Мемлекеттік дума: мәні және қызметі. Мемлекеттік Думаның мәні мен мазмұнын түсіну үшін оның саяси өмірдегі қажеттіліктен туындағанын ескеру керек. Ресей Мемлекеттік Думасының өмірге келу мұқтаждығы өзінен өзі өсіпжетіліп келе жатты. Бірақ оның түпкілікті орнай алмағанын тарихтан білеміз. Ендеше ол қажеттіліктер неден туды. Алдымен соған жауап беріп көрелік. Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалар елдегі халықтың басым көпшілігін құрады. Ал Ресейдің отарындағы қазақ даласының қалыптасқан саясиәлеуметтік болмыс пішіні бұл тұста төмендегідей еді. 1905 жылы қазақ даласындағы барлық халық саны 4442,8 мың болса, оның 10,3 процентін қоныс аударушы шаруалар, 6,3 процентін казактар, 83,4 процентін қазақтар құрады 180 . Яғни қазақ даласындағы ілкі отарлау саясатының салдарынан халық құрамының едәуір өзгергенін көрсетеді. Ресейдің ол шетімен бұл шетіне дейінгі жер жыртып, мал өсірген шаруалар мемлекеттің ең басты тіректерінің бірі, бүкіл елдің азықтүлігін дайындап, күн көрісін қамтамасыз етіп отырған бірденбір әлеуметтік топ болды. Сондықтан империядағы өзгерістерге демократиялық сипат беріп, дамыған елдердегідей патша билігін жоймайақ, Мемлекеттік Дума Ресейдегі сан жағынан ең көп шаруалардың мұңмұқтажын алғашқы кезекке қоймақшы болды. Шаруа үшін жердің ең маңызды мәселе екені әуел бастан белгілі. Сол себепті де Дума өзі өмірге келген сәттен бастапақ бұл мәселені өз назарынан тыс қалдыра алмады. Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды. Патша ағзамның қол шоқпар үкіметі қарапайым халықпен түсінісе алмады, ортақ мәмлеге де келмеді. І Мемлекеттік Думаға сайлау біріншіден, партиялар мен әлеуметтік топтардың қақтығысын туғызды. Сайлау саяси билікке ұмтылған партияларға да либералдық ағым бағытындағы көңілкүйлерге де әскериполициялық қадағалаулар мен қуғындау тұрғысында өтті. 1906 жылы ақпанда Дала генералгубернаторы мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне саяси партияның қандайының қатарына болса да өтуіне тыйым салған бұйрық шығарды. 1906 жылы көктемде осы жағдайларды ескере отырып, большевиктер партиясы Думаға байкот жариялау туралы шешім қабылдады. Өйткені, төңкеріс үшін сайлау компанияларына қатынасудан гөрі саяси күрестің тереңдеп әрі қанат жаюы қажет еді. В.И.Лениннің сөзімен айтқанда «конституциялық болмас іспен жұбатудан (иллюзия), парламенттік ойыннан қауіпті ешнәрсе жоқ» 181 . Думаға деген белсенді байкотты Қазақстандағы социалдемократиялық ұйымдар қолдады 182 . Дума шақыру жөніндегі дайындық және үгіт жұмыстарында бірсыпыра олқылықтар орын алды. Сондықтан да, 1906 жылы 8ақпанда үкімет виттелік дума, булыгиндік думаның кебін кимес үшін арнайы бұйрық шығарады. Онда: Мемлекеттік Кеңес және Мемлекеттік Думаға сайлауға жалпы халықтың қатыспай қоюы немесе сайлауға қарсы әрекеттерге байланысты әкімшілік жаза қолданып, (4 ай мен 8 айға дейін) түрмеге жабу туралы айтылды 183 . Ал Ішкі істер министрі Дурновоны жаңа Думаның тағдыры қатты мазалады. Ол Дала генералгубернаторына былайша ескертті: «По имеющимся в МВД сведением, неблагонадежные элементы крайнего направления имеют намерения обратить преступную деятельность к тому, чтобы всеми способами мешать успешному созыву Государственной Думы. В сих видах революционеры намереваются оказывать свое вредное воздействие на предвыборные и подготовительные собрания. Предлагаю ныне же озаботиться принятием всех зависящих от Вас мер к ограждению порядка, спокойствия и свободы вышеупомянутых собраний…, чтобы все лица, которые возномереваются препятствовать правильному ходу выборов в Государственному Думу, были своевременно подвергаемы задержанию и привлекаемы к уголовной ответственности» 184 . Қазақ зиялылары, жалпы қарапайым халық Мемлекеттік Думаға сайлауға қандай дайындықтармен келді? 