Медициналық сақтандыру – бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың жəне бюджет қар- жыларының сақтандырылған тұлғалардың ауру- сырқау кезіндегі, медициналық мекемелердің шығындарының орнын толтыру үшін сақтандыру жарналары есебінен жұмсалатын денсаулық сақтауды қаржыландыру барысында туындайтын қатынастар. Медициналық сақтандыру əлеуметтік мəселеге басым көңіл бөлінген экономикаға бет бұрған елдердің сақтық қорғаужүйесінің толықтай міндетті бөлігінің бірі болып табылады. Медициналық сақтандыру міндетті (ММС) жəне ерікті сақтандыру (ЕМС) жолымен жүзеге асырылады. Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік əлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады жəне мұнда сақтандыру жарналарын жұмыс істеуші азаматтар үшін кəсіпорынның, ұйымның, басқа да жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді, ал ең- бекке жарамсыздар, жұмыссыздар үшін тиісті деңгейдегі бюджеттерден қаражат ауда- рылады. Ерікті медициналық сақтандыруда сақ- тандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен медициналық мекеме арасындағыкелісім бойын- ша белгіленеді. Сақтандыру шарттарын азамат- тар жеке өзі жасайды немесе олар сақтандыру жарнасын кəсіпорынның, ұйымның, тағы да басқа пайдасынан төлеу жолымен ұжымдық нысанда жасалуы мүмкін. Еңбекшілердің өз қаражатынан төленетін ерікті медициналық сақтандыру бойынша неғұрлым жоғары дең- гейде медициалық көмек көрсету көзделеді. Арнаулы медициналық сақтандыру қорларына аударылатын міндетті не ерікті сақтандыру жарналары денсаулық сақтау мекемелерінің сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетуін қаржыландыру көзі болып табылады. Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін дер- бес коммерциялы емес қаржы ұйымдары ретінде жалпы ұлттық не аумақтық міндетті медициналық сақтандыру қорлары құрылады. Əрбір сақтандырылушы елдің кез келген аумағында медициналық көмек алуға кепілдік 18 Медициналық сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тəжірибесі ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (95). 2013 беретін медициналық полис алады. Мемлекеттік жəне жергілікті денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыруға аударылған қаражатқа салық салынбайды [1, 44-б.]. Медициналық сақтандыруды ұйымдастыру- дың жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсету- дің рыногын тудырады, онда бұл қызметтер көрсетуді жасаушылардың – медициналық мекемелердің, олардың жұмыскерлерінің, жеке машықтанушы дəрігерлердің нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің саны мен сапасына тікелей мүдделігі пайда болады. Медициналық сақтандыру Қазақстанда əлі де дұрыс жолға қойылмай отыр. Қазақстан Республикасын- да 1990 жылдары қолға алынған алғашқы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі сəтсіз аяқталды. Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік медициналық сақтандыру немесе міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жоқ, мемлекеттік медициналық қызметтер бюджеттік қорлардың есебінен қаржыландырылады [2]. Медициналық сақтандыру ерікті негізде ғана жүзеге асырылады жəне медициналық сақтан- дыруды сатып алу кезінде қандай да бір салық жеңілдіктері мен есептеулер қарастырылмайды. Сондықтан шағын жəне орта бизнес (шетелдік қатысумен құрылған компанияны қоспағанда) жəне қазақстандық компаниялардың көбісі медициналық сақтандырумен қамтылмаған. Сақтандыру компанияларының бірде-бірі жеке тұлғалар үшін медициналық сақтандыру бағ- дарламаларын ұсынбайды. Медициналық қыз- меттермен байланысты қосымша жабу түрлері жəне үйлесімді полистер бойынша ұсыныстар жоқ. Осылайша, бүгінгі күні сақтандыру қыз- меттерінің осы секторы ең дамымай қалған сала болып табылады жəне төлем қабілеттілік сұра- ныс тұрғысынан қызығушылықты тудыруда. Қазақстандағы сақтандыру нарығында ерікті медициналық сақтандыруға деген сұ- раныс төмен, бар-жоғы 2%-ды құрайды. Сақ- тандыру нарығындағы мамандардың ойынша бұл көрсеткіш 1-2 жылда өзгермейді. Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып та- былады. Ол – сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке бас- ты сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтан- дырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті ме- дициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақталған жəне жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жəрдем алу мүмкіндігі бо- лып табылады [3]. Шетел медициналық сактандыру жүйелері өзара қаржыландыру қағидасымен (жұмыс берушілердің, жұмысшылардың жəне мемлекет- тің, негізінен, төменгі əкімшілік бөлігінің қатысуымен), нысандары мен əдістерінің əр- түрлілігімен ерекшеленеді. Денсаулық сақтау са- ласында өзіндік ерекшеліктері бар мемлекеттер қатарына Израиль, Жапония, Кубаны жатқызуға болады. Израиль. Израиль денсаулық сақтау жүйесі – бұл өз тəжірибесінде медицинаның соңғы тех- нологиясын пайдаланатын білікті дəрігерлер, ең соңғы құралдармен жабдықталған заманауи клиникалар. Адам басына тиісті медициналық қызметкерлер саны əлем бойынша ең үлкен көрсеткіште. Статистикағасүйенсек, Израильдегі өмір сүру ұзақтығының орташа деңгейі ең жо- ғары көрсеткіштердің бірі. Əйелдерде 79,4 жас болса, ер адамдарда 75,5 жас. Балалар өлімі əлем бойынша ең төменгі көрсеткішті көрсетеді. Из- раиль денсаулық сақтау саласы мемлекеттікжəне əлеуметтік медицинаның үйлесімдігі арқасында дамыды. Ауруханалық кассалар арқылы халық өзінің міндетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілетініне сенімді. Сақтандыру салымы халықтан денсаулық сақтау саласына төленетін салық түрінде алынады. Израильде денсаулықты сақтандыру туралы мемлекеттік заң жұмыс істейді. Бұл заң бойынша денсаулы- ғын сақтандыру əрбір азамат үшін міндетті іс, мемлекеттік медициналық сақтандыру жү- йесі мемлекет тұрғындардың барлығына ме- дициналық көмек алуына кепілдік береді. Изра- ильде медициналық қызмет ұсынатын негізгі 4 ауруханалық касса жұмыс істейді. Əр адам кас- саны өз қалауымен таңдауға құқылы. Емделуші емдеу процесіне өзі қатысады, яғни емдеу жəне диагностика кезеңдердің барлығынан алдын ала хабардар. Медициналық сақтандыру жүйесінде «денсаулық қоржыны» бар. «Денсаулық қор- жыны» емделушіге ұсынылатын міндетті меди- циналық қызметтер жиынтығын құрайды. Ұсынылатын медициналық қызметтер тізімі медицинаның дамуы, жаңа технологиялардың ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №1 (95). 2013 М.Т. Давлетова, М.Ж. Тұрсымбаева 19 пайда болуына қарай үнемі жаңарып отыра- ды. Егер науқас «денсаулық қоржын» тізімінде жоқ медициналық қызмет алғысы келсе, ол сол қызмет үшін қосымша ақша төлейді. «Денсаулық қоржынына» терапевт жəне тар шеңберлі маман- дар кеңесі, диагностикалық жəне зертханалық зерттеулер кіреді. Израильде дəрігер үйге шақырылмайды. Егер науқас ауыр халде болса бірден жедел жəрдем келеді. Израильдегі жедел жəрдем «Амбуланс» (Ambulance) қызметімен ұсынылған. Сақтандырылған науқас алғашқы жедел жəрдемді, дəрілерді жəне қажетті диагностикалық зерттеуді