Мемлекеттің ыдырауының ішкі себептері

Осы кезге дейін біз мемлекеттердің қандай себептермен және қандай келісімдер пәрменімен орнатылатынын, сондай­ақ билеушінің азаматтар жөніндегі құқықтары қандай екенін айттық. Енді біздің мемлекетті ыдырататын себептер, басқаша айтқанда, бүлік себептері туралы қысқаша айтуымыз қажет. Жаратылыстық денелердің қозғалысында үш сәтті айыра білу керек, атап айтқанда: ішкі бейімділік, соның арқасында осы денелер қозғалыс жасауға қабілетті болады; сыртқы агент, соның арқасында іс жүзінде белгілі бір қозғалыс болады; ең соңында қарекеттің өзі. Осы секілді, азаматтар бүлік шығаратын мемлекетте қаперге алынуы тиіс үш элемент бар. Біріншіден, тыныштыққа қас және адамдарды бүлікке бейімдейтін ілімдер мен нәпсілер; екіншіден, қолына қару алуға, бүлікке бейім адамдарды көндіретін, шақыратын және бағыттайтын адамдар; үшіншіден, нәтижесінде осының бәрі жасалатын тәсіл, басқаша айтқанда көтеріліс актысының өзі.

Бүлікке бейімдейтін ілімдердің біріншісі былай дейді: жамандық пен жақсылықты айыру құқығы жеке адамдарға тиесілі. Жақсылық пен жамандықты, әділет пен әділетсіздікті, адал мен арамды ажырататын ережелер шындап келгенде азаматтық заңдар; сондықтан заң шығарушы белгілегеннің бәрін жақсылық, ол тыйым салғанның бәрін – жамандық деп санау керек. Ал мемлекетте жоғарғы өкімет тиесілі адам не жиналыс әрдайым заң шығарушы болып табылады; басқаша айтқанда монархияда заң шығарушы ­ монарх… Сондықтан жақсылық пен жамандық арасындағы айырмашылықты король белгілеуі керек және король дегеніміз дұрыс істейтін адам; корольге оның бұйрықтары әділ болған кезде ғана бағыну керек және т.с.с. деп кесіп айтатын адамдардың пікірі (күн сайын айтылса да) әділ емес. өкімет орнатылғанға дейін әділетті және әділетсіз нәрсе жоқ, өйткені бұл екеуінің де табиғаты бұйрыққа тәуелді, ал кез­келген қарекет өзінің табиғатынан бейтарап, яғни әділетті де емес, әділетсіз де емес. Ол әмірші құқығын жүзеге .асыру нәтижесінде әділетті немесе әділетсіз болады. Сондықтан заңды корольдердің әмірі олар бұйыратын нәрсенің бәрін әділетті қылады, ал олардың тыйымдары олар тыйым салатын нәрсенің бәрін әділетсіз етеді. Егер жеке кісілер жақсылық пен жамандықты ажырату құқығын өзіне телігісі келетін болса, бұл олардың корольдерге ұқсауға талпынғаны, бірақ бұл мемлекеттің тұтастығын сақтаумен сыйыспайды.

Читайте также:  Орал әуежайында канадалық ұшаққа таныстырылым жасалды

Бүкіл Құдай әмірінің ең байырғысы былай дейді: жақсылық пен жамандықты танып­білу дарағынан дәм татпа» (Болмыс. 11.17). Ібіліс сіңірген ең байырғы әзәзілдік мынадай: «сендер оның дәмін татсаңдар, көздерің ашылатынын, Құдай секілді жақсылық пен жамандықтың не екенін ажырата алатындарыңды Құдай біледі» (Болмыс. III, 5); Құдайдың адамға ең алғашқы кейісі мынадай: «Тыр жалаңашсың деп кім айтты саған? Мен саған дәм татпа деп бұйырған ағаш мәуесін жегенбісің?» (Болмыс. III, 11). Құдай мынаны айты келгендей: дүниені жаратқан кезде мен берген жалаңаштығыңды, мен ұят пен ұятсыздық арасындағы айырмашылықты білуден сені мүлдем мақұрым қалдырсам, сен қалай ұят деп санайсың? I… 15. Жоғарғы өкіметті бөлуге болады дейтін пікір сенімсіз. Сондай­ақ Жоғарғы өкіметті былай бөлетін адамдар бар: соғыс кезінде де, бейбіт кезде де өкімет бір адамға (оны монарx деп атайды) беріледі, ал ақша жинау құқығы оған емес, басқа біреуге беріледі.