1905 жылғы саяси өрлеу, Думаға дайындық Ресей көлемінде, соның ішінде қазақ даласында да түрлі саяси шараларды ұйымдастырумен қатар жүрді. Отаршыл жүйемен күресте қазақ зиялылары басқа ұлт өкілдерімен қатар орыстың демократиялық күштерімен ықпалдасып қимыл жасауды түсініп, бұл шараларға белсене араласын, сол арқылы қазақ қоғамының алдында тұрған мәселелер мен оның шешілу жолдарын айқындауды көздеді. 1905 жылы 613қарашада Мәскеуде Ресей мемлекетінің жергілікті өлкелерден келген өкілдерімен қалалық қоғам қайраткерлері бірігіп съезд өткізді. Олар І Мемлекеттік Думаны Құрылтай жиналысына айналдырудың жолдарын қарастырды. Съезд Ресейдегі әрбір азаматтың ұлтына, тегіне, діни сеніміне қарамастан сайлауға және сайлануға құқықты екендігін мойындауды талап етті. Осы съезге Әлихан Бөкейхан қатысып, қазақ елінің атынан сөз сөйледі. Орал мен Алтай аралығын мекендейтін қазақ деген халықтың барлығын, өзінің сол халықтың перзенті екендігін айтты. «Осында сөйлеген поляк, латыш, малорос өкілдерінің сөзін тыңдай отырып, мен ескі кітапты оқығандай боламын. Бізде де қырғыз (қазақ — Ө.О.) тіліндегі мектептер қуғынсүргінге ұшырауда. Бізді де цензура аямай жаншуда. Мысалы, қазақ тіліне аударылған М.Крыловтың 46 мысалын бастыру үшін цензурадан рұқсат ала алмай сандалғаныма 13 ай өтті. Крестьян начальниктері (көбі бұрынғы ротмистрлер) қазақ тіліндегі істерді қарауға мойын да бұрмайды. 18ақпандағы бұйрықтан кейін қырғыздар жиналып, өз мұқтаждықтарын петицияға түсірген еді. Бірақ почта ол петицияны Петерборға жіберуден бас тартты. Мұнан соң петицияны жақын арадағы (400 шақырым) екінші бір қаладан жібермек болғанымызда, тағы да жаңағы оқиға қайталанды. Бұл да болмаған соң келесі бір (760 шақырым әрідегі) қаладан зорға дегенде жөнелттік. Қазақтың мұқтажы шаш етектен… Сайлау науқанының таяп қалғанын жадымда ұстап, мен әлгінде ғана «съезд жергілікті тілдерді шектеудің барлық түрі тыйылсын деп шешім шығаруы қажет» деген мырзалардың ұсынысын қуаттаймын» 185 деді. Автономистердің съезі осы жылы Петербургте қараша айында өтеді. Бұл съезге қазақтың белгілі саясиқоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлы қатынасып, баяндама жасады. Бұл кезде ол СанктПетербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтының студенті болатын. Мұхамеджан Тынышбайұлы баяндамасында патшалық зорлықшыл тәртіпті ымырасыздықпен әшкереледі. Мұның өзі сол кездегі ең бір батыл әрекет еді. Ол отаршыл үкіметтің «қазақтардың тілін, салтдәстүрін, діни сенімін, жалпы ерекше болмысбітімін қуғындау, тағылық және айуандықпен жазалау арқылы ұлт ретінде жойып, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді тоқтату керектігіне назар аударды. Әр түрлі әкімшілік шаралар, нұсқаулар мен ережелер арқылы қазақтарды заңнан тыс тобырға айналдырып, оларды өздерінің атақонысынан айыру саясатын көздегенін ашына айтып, ендігі уақытта халықта автономдық дәрежеде болса да