Өзінің үздіксіз дамуында табиғат тіршілік иелерінің бәрін жойылуға жетелейді; осынау мызғымас заңға физикалық, құбылыстар да, рухани құбылыстар да аздыкөпті баяу ілеседі. […] Адам организмі секілді, мемлекеттік организмдердің ішінде де өзінің жойылуының ұрығы болады; адамдар сияқты олардың да аздыкөпті ұзаққа созылатын денсаулығын пайдаланады; адамдар сияқты олар да ғұмырын өте шапшаң қысқартатын қатты науқастар мен дағдарыстарға немесе ғұмыр негіздерін біртебірте кеміріп, оларды біртіндеп әлсірететін үзірлі сырқаттарға ұшырайды. Ауру адамдар секілді қоғамдар сандырақ күйге, есалаңдыққа, революциялық төңкерістерге тап болады; алдамшы семіздік олардың құпия сырқаттарын көбіне жасырып тұрады; ажал өте жақсы денсаулықтың артынан аяңдай отырып, күтпеген жерден келеді. Әрқашан да тынымсыз табиғат кейде мемлекетті сауықтыратын, оны сырқаттар мен азаптан құтқаратын, былайша айтқанда, оны күлтозаңнан қайта қалпына келтіретін адамдардың пайда болуына күтпеген жерден жағдай туғызады. Бірақ табиғат көбінесе ұлттарды тек қиратуға ғана қабілетті, айналасының бәрін жалмайтын, көзді ашыпжұмғанша құздан құлататын тіршілік иелерін тудыруға мәжбүр етеді.
Мемлекет өзінің әміршілерінің дерттері соншалық асқынып, оны қоғамдық тұтастықты сақтау үшін қажет кауіпсіздіктен, күш пен инсаният ұстындарынан айыратын дәрежеге жеткенде бірден ыдырайды. Осыны анықтап алған соң, біз мынаны кесіп айта аламыз: билеушілер қоғамды өзінің қажеттеріне сай келетін қызметке ынталандыру үшін керек рухани өрлеуді азаматтардың бойында сақтап отыруға қам жеуді қойған кезде; мемлекетте күштердің тепетеңдігін сақтауды ұмытып, әміршілер басқарудың бір саласы барлық басқаларын екі бүктеп бір асауына жол берген кезде; қандай да бір ішкі дерттер себебімен құдіретінен, басқа ұлттардың арасындағы орнынан және өзіне табиғат сыйлаған артықшылықтарға сәйкес пайдалануға тиіс құрметтен айрылған кезде саяси организмге ыдырау қатері төнеді. […] Ұлт, үкіметі басшылыққа алатын принциптер сырқау, ал заңдар нашар да дәрменсіз болған кезде; өкіметке жиіркене қарайтын кезде; мемлекеттің барлық сословиелерін анархия жайлаған кезде; азаматтар өз мүдделерін отанының мүдделерінен оқшаулап, одан бойын аулақ салған кезде; азамат соғыстары азаматтарды бірбіріне қарсы қаруландыратын кезде; зорлықтың көмегімен мемлекеттегі басқару пошымы өзгертілген кезде; жатжұрттың басқыншылары оны бөлшектеп, тәуелсіздігінен айыру үшін елге басып кірген кезде; ақыр соңында, мемлекеттік механизмнің серіппелері әлсіреп, сән салтанат қоғамдық игілікке немқұрайдылық пен жақсылыққа жиіркеніш туғызып, пайда беретін нәрсенің бәріне барлық ақыл иелерін енжар еткенде ол берекетсіздік ахуалында болады. Сол кезде мемлекетте бұдан былай азаматтар жоқ; онда байлыққа, ләззатқа және ұстамсыз өмір салтына жүгенсіз құмарлық қана жігерлендіретін азғын, өз отанынан қол үзген мақұлықтар қаптайды.
Оставить комментарий