Мемлекет туралы ілімнің өзге әлеуметтік ғылымдарға қатынасы

Мемлекетті толық танып білу үшін мемлекеттік құбылыстардың әлеуметтік ғылымдарға қатынасы әлдеқайда маңызды болып табылады. Мемлекет барлық әлеуметтік феномендермен өте тығыз байланысты. Ең алдымен мынаны көрсетейік: мемлекет дегеніміз адамдық және тек адамдық мекеме, мемлекет ұғымын қоғам болып өмір сүретін жануарларға көшіру физикалық ұйымдасудың салдарлары мен инстинкт түрінде көрінетін психикалық күштерді этикалық күштер қарекетімен араластырып жіберуге негізделген. Оның үстіне, ең жаңа жаратылыстанушылық ғылыми бақылаулар да мынаны көрсетті: мемлекеттік­ғылыми ұқсастыру үшін баяғыдан пайдаланылатын жәндіктердің ­ құмырсқалар мен бал араларының ­ өзінің табиғаты жағынан, саяси құбылыстарға қарама­қарсы, ешқашан өзгермейтін жалған мемлекеті шынына келгенде, қандай да бір басқарушы ырық жоқ анархиялар. Сондықтан ­ ең жоғары дамыған жануарлар жөнінде де ­ тек жануарлар қоғамдары жөнінде туралы ғана айтуға болады: зоологиялық баспалдақ сатысында адамнан төмен тұратын мемлекет емес, тек әлеуметтік қатынастар ғана. Өзінің адамдық элементінің пәрменімен мемлекет дегеніміз бұқаралық­әлеуметтік құбылыс және сондықтан ол әртүрлі адамдар арасындағы барлық табиғи айырмашылықтар болатын адамдар жиынтығы болуын қажет етеді. Ол еркектер мен әйелдер, ересектер мен балалар арасындағы жаратылыстық айырмашылықтарға да құрылған, өйткені мемлекет бір ұрпақпен шектелмейтін тұрақты мекеме. Жер аударылып, елсіз аралға апарып тасталған еркектер колониясы әрі кеткенде қоғам деп танылуы мүмкін, бірақ мемлекет деп таныла алмайды. Мемлекет үшін қажетті адамдар саны, алайда, шексіз сан алуан ­ бірнеше мың, тіпті жүздеген адамнан көптеген миллиондарға дейін бола алады. Аристотель заманынан бері мемлекет жөніндегі ілім, мәдениеттің жоғары сатыларындағы неғұрлым дамыған мемлекет үшін даусыз 448 мемлекет отбасы шегінен шығуға тиіс деген қағиданы талай рет алға тартты, және бұл орайда отбасы уақыт жағынан мемлекеттен бұрын пайда болады деп топшыланады. Қауымдық құрылыс тарихы саласындағы ең жаңа гипотезалар орданы бастапқы адамдар одағы деп мойындайды. Екі теория да, алайда мемлекет бір ұрпақпен шектеліп қала алмайды деген пікірде тоқайласады. Мемлекеттің бүкіл өмірлік процесін халықтың жаратылыстық қасиеттері ғана емес, сонымен бірге оның саны мен құрамы да айқындайды.