тегін алады. Кейін науқасты жедел жəрдем көлігімен ауруханаға жеткізеді. Егернауқастыемдейтіндəрігерінемесе жедел жəрдем дəрігері жіберсе, ол стационарлық емді тегін алуға міндетті. Израиль азаматтарын толғандыратын негізгі мəселелердің бірі – емдеу жеделдігі. Медициналық көмекке жұмсалатын қаржының үлкен бөлігін мемлекет жапқанымен, өз қалтасынан төлейтіндер де аз емес. Тез ара- да, жедел түрде емдеу Израильде қымбат. Əрине, ол қаржы ақталады. Дəрігерлердің біліктілігі өте жоғары, жабдықтар мен дəрілік препарат- тар заман талабына сай. Кейбір ота түрлері сақтандырылған науқас үшін де қымбат келеді. Денсаулығын сақтандырғандар дəрігер жа- зып берген дəрілерді үлкен жеңілдікпен ала- ды. Қосымша төлем берсе, денсаулығын сақтандырған науқас қосымша медициналық көмек алады: ағза мүшесі мен тін трансплан- тациясын, шетелде емделу жəне ота жасау, стоматологиялық емді жеңілдікпен алу сияқты. Ал балалар үшін Израильде туылған сəттен ба- стап медициналық көмек тегін болады. Олар- ды емханалар педиатрлары міндетті қарауға алады. Жаңадан туылған нəресте, мектеп жа- сына дейінгі, мектепке баратын балалардың барлығына екпенің барлық түрі тегін жасалады. Бұл шаралар денсаулық сақтау министрлігімен бекітіледі [4, 203-б.]. Куба. Куба қысқа мерзім ішінде дамыған, сапалы медицинаны қалыптастыра алды. Бұл елдің медицинасы сыртқы күштер əсерінен емес, өзіндік жолмен жəне бар қиындықтарға қарамастан дамыды. 1958 жылғы төңкерістен кейін Куба дəрігерлерінің жартысы АҚШ- қа қоныс аударды, дəрілермен жабдықтау тоқтатылды, медициналық көмек көрсету төмендеді. Төңкерістен кейінгі алғашқы жыл- дарда Куба үкіметі мемлекеттің даму жолда- рын дұрыс таңдай білді. Үлкен күш пен қаржы біріншіден, медицина мен білім беру саласына жұмсалды. Кубаның денсаулық сақтау сала- сында жеткен жетістіктері таңғалдырады. 2000 жылы балалар өлімі деңгейі Кубада ең төменгі көрсеткіш көрсетсе, дамыған елдер ішінде де ең төменгі көрсеткіш болды. Ал кубалықтардың өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші 75,5 жасты құрады. Куба өз азаматтарына ұлттық тегін денсаулық сақтау жүйесін жасады. Елде отбасылық дəрігерлер жұмысы жақсы қойылған. Отбасылық дəрігерлер науқастарына алғашқы медициналық көмек көрсетеді, амбулаториялық қабылдау жүргізеді жəне науқастар ауруханада болғанда да қадағалайды. Отбасылық дəрігерлер территориялық принцип бойынша, үлкен өнеркəсіп орындарында, мектептерде жұмыс істейді. Отбасылық дəрігерлер стационарлық емнің қажеттілігін анықтайды. Қазіргі кездегі Кубадағы клиникалар жақсы жабдықталған. Стационарда емделу, тамақтану, қажетті диагностикалық шаралар – тегін. Ауруханалар- да «орын жоқ» деген түсінік жоқ, ешкім ұзақ кезектерді күтпейді, емдеу туралы мəселелердің барлығы жедел түрде шешіледі. Кубада ерекше көңіл мүгедек балаларға бөлінеді. Кембағал ба- лалар үшін білім жəне мамандық алатын арнайы мектептер бар. Сонымен қатар қарттар да на- зардан тыс қалмайды. Қариялар зейнетақы ала- ды жəне оларға арнайы қарттар үйі салынған. Бірақ егде жастағылардың барлығы дерлік өз от- басында тұрады. Елдегі ұзақ уақытқа созылған саяси қиындықтар үкіметтің даму жолда- рын айқындады. Кубалық дəрігерлер аурудан айықтыру өнерін жақсы меңгеріп, жетілдіре түсті. Əлемдегі ең үздік, жаңа емдеу техноло- гиялары Кубада жасалған. Кубалық медицина, əсіресе, трансплантация хирургиясында озық жетістіктерге жетті. Мысалы, Паркинсон дертіне шалдыққан науқастарға ми жасушаларын транс- плантациялау қолға алынған. Сонымен қатар көз микрохирургиясы да жақсы дами түсті. Кубалық дəрігерлер ақтаңдақ жəне псориаз ауруларын емдеуде жергілікті климаттың емдік қасиеттерін пайдаланды [4, 228-б.]