еркіндік беруін талап етті 186 . Қазақ халқы Мемлекеттік Думаға сайлауға қатынасу құқығына 1906 жылдың ақпан айының соңғы күндерінде ғана мүмкіндік алды. Яғни империяға қараған әкімшілік аумағы бойынша сайлау қазақ даласында ең соңында өткізілді. Егер ол метрополияда үш жетінің ішінде (1906 жылдың 26наурызынан 20сәуіріне дейін) аяқталған болса, І Мемлекеттік Дума таратылған күні Жетісу облысында сайлау әлі өтіп те үлгерген жоқ еді 187 . Ал 1906 жылы 27 сәуірде Мемлекеттік Дума өз жұмысын бастап кеткенде Семей облысында болыстар өз сайлаушыларын енді ғана анықтаған болатын 188 . Негізгі таңдау алдындағы күрес қалаларда болды. Социалдемократиялық бағыттағы үгіт Петропавловск, Ақмола, Семей, Қостанай, Өскемен, Верный және басқа да қалаларда кеңінен өріс алды. Петропавловскіде жергілікті социалдемократтар меньшевиктер өкілін әшкерелеп, қолөнершілер мен қызметкерлердің жиналысына қатынасушыларды революциялық күресті жалғастыруға шақырды 189 . Ал мамыр айында социалдемократтар қалалық дума мекемесінің жанында ашықтанашық РСДРПның сайлаушыларға арнаған үндеуін таратты 190 . Сайлауды өткізбеу жөнінде сайлау компаниясының шешімі шықпай тұрыпақ, үлкен жұмысты Омбы партия комитеті жүргізді 191 . Олар «азаматтар үшін» 2000 дана үндеу таратып, онда «халыққа помещиктердің, чиновниктердің, полиция мен капиталистердің жеке билігі де, Мемлекеттік Кеңес пен Думаның да қажеті жоқ…» 192 делінген. Сайлау мәселесі Қостанай социалдемократтарының шығарған үндеулерінде де көрініс тапты. РСДРПның Оралдағы ұйымы Повольженің большевиктерімен тығыз байланыс орнатып, онда Думаға байкот жариялауға шақырған үндеулер мен үгітнасихат жұмыстарын кең ауқымда ұйымдастырды 193 . Сайлау науқанының қызып тұрған шағында РСДРПның Семейлік бөлімшесі бірнеше кәсіпорында үгіт жүргізіп, жұмысшыларды біртебірте жалпы қалалық ереуіл жасауға шақырды 194 . 1906 жылы қаңтарда Верныйдың социалдемократтары «қала халқына» арнап үндеу жариялады. Үндеуде Мемлекеттік Думаның қалың бұқара мүддесіне қайшы келетін жақтарын түсіндіріп, жалпы жұртшылыққа тең құқықты, төте, жасырын дауыс беру арқылы сайлайтын бүкілхалықтық Құрылтай жиналысын құру үшін күреске шақырды 195 . Социал демократтар жүргізген үгіт жұмысының І Мемлекеттік Дума сайлауын болғызбау жөніндегі ісәрекеттері Ақмола мен Торғай облыстарында сайлауға қатысушылардың белсенділігі өте төмендігімен байқалды. Ереже мен сайлау науқанының беталысы жаңа саясиидеялық бағыт ұстанған партияларды қалыптастыруды тездетті. Алғашқылардың бірі болып кадет партиясының филиалы құрылды — деп жазады сол кездегі тарихи деректер көзі 196 . Ол туралы нақты мынандай дерек бар. 1905 жылдың соңына қарай Орал қаласында өткен бес облыстық (Ақмола, Семей, Торғай, Орал және Жетісу) делегаттық съезі «Қазақ конституциялықдемократиялық партиясын» құру туралы шешім қабылдады 197 . Оралда шығып тұрған «Фікір» газеті оның 9 адамнан тұрған Орталық Комитетінің құрамын жариялады. Олар Б.Қаратай, Т.Бердіұлы, М.Бақыткерейұлы, И.Тоқтамбердіұлы, Х.Досмұхамедұлы, Н.Айтмұхамедұлы, М.Мұқанұлы, Т.Рахымбердіұлы және И.Дүйсембиндер еді 198 . Ал енді қазақ зиялыларының партия құру бағытындағы ісәрекеттері әсіресе 1906 жылы белсенді түрде байқалды. Сол жылы 10маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға депутат сайлайтын қазақ сайлаушыларының 150ден астам адам қатынасқан жиналысы болып өтеді. Жиналыста Павлодар үйезі Сейтен болысының меңгерушісі Темірғали Нұрекен төрағалық жасайды. Ол туралы «Семипалатинский листок»: «Әңгімені Ә.