз» [Ленин В.И. Орта Азия мен Қазақстан туралы. ­ Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1960. – 368 б.] деген пікір білдіреді. Бұл жерден нақты түсінуге болатыны большевиктердің патша үкіметінің отарларын азат етуді емес, сол ұлттарды да өзара тап күресіне тарту арқылы өз қол астында ұстауды бастан­ақ көздегенін көреміз. Лениннің осы ойларын Сталин де қолдап «Нация имеет право устроиться автономно. Она имеет право даже отделиться. Но это еще не значит, что она должна делать это при всяких условиях, что автономия или сепарация везде и всегда будут выгодны для нации, т.е. для трудящихся слоев» [Сталин И.В. 1907­1913 гг. // Сочинения. ­ М.: Издательство политической литературы, 1951. ­ Т.2. – 312 б.] деп жұмысшыларды алдыға тарта отырып, Ресей империясы құрамындағы отарлардың бөлініп шығу мүмкіндігіне күмән тудырады.

Читайте также:  Тәсіл: Тілдің ойындары

Ал осы бөлініп шығу құқығына сенім артқан ұлттық бағыттағы қозғалыстардың жер­ жерде бас көтергенімен большевиктерден қолдау көрмегенінің өзі олардың бөлініп шығуды декларативті негізде мойындағанында болды. Нақты осы кезеңде қазақ даласы мен Түркістан өлкесінде де өз алдына бөлініп шығу идеясын басшылыққа алған саяси топтар бас көтергені баршамызға мәлім, мұның өзі сол кезеңдегі өлкедегі саяси ой­ пікірлер тартысының орын алғанына куәлік етері сөзсіз. Расында да революция көсемдері көрсеткендей, қазақ даласында бөлініп шығуды болдырмаған жұмысшы табы ма, жоқ әлде үстем таптан теперіш көрген кедей­жалшылар ма? Олай болса, Ресейдегідей қазақ даласында марксистердің қатары неге көп болмаған және олардың қазақ ұлтының ұлттық сипатына негізделген марксистік тұжырымдамасы неге жоқ. Бұл жайлы С. Өзбекұлы «Тарихи әдебиеттерде 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан саяси­идеялық ахуалға «большевиктік идеологияның ықпалы пәрменді болды», «революциялық қозғалысқа қазақ жастары белсенді араласты» деген жасанды тұжырымдар ақиқатқа сай келмейді. Ұлан байтақ қазақ жерінде большевиктік идеологияға мойынсұнған М. Сералин, С. Көбеев, Н. Иралин, М. Бекметов, Ы. Дүйсенбаев, Т. Бокин сияқты саусақпен санарлық қазақ жастарының астыртын жүргізген революциялық қызметінен саяси­идеялық ахуалда күрт өзгеріс болды деп сендіру ақиқатқа мүлдем қарама­қайшы екені даусыз» деп ақиқаттың бетін ашқандай болады [Өзбекұлы С. 17 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың бас кезеңінде Қазақстандағы саяси­құқықтық ой­пі рдің тарихы және қайраткерлері: заң ғыл. д­ры … автореф. – Алматы, 1999. – 28 б.].

Дегенмен де жалпы Ресей империясында 20 ғасыр басында орын алған саяси дағдарыс қазақ даласында да өзгеше сипатты саяси­құқықтық ой­пікірлердің тууына сөз жоқ себепші болған еді. «Царская политика национального угнетения на фоне растущего национального самосознания вызывала объективный протест местного населения и приводила к росту национально­обсвободительного движения. Оно было возглавлено казахской демократической интеллигенцией, чьи взгляды формировались под большим воздействием либеральной политической культуры и были проникнуты стремлением к демократическому реформированию всего общественно­политического строя в России, и в Казахстане, в частности. Поэтому национально­обсвободительное движение казахского народа стало частью общего революционного подъема, приведшего к низвержению царизма» [Абылгазина А.Е. Демократизация государственной и общественно­ политической жизни в Казахстане (февраль­октябрь 1917 года): автореф. … канд. истор. наук. – Алматы, 1997. – 18 б.].

Оставить комментарий