. Жапония. Медициналық сақтандырудың шығыстық феномені – Жапония. Жапонияда табиғатқа жақындық жəне жоғары технология- лар үйлесімдік тапқан. Салыстырмалы қысқа мерзімде Жапония əлем бойынша ең үздік денсаулық көрсеткіштеріне қол жеткізді. Өмір 20 Медициналық сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тəжірибесі ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №1 (95). 2013 сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші ерлер- де 79,9 жас болса, əйелдерде 82,9 жас. Жа- пон азаматтарының өмір сүру ұзақтығы елдегі Денсаулық сақтау министрлігі қарт адамдарға ерекше көңіл бөле бастады. Қарт адамдарға үй жағдайында көмек жəне күтім көрсету мəселесі қолға алынды. Ерекше атап өтетін жағдай, Жапонияда табысына қарамастан халықтың барлығы бірдей медициналық көмек алады. Дəрігерлер науқастарға дəрілерді жазып қана қоймай, дəрілермен өзі қамтамасыз етеді. Сол себептен, Жапония əлем бойынша дəріні пайда- лану жағынан бірінші орында. Жапонияда медициналық қызмет көрсету 2 жүйемен жүзеге асады. Ұлттық сақтандыру жүйесі территориялық принциппен жұмыс істеп, сақтандырылған кəсіпкерлерге жəне олардың отбасына, мүгедек жəне жағдайы жоқ азаматтарға медициналық көмекке кепілдік береді. Сақтандыру салымының көлемі көп емес, отбасының табысына байланысты. Ме- дициналық сақтандырудағы салымның жар- тысын мемлекет төлейді. Сақтандыруды жер- гілікті билік органдары қадағалайды. Жалдама- лы жұмысшыларды сақтандыру – кəсіби прин- циппен ұйымдастырылған. Үкімет кіші жəне ірі өнеркəсіп орындарының жұмысшыларының жəне теңізшілердің сақтандыруын өз мойнына алады. Мемлекеттік қызметкерлер жəне жеке фирмалар жұмысшылары кəсіби принциппен сақтандыру ұйымдарында сақтандырылады. Салымдарды сақтандырылғанда жұмыс беру- шілер жəне мемлекет төлейді. Салым көлемі табыс көлемімен айқындалады. 70 жастан ас- қан адамдарға арналған бөлек сақтандыру жүйесі бар. Ол сақтандыру ұйымдарында жинақталған ақша арқылы қаржыландырылады. Жапонияда міндетті медициналық сақтандыру – медициналық қызметтің барлық түрі тегін бо- лады дегенді білдірмейді. Көрсетілген қызметтің жартысын сақтандырылған науқас өзі төлейді. Осылай Жапонияда сақтандырылған аза- мат медициналық қызметтің 30%-ын өзі қал- тасынан төлейді. Ал сақтандыру ұйымдары мен мемлекеттік сақтандыруда денсаулығын сақтандырғандар емделуге кеткен қаржының 10%-ын төлесе, отбасы мүшелері 20%-ын – стационарлық емге, 30%-ын амбулаториялық емге төлейді. Сонымен қатар Жапонияда меди- циналық қызметті бағалайтын балдық жүйе бар. Яғни дəрігердің əрбір кеңесі, тексерілу, жедел емдеу шаралары балл бойынша бағаланады. Мемлекет бойынша əр қаладағы медициналық мекемелердің бағалары бірдей. Хирургиялық ота жасату Жапонияда АҚШ-тан 3-4 есе арзан. Күн шығыс елінде медициналық мекемелер ем- деу ақысын медициналық қызметтерді төлеу қорларынан тексеруден өтеді. Бұл фондтар ем- деу құнын қаншалықты дұрыс екенін, емдеу са- пасын ортақ стандарт бойынша бағалайды. Тек осындай ұзақ тексеруден кейін емдеу ақысын бірақ төлейді [4, 22, 48-б.]. Əлемдік тəжірибеге сүйене отырып, бір- бірінен ерекшеленетін негізгі 3 денсаулық сақтау жүйесін қарастыруға болады. Бұл толықтай мемлекет қаржыландыратын денсаулық сақтау жүйесі, міндетті сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асатын денсаулық сақтау, жеке яғни ақылы медициналық жүйе. Дамыған мемлекеттердің еш қайсында бұл жүйелер тəжірибе жүзінде таза күйінде жұмыс істемейді. Бір мемлекет- те денсаулық сақтау жүйесінің екі түрі де пай- даланылады. АҚШ-та ерікті медициналық сақтандыру мен ақылы медициналық көмек ерекше дамыған. АҚШ-тық денсаулық сақтау моделі басқа ешбір елде таза түрінде пайдаланы- лады деп айту қиын. Көптеген елдерде денсаулық сақтау саласын мемлекет қаржыландырса да, халық еріктіжəнежекемедициналық сақтандыру қолданады. Медициналық сақтандыру – ден- саулық сақтаудағы халықтың мүддесін əлеу- меттік қорғаудың түрі, медициналық көмек қа- жет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Қолданыстағы заңнамалық жəне норма- тивті-құқықтық база медициналық сақтан- дыруға тəн заңнама емес, өйткені ол қар- жылық бөлігіне, нарықтық жағдайды жəне тұтынушылар құқығын қорғауды қамта- масыз ету мəселелеріне шоғырланған. 1990 жылдары қолға алынған алғашқы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі сəтсіз аяқ- талды,сондықтан алдағы уақытта аталмыш жүйе тағы сəтсіздікке ұшырауы мүмкін. Осы орайда медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған жағдайда бұл жүйені талай уақыттан бері қолданып келе жатқан басқа елдердің озық тəжірибесіне сүйене отырып енгізген дұрыс. Ендігі кезде, медициналық сақтандыруға бөлінетін, жиналған қаржының қатаң бақылауда болуы міндетті. Науқастардың сұранысына орай қолжетімді болып, азаматтар кез келген жерден ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №1 (95). 2013 М.Т. Давлетова, М.Ж. Тұрсымбаева 21 міндетті медициналық сақтандырудың аясында медициналық көмекті ала алатындай болғаны жөн. Қандай сақтандыру жүйесін енгізсе де, бірінші орында қарапайым халықтың жағдайы ескерілуі керек. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен шетел азамат- тарды міндетті медициналық сақтандырудың тетіктерін əзірлеу көзделген, бұл да саланы одан əрі дамыту үшін мүмкіндік туғызады. Дамыған елдердің тəжірибесіне сүйенсек, Қазақстан үшін де ең дұрысы міндетті жəне ерікті медициналық сақтандырудың үйлесімі болып табылады. Денсаулық сақтау жүйесі кейбір елдерде жыл- дар бойы қалыптасып, дамыса, кей елдер- де денсаулық сақтау жүйесі сол елге ғана тəн ерекшеліктермен дамыды. Мемлекет басшы- сы жолдауында халық саулығы Қазақстанның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін, сол үшін денсаулық сақтау саласын жақсартып, өмір сүру ұзақтығын арт- тырып, адам өлімін азайтуды тапсырғанды [5]. Бұл ретте жекеменшік медициналық сақтандыру жүйесі жалпымемлекеттік міндетті орындауға бет алды. Қазіргі уақытта медициналық сақ- тандыру жүйесі құрылған, қазақстандық компа- ниялар сапалы қызмет ұсына бастады. Соны- мен, Қазақстанда қазіргі уақытта медициналық сақтандыруды басқаруды ұйымдастыру үшін келесі ұсыныстарды жасауға болады: – сақтандыру медицинасы жұмысын рет- теп, оны халықаралық стандарттармен сəйкес- тендіретін Қазақстан Республикасының заң- намасы мен нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру; – еңбек жəне денсаулықты қорғау саласы аясында жұмысшылардың əлеуметтік пакетін кеңейту мақсатында ерікті медициналық сақтандыру ісіне қатысушы жұмыс берушіге са- лынатын салық мөлшерін төмендету бастамасын көтеру; – денсаулық сақтау саласындағы норма- тивтік-құқықтық құжаттарды əзірлеу ісіне жекеменшік жəне сақтандыру медицинасы өкілдерін де қатыстыру; – медициналық сақтандыру механизмдерін жетілдіріп, оны денсаулық сақтау жүйесіне енгізу
Оставить комментарий