Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және федерациялық билік

Заң шығарушы өкімет дегеніміз – қоғамдастық пен оның мүшелерін сақтау үшін мемлекеттің күші қалай қолданылуға тиіс екендігін көрсету құқығы бар өкімет. Бірақ тұрақты сақталуға тиіс және күші үзілмейтін заңдар қысқа уақыт ішінде жасала алатындықтан, заң шығарушы органның үнемі, істейтін ештеңесі жоқ кезде де, жұмыс істеуі шарт емес. Және мұның үстіне, адам табиғатының биліктен айрылмауға бейім әлсіздігі тұсында әзәзілдіктің тым күшті болатыны соншалық, заң жасау билігіне ие адамдар оны орындау құқығын да өздерінің уысында ұстап, өздері шығарған заңдарға өздерінің бағынбауын көздейтін, заңды жасаған кезде де, оны орындаған кезде де заңды өз пайдасына жарату мүмкіндігін ойластыруы да мүмкін; осылайша олардың мүдделері бүкіл қоғамдастық мүддесінен өзгеше, қоғам мен басқарудың мақсаттарына қарама­қайшы болып шығады. Міне сондықтан бүтіннің игілігі тиісінше ескерілетіндей етіп жақсы орнатылған мемлекеттерде заң шығарушы өкімет тиісінше жиналып, өздері немесе басқа өкімет орындарымен бірлесіп заң шығару билігіне ие болатындардың қолына беріледі; олар мұны орындаған соң, қайтадан бөлініп, өздері шығарған сол заңдардың күшіне бағынатын болады; бұл олар үшін жаңа және өздері заңдарды қоғам игілігі үшін шығаруын қадағалайтын болуына итермелейтін міндет. 144. Бірақ бір ғана рет әрі қысқа мерзімде шығарылатын заңдардың тұрақты әрі орнықты күші болатындықтан және үздіксіз орындалуын немесе олардың орындалуын бақылауды қажет ететіндіктен, жасалған және күшінде болатын заңдардың атқарылуын үнемі бақылап отыратын өкіметтің болуы шарт. Осылайша, заң шығарушы және атқарушы өкіметті жиі­жиі бөліп отыру керек. 145.

Әрбір мемлекетте тағы бір өкімет болады, оны табиғи өкімет деп атауға болады, ол әрбір адам қоғамға кіргенге дейін ие болған билікке сәйкес келеді. Мемлекетте оның мүшелері бір­бірінен өзгешеленетін кісілер болып табылатынымен және сондай кісілер ретінде қоғам заңдарымен басқарылатынымен, адамзаттың қалған бөлігі жөнінде олар бір бүтінді құрайды, ол бүтін бұрын жаратылыстық ахуалда болған өзінің әрбір мүшесі секілді адамзаттың қалған бөлігі жөнінде әлі де жаратылыстық ахуалда бола береді. Осыдан, қоғамдағы адамдар мен қоғамнан тыс адамдардың арасында туындайтын даулардың барлығы халықтан шығады деуге болады; және оның мүшелерінің біреуіне келтірілген нұқсан осы нұқсанның есесін қайтару мәселесінде бүкіл халыққа қатысты болады. Сөйтіп, осыны ескергенде, барлық қоғамдастық қалған мемлекеттердің барлығы немесе осы қоғамдастыққа жатпайтын адамдар жөнінде жаратылыстық ахуалдағы бір бүтінді көрсетеді. 146.

Демек, соғыс пен бейбітшілік құқығы, коалициялар мен одақтарға қатысу құқығы, сондай­ақ осы мемлекеттен тыс барлық адамдармен және қоғамдастықтармен барлық істерді жүргізу құқығы осыған жатады; егер қаласаңыз, бұл өкіметті федерациялық билік деп атауға болады. Мәні түсінікті болса жеткілікті, ал атауына келсек ол маған бәрібір. 147. Осы екі өкімет – атқарушы және федерациялық өкіметтер олардың біреуі қоғамның муниципиялық заңдарын өзінің ішінде, өзінің бөліктері болып табылатын баршаға қатысты атқаруды қамтитындықтан, екіншісі өзі пайда таба алатын немесе өзіне нұқсан келуі мүмкін баршамен қатынастар сыртқы қауіпсіздік пен қоғам мүдделеріне басшылықты қамтитын болғандықтан бір­бірінен айырмашылығы бола тұрса да, өкіметтің бүл екі түрі әрқашан дерлік бірлесе жұмыс істейді. Және осы федерациялық өкіметтің, жақсы немесе жаман жүзеге асырылса да, мемлекет үшін орасан зор маңызы болғанымен, атқарушы билікке қарағанда, өзінен бұрынғы тұрақты оң заңдарды басшылыққа алуға қабілетсіздеу; сондықтан ол қажеттілігіне қарай, қоғамның игілігіне бағытталуы үшін, кімнің қолында болса, солардың естілігі мен даналығына берілуі керек.

Өйткені бодандардың өзара қарым­қатынасы жөніндегі заңдар олардың қарекеттерін басқаруға бағытталған және олардан бұрын қабылдана алады. Бірақ, шетелдіктерге қатысты жасалмақ нәрсе, көбінесе олардың істеріне және ойлары мен мүдделеріне қатысты болатындықтан, мұны көп жағдайда бұл билік сеніп тапсырылғандардың өнері мемлекеттің пайдасына ең озық нәрселерді басшылыққа алуы үшін, олардың естілігіне сеніп тапсыруы керек. 148. Әрбір қоғамдастықтағы атқарушы және федерациялық билік шын мәнінде, мен айтқандай, бір­бірінен өзгеше болса да, оларды бір мезгілде бөліп, әртүрлі адамдардың қолына берген жөн бола қоймас? Өйткені бұл екі өкімет те өздерінің жүзеге асырылуы үшін қоғамның күштерін талап етеді ғой, сондықтан да мемлекеттің күшін әртүрлі және бір­біріне бағынбайтын қолда шоғырландыру немесе атқарушы және федерациялық билік тәуелсіз қарекет жасай алатын адамдардың қолына сеніп тапсырылатын жағдай жасау мүмкін емес дерлік нәрсе, олай етілсе қоғамның күші әртүрлі басшылықтың қарамағында болады да, мұның өзі ерте ме, кеш пе тәртіпсіздік пен құрып кетуге апарып соқтырады.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar