Мектепте тарих пәнін оқытудың жаңа технологиясы

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Назарбаев Университеті студенттері алдында оқыған «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінде «Озық халықаралық тәжірибе негізінде мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруде оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу қажет. Олар инновациялық, ал білім беру технологиясы креативті болуы тиіс»1, – деп көрсетті. Әсіресе білім беру жүйесінде тарих сабағын оқытуды жаңа сұраныстарға бейімдеу – қоғамда мемлекетшілдік сана мен мемлекеттік бірегейлік, интеллектуал ұлт қалыптастыру сияқты қоғамдық маңызы зор істерге жол ашады. Сондықтан мектеп оқушыларына тарих пәнінен жаңа сапалы білім берудің өзектілігі күн тәртібінен түспек емес. Инновациялық технологиялар қарқынды дамыған ХХІ ғасырда тарих сабағын тек оқулық арқылы оқыту жеткіліксіз, білім тарихи деректер, фильмдер, көркем әдебиеттер арқылы да берілгені жөн. Пәнаралық тоғыста сабақ өту оқушылардың көзқарас аясын барынша кеңейтеді және оларды өзіндік пікірі бар тұлға ретінде қалыптастырады.

Бүгінгі күнде әлемде тарихты зерттеу және оқыту ісінде «күнделікті өмір тарихы» және «айтылған тарих» сияқты жаңа технологиялар кең өріс алуда. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 1 Қазақстан Президентінің Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзі. Қазақстан білім қоғамы жолында ///«Егемен Қазақстан», 2012 жылғы 6 қыркүйек Батыстық тарихнамада «антропологиялық революция»1 аталған бұл ғылыми бағыттардың ерекшелігі – тарихи зерттеулердегі басымдылықтың қарапайым қоғам мүшесінің күнделікті өмір тіршілігін баяндауға берілуінде. Қарапайым адамның өткен өмірін танып білуде сол адамның өз ауызымен баяндалатын куәлігінің дерек ретіндегі маңызы ерекше. Тарихи білім берудің жаңа технологияларының бірі – Айтылған тарих. 80­90­100 жастағы ата­әжелеріміздің балалық және жастық шағы осыдан жарты ғасырдан астам уақытта жүріп өтті. Олар өмір сүрген соғысқа дейінгі (ұжымдастыру, кәмпескелеу, ашаршылық), соғыс (ҰОС) және соғыстан кейінгі (50­60 жж) жылдардан айтқан естеліктері сізді бірде мұңға батырса, бірде жылы сезімдерге бөлейді. Олардың советтік қоғамда өткен биографиялық естеліктері – отбасы, ата­анасы, бауырлары (олардың тағдырлары), өскен ортасы, ауылы, киген киімі, тұтынған тағамы, оқыған кітабы, мектептегі, еңбектегі күнделікті өмір тарихы әйтеуір оқырманын бейжай қалдырмасы анық. Міне мұндай бағыттағы зерттеу жұмысын ғылымда – «Айтылған тарих» деп атайды.

Читайте также:  Қаһармандардық символды қарсыластығы

Қазақ қоғамының тарихын жаңа сапа және мазмұнда зерттеп білуде айтылған тарих, күнделікті өмір тарихы делінетін жаңа методологиялық таным құралдарының маңызы зор. Өйткені ұлттың өткен жолы осы уақытқа дейін макротарих тұрғысынан зерттеліп және баяндалып келді, сондай­ақ ол кеңестік кезеңде белгілі себептерге байланысты идеологиялық тапсырыстарды орындауға тиісті болды. Ұлт тарихын, оның түрлі кезеңдер мен саяси жүйе жағдайында жүріп өткен жолын түрлі идеологияланған және саясаттанған талдаулар мен тұжырымдардан аршып алудың бірден­бір тиімді жолы тарихнаманың осы жаңа бағыттарына сүйену болса керек. Сонымен бірге бұл тарихи зерттеудің әлеуметтік өмірге тереңдеп ене түсуінің (социализация) кезекті кезеңдегі көрінісі ретінде қабылданғаны жөн. Басқаша айтқанда, қазіргі таңда әлеуметтік тарих жаңа мазмұнға ие болып, ендігі уақытта таптар, ірі әлеуметтік құрылым және институттармен қатар отбасы, әулет, шағын қауым сияқты әлеуметтік микроқұрылымдар тарихы да зерттеу объектісіне айналмақ. Болашақ үлкен азаматтың негізі мектепте қаланатындығын, яғни, тарих және басқа да пәндерді оқу барысында отан, атамекен, ел мен жер сияқты құндылықтар төңірегінде еркін ой қорытудан басталатындығын ұмытпайық. Жоғарыда айтып өткеніміздей, XXI ғасыр бұл – ақпараттық қоғам ғасыры. Бүгінде білім алушылар орасан зор ақпараттық кеңістіктің субьектісіне айналып отыр. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «қазіргі заманғы білім берудің перспективалық міндеті – ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау»1, – деді.