Н.Бөкейхан бастап, ол жиналысты «Народная свобода» партиясының бағдарламасымен таныстырып, отырғандар оған қосылу турасында қаулы қабылдады» 199 — деп жазды. М.Дулатұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да бас пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік пен жолжоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды» 200 — дегенді. Қазақ жастары Ресейдің орталық қалаларында оқып жүріп, қоғам өміріндегі өзгерістерге тығыз араласты. Мәселен, Әлихан жөнінде: «Орман шаруашылығы институтында оқып жүріпақ ол (Әлихан Бөкейхан — Ө.О.) студенттік ортада саясиқоғамдық белсенділік танытты. Марксизм туралы айтыс қызғанда ол экономикалық материализм туралы тезистерді бар күшін салып қорғады» 201 — деп жазды. Кадет партиясын құрушылар осы саяси ұйымға халықты тарту мәселесінде едәуір қызметтер жасады. Өлке халқы өз тарапынан саяси дүниетанымына орай қалаулыларын таңдай білді. Айталық, Ақмолада татар көпестері атынан партияда жоқ молда өтті, Петропавловскіде бір сайлаушы өзін прогрессивтік бағытты жақтайтындығын білдірсе, екінші біреуі өзін өнеркәсіпсауда партиясының өкілімін деп есептеген 202 . Жалпы алғанда, сайлау қорытындысында кадет партиясының үлес салмағы басым болды. 9 қалалық сайлаушылардың 4і социалдемократиялық партияның өкілдері болса, қалған бесеуі басқа саяси көзқарастағы немесе ешбір ағымға кірмейтіндер болатын. Ал енді, кадет партиясының қазақ мүшелерінің көзқарасында қандай мәселелерге басты назар аударылды? Олар бүтіндей Дала өлкесін қазақ елінің меншігі етіп бекітетін заң қабылдаудың қажеттілігін, ішкі Ресейден ағылған шаруаларды қоныстандыруды тоқтатып, байырғы тұрғын халық өкілдеріне теңдік беру һәм ана тілінде ұлттық білім ошақтарын (мектеп, медресе, университеттер) ашу сияқты патша әкімшілігіне жазылған петицияларда көтерілген талап тілектері қамтылған 203 . Қазақ конституциялықдемократиялық партиясы бағдарламасынан байқалғанындай жалпы ұлттық, демократиялық сипаттағы мүддені көздеген. Тарихта орын алып келгендей қазақ конституциялықдемократиялық партиясын ресейлік кадеттер партиясының жай филиалы немесе ұлттық буржуазияның таптық мүддесін мұрат еткен ұйым есебінде көрсету дұрыс емес. Әрі бұл тұста олардың ресейлік кадеттермен байланысын жоққа шығара алмаймыз. Бұл алғашқы саяси ұйым отарлық езгіге қарсы бұқара халықтың бостандық пен еркіндігіне барар жолдағы ұлттық, демократиялық мұраттарды көздеген дербес төл партия құру әрекеті ретінде бағалануға лайықты. Шаруа таңдаушыларының қатарына кімдер кірді деген мәселеге тоқталайық. Мәселен, Ақмола облысы бойынша ауыл мен деревняларда революциялық үгіттің жағдайы нашар болатын. Өкімет тарапынан болған қуғынсүргіндер, әскери жағдайлармен қатар жергілікті социалдемократтардың қатарының да аздығы өз әсерін тигізді. Ақмола облысында ауыл тұрғындары арасында конституциялықдемократиялық партия белсенді қызмет жасады. Омбы кадеттерінің арасында кең тараған «Степной голос» былай деп жазды: «местных интеллигентных силах лежит трудная, но почетная, обязанность приложить все усилия к тому, чтобы выборы в Государственную Думу во всех стадиях проходили не только вполне сознательно, но и дали бы заранее определенные