МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУДАҒЫ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ

Мемлекеттік қызмет,кең мағынада,қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда, мемлекеттік үкімет органдарында, кәсіпорындарда,мекемелерде,өзге де ұйымдарда атқаратын қызметі; қысаң мағынада- бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін тек мемлекеттік органдардағы атқару қызметі. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы қысаң мағынада берілген.Онда мемлекеттік қызмет,- делінген,- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Аталған заң – мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың қалыптасуы үшін құқықтық негіз болған бірден бір құқықтық акт. Заң «мемлекеттік лауазымның ұғымын пайдалануға енгізді, мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын топтар мен санаттарға бөлуді белгіледі, мемлекеттік қызмет пен мелекеттік қызметшінің ұғымын айқындады,мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайының негізін,мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін белгіледі және мемлекеттік қызмет қатынастармен байланысты бірнеше өзге де мәселелерді реттейді. Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Конституция, жоғарыдағы аталған Заң, республиканың өзгеде нормативтік – құқықтық актілері жатады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың Еңбек туралы заңдар кодексімен және де заңнамалармен реттеледі.[1] Соңғы он жылдың бедерінде Қазақстанда мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан реформалар,дамыған мемлекеттердің кадрларды басқару тәжірибесін саралаудың өзектілігін арттыруда.Оған қоса еліміздің Президентінің биылғы Жолдауында Қазақстанның әлемдегі дамыған және бәсекеге қабілетті ең алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылу қажеттігін алдымызға мақсат етіп белгіленді.Демек,Қазақстанды алда әлеуметтік-экономикалық және саяси-демократиялық жандандырудың жаңа дәуірі күтіп тұр. Басқарудың мемлекеттік әкімшілік жүйесі дамыған елдерде олардың мемлекеттік қызмет институттарын ұтымды ұйымдастырумен,шенеуніктердің кәсіпқойлығы мен құзіреттілігі және көп реттерде олардың қызметін бақылаудың жақсы жолға қойылғандығымен айқындалатын жоғары тиімділігімен ерекшеленеді.Сондықтан да Қазақстан үшін басқару саласында едәуір нәтижелерге қол жеткізген АҚШ,Германия,Ұлыбритания,Франция,Жапония сияқты мемлекеттердің тәжірибесі ерекше қызығушылық танытады. Дамыған елдердің мемлекеттік басқару саласында,кадр әлеуетін басқару мемлекеттік басқару теориясында да іс жүзінде басым бағыт болып табылады.Мемлекеттік қызметті реттейтін заңнамалар экономикада,саясатта және әлеуметтік салада болатын ауытқулардың әсерінен өзгерістерге ұшырап,толықтырылып отырады. АҚШ,Ұлыбритания,Жапония,Францияда заманауи мемлекеттік қызметтің негізі мәселен бізден бір ғасырдан астам уақыт бұрын қаланған.Бұл барлық дамыған елдерде мемлекеттік қызметтің іргетасының қаланып,керегесін тіктеу процесінің ұзақ уақыттар бойы жүретіндігін көрсетеді.Шетелдерде мемлекеттік қызметпен және кадр саясатымен айналысатын,шенеуніктердің жұмысын қадағалайтын,үміткерлерге іріктеу жүргізетін олардың кәсіби деңгейі мен қызмет ету нәтижесін бағалайтын арнайы құрылым айналысады.Дамыған мемлекеттердің кадр қызметтері өз қызметінде ұйымдағы басқару тәсілі,жұмысшылардың біліктілігі,олардың тәртібі,жаңалық пен өзгерістерге әсерін ұдайы талдап,зерттеп,жетілдіріп отырады.Заңдармен айқындалған,қатаң сақталатын іріктеу,көтермелеу және шенеуніктерді жазалау процедуралары мемлекеттік басқарудың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.Мемлекеттік қызметшілермен жұмыс істеу жүйесі: лауазымдық міндеттерін сапалы атқаруы,персоналдың шұғыл шешім қабылдай білуі,кәсіптік деңгейі сияқты көрсеткіштермен бағаланады. 