МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Адамгершілік, мораль қоғамдық санада нақты тарихи қоғамдық қатынастан туындайды, ол адамдардың рухани азығы және де адамдар қарым- қатынасындағы белгілі қағида, нормалардың әлемімен байланысы. Адамгершілік- қоғамдық ойға сүйене отырып,рухани дамуға, адамдардың сана- сезіміне әсер етеді, оларды қоғамда қалыптасқан адамгершілік заңдылығына тәрбиелейді.Нақты адамдық адамгершілікке жалпы қоғамдық мораль әсер етіп отырады. Адамгершілік қасиетінің негізгі элементтері ретінде ерік-жігер, талап, тілек, өмірдіңадамдықмәнін түсіну көрініс береді.Рухани адамгершілік тәрбиенің нәтижесі- рухани адамдық тәрбие, ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.Негізінен алғанда 318 адамгершілік тәрбиесін үш түрлі- функционалдық- әлеуметтік,теориялық және практикалық салада қарастырған жөн.Адамгершілік тәрбиенің әлеуметтік қызыметі болашақ ұрпаққа жинақталған тәжірибені жеткізу болса, теориялық аспектісі білім саласын теориялық жағынан дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.Ал оның практикалық қызметіне адамгершілік тәрбиесі бойынша жұмыс мазмұны мен әдістемесін жетілдіруді жатқызуға болады. Философиялық сөздікте: адамгершілік адамдардың оқиғаларға баға беріп,өзінің мінез-құлық бағытын таңдауына, моральдық ұғымдарға әр түрлі құбылыстарға байланысты олардың бастан кешіретін мақұлдау немесе айыптау сезіміне негіз болады деген тұжырым жасаған. Рухани адамгершілік тәрбиесі бүгінгі таңда қоғам қажеттілігінен туындап, өзекті мәселелердің құрамына енуде.Бұл орайда сабақ барысында оқушылар XIX ғ. екінші жартысындағы ағартушылар мұраларындағы имандылық рухани адамгершілік идеяларымен танысады.Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің бір ұшы имандылыққа келіп тіреледі. Имандылық ұғымы ерте кезден бастап қолданыста болған, оны көне жазба мұраларға көз жіберту арқылы дәлелдеуге болады. Халқымыздың халық болып қалыптасу кезінен бастау алады. Бұл ұғым түсінігінде діни ұғыммен суреттеледі. Бірақ имандылық ұғымы таза діни ұғымды білдірмейді. Тұрмыстық өмірде иман жүзі, иманды тағы басқа ұғымдар пайдаланылған және әлі де пайдалануда. Енді жеке-жеке талдап көрсек, иман жүзді деп бойында адамгершілік қасиеттер, кеңпейілділік, жанашырлық, инабаттылық, ізеттілік тағы басқа да қасиеттері бар адамдарды айтсақ, иманды адамдарға да қасиеттерді бойына сіңірген және оны сезіммен ұштастыра білетін адамдар тобы жатқызылады. Бұл қасиеттердің бірі де таза діни ұғымға жатпаса керек. Яғни бұдан имандылық адам бойындағы ізгі қасиеттердің жиынтығы деген ой түйінделген деуге болады. Біздің арқашан да болашақ ұрпақты өзінің тарихын, халқын, жерін, бір сөзбен айтқанда, рухани құндылықтарын сүюге, қорғауға, сақтауға, бағалауға үйретуіміз қажет екені дәлелдеуді керек етпейтін қағида. Рухани құндылықтарды бағалаудың бірден-бір көзі аталмыш имандылық идеялар генезисіне тоқталар болсақ, алдымен, мұсылмандар заңдарының жиынтығы, тарихи деректердің бірі жазба мұралар туралы ретінде қарастыруға болады- Құран және Хадистер жинағы. Мұнда халыққа тәлім-тәрбие берерлік өнегелі, ұлағатты сөздер жинақталған. Мысалы, Құранның Ғалақ \1-5\ сүресінде, «Оқыңдар, ол Мұхаммед Пайғамбарға жіберген алғашқы аят. Оқу- аса ардақты» деп келтірген. Сондай-ақ, Құранда « Біреудің намысына, абыройына, адамгершілігіне дақ түсіретін бейнеде ойнау, мазақтау. Сондай-ақ, қорлау, ғайбаттау, жала жабу, күншілдік істеу, өсек айтуға тұжырымды түрде тиым салынсын» деп бұйрық беріліп, жаман іске қарсылық көрсеткен. Адам бойындағы ең жаман қасиет адамды қорлау, зәбірлеу, намысына, ар-ұятына дақ түсіру екенін бәріміз де мойындаймыз. Өзіміз көріп отырғандай, бұл істерге «Құранда» да мән беріліп, шек қойылған, демек, бұл да адамзатқа қажетті игілікті өнеге. Келесі имандылық идеясының бастау алар бұлағы-Хадистер жинағы. Мұнда әрбір жақсы- жаман қасиеттерге байланысты түсініктер енгізілген. Әсіресе, Мұхаммед Пайғамбардың: «Өзімнен кейінгі қалатын ұрпағымды ойласам, үш нәрседен қорқамын: 1. Құлқынның құлы боп, жолдан таюдан. 2. Нәпсіқұмарлыққа салынып, лас істерге ұрынудан. 3. Ілім-білім бола тұрып, қараңғы наданның ісін істеуден»[1], деген сөздері. Тіпті қазіргі қоғамның бейнесін көрсетіп отырғандай. Оқу, білім, ғылым- адам өмірінің мәні, мазмұны екені Хадистерде анық берген. Мұхаммед Пайғамбар: «Бір сағат білім үйрену- бір кеш құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу- үш ай непіл ораза тұтқаннан жақсы» [2],-білім алуға, дәріс тыңдауға шақырады. Хадистердің тағы біріндегі: «Перзенттеріңізге ізет-құрмет жасай отырып, ақыл-әдеп үйрету керегін ұмытпаңдар» [3]-деген. 