Бірақ ақша дегеніңіз соғыс пен бейбітшілік жүйкесі болғандықтан, өкіметті осылай бөлетін адамдар оны бөліске салмайды, оны басқаша атап, ақша жұмсаушының қолына береді. Егер олар өкіметті шынымен бөлетін болса, онда мемлекет қирайды, өйткені керек кезде ақшасыз соғыс жүргізуге де, қоғамдық тыныштықты сақтауға да болмайды. 6. Сенім мен әулиелік парасат күш­жігер арқылы емес, табиғаттан тыс түрде алынады дейтін пікір сенімсіз. Бұл ілім жақсылық пен жамандық арасын айыруды жеке адамдардың жасай бастауына апарып соқтырады, мемлекеттің жойылып кетуін қаламасаң, бұған жол беруге болмайды. Бұл пікірдің христиан әлемінде кең таралғаны соншалық, жаратылыстық парасаттан бас тартушыларға сан жетпейді дерлік. Оны Қасиетті кітаптан толып жатқан қасиетті сөздерді тауып алып, оларды қалауынша байланыстыруға әккі болып алғаны соншалық, өздерінің бәлду­батпақ сөздер! білімсіз адамдарға Құдай сөзіндей болып көрінетін ақымақтар таратады; ол сөзді ешқандай негізсіз құдай сөзіндей көретіндерге қажетіне қарай сөйлеп тұрған адам жоғарыдан рухтандырылған секілді елестейді. 7. Жекелеген азаматтарға меншік құқығы яки олардың меншікті нәрсесіне абсолютті үстемдік құқығы тиесілі дейтін пікір сенімсіз.

Читайте также:  ҚАЗАҚ АЛФАВИТІН ЛАТЫН-АҒЫЛШЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУДІҢ ЖАҢА НҰСҚА

Халық пен адамдар бұқарасы арасындағы айырмашылықты білмеу бүлікке итермелейді. Ақыр соңында, мемлекеттік, әсіресе монархиялық басқаруға жұрттың халықты адамдар бұқарасынан анық айыра білмеуі қауіп төндіреді. Халық біртұтас нәрсе, ол біртұтас ерікке ие, оған біртұтас қарекет теліне алады. Бұқара туралы ондай ештеңе айта алмайсың. Халық кез­келген мемлекетте билік жүргізеді; ол тіпті монархияда да әмір етеді, өйткені онда ол оз еркін бір адамның еркі арқылы білдіреді. Ал бұқара азаматтардан, яғни бодандардан құралады. Демократия және аристократия кезінде азаматтар бұқара болып табылады, ал олардың жиналысы — халық. Ал монархия кезінде бодандар бұқараны құрайды, ал халық, дегеніңіз ­ король (қаншалық оғаш болса да).

Қара халық пен болмыста орын алып отырған нәрсеге өте аз көңіл бөлетін адамдар әрқашан адамдар саны коп болса, соны халық, яғни мемлекет дейді. Олар мемлекет корольге қарсы көтерілді (бұл мүмкін емес) және мыжың да міңгірлегіш адамдар бір нәрсені қаласа немесе қаламаса, соны халық қалайды немесе қаламайды дейді де, халықтың атын жамылып, азаматтарды мемлекетке қарсы, яғни бұқараны халыққа қарсы қояды. Азаматтар сеніп қалып, бүлікке арандатудың оңай олжасына айналатын пікірлердің барлығы дерлік осындай. Және әрбір мемлекетте жоғарғы өкімет иелерінің ұлықтығын құрметтеу қажет к езде, бұл пікірлер өзінің табиғаты жағынан қорлау болып табылады.

Әділ және қажетті болса да, шектен тыс салықтар бүлікке итермелейді. Адам ақылының толқуына көбінесе кедейшілік, немесе едәуір өмір сүру үшін қажет нәрсенің жеткіліксіздігі бәрінен көп жәрдемдеседі. Байлық еңбек арқылы табылатынын және қайыршылық арқылы сақталатынын білмейтін ешкім болмаса да, барлық кедейлер әдетте олардың қайыршылығына өздерінің жалқаулығы мен ысырапшылдығы кінәлі емес, осындай ахуалға мемлекеттік алым­ салықтар салдарынан тап болдық деп біліп, үкімет кінәлі деп ойлайды. Алайда адамдардың мынаны түсінуі керек: жоқ­жұтаң күн көру үшін жұмыс істеп қана қоймай, жұмыс істеу мүмкіндігі болу үшін соғыс жүргізу де қажет.

Читайте также:  ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ

Ездра заманында Иерусалим қабырғасын көтерген әрбір еврей бір қолымен жұмыс істеп, екінші қолымен семсер ұстаған. Және әрбір мемлекетте семсер ұстаушы қол король немесе жоғарғы жиналыс екендігін, азаматтардың еңбегі осы қолға нәр беруге тиістігін, өйткені соның арқасында ғана әркім өзінің төл дәулетін қамтамасыз ететіндігін түсіну қажет; шынында да, алымдар мен салықтар п н е нәрсе емес, жеке адамдардың еңбегін жаудың шапқыны үзбес үшін қолына қару ұстап сергек тұратындарға берілген ақы. Және өзінің кедейшілігін қоғамдық алым­салықтарға теліп, үкімет үстінен шағым айтатындар қарызымды төлеймін деп мал­мүлкімнен айырылдым дейтін адамдар секілді әділетсіздікке барады. Бірақ адамдардың коп бөлігі бұны түсінбейді. …Мемлекеттің бүкіл салмағы өздерін езіп­жаншиды деп білетіндер көтеріліске дайын; дәл бүгіндері ауыр күйге ұшырағандар төңкеріске бейім екені анық қой. 10. Көтеріліске атаққұмарлық итермелейді.

Мемлекет үшін қауіпті тағы бір рух дерті бос уақыты жетіліп­ артылатындықтан, сый­құрметті аңсайтын адамдарды қамтиды. Сый­ құрмет пен танымалдыққа табиғатынан барлық адамдар, әсіресе өмір үшін қажетті нәрсе жайлы қам жемейтіндер ұмтылады… Олар ақылым мен білімім ең маңызды істерді басқаруға жетеді деп санайды… Олар төңкерістерге сылтауды жатпай­тұрмай іздейді. 11. Бүлікке табысқа деген үміт итермелейді. 12. Бүлікке қоздыру үшін қажет күні кемеңгерліктен ауылы алыс ділмарлық. 13. Тобырдың ақымақтығы мен атаққұмарлардың ділмарлығы мемлекеттің қирауына қалай жәрдемдеседі.

Ақымақтық пен ділмарлықтың мемлекетті құлатуға қатысуы кезінде Фессалия патшасы Пелийдің қыздарының өз әкесіне қарсы Медеямен сөз байласқандағы (аңызда айтылатындай) қарекеттерін еске түсіреді. Қартты қайта жасартамыз деген үмітпен олар, Медеяның кеңесі бойынша, оны кескілеп тастап, пісіруге отқа қояды да, оның тіріліп кетуін бекер күтеді. Дәл солайша адамдар бұқарасы Пелийдің қыздары сияқты ескі мемлекетті жаңартуды қалап және, Медеяның сиқыршылығы секілді, атаққұмарлардың ділмарлығымен арандатылып, бұл мемлекетті партияларға бөледі де, өздерінің ақымақтығымен шындап қайта құрудан гөрі, көбінесе өртеп жібереді.

Оставить комментарий