результаты» 204 . Аты аталған газет кадеттердің бағдарламасын, әсіресе аграрлық мәселе бойынша ерекше тоқталып: «Кім Отанына игілік жасағысы келсе, сол сайлау кезінде «Народная свобода» партиясын қолдау керек» 205 — деп шақырды. Сондайақ, кадеттер большевиктердің Дума жөніндегі тактикасына қарсы ұсақ буржуазиялық саяси ағымдарды сайлау науқаны алдындағы күреске бірігуге шақырды 206 . Шаруалар оларды қолдамады. Үйездердегі жиналыстарда шаруалар партияда жоқтар тобынан көрінді. Сайлаудың соңғы сатысында Ақмола облысында халықтың басым көпшілігінің сайлауға қатыспау себептерін кадеттердің кесірінен деп ұғындырылды. Ал кадеттер болса, оны қоғам өміріндегі қалыптасқан қиыншылықтардан, халықтың Думаға, сондайақ «Народная свобода» партиясына сенімсіздігінен деп түсіндірді 207 . Кадеттердің жеңілуіне тағы да бір ықпал еткен жағдай ол төңкерісшіл социалдемократиялық партияның белсенді ісқимылы болатын. Әйтсе де, жергілікті социалдемократиялық күштердің тыңғылықты ұйымдаспауы да өз нәтижесін көрсетті. Думаға меньшевиктік бағытты жақтаушылар да енген еді. Өзінің бастапқы саяси күрес кезеңінде самодержавиелік билікті, оның отарлау саясатын өткір сынға алып, оған қарсы ашық та пәрменді оппозициялық күшке айналған «Народная свобода» партиясы жағында болу Әлихан Бөкейхан және басқа қазақ зиялыларына тактикалық тұрғыдан белгілі бір уақытқа дейін тиімді көрінгені тарихи шындық. Ол туралы Әлихан Бөкейхан 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «…Біздің қазақ орыстың түзу жолда жүргендерінің отына жылынып келген, империялық жүйе жағдайында «қазақ сияқты аз, кем жұрт мақсаты біреуге ілесіп жүріп болады. Өз бетімен қазақ жол аша алмайды» 208 — деп жазған еді. Торғай облысының сайлау науқанын шаруалар ашты. Олар жалпы 56 сайланушыны таңдау керек болды. Оның 47і орыны Қостанай үйезіне, қалғандары Ақтөбе, Торғай, Ырғыз үйездеріне бөлінді. Әсіресе сайлау Қостанай үйезінде қызу жүрді. Онда жергілікті билікке сүйенген кулактар өздеріне пайдалы үміткерлерді сайлауға жіберуге ықпал етпек болды. Бірақ ауыл кедейлері тарапынан бұл пиғыл үлкен қарсылыққа ұшырады. Басқа үйездерде көпшілік сайланушылардың құрамы қатардағы шаруалардан тұрды. Социалдемократтардың шаруалар қауымына ықпалы әр жерде әрқалай болды. 1906 жылы 30сәуірде Қостанай үйезінің Успенск болысының шаруалары патша үкіметінің заңына қарамастан Думаға екі депутатты таңдап, ашық сайлау жүргізді 209 . Қостанайлық мещандар шаруалармен және басқа да қоғам өкілдерімен біріге отырып, төмендегідей талаптілектер қойған: саяси тұтқындарға амнистия жариялау, өлім жазасын жою, аграрлық мәселені шешу, т.б. 210 . Кейбір жерлерде шаруалар тіпті сайлауға қатысудан бас тартқан. Кадеттер жержерлерде шаруалардың назарларын өздеріне аударуға тырысып бақты. Қазақ зиялыларының кадеттер партиясының тұғырнамасына жақын болуының бір себебі дін мәселесімен де байланысты. 1905 жылы Ресейдің мұсылман дініндегі халықтары арасында отарлық езгіге қарсы саяси одақ қалыптаса бастады. Әрі ол діни сипат алды. 19051906 жылдары мұсылмандардың бүкілресейлік үш съезі өтті. Үкімет орындарының келісім бермеуіне қарамастан, Петербургке 1523қаңтар аралығында ІІ бүкілресейлік мұсылмандар съезі «Ресей империясының мұсылмандарын жалпы мемлекеттік мүддеге орай, сондайақ патшалықтың күнделікті жағдайымен және болашақта тізе қосып қимыл жасау үшін бір саяси партияға бірігуге үндейтін» жарғысын бекітіп, «Мемлекеттік Думаға депутат сайлау мерзіміне дейін тым аз уақыт қалуына байланысты ішкі губерния мұсылмандарының осы сайлау науқанында «Конституциялықдемократиялық партиямен» ынтымақтаса әрекет жасауға шақырған ұсынысын қуаттаған қаулы қабылдады» 211 . Қазақ зиялылары саяси күрестегі діни фактордың рөлінің маңыздылығын түсінді. Соны есепке ала отырып енді ғана саяси күрес жолына түсе бастаған олар басқа халықтармен ынтымақтасып, одақтасуды дұрыс деп тапқан болатын. Торғай қаласы мен облысы көлеміндегі сайлау науқанында әлеуметтік топтардың, һәм партиялар арасындағы қызметі белсенді түрде көрінді. Ол туралы «Тургайская газета»: «Қостанай қаласының жұртшылығы сайлау науқанына қатысты… әлі күнге дейін соның белгісі сайлаушыларды шақырған түрлітүсті афишалар, әр түрлі партиялардың ұрандары үйлердің қабырғалары мен қақпаларында сақталған» 212 — деп жазды. Патша заңдарының халыққа қарсы бағытталған тұстары қалың бұқараның кейбір әлеуметтік тобына өзінің тиімділігін байқатты. Сайлау науқанының алғашқы сайысында Торғай қаласы мен облысында Қостанайдың 10 сайланушысының 4еуі саудагер, 4еуі мещандар болды. Олар жалға жер алып, адамдар жалдап өңдеп, өнім өндірушілер болатын. Қалған біреуі — молда, соңғысы — мещан старостасы. Ақтөбелік таңдаушылардың (выборщики) бірі — үйездік басқарма қызметкері, екіншісі — судья болса, Торғай мен Ырғыз үйездері саудагерлерді сайлады 213 . Сол кездегі құжаттар көрсеткендей барлық таңдаушылардың қандай партияның мүшесі болғаны жөнінде нақты деректер жоқ. Дегенмен де, таңдаушылардың көпшілігіне кадеттер идеологиясының әсерін байқау қиын емес. Сол кезде Торғай облысы әскери губернаторына Ақтөбе үйезінің шаруалар жетекшісі былай деп жазды: «Жергілікті халық арасында конституциялықдемократиялық партияның бағдарламасы кең тарады… Мемлекеттік Думаға осы партияның атынан үміткерлерді сайлау жөнінде үгіт жүргізіп бастады» 214 . Алайда, сайлау қорытындысында кадеттер ықпалының өте жоғары деңгейде болмағанын көрсетеді. Облыстық сайлау комиссиясының көрсетуі бойынша сайлау жиналысына келген 57 таңдаушының, 31і өз дауыстарын «Народная свобода» партиясын жақтаушы Н.Дыхничқа берген 215 . Халықтың неғұрлым демократиялық ойпікірге жақын тобы жергілікті өкімет тарапынан тікелей қысым көрді». Қостанай қаласының сайлаушылары сайлау науқанына наразылықтарын былайша білдірді: 1. Сайлау негізінен жергілікті әкімшіліктің ықпалымен, түрлі қасақана бұрмалаулармен өтті; 2. Полиция кандидатты қорқыта отырып, оларды тізімге кіргізді. 3. Кандидаттар әкімшілік тарапынан әлдеқайда бұрын тағайындалды; 4. Сайлаушылар тізіміне өлгендер де еніп кеткен; 5. Әкімшілік қараңғы халықты өздеріне қажет кандидатты жазуға мәжбүр етті… ерікті сайлау болған жоқ, әкімшілік зорлығы болды. …Ескі тәртіптің нышаны айқын сезіліп тұрды 216 . Осы тәріздес өкімет тарапынан болған бассыздыққа орай Торғай облысының басқа жерлерінде де арызшағымдар түсіп жатты 217 , облыстағы сайлаудың нәтижесінде қазақ ұлтынан депутаттыққа Ахмет Бірімжан өтті. Семей қаласында 1906 жылы қаңтарда «Народная свобода» партиясының бөлімшесі құрылды. Сайлау алдындағы 1906 жылғы 7мамырдағы мәжілісте кадеттердің бағдарламасы оқылып, талқыланды. Мамыр айының екінші жартысында кадеттер жеті мәрте жиналыс өткізді.
Оставить комментарий