226 Халықаралық тәжірибені саралау нәтижесі негізінен әлемде екі анық белгіленген мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасқандығын көрсетеді – бірі мансаптық жүйе – Германия,Жапония,Австрия елдерінде қалыптасса,келесісі позициялық модель – Ұлыбритания,АҚШ,Канада елдерінде қалыптасқан.Мансаптық жүйенің елеулі ерекшеліктері болып – мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу арқылы ең төменгі лауазымға орналасудан бастауы,қызметке өмір бойына тағайындалуы (саяси қызметтен басқасына),ішінара қызметте мансаптық өсу,мамандарды мақсатты оқыту,кәсіпқойлықтың жоғарғы деңгейі,сақтанымпаздық және бюрократтық иерархия элементтерімен қамтылғандығы саналады.Позициялық жүйеде – қызметке орналасу және кез келген қызметке көтерілу конкурстық іріктеу арқылы жүргізіледі (саяси қызметтен басқасы),мұнда едәуір ықшамдылық,қызметке жеке сектордағыдай келісімшарт арқылы алу,карьерада тұрақсыздық элементтері басым. Екі жүйеде де олардың белгілі бір ауытқуларына қарамастан олардың тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар шарттарында ұқсастық бар.Бұл мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік деп бөлінуі,саяси процестердің мемлекеттік аппараттың кадр құрамына әсерінің шектеулілігі,сонымен қатар мемлекеттік билік органына кәсіпқойларды тартуға кепілдік беретін қызметке орналасудағы іріктеу.Шетелдердің мемлекеттік қызметшілерінің корпусын қалыптастыруы мәселесіне үңілсек,АҚШ,Германия, Жапония, Франция елдерінде – жас элита мамандарды мақсатты бағытталған тәрбиелеу жолымен қалыптастыратындығын аңғартады. Болашақ шенеуніктерді дайындау,мемлекеттік аппараттың түрлі құрылымдарында олардың қызметіне баға беріле отырып,үздіксіз тәжірибе алмасудан өтетіндігімен ерекшеленеді.Мәселен,Германияда үміткер іріктеу емтиханынан өткеннен соң екінші рет емтихан тапсырады.Одан кейін орта деңгейдегі басшылық лауазымда үш жылдық сынақ қызметін атқарады,егер де оның қызметіне оң баға берілсе,онда басшылық лауазымды тұрақты негізде атқаруға есепке алынады. Францияда қызметке іріктеу жүргізу конкурс емтиханын тапсыру барысында байқалатын бір ғана критерий:жүктелген міндетті орындай алу қабілетіне сәйкестігі негізінде бағаланады.Конкурс жазбаша және ауызша емтиханнан тұрады,нәтижесінде үміткердің мәдениеті,білімі,өз ойларын логикалық тұрғыдан жеткізе білуі сараланады.Конкурстық комиссия мүлткісіз адал құзіретті мамандардан жасақталады және әкімшіліктің ешқандай әсері болмайды. Жапонияның мемлекеттік қызметшілерінің кадр әлеуетін пайдалану тәсілі тиімді және өзіндік ерекшелігі бөлек.Жапонияның мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі:өмір бойы жалдау,кадр ротациясы,жұмыс орнында оқыту,еңбекақы,т.с.с. басты критерийлерді қолдану арқылы мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсіпқойлығына,икемділігіне және олардың жауаптылығына қол жеткізуінде.Мұндағы әрбір критерий бір-бірін толықтыра отырып,қызмет атқарудың шарттары мен негізі болып табылады.Нәтижесінде еңбек ынталандырылуы артып,жоғары әлеуетті шенеуніктерді даярлауды қамтамасыз ететін және олардың шығармашылық,интеллектуалдық қабілеттерін арттыратын орта қалыптасады. Қазақстан үшін АҚШ-тың мемлекеттік қызметке мамандарды іріктеу тәжірибесі актуальды және тиімдірек болып табылады.Іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:басшылар үшін арнайы оқу бағдарламаларынавн табысты өту,басқару тәжірибесі және кәсіби машықтарының болуы.Барлық кандидаттар ғылыми-зерттеу орталықтарының,мемлекеттік билік органдарының және жеке компаниялардың ең тиімді қызмет атқаратынының жұмысын зерделеу негізінде,сонымен қатар персоналдарды басқару саласының мамандарынан және мемлекеттік қызметшілердің өздерінен түсетін ұсыныстар негізінде жасалынатын басқарушылық құзіреттілігі моделіне сәйкес бағаланады. Бұл модель басқарудың барлық деңгейі үшін ортақ және әлеуетті лидерлерді анықