Мемлекеттің пайда болу себептері туралы

Аристотель өзі қоғамдық деп атайтын мақұлықтар сапа мына адамды ғана емес, көптеген хайуандар мен жәндіктерді, мысалы, құмырсқаларды, араларды және т.б. жатқызады, рас оларда келісімдер жасап, ортақ өкіметке бағынатын парасат жоқ, бірақ соған қарамастан олар келісілген түрде, бір нәрсені қалап немесе бір нәрседен қашып, өздерінің қарекеттерін ортақ мақсатқа бағыттай алады, сондықтан олардың бірлестігі ешқандай дүрбелеңдерге тап болмайды. Соған қарамастан олардың бірлестіктері мемлекет бола алмайды, ал олардың өздері қоғамдық мақұлықтар деп атала алмайды; бұл бірлестіктердегі тәртіп дара ерікке (оның бар болуын мемлекет қажетті түрде көздейді) емес, бірыңғай мақсатқа бағытталған көптеген еріктердің бір жерден шығуына ғана байланысты.

Шынында да, тек сезінумен және ынтамен ғана өмір сүретін осы мақұлықтарда ниеттер келісімінің соншама ұзақ болатындығы ­ бүл келісімді тек олардың жаратылыстық ынтасының күші ғана қолдап отырады, сөйтіп сол арқылы тыныштықты сақтайды. Алайда адамдарда жағдай басқаша, өйткені, біріншіден, олардың арасында сый­құрмет пен атақ үшін күрес туындайды, ал жануарларда бұл болмайды; сондықтан жануарларда өшпенділік пен қызғаныш жоқ, ал адамдарда бүліктер мен соғыстар солардан туындайды. Екіншіден, аралардың және соларға ұқсас мақұлықтардың жаратылыстық ниеті бір­бірімен келісілген және олардағы жеке игіліктен айырмашылығы жоқ ортақ игілікке бағытталған; ал адамдар болса иесіне артықшылық бермейтін және басқалардан жоғарылатпайтын нәрсені ешқашан игілік деп есептемейді. Үшіншіден, парасат берілмеген жануарлар олардың ортақ істерін басқарудағы қандай да бір кемшіліктерді көрмейді не көргенін түсінбейді; ал адамдар бұқарасында өздерін басқалардан көбірек білеміз деп есептейтін, сөйтіп төңкерістерге ұмтылатын адамдар әрдайым бар.

Бүл орайда әрқилы жаңашылдар өздерінше істегісі келеді де, соның салдарынан алауыздық туып, азамат соғыстары пайда болады. Төртіншіден, тұрпайы жануарлар бір­біріне өз талпыныстарын білдіру үшін қалай болғанда да өз дауысын пайдалана алады, алайда оларға ақыл қоздыруға сөзсіз жетектейтін соз өнері берілмеген, соның салдарынан жақсы ­ ең жақсысы, ал жаман ­ шын мәнісінен гөрі, ең нашары болып көрінеді. Ал адам тілі соғыстар мен бүліншілік кернейі сияқты; кезінде Перикл өзінің сөздерімен дүрілдеді, нажағайдай шартылдап, бүкіл Грекияны тітіретті делінеді ғой. Бесіншіден, жануарлар әділетсіздікті зияннан айыра алмайды. Осыдан шығады: олар хәлі тәуір болып тұрғанда, өз серіктерін айыптамайды. Адамдар болса қоғамдық істерден ат­тонын ала қашады және олармен айналысу үшін мүлдем қол бос болу керек деп санайды, қоғамда көзге түсу үшін күресті қарын тоқ, көйлек көк, тоңып қалтырамайтын болған соң ғана бастау керек деп біледі.

Читайте также:  АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҚЫТАЙ ЕЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Ақыр соңында, парасат берілмеген мақұлықтардың келісуі жаратылыстық нәрсе, ал адамдарда ол тек келісімге негізделген, яғни жасанды нәрсе болып табылады; демек, адамдардың ұрыспай­таласпай бірге тұруы үшін көбірек бірдеңенің керек екендігіне таң қалудың жөні жоқ. Демек, келісімнің болуы, немесе жазадан қорқынышты пайдалана отырып, жеке адамдарды басқаратын қандай да бір ортақ өкіметі жоқ қоғамның өмір сүруі жаратылыстық әділетті жүзеге асыруға қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Осылайша пайда болған бірлік мемлекет, немесе азаматтық коғам, сондай­ақ азаматтық тұлға деп аталады; өйткені баршаның ырқы біртұтас болғасын, қоғамды бір тұлға деп қарастыру керек; осындай тұлға ретінде оның өз құқықтары мен дүние­мүлкі болатынын мойындап, барлық жеке кісілерден айыра білу керек. Осылайша, жекелеп алғанда қандай болсын азамат та (егер ырқы баршаның ырқы болып саналатын адамды қоспасақ), олардың барлығы бір санатқа енгізілсе де мемлекет деп қарастырыла алмайды.

Демек, мемлекет дегеніміз (біздің анықтамамыз бойынша) бір тұлға, оның ырқы көптеген адамдар келісімінің пәрменімен олардың бәрінің ырқы деп танылады, бұл оның тыныштық пен ортақ мүдделерді қорғай алуы үшін қоғамның жеке мүшелерінің күші мен қабілетін жұмсай алуы мақсатында істеледі. Бұған дейін айтылған әңгіме көптеген жаратылыстық тұлғалар өз амандығын ойлап, ортақ қорқыныш ықпалымен қалай және қандай құралдардың көмегімен біз мемлекет деп атайтын бір азаматтық тұлғаға бірігетінін айқын көрсетеді. Бұл орайда, қорқыныштың салдарынан басқа біреуге бағынатындар не өздері қорқатын біреуге, не қорғар деп үміттенетін біреуге бағынады.

Бірінші тәсілді соғыста жеңіліп қалып, енді өле кеткісі келмейтіндер; екіншісін әлі жеңілмеген, бірақ жеңіліп қалғысы келмейтіндер пайдаланады.Бірінші тәсіл жаратылыстық құдіреттен туындайды және оны мемлекеттің пайда болуының жаратылыстық тәсілі деп атауға болады. Екінші тәсіл бір­бірімен бірігетіндердің келісімі мен шешімінен бастау алады; бүл арада мемлекеттің пайда болуы орнатылумен байланысты. Сондықтан мемлекеттер екі түрлі болады: олардың бірі жаратылыстық, патерналистік және деспоттық; ал екіншілері — орнатылған мемлекет болып табылады және оны саяси мемлекет деп атауға болады. Біріншілерде азаматтарға билеуші оз еркімен ие болады; екіншілерінде азаматтар өздерінің шешімімен өздерін жоғарғы өкімет берілетін бір адамның немесе адамдар жиналысының үстемдігіне бағындырады.

Читайте также:  Әлеуметтік хаос

Оставить комментарий