Механика туралы қазақша реферат

Опубликовано Ноябрь 14, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (2 голосов)

 

Механиканың негізгі түсініктері мен заңдары

Механика — физиканың материя қозғалысының ең қарапайым түрін — механикалық қозғалысты, яғни денелердің кеңістіктегі уақыт бойынша өтетін қозғалысын зерттейтін бөлімі. Механикалық қозғалыстың кеңістікте және уақыт бойынша өтетіндігін кез келген механика заңынан байқауға болады. Айқын түрде ме, әлде көмескі түрде ме, әйтеуір олардың барлығының құрамына кеңістіктік-уақыттық қатынастар — қашықтықтар мен уақыт аралықтары кіреді.

Механика туралы реферат

Дененің кеңістіктегі орны басқа бір денелерге қатысты ғана анықталады. Дененің қозғалысына, яғни оның кеңістіктегі орнының уақыт бойынша өзгеруіне қатысты да осыны айтуға болады. Қарастырылғалы отырған дененің орнын анықтауға мүмкіндік беретін денені (немесе бір-бірлеріне қатысты тыныштықтағы денелер жүйесін) санақ денесі деп атайды.

Анығына келетін болсақ, дененің қозғалысын сипаттау үшін санақ денесімен қайсыбір координата жүйесін, мәселен, декарт координата жүйесін байланыстырады. Дененің координаталары оның кеңістіктегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. Дененің қозғалысы кеңістікте ғана емес, сонымен қатар уақыт бойынша да өтетін болғандықтан, қозғалысты сипаттау үшін уақытқа да санақ жүргізе білуіміз керек. Мұны сағаттың көмегімен іске асырады.

Классикалық механика

Санақ денелері жиынтығы немесе олармен байланысқан координаталар жүйесі және өзара синхронды сағаттар санақ жүйесін түзеді. Санақ жүйесі түсінігі физикада түпкілікті түсініктер қатарына жатады. Қашықтықтар мен уақыт аралықтарының көмегімен қозғалыстарды кеңістіктік-уақыттық сипаттау тек белгілі санақ жүйесі таңдалып алынғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Кеңістік пен уақыттың өздері де басқа обьектілер тәрізді физикалық обьектілер болып табылады, бірақ басқа обьектілерге қарағанда маңыздырақ және қажеттірек. Кеңістік пен уақыттың қасиеттерін зерттеу үшін, олардың өздерінде өтіп жатқан денелердің қозғалыстарын бақылау керек. Денелердің қозғалыс сипатын зерттей отырып, біз сол арқылы кеңістік пен уақыттың қасиеттерін де танитын боламыз.

Тәжірибе бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне өткенде денелердің жылдамдықтары жарық жылдамдығымен салыстырғанда аз болатын кезде, сызықтық мөлшерлер мен уақыт аралықтары өзгеріссіз қалады, яғни олар санақ жүйесін таңдап алуға тәуелсіз болады. Бұл Ньютонның кеңістік пен уақыттың абсолюттігі концепциясының негізінде жатыр. Денелердің дәл осы жағдайлардағы қозғалысын зерттейтін механиканы классикалық механика деп атайды.

Механикалық қозғалыс

Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықтарға өткенде денелердің козғалысында елеулі өзгерістер байқалады: осы кезде сызықтық мөлшерлер мен уақыт аралықтары санақ жүйесін таңдауға тәуелді болып, олар түрліше санақ жүйелерінде түрліше мәндер қабылдайды. Осындай көзкарастарға сүйенетін механиканы релятивистік механика деп атайды.

Күнделікті өмірде кездесетін қозғалыстар соншалықты күрделі болады, сондықтан оларды қарастырғанда аса қажет емес-ау деген жерлеріне назар аудармай, жеңілдетуге тура келеді. Осы мақсатта кейбір мәселелерді шешкенде қарастырылып отырған мәселелерге сай келетін түсініктерді пайдаланады (абстракциялар, идеализациялар). Бұл қарастырылып отырған мәселенің нақты сипатына, алмақ болып отырған нәтиженің дәлдігіне және т.б. тәуелді болады. Осындай түсініктердің арасында материялық нүкте және абсолют қатты дене түсініктері үлкен рөл атқарады.

Материялық нүкте (немесе жай ғана бөлшек) деп қарастырып отырған мәселе жағдайында мөлшерлерін ескермеуге болатын денені атайды. Бір ғана денені бір жағдайларда материялық нүкте деп, екінші жағдайларда өлшемі бар дене деп қарастыруға тура келетіндігі анық.

Механика

Абсолют қатты дене немесе жай ғана қатты дене деп қозғалыс барысында кез келген екі нүктесінің ара қашықтықтары өзгеріссіз қалатын материялық нүктелер жүйесін атайды. Реал денені абсолюн қатты дене деп санау үшін оның қозғалыс кезіндегі деформациясын ескерілмейтіндей аз болу керек.

Механиканың алдына негізгі екі мәселе қойылады:

  1. Түрліше қозғалыстарды зерттеу және алынған нәтижелерді қозғалыс заңдары — әрбір нақты жағдайларда қозғалыстың сипатын алдын ала айтып бере алатындай заңдар түрінде тұжырымдау.
  2. Жүйені түзетін денелердің арасындағы өзара әрекеттесулердің нақты түріне тәуелсіз түрде кез келген системаға тән болатын жалпы қасиеттерді табу.

Бірінші мәселені шешудің арқасында Ньютон мен Эйнштейн динамикалық заңдарды ашса, екінші мәселені шешу — энергия, импульс және импульс моменті тәрізді іргелі шамаларды ашуға әкеледі.

Динамикалық заңдар мен энергияның, импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары механиканың негізгі заңдары болып табылады.

Оставить комментарий