Ондағы сирек немесе тығыз, жеткіліксіз немесе тым коп халық, оның жасына және жынысына қарай бөлінуі, ғұмырдың ұзақтығы, өлім­жітім — осының бәрі мемлекеттің тағдырына ықпал ететін фактілер. Бұл фактілер биологиялық сипатта болғанымен, негізінен халықтың бүкіл мәдениетінің нәтижесі болып табылады. Соларға арналған халық саны туралы ілім, биология мен антропологияға сүйенгенімен, сондықтан да әлеуметтік ғылымдарға жатады. Әлеуметтік статистика сияқты ол жалпы алғанда барлық әлеуметтік ғылымдарға, сондықтан мемлекет туралы ілімге де қосалқы ғылым ретінде қызмет етеді. Мемлекет дегеніміз әлеуметтік құбылыс болып табылатындықтан, оны толық танып­білу үшін мемлекеттің қоғамда алатын орнын және оның қоғамға қатынасын анықтап алу қажет. Алайда ең алдымен қоғамның табиғаты анықталуға тиіс. Ь) Қоғам туралы түсінік Тек ғылымда ғана емес, күнделікті өмірде де белгілі бір орын алатын барлық ұғымдар секілді, қоғам ұғымының, да әртүрлі мағынасы бар. Бірнеше адамның өткінші кездейсоқ одағынан бастап мемлекетке дейін және тіпті одан әрі де ­ бүкіл адамзат аралас­ құраластығына «қоғам» деген соз қолданылады. Мемлекет пен қоғам бір­бірімен соншалық жиі теңестіріледі де, бір­біріне қарама­қарсы қойылады да. Айтпақшы, ең жаңа дәуірге дейін «қоғам» термині неғұрлым тар ұғым ретінде мемлекет ұғымын да қамтитын неғұрлым кең ұғымды нобайлау үшін пайдаланылды. Тарихи тұрғыда бұл Аристотельдің мемлекеттің бір түрі деп анықтауына, ал Цицеронда societas ұғымы ұйымдасқан адамдар қауымының барлық түрін қамтитынына байланысты түсіндіріледі. Кейіннен қоғам ұғымын жаратылыстық құқық пайдаланды. Аристотельдің ықпалымен ол мемлекетті societas civilis’neн тең етіп қолданды, онымен қатар, нақ сол тектес басқа тұр ретінде тек societas domestica ғана мойындалды. Бірақ жаратылыстық құқық та, олардың теңестірілуіне қарамастан, мемлекет пен азаматтық қоғамның кейбір айырмашылықтарын байқайды. Атап айтқанда, Гоббс заманынан бері жаратылыстық құқық теориясы мемлекетті қоғам аяқталатын тұлға ретінде конструкциялайды. Бірақ қоғам мемлекеттен бұрын болады. Пуфендорф заманынан бері жаратылыстық құқық әдетте мемлекеттің негізіне бірнеше шартты алады; демек, мемлекет бірден пайда болмайды, тек шарттар жиынтығының нәтижесі болып табылады.

Шарттардың сол қатарында бірігу шарты бірінші орын алады, соның нәтижесі, әлі ұйымы мен басшылық жасайтын өкіметі болмаса да, енді қоғамның пайда болуы. XVIII ғасырдың екінші жартысында мемлекетке дейінгі қоғам идеясы неғұрлым тәптіштеліп зерттеле бастады. Шотландиялық Фергюсон (Ferguson) мемлекет бұрыннан бар адамдар қауымының түрлеріне қосылады дейтін теорияның алғашқы өкілі болып табылады. Содан кейін Шлецеръ жаратылыстық құқық ілімінің логикалық салдарларын дәл де анық тұжырымдай отырып, неміс жазушыларынан бірінші болып мемлекет пен қоғам ұғымдарының ара жігін ашып көрсетуге тырысады. Бір жұмысында «қауым» (Gemeinde) деп атауды ұсынған азаматтық қоғамды Шлецерь мемлекеттің алдында болған, ортақ билікке әлі қол жеткізе алмаған одақ деген анықтама береді. Көптеген тайпалар үшін ондай одақ қоғамдық өмірдің жоғары пошымы болып табылады, және Швейцарияның он үш кантонының одағы өркениятты Еуропа шегіндегі societas sine imperio үлгісі қызметін атқарады. Осылайша, Шлецерьдің пікірі бойынша, қоғам дегеніміз неғұрлым елеулі анархиялық адамдық одақ. Бірақ осынау одақта енді құқықтық нормалар пайда болады, олардың сақталуы «әрбір жекелеген адамның адал ниетіне байланысты», өйткені қоғамда әзірге сот және жазалау жоқ; меншік пен экономикалық кәсіптер негізінде содан кейін әлеуметтік таптар өсіп шығады, дворяндар басқа қатпарлардан анағұрлым жоғары тұрады, ар­ намыс, пен отан ұғымдары дами түседі. Сондықтан, мемлекет өзінің іmperium’ымен бірге, тек кейін ғана әбден­ақ жіктелген қоғамға, оны қорғап, оған басшылық жасау үшін қосылады. Мемлекет, осылайша жекелеген индивидтердің енжар бұқарасының үстінде тұрмайды, барынша сан алуан экономикалық және рухани топтардан тұратын халықты табады. Алғашында жақтаушыларын таба алмаған Шлецерьден гөрі, қоғам туралы дербес ұғым басқаша жолмен және неғұрлым ойдағыдай Францияда дамыды. Онда да оның төркінін жаратылыстық құқықтан іздеу керек. Руссо бірінші болып мемлекет пен қоғамды қарсы қояды, дегенмен олардың арасында дәл терминологиялық шекара жүргізбейді.

Тіпті мемлекет туралы ілім тарихының ең терең білгірлерінің өзі қарастырып отырған мәселеге катысты Руссо идеяларының шынайы маңызын мүлдем ұмытып кететінінің басты себебін сол соңғы жағдайдан іздестіру керек. Р. Ф. Моль Руссо жөнінде қоғам ұғымы оған мүлде жат күйінде қала берді дегенді кесіп айтады. Бұл орайда Моль қоғам жөніндегі оз ұғымының елеулі белгілерін Руссодан таба алатындығын сезбейді де. Руссо энциклопедияға арнап жазған, жиі­жиі үзінділер келтірілетін, бірақ өте аз оқылатын «Discours sur L’economie politique» атты еңбектен біз мынаны табамыз: Мемлекеттік қоғам басқа әртекті ұсақ қоғамдардан құралған, олардың әрқайсысының өз мүдделері мен құлық ережелері бар. Бірақ мемлекетте осынау жалпы жұрт таныған және әркімге даусыз қоғамдар ғана болмайды: бір­бірімен ортақ мүддемен байланысты барлық жекелеген индивидтер, тұрақты немесе уақытша толып жатқан басқа қоғамдар құрады, азырақ байқалатындығына қарамастан олардың билігі бұдан нақты кеміп қалмайды, және олардың қатынастарын жан­жақты да дәл зерттеу құлықтардың шын танып­білінуін береді. Барлық осынау ресми немесе бейресми қоғамдастықтар өзінің ықпалымен қоғамдық ырықтың көріністерін барынша сан алуан түрде түрлендіріп отырады. Жеке қоғамдық мүдделер өздерін ортақ мүдде арқылы көрсетуге ұмтылады, сондықтан ортақ ырыққа, алдыңғы орынға қоғам мүдделері шығарылатындығының салдарынан әрқашан алданып қалу қаупі төніп тұрады. Осынау толғамдар атақты contract social­дың (қоғамдық шарттың ­ Ред.) негізіне алынған, ол тек соларға байланысты ғана әбден түсінікті болып шығады. Руссо сонда volonte generale мен volonte de tous бір­біріне қарсы қояды. Бұлардың біріншісі мемлекет ырқы, екіншісі ­ қоғам ырқы, олар бір­біріне кереғар мүдделер арқылы бөлшектелген. «Жекелеген қоғамдарда» да жеке мүшелерінің ырқына өзгеше ортақ ырық бар, бірақ мемлекет ырқы жөнінде ол жеке ырық болып табылады. Мұндай мемлекет туралы онда дауыс беретін жеке адамдар емес, қоғамдық топтар деуге болады. Сондықтан мінсіз мемлекет ­ индивид пен мемлекет ара¬сында бірде­бір топтық мүдде тұрмайтын мемлекет. Руссоның толғамдары Гегель үшін оның азаматтық қоғам жөніндегі негізгі конструкциясының түпқазығы қызметін атқарады. Өйткені ол азаматтық қоғамды отбасы мен мемлекет арасындағы аралық құрылыс деп анықтайды, онда бұлардың әрқайсысы өзіндік мақсат, бірақ ол мақсатқа басқалармен қарым­қатынассыз қол жеткізіле алмайды.

Ерекше мақсат, басқалардың мақсаттарына қатынас арқасында ортақтық пошымына ие болып, қанағаттандырылады, өйткені ол бір мезгілде басқалардың да игілігіне қызмет етеді. Гегельдің неғұрлым ежіктей түсетін толғамдары қаншама бейберекет болса да, алайда, олар мемлекет пен қоғамды бір­біріне дәл диалектикалық қарсы қою арқасында немістің мемлекет туралы ғылыми әдебиетінде қоғамды конструкциялауға шешуші ықпал етті. Бірақ ол өзінің конструкциялары үшін ең елеулі элементтерді француз социалистерінен алды. Түбегейлі төңкерістер мен солардан туындайтын жаңа толқулар дәуірінде қоғам ұғымы жоғары практикалық маңызға ие болады. Мерзімді баспасөзде, ғылыми әдебиетте де societe туралы мемлекеттен өзгеше құрылым ретінде айтылады, және де бастапқыда оған теориялық анықтама беру әрекеті жасалмайды. Сен­Симон бірінші болып мемлекеттік ұйым мен қоғамдық қатынастардың бір­біріне қарама­қарсы нәрселер екендігін батыл көрсетіп, қоғамды экономикалық таптар құрайды, олардың дамуы олардың ең маңыздысы ­ өнеркәсіпшілер табын мемлекетте үстем етуге бағытталған 452 деп мәлімдеді. Прудон, өзінің социализммен бүкіл алауыздығына қарамастан, алайда қоғам туралы социалистік ілімнің ықпалында болған Прудон мәжбүрлеу жолымен жүзеге асырылатын gouvernement ретінде societe’ni мемлекетке одан да жігерлі қарсы қояды. Ол өзінің алғашқы шығармаларында мемлекетті жойылуға және еркін шарттарға негізделген анархиялық қоғаммен ауыстырылуға тиісті құрылыс деп жариялайтындықтан, ол, табиғи түрде, мемлекет пен қоғам бір­біріне тікелей қарама­қарсы тұрады деген көзқарасты басшылыққа алуға тиіс. Бірақ Франциядан тараған қоғамның социалистік ұғымын К. Маркс пен Ф. Энгельс барынша күшпен дамытып, өзіндік тарихи конструкцияның негізі етіп алды. Осынау тарихи­философиялық теория бойынша — Гегельдің тарих философиясының материалистік сыңары бойынша ­ бүкіл тарих өзінін ішкі мәнісі жағынан индивидтердің саналы ырқына тәуелсіз, қажетті экономикалық қатынастардың салдарынан өзге ештеңе де емес. Бұл қатынастар қанаушылар және қаналушыларға бөлінетін қоғамдық таптардың пайда болуына жетелейді. Ең идеалистік құбылыстарға дейін барлық қоғамдық құбылыстар өндірістің экономикалық қатынастарынан туындап, қоғамның аталмыш экономикалық құрылымының қондырмасы болып табылады. Мемлекет дегеніміз аталмыш сәтте қанаушы болып табылатын таптардың өндірістің сыртқы шарттарын сақтау мақсатын көздейтін және тарихтың іштей қажетті мақсаты болып табылатын пролетарийлердің мемлекеттік өкіметті басып алуына қызмет ететін ұйымынан өзге ештеңе де емес. Болашақ мемлекеттің сол дәуірінде бүкіл өндіріске ортақ мүддеге сәйкес басшылық жасалады.

Осылайша дамудың мақсаты мемлекет пен қоғамның толық бірлігі болып шығар еді. Тарихтың осынау материалистік философиясы бойынша тарихтың түпкілікті мақсаты жаратылыстық құқықта оның дедукциясының түпқазығы қызметін атқарған нәрседе жатыр. Міне осында қоғам жөніндегі социалистік ілім анархистер ілімімен ат құйрығын үзіседі. Анархистерде қоғам мемлекетті жұтып қояды, ал социалистерде ­ мемлекет коғамды жұтып қояды. Социализмнің неміс көсемдері секілді Гегель диалектикасының мектебінен өткен Лоренц ф. Штейн өзінің қоғам жөніндегі ұғымын Франциядағы әлеуметтік қозғалысты түпқазық етіп алып құрады. Штейн бойынша қоғам, социалистердегідей, өздерінің экономикалық жағдайы бойынша бір­бірінен күрт өзгешеленетін таптардан құралады, және мемлекет тарихы таптардың мемлекеттік үстемдік жолындағы толастамайтын күрес процесінен өзге ештеңе де емес. Бірақ осылайша мемлекет қоғамнан жоғары тұратын, оған үстемдік ететін, қоғамды бөліп тұратын мүдделер кереғарлығын бітістіретін қажетті фактор деп мойындалады. Қоғам ұғымын француз социализмінің ықпалымен дегенмен дербес түрде Краузенің шәкірті Аренс және содан кейінгі Р. ф. Моль дамытты. Бұлардың соңғысының теориясы кеңінен таралды, ол қоғамды, бір жағынан, индивид, отбасы және тайпа арасында, екінші жағынан мемлекет ара¬сында тұрған дербес құрылыс ретінде, адамдардың маңызды да ұзақ мерзімді мүдделері жасайтын барлық қатысушылардың тілек­мұраттары мен қарекеттерін бір ортақ мақсатқа біріктіретін, сөйтіп бірдей құлықтар мен көзқарастар, ортақ мекемелер, және ақыр соңында, азды­көпті дамып, сана бұйырған организмдер туындататын өмірлік орта деп қарастырады. Осылайша пайда болатын толып жатқан өмірлік құрылымдар солардың бәрін шектеп, бітістіріп, біріктіріп отыратын ұйым ретінде мемлекетке мұқтаж. Социалистер мен мемлекет туралы неміс ғылымының коғам ұғымын анықтауға бағытталған әрекеттерінен тәуелсіз, қоғамның мәнісі туралы ілімді Францияда О. Конт жасаған, Англияда Г. Спенсер өзінше талдап әзірлеген, қазір барлық жерде толып жатқан жақтастарын тапқан әлеуметтану ұсынады.

Қоғамның әлеуметтанушылық ұғымы адамдар аралас­құраластығының барлық түрін түп­түгелімен қамтиды. Сондықтан әлеуметтану дегеніміз адамның бүкіл қоғамдық өмірі туралы ғылым. Діннің, құлықтың, құқық пен моральдың, халық шаруашылығы мен мемлекеттің тіршілік етуі мен дамуының заңдарын белгілеу ­ осынау әмбебап пәннің міндеті осындай, онда барлық басқа ғылымдар тоғысады, өйткені оның қажетті көздейтіні индивид пен табиғатты зерттейтін барлық басқа пәндер. Бұл әлеуметтанушылық ілімде, жоғарыда айтылған теориялардағыдай, қоғам мен мемлекет бір­ біріне қарама­қарсы қойылмайды, қайта мемлекеттің өзі қоғамның бір түрі болып табылады. Қоғамның табиғаты әртүрлі теорияларда тіпті де толық айқындықпен анықталмайды, және де тым әрқилы анықталады, бірақ барлық теориялар бір маңызды нүктеде, атап айтқанда индивид пен мемлекет арасында дербес құрылымдар бар дегенде тоқайласады. Осынау нәтиже адамды толық танып­білу үшін ғана емес, мемлекет жөніндегі ілім үшін де төтенше маңызды көрінеді. Мемлекет туралы ең жаңа ілім біздің ғасырымызға дейін мемлекет принципінде тең деп елестетілетін жеке индивидтердің бірігуі жолымен пайда болады деген көзқарасқа сүйенетін де, ал аралық құрылымдар ретінде, әрі кеткенде, антик теориялар ықпалымен отбасы мен қауымды мойындады. Бірақ мемлекеттік бағыныштылық қатынастарын оқшау индивидтер одағынан немесе отбасылық және қауымдық одақтан шығару тек метафизикалық жалдаптық немесе заңгерлік фикция жолымен ғана мүмкін болатын нәрсе. Қоғам туралы ілім, керісінше, индивид әу бастан­ақ сырттан жасалған, оның индивидуалдық ырқынан тыс тұратын көптеген қоғамдық сипаттағы қатынастарға жататындығын дәлелдеп, адам қоғамдық мақұлық деген антик көзқарасты тереңдете түсті. Осынау бір бөлігінде ұйымдастырылмаған күйінде қала беретін қатынастар жаратылыстық құқық мойындалмаған, яки өзіне оның назарын аудара алмаған әрқилылыққа, яғни индивидтердің теңсіздігіне негізделген, олар сондықтан бірдеңемен қолдан жасалған нәрсе емес, табиғаттың өзі берген нәрсе ретінде көрінеді. Қоғамдық қатынастар, осылайша тәуелділік қатынастарына айналады, ондай қатынастар ту сыртында мемлекеттің мәжбүрлеуші билігі тұрмайтын жерлерде де бола береді.

Мемлекеттік үстемдік қатынастарын тәуелділіктің әлеуметтік қатынастары даярлаған, олар тек экономикалық таптар қатынастарында ғана емес, әлеуметтік топ атаулыда орын ала береді. Мұндай тәуелділік қатынастары табиғи түрде, яғни, қоғамның аталмыш мүшелерінің ырқынан тыс өсе береді, сондықтан олар мемлекеттің үстемдігінен тәуелсіз мемлекетте де тіршілігін жалғастыра береді. Басыңқылары мен бағыныштылары болмайтын қоғамдық одақ, ғылыми мектеп, өнердегі бағыт және т.б. жоқ. Ондай басшылықтан бас тартудың пошымдық­заңгерлік мүмкіндігі тәуелділік қатынастарының фактысының өзін және болмай қоймайтындығын жоққа шығара алмайды. Өзін бостандыққа жеткізу үшін жеткілікті рухани күштері жоқ адам қажеттілігіне қарай тәуелді болып қала береді, өйткені ол жалпы индивидуалдығының тиісті жағын сақтап қалып, дамытқысы келеді. Егерде мемлекетті әлеуметтік құрылым санатынан бөліп шығару мүмкін болса да, бұдан тәуелділік әлеуметтік қатынастары тіпті де жойыла қоймас еді. Қоғам жөніндегі ілімнің негізгі мемлекеттік қатынастарды зерттеу үшін ғана емес, сонымен бірге барлық және типтік емес мемлекеттік құбылыстарды танып­білу үшін де орасан маңызы бар. Енді бізге қоғам ұғымын оң ыңғайда анықтау ғана қалды, содан кейін біз мемлекет жөніндегі ілімнің қоғам жөніндегі ілімге қатынасын жалпылама нобайда көрсетеміз.

Оставить комментарий