Мемлекеттің пайда болу себептері және анықтамасы туралы

Мемлекеттің мақсаты — негізінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оған жаратылыстық заңмен де, сондай­ақ аз ғана адамдардың немесе отбасылардың бірігуімен де, адамдардың көптігімен де (олардың әрқайсысы өз пікірін жөн деп біліп, бұл ұдайы қайталанып отырады) кепілдік берілмейді Адамдардың (табиғатынан еркіндікті және басқаларға үстемдік етуді жақсы көретін) өздерін бұғаулауының (олар, мемлекетте өмір сүргенде өздерін солай бұғаулайтынын көрдік) түпкі себебі, мақсаты немесе ниеті аман қалу және соған қоса неғұрлым қолайлы өмір сүру қамы болып табылады. Басқаша айтсақ, мемлекетті орнату кезінде адамдар соғыстың қасіретті ахуалынан арылуға ұмтылысты басшылыққа алады, соғыс оларды қорқытып ұстайтын, жазалау қатерімен келісімдерді орындауға және XIV, XV тарауларда баяндалған жаратылыстық заңдарды сақтауға мәжбүр ететін көзге көрініп тұрған өкімет жоқ жерде адамдардың жаратылыстық нәпсісінің қажетті салдары (XIII тарауда көрсеткеніміздей) болып табылады.

Шынында да, жаратылыстық заңдар (әділет, ешкімге бұрмау, сыпайылық, мейірімділік және (жалпы алғанда) біз өзімізге басқаның қалай қарағанын қаласақ, өзіміздің басқаларға солай қарауымызды талап ететін құлық) өздігінен оларды сақтауға мәжбүр ететін қандай да бір күш алдында қорқынышсыз бізді біржақтылыққа, тәкаппарлыққа, кекшілдікке және т.с.с. жетелейтін жаратылыстық нәпсіге кереғар. Ал семсерсіз жасалған келісімдер адамның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтын сөз ғана. Міне сондықтан жаратылыстық заңдардың (әрбір адам оларды орындағысы келгені мұны өзі үшін ешқандай қатерсіз істей алатын болғанда орындайтын) бар екендігіне қарамастан, әркім, егер орнатылған өкімет немесе бізге қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шамасы келетін басқа өкімет жоқ болса, өзін барлық басқа адамдардан қауіпсіздендіру үшін өзінің дене күші мен ептілігін қолданады және заңды түрде қолдана алады.

Және шағын отбасылар болып өмір сүрген барлық жерде адамдар бірін­бірі тонайтын; мұның жаратылыстық заңмен сыйысады деп саналғаны соншалық, адам неғұрлым көп тонап алса л, соғұрлым бүл оған үлкен абырой беретін. Бұл істе адамдар ар­намыс заңдарынан басқа ешқандай заңдарды сақтаған жоқ, атап айтқанда, олар адамдарға өмірін және ауыл шаруашылық құралдарын қалдырып, қаныпезерліктен бой тартатын. Бұрынғы шағын отбасылар секілді, қазір де үлкен рулap болып табылатын (өз қауіпсіздігі үшін) қалалар мен корольдіктер әрқилы сылтаулармен: қауіп­қатер, жаулап алыну.немесе жаулап алушыға көрсетілуі мүмкін көмектен қорқу сылтауымен өз иеліктерін кеңейте түседі. Бұл орайда олар өз көршілерін дөрекі күшпен және құпия айла­шарғымен бағындырып, әлсіретуге барынша тырысады, және, қауіпсіздікке басқа кепілдік жоқ болғандықтан, олардың мұнысы әбден әділ істеледі және олардың іс­ әрекеттері ғасырлар бойы даңқпен еске алынады.

Читайте также:  XVIII ғасырдағы қазақ тарихы туралы

Аз ғана адамдардың бірігуі де қауіпсіздік кепілі бола алмайды, өйткені қайсыбір жаққа бірлі­жарым адамның қосылуының өзі олардың дене күшін еселей түсетіні соншалық ол жеңісті қамтамасыз етіп қана қоймай, жаулап алуға да ұмтылдырады. Біз оз қауіпсіздігімізді сеніп тапсыра алатын күш мөлшері қандай да бір санмен емес, жаудың күшімен осы күштің ара салмағымен айқындалады; мұндай жағдайда біздің қауіпсіздігіміз үшін жау күшінің артықтығы соғыстың қалай аяқталатынын шешіп, жаудың шабуыл жасауына түрткі болатындай соншалық зор болмауы жеткілікті. Адамдар саны қаншалық коп бола берсін, алайда олардың әрқайсысы өз қарекеттерінде тек тол пікірлері мен ұмтылыстарын ғана басшылыққа алатын болса, ондай қоғам ортақ жаудан да, бір­ біріне жасалған әділетсіздіктен де қорғаныс, шапағат күте алмайды. Өйткені өз күштерін жақсы пайдалану мен қолдану жөніндегі пікірлерде келісе алмай, олар бір­біріне көмектеспейді, қайта кедергі жасайды және өзара кереғар қарекетпен өз күштерін әбден титықтатады, соның салдарынан оларды саны аз, бірақ неғұрлым топтасқан жау оп­оңай бағындырып алады, ал ортақ жау болмаса, олар өздерінің жеке мүдделерін көздеп, бір­бірімен қырықпышақ болады.