Сондықтан да олар ақпараттық көпірдің тұтқынына айналмай, керісінше сол жаңа мәліметтерді тиімді пайдалана білуді үйреніп, оларға сыни көзқараспен қарап, нәтижесінде ғылыми жоба, реферат, презентация, фильм даярлауды игере білгені жөн. «Күнделікті өмір тарихы» және «айтылған тарих» сияқты қоғам тарихын танып білудің тың әдіс­құралдары арқылы мектеп жасөспірімдеріне жаңаша мазмұндағы білім беру көзделінеді. Аталған ғылыми әдіс­құралдар тарихи процестің алуан­түрлі жаңа қырларын ашуға көмектеседі. Әрбір азамат өзінің өмірлік тәжірибесінің ғылым үшін маңыздылығын сезінетін болады, сол арқылы жеке тұлғаның азаматтық санасының қалыптасуына жағымды ықпал жасалынады. Айтылған тарих – сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта отбасы, туып­өскен ауыл және өңір тарихы жөнінде түрлі фактілік материалдар жинауға, өңір және оның адамдары жөнінде аңыз­ әңгімелер, биографиялық материалдар қорын жасап оларды жариялауға, сол арқылы назардан тыс қалған дереккөздерін ғылыми айналымға қосуға мүмкіндік береді. «Айтылған тарихтың» әдіс­құралдарын игеру жас зерттеушіге күнделікті өмір тарихын түсінуге және оны жазуға да жол ашады. Зерттеудің бұл құралы әсіресе өткен советтік кезеңдегі қоғамды сол заманда өмір сүрген, яғни, қазіргі уақытта көзі тірі куәгерлер көзімен зерттеп тануға оңтайлы. Өткен советтік қоғам тарихын зерттеп білу мектеп оқушыларына бүгін қандай қоғамда өмір сүріп жатқандықтарын тура түсіну үшін қажет. Өйткені А.Байтұрсынұлы айтқандай, өткен күн бүгінгі күннің анасы, яғни бүгінгі заман өткен заманның жалғасы, олардың арасында терең сабақтастық жатыр.

Читайте также:  Араб новеллистикасындағы әйел мен бала тақырыбы

Сол себепті оқушылар өткен және бүгінгі өмірдің өзара сабақтастық байланысын түсініп өскенде ғана өз ортасына баға бере алатын болып өседі және қоғамды дамытуға үлес қоса алатын қабілетті, жасампаз, интеллектуал тұлға деңгейіне көтеріле алады1. Жасөспірім оқушылар мектеп қабырғасында кітап пен ұстаздар ұсынатын даяр материалдармен шектеліп қалмай, шынайы өмірлік процестердің ортасында жүргені дұрыс, тарихты куәгерлердің «жанды дауысын» ести отырып танығаны жөн. Аға буынмен бетпе­ бет сөйлесу, олардың өткен заман, ондағы оқиғалар мен жеке тұлғаларға байланысты айтқан ойлары мен жасаған тұжырымдары жас адамға өткен тарих жөнінде түсінік және талғам қалыптастыруға көмектесетін болады. Айтылған тарих аясында адамдардың өмір сүру жағдайлары, еңбектегі, демалыс күндеріндегі өмірі (тұрмысы, тамақ нәрі, емделу әдістері, әлеуметтік бейімделуі, өмір сүру дағдылары т.б.) зерттеуге алынады, сонымен қатар, билік механизмін, оның «кішкентай» адам өміріне ықпалы мен әсерін анықтауға мүмкіндік береді, яғни, айтылған тарих – қоғамда өзіндік орны бар, бірақ, көлеңкеде «атаусыз», «үнсіз» қалып қойған қарапайым халықтың тарихы.

Сондай­ақ, белгілі дәрежеде советтік типтегі қоғамның күнделікті тыныс­тіршілігінің тарихы десе де болады. Жоғарғы сыныпқа көшкен оқушыларға айтылған тарихпен айналысу олардың ізденістік­шығармашылық дағдыларын қалыптастыру үшін де маңызды: пәнаралық байланыста жұмыс істей отырып, олар «жанды тарихпен» бетпе­бет кездесетін болады, бұл тұрғыдан оқушылар қоғамтанудың журналистика, психология, әлеуметтану сияқты салаларына жақындай түсіп, бойларын үйрететін болады. Сонымен қатар ұжымдық деңгейде және жеке жұмыс істеу мәдениетін игеруге дағдыланады. Осымен бір мезгілде жасөспірімнің ішкі «Менінің» оянуына оңтайлы жағдай туындайды.

Оставить комментарий