319 Халықтың кемеңгер ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұд Қашқари, Ахмет Йүгнеки, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы т.б. шығармалары имандылық идеясының яғни рухани адамгершілік тәрбиенің қалыптасуының алғы шарты болады десек қателеспейміз. XY-XIX бірінші жартысында, хандық дәуірде өмір сүрген Асанқайғы, Ж.Баласағұн, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайыр, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, т.б ақын-жырау және ойшылдар шығармаларының ұрпағымыздың бойына отансүйгіштік, ұйымшылдық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, әдепті, елгезек, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты имандылыққа жатқызып отырған қасиеттерді сіңіріп, жастарымыз адамгершілік тәрбиені ұялатуда үлкен маңызы бар. Әсіресе, XIX ғ. Екінші жартысында бұл ұғымдар Ыбырай, Абай,Шәкәрім мұраларында насихатталады. Жоғарыда аты аталған ортағасырлық ғұлама ойшылдар имандылық идеясының теориялық негізін қалаушылар қатарына жатады. Және бұл еңбектерді қарастыру барысында олар осы Құран және Хадистердің мазмұнына қанық екен, тіпті еңбектерін Құран, Хадистерге сүйене отырып жазған деген ой түйіндеуге болады. Профессор Ә. Дербісәлиевтің «Баяғы заманнан күні кешеге дейін шығыстың ақын-жазушылары, шежірелері, тарихшылары Құраннан дәйектемелер алып, оны өз мақсатына пайдаланып келеді»[3] деген пікірі бұл ойды дәлелдей түседі. Қорқыт ата тағылымдары, нақылдары тұнып тұрған рухани-адамгершілік тәлім- тәрбие. Оның «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман», «Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ», «Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған тұз артық» деген нақыл сөздері үлкеннен ғибрат алуды меңзейді, жастарды тәкаппарлықтан сақтандырып, ақылды, көпшіл, қонақжай болуға шақырады. Әл- Фарабидің де ғылыми ой-толғаныстарына толы трактаттарында «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» т.б онда шәкірттерді тәрбиелеуде ұстаздың рөлі зор екендігін, шәкірттерден шыншылдықты, сыпайылықты, әділдікті талап ету үшін бұл қасиеттердің, алдымен ұстаздың өз бойында болуы керектігін айтады. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы түрлі жақсы- жаман қасиеттер туралы Ж.Баласағұнның атақты «Құтты білік» поэмасында кеңінен баяндалған. Ұлы ойшыл осы шығармасында жоғары мұратты қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мінез-құлық нормалары мен ережелері, әр түрлі қоғамдық дәрежедегі жіктерді басқарудағы міндеттері мен қызметтерін белгілеп берді. «Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі» деп бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі мен жауакершілігін көрсетеді. Ал Ө. Тілеуқабылұлының түсінігінде «имандылық- ой мен дененің тазалғы», «Көңілінде жақсы, ұнамды ойлар болғанмен, ісінде жалғандық, жамандық болса, ол-һарам іс, адамның ойы мен ісінің бірлігін талап ете отырып, адам баласы рухани ішкі жан дүниесінің таза болуымен ғана иманды, иман жүзді бола алады деп пайымдайды. Ы. Алтынсарин «Білім дегеніміз-өзімізді қоршаған шындықты танып білу»,- деп философиялық тұжырым айтқан. Білімді, оқыған, шындықты жақтайтын, инабатты, имандылық қасиетті адамдарды алға сенім жетелейді. Ал Абай Құнанбаев иманды этикалық, адамгершілік мәселесімен ұштастырып, «иман дегеніміз- ар мен ұят. «Ұят кімде болса- иман сонда». Ұлы ойшыл Абай «көкірекке сәуле, көңілге сенім керек» дей отырып, ұрпағымызды сенімділікке шақырады. Махаббат, ғашықтық сезімін Абай атамыз рухани-адамгершілік имандылық сеніммен бірлікте қарады. «Абай – адамның жақсысы адамға пайда келтірген адам»[4]дейді, ал бұл- Хадистерде берілген «хайру н-нас мән нанфагу н-нас» деген пайғамбар сөзі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негізі «Құранда». «Хадистерде» және көптеген ғалымдарымыздың жас ұрпақты білімділікке, адалдылыққа, адамгершілікке, имандылыққа шақырған құнды-құнды ой-пікірлерінде жатыр.[5] 320 Имандылық адамның ізгі қасиеттерінің жиынтығын құрайды және адамның адамшылық іс-әрекетіне қайшы келмейтін өз елінің мақсатын көздей отырып, ел арасында толеранттық сыйласымдылықты сақтау барысында жеке тұлға бойында рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыруға зор ықпал етеді, адам қоғамының дұрыс бағытта дамуы мен жеке тұлғаның толық жетілуіне байланысты іс-әрекеттердің, қасиеттердің бәрі имандылықтың мазмұнын анықтайды, ал ол құндылықтар дүниесінің құрамын толықтырады.[6]

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТАТИСТИКА ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

Оставить комментарий