Шынында да, егер біз көптеген адамдар бұқарасы оларды қорқынышта ұстап тұратын ортақ өкімет жоқ болса да, әділдік пен басқа да табиғи заңдарды сақтауға келіседі деп санай алсақ, онда біз дәл осындай негізбен бүкіл адамзат ұрпағы турасында да тап солай санай алар едік, сонда азаматтық басқаруға немесе мемлекетке деген ешқандай қажеттілік болмас еді, өйткені ол кезде бағынышсыз­ақ бейбітшілік болар еді. Адамдар бүкіл ғұмыр бойына ұзартқысы келетін қауіпсіздік үшін олардың біртүтас ерікпен белгілі уақыт ішінде, мысалы бір шайқас немесе соғыс барысында басқарылып, бағытталуы жеткіліксіз. Өйткені олар өздерінің бір ауызды күш­жігерінің арқасында жат жұрттық жауға қарсы күресте жеңіске жеткенімен, алайда одан соң, ортақ жау жоқ кезде немесе бір партия басқа бір партия дос деп есептейтінді жау деп тапқан кезде, олар өз мүдделерінің өзгешелігі пәрменімен қажеттігіне қарай қарым­қатынасты тоқтатып, қайтадан қырықпышақ болуға тиіс.

Читайте также:  Об основных регуляторах рыночной экономики

Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекеттің анықтамасы. Егемен және бодан деген не? Адамдарды жат жұрттықтардың басып кіруінен және бір­біріне жасалатын әділетсіздіктерден қорғауға, сөйтіп өз еңбегімен және жердің жемісімен күн көріп, молшылықта өмір сүре алатын қауіпсіздікті беруге қабілетті ортақ өкімет тек бір жолмен ғана, атап айтқанда бүкіл өкімет пен күшті бір адамға немесе көпшілік дауыспен азаматтардың бүкіл ырқын біртүтас ерікке айналдыра алатын адамдар жиналысына шоғырландыру жолымен жасала алады. Басқаша айтқанда, ортақ өкіметті орнату үшін адамдар өздерінің өкілдері болып табылатын бір адамды немесе адамдар жиналысын тағайындауы; ортақ тұлға иесі ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында өзі істейтін немесе басқаларды істеуге мәжбүр ететін барлық нәрсе жөнінде әрбір адам өзін сенім білдірілген адаммын деп есептеп, өзін осыған жауапты деп мойындауы; әркім өзінің еркі мен пікірін ортақ тұлға иесінің еркі мен пікіріне бағындыруы қажет. Бұл келісімнен немесе бірауыздылықтан артық.

Бұл әрбір адам әрбір басқа адаммен жасасқан келісім арқылы бір тұлғада бейнеленген нақты бірлік, келісімді жасасқан кезде әрбір адам әрбір басқа адамға былай дегендей болады: мен осынау адамды немесе осынау адамдар жиналысын өкілетті етіп, оған өзімді басқару жөніндегі төл құқығымды, сен де дәл солай етіп, оған өз құқығыңды берсең, және оның барлық қарекеттеріне рұқсат етсең деген шартпен беремін. Егер бұл жасалса, осылайша бір тұлға боп біріккен көптеген адамдар мемлекет, латынша­civitas деп аталады. Сонау ұлы Левиафанның яки, дұрысы (неғұрлым ізетпен айтсақ), ажалды құдайдың, біз ажалсыз құдайдың шексіз билігімен өзіміздің тыныштығымыз үшін, қорғаныштылығымыз үшін қарыздар құдайдың пайда болуы осындай. Өйткені оларға мемлекеттегі әрбір жеке адам берген өкілеттік арқасында, әлгі адам немесе адамдар жиналысы өз бойында шоғырланған орасан зор күш пен өкіметті пайдаланатыны соншалық, осы күш пен өкімет қорқыныш осынау адамды немесе осынау адамдар жиналысын барлық адамдардың еркін ішкі тыныштыққа және сыртқы жауларға қарсы өзара көмекке бағыттауға қабілетті етеді.

Читайте также:  Алғашқы драматургиялық сахналық тәжірибелер

Мемлекеттің мәні осынау адамда немесе адамдар жиналысында, ол мынадай анықтаманы қажет етеді: мемлекет дегеніміз біртұтас тұлға, осынау тұлға жұрттың барлығының күші мен құралдарын олардың тыныштығы мен ортақ қорғанысына қалауынша пайдалана алуы үшін орасан көп адамдар өздерінің арасында жасалған шарт жолымен и өздерін жауапты етті. Осы тұлға иесі егемен деп аталады, және ол туралы ол жоғарғы өкіметке ие дейді, ал басқа кез­келген адам оның боданы. Жоғарғы өкіметке қол жеткізудің екі жолы бар. Бір жол – физикалық күш, мысалы, әлдекім өз балаларын, олар бас тартқан жағдайда өлтіремін деп қорқытып, билігіне бағынуына мәжбүрлейтін кездегі немесе соғыс жолымен дұшпандарын өз еркіне бағындырып, оларға осындай шартпен өмір сыйлайтын кездегі күш. Екінші жол ­ бір адам немесе адамдар жиналысына осы адам немесе осы жиналыс оларды барлық басқалардан қорғай алады деген үмітпен адамдардың ерікті бағынуға келісуі. Мұндай мемлекет саяси мемлекет немесе орнатылған мемлекет, ал бірінші жолмен негізі қаланған мемлекет, ­ иеленуге негізделген мемлекет деп аталуы мүмкін.

Оставить комментарий