Әмбебап мемлекеттер

Осынау кітаптың түпқазығы тарихи зерттеу өрістерін зерттеу болды,ол өрістердің Кеңістік пен Уақыттың шеңберінде түсініле алатын қасиеті бар секілді. Эмпиристік талдау жолымен біз өзіміз өркенияттар деп атаған дербес бірліктерді анықтай алдық. Содан кейін біз Адамзаттың көз жетерлік және құжатталған тарихының материалдарына сүйене отырып, ұқсастыра алған жиырма бір өркенияттың шығу тегін, өркендеуін, діңкелеуі мен ыдырауын салыстыра зерттеуге кірістік. Мойындау керек біз оқтын ­ оқтын белгілі бір қиындықтарға тап болып отырдық, ал мұның өзі біз таңдап алған кілт біздің интеллектуалдық ізденістеріміздің жолындағы барлық есіктерді аша алмайды екен деген ойға жетелейді. Әу бастан­ақ қоғамдардың әрқилы өкілдерін ұқсастыра отырып, біз кейбір өркенияттар бір немесе басқа түрге жатқызуға мүмкіндік беретін әдеттегі байланыстардан неғұрлым берік дәнекерлермен өзара байланысты қоғамды да екенін байқадық. Біз бұл туыстықты бала мен әке арасындағы қатынас ретінде анықтадық та, біршама талдау жасап, қоғам өзінің ыдырау процесінде өз денесінен басым азшылық, ішкі және сыртқы пролетариат сияқты әлеуметтік өнімдерді бөліп шығаратынын аңғардық.

Басым азшылық кей­кейде әмбебап мемлекеттің құрылысшыларын жігерлендіретін философия бере алатыны, ал ішкі пролетариат әлемдік шіркеуге айналуға тырысатын асқақ дінді туындататыны, сыртқы пролетариат өзінің артында варварлық әскери отрядтардың трагеедиясынан тоқылған қаһармандық ғасырларын қалдыратыны анықталды. Әмбебап мемлекеттер, әлемдік шіркеулер және қаһармандық ғасырлары, осылайша, осы заманда ғана емес, адамдар тарихының әртүрлі кезеңдерінде де ұшырасып отырады. Олар өркенияттарға бір немесе басқа өркениятты бір немесе басқа түрге жатқызуға мүмкіндік беретін қатынастардан неғұрлым тығыз және неғұрлым индивидуалдық қатынастар таңады. Осыдан келіп мынадай сұрақ туады: мұндай жағдайда осынау тарихи феномендерді жай ғана бір өркенияттың ірім ­ шіруінің жанама өнімдері ретінде зерттеу бұл орайда өркенияттың өзі ­ арнайы негіздеуді талап етпейтін тарихи зерттеудің бірден­ бір мақсаты деп топшылау орынды ма? Енді, біз әмбебап мемлекеттер, шіркеулер мен қаһармандық ғасырлары бірден­бір ғана өркенияттың дамуының тарихи кезеңнің ішінде түсініле алмайтынын аңғарған кезімізде, оларды төл сипаттамаларымыздың ортақ маңызы бар немесе бері салғанда жеткілікті деп ойлап, солармен шектеп зерттемеуге тиіспіз. Сонымен, біз қандай да бір алдын ала ескертулерсіз әмбебап мемлекеттердің мақсаттарын талдап, бұл орайда әмбебап мемлекеттің мақсаты өзі үшін қойылған мақсат па немесе бұл басқалармен жарыста жеңіске жетудің құралы ма деген бірінші сұрақты қоямыз. Мәселеге бұған дейін өзіміз қарастырған әмбебап мемлекеттердің кейбір қырларын еске түсіру арқылы келген бәріне абзал. Біріншіден, әмбебап мемлекет өркенияттың тұралауына дейін емес, содан кейін пайда болады. Бұл қоғамның жайма шуақ жазы емес, оның қатын шуақ жазы ­ күздің жайсаң лебі мен қыстың қызылшұнақ аязы алдындағы жылымықтың соңғы лебі. Екіншіден, әмбебап мемлекет ­ басым азшылықтардың, яғни, бір кезде қарымды жасампаздық қуаты болып, бірақ кейін оны жоғалтып алған әлеуметтік топтардың жемісі.

Читайте также:  Блогқұрылтай немесе Таразда қап кеткен күрек

Бұдан басқа, әмбебап мемлекеттердің тағы бір керемет белгісі бар ­ олар ыдырау ырғағында жандану сәтіне дөп келеді. Нақ осы белгі ұрпақтардың ­ әмбебап мемлекеттің ойдағыдай орнауының куәлерінің қиялын оятып, ризашылығын тудырады. Мұның бәрі әмбебап мемлекеттің бір қарағанда екіұшты болып көрінетін ортақ картинасын жасайды. Әмбебап мемлекеттер ­ әлеуметтік ыдыраудың нышаны; алайда бұл бір мезгілде, оны бақылауға алу, құрдымға кетуіне жол бермеу әрекеті. Бір кезде пайда болып, өз тіршілігі үшін күресетін әмбебап мемлекеттердің табандылығы, мәреге жеткен тұста ерекше әсер етеді. Әмбебап мемлекеттердің сан алуан ақтық сәттерін талдауды мынадай схемаға саюға болады: Әмбебап мемлекеттің орнатылуы алдында бөтен қоғамның басып кіруі орын алады; мұндай жағдайда ыдырау үстіндегі қоғамның әлеуметтік денесінде туындаған және ғайып болудан бұрын әмбебап мемлекет фазасы арқылы өтуге итермелейтін серпін жат жерлік агрессорды жойып, оның институттары мен мекемелерін пайдалану үшін жеткілікті болады. Жергілікті әмбебап мемлекет оны тудырған серпіннің күші аяқталмай жатып бөгде өркенияттың басып кіруімен төңкеріп тасталады. Ыдырау үстіндегі басып алынған мемлекеттің әлеуметтік денесіндегі серпін әмбебап мемлекет фазасын аяқтау үшін жеткілікті күшті болып шығады. Кей ­ кейде тіпті агрессорды тоқтатып, қиратылған өз институттарының орнына соның институттарын пайдаланудың сәті түседі, мұның өзі басып алынған қоғамның басқыншыны қуып шығару үшін және төл әмбебап мемлекетінің билігін орнату үшін бойындағы күшті сезінгенге дейін әлі де бірнеше ғасырға өз тірлігін ұзартуға мүмкіндік береді.

Анд және вавилон қоғамдарының тағдыры осыған ұқсас болды. Анд қоғамы батыс қоғамының испандық өкілдерінің институттарын, ал вавилон қоғамы ­ сириялық қоғамның ахеменидтік өкілдерінің және эллиндік қоғамның селевкидтік өкілдерінің институттарын пайдаланды. Сириялық және индтік қоғамдар өз тіршілігінің мерзімін өздерінің алғашқы әмбебап мемлекеттерін қайта қалпына келтіру арқылы ұзартты. Жандану кезеңі аяқталғандықтан жергілікті әмбебап мемлекет сәтсіздікке ұшырайды. Кей­кейде берекесі қашқан жергілікті әмбебап мемлекетті қалпына келтіру үшін серпін әжептәуір күшті болады. Мысалы, эллин, қытай және шумер мемлекеттері мұны төл күшімен, ал Ресейдегі православиелік­ христиандық мемлекет ­ бөтен өркеният элементтерін зорлықпен енгізу арқылы істей алды. Ақыр соңында, тарих әмбебап мемлекеттің ғұмыры аяқталуға жақындап, патшалықтар арасындағы өліара туғанда өлген әмбебап мемлекетті қайта жандандыру үшін ішкі серпін әлі біршама күшті болатын жағдайларды да біледі. Бұл арада «о дүниеге аттанар алдында» ойдағыдай секіріс жасаған ежелгі египет өркенияты мысал бола алады.

Читайте также:  ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шынында да, бұл дүниеден кетудің табиғи мерзімі жеткеннен кейін де әмбебап мемлекеттің өз тіршілігін жалғастыруының ерекше мүмкіндігі болады. Әмбебап мемлекеттердің талқаны әрқилы таусылуы олардың өз институттарының ғұмырын сақтап қалуға барынша тырысатынын айғақтайды. Әмбебап мемлекет тіршіліктің түпкі мақсаты өзі сияқты етіп көрсеткісі келетін анық тенденцияны байқатады, ал шын мәнінде ол әлеуметтік ыдырау процесіндегі фаза ғана болып табылады.

Оставить комментарий