Мемлекеттің үш түрі: демократия, аристократия және монархия туралы

Мемлекеттің үш түрі: демократия, аристократия және монархия ғана бар. Мемлекеттің түрлері арасындағы айырмашылық жоғарғы өкімет берілетін адамдар саны арасындағы айырмашылыққа байланысты. Жоғарғы өкімет не бір адамға, не бір жиналысқа, не көптеген адамдардың кеңесіне беріледі. Сөйткен күнде де көптеген адамдардың жиналысы не барлық азаматтардан (сондықтан олардың кез келгені дауыс беру құқығына ие және, егер қаласа, істерді талқылауға қатыса алады), не олардың бір бөлігінен ғана құралады. Осыдан мемлекеттің үш түрі келіп шығады. Бірінші түрге жоғарғы өкімет жиналысқа тиесілі мемлекет жатады, оларда азаматтардың кез келгені дауыс беру құқығына ие болады; олар демократиялар деп аталады.

Екіншісіне жоғарғы өкімет жиналысқа тиесілі мемлекеттер жатады, бірақ оларда дауыс беру құқығы барлық азаматтарға емес, олардың белгілі бір бөлігіне ғана тиесілі; олар аристократиялар деп аталады. Үшінші түрге – жоғарғы өкімет бір адамға тиесілі мемлекеттер жатады; олар монархиялар деп аталады. Мемлекеттердің бірінші түрінде жоғарғы өкімет иесі халық (демос); екіншісінде ­ ең жақсы адамдар (оптиматтар); үшіншісінде ­ монарх. 2. Олигархия аристократиядан өзгеше мемлекеттік құрылыс емес, ал анархия мүлде мемлекеттік құрылыс емес. Ежелгі заманның жазушылары саяси ғылымға жоғарыдағы мемлекет түрлеріне қарама­қарсы тағы үшеуін енгізді, атап айтқанда: демократияға олар анархияны, немесе ретсіздікті, аристократияға ­ олигархияны немесе ат төбеліндей аз адамдардың басқаруын; монархияға ­ тиранияны қарсы қойды. Бірақ бұлар мемлекеттің үш ерекше түрі емес, бүл не басқаруға, не басқарушыларға наразылардың мемлекеттерге берген әр түрлі үш атауы.

Өйткені адамдар заттарды атаумен нобайлағанда, өз сезімін, мысалы махаббатты, өшпенділікті, ашу­ызаны заттардың мәнімен ұластыруға дағдыланып кеткен. Сондықтан біреу анархия дейтінді екінші біреу демократия деп атайды; біреу олигархия деуге дағдыланған құрылысты екінші біреу аристократия деп атайды; біреу тиран деп масқаралайтынды енді біреу король деп атайды. Сөйтіп, осы атаулармен мемлекеттің әрқилы турлерін емес, азаматтардың өкімет иелері туралы әрқилы пікірлерін нобайлайды. Анархия жоғарыда атап көрсетілген мемлекет түрлерінің бәріне қарама­қарсы екенін кім бірден көрмейді? Бүл сөз қандай да бір басқарудың, яғни қандай да бір мемлекеттің жоқтығын білдіреді ғой. Мемлекет емес нәрсе қалай мемлекет түрі бола алады? Бұдан әрі, сип төбеліндей адамдардың немесе шонжарлардың өкіметін білдіретін олигархия және ең жақсы адамдардың немесе оптиматтардың өкіметі болып саналатын аристократия арасындағы айырмашылық, адамдардың бір­бірінен айырмашылығы соншалық, бір нәрсе әркімге әртүрлі көрінетіндігінен басқа не болмақ? Бұл жағдайдан біреулер үшін ең жақсы адамдар басқаларға ең жаман адамдар болып көрінетіні ғана шығады. 3.

Читайте также:  ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕНІ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

Тирания құқыққа сүйенетін монархиядан өзгеше мемлекеттік құрылыс емес. Король мен тиран арасындағы айырмашылықты сезім емес, ақылдың көмегімен табу керек… Монархия мен тирания шынында мемлекеттің әрқилы түрлері емес; бір ғана монархқа құрмет белгісі ретінде король атын, ал тіл тигізу түрінде – тиран атын береді. Әрқилы кітаптарда үнемі кездесетін тирандарға қарсы ескертпелер бір бөлігі халық өкіметі тұсында, енді бір бөлігі оптиматтар өкіметі тұсында өмір сүрген, сол себепті тирандарды ғана емес, корольдерді де жек көрген грекиялық және римдік жазушылардан бастау алады. 4. Жоғарыда көрсетілген мемлекет турлерінің қосындысы болатын мемлекеттік құрылыс болмайды. Мемлекетте қандай да жоғарғы биліктің болуын шынында да қажет деп есептейтін адамдар бар; бірақ, дейді олар, мұндай билік бір адамға немесе бір жиналысқа тиесілі болуы тиіс деген қағидадан оның тұсында барлық азаматтар құлдар деген қорытынды шығады.

Олар мұндай салдардан мемлекеттің жоғарыда көрсетілген үш түрінің қоспасы болатын, бірақ сонымен бірге олардың әрқайсысын жеке алғанда олардан өзгешеленетін мемлекеттің орташа бір ахуалына сүйеніп құтылуға болады деп біледі; мұндай құрылысты олар мемлекеттің үш түрінің қайсысы басқалардан басым болатынына қарай аралас. монархия, аралас аристократия немесе аралас демократия деп атайды. Мысалы, егер мансап иелерін тағайындау және соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешу корольге, сот — шонжарларға, ақшалай салық салу — халыққа, заңдарды қабылдау билігі – барлық азаматтарға тиесілі болса, онда осындай мемлекетті олар аралас монархия деп атайды. Егер осындай мемлекеттік құрылыс орнату мүмкін болса, ол сонда да азаматтар бостандығының ұлғаюына мүлдем жәрдемдесе алмас еді.

Өйткені, осы өкіметтер келісіп жұмыс істеп тұрған кезде жеке азаматтардың мойынсұну дәрежесі сондай, одан жақсысын тілей алмайсың; бірақ егер осы келісім тоқтатылса, онда азаматтық соғыс туындайды да, жеке тұлғаларда семсер құқығы қалпына келеді, бұл өкіметке қандай да бір мойынсұнудың бәрінен жаман. Айтпақшы, алдыңғы тараудың 6­12 тармақтарында жоғарғы биліктің осы секілді бөлінісін іске асыру мүмкін емес екендігі анық дәлелденген. Көп адам өкіметті бөлмеген жөн дейді, бірақ оны жұмсартып, белгілі шеңбермен шектегісі келеді. Іс жүзінде бұл бір нәрсе, дегенмен өкіметті бөлуге болмайтынын түсінетіндер, әйтсе де, оны жұмсартып, шектегісі келеді.

Читайте также:  НАУРЫЗБАЙ БАТЫР ҚҰТПАНБЕТҰЛЫ

Мен корольдер ғана емес, жоғарғы билікке ие жиналыстар да өз жауыздықтарын жұмсартқысы келгенін және өз парызы жайында толғанғанда жаратылыстық және құдай заңдары шегінен шығып кетпеуін қалар едім. Бірақ жаңа ғана келтірілген пікірді ұстанатын адамдар жоғарғы билеушілерді шектеп, оларды басқа адамдардың мәжбүрлеу қарекеттеріне бағындырғысы келеді, ал бүл мүмкін емес, өйткені өкіметті шектеуге тиіс адамдар өкіметтің белгілі бір бөлігіне ие болуға тиіс, соның аркасында билік бөлінген болады, бірақ шектелген болмайды.

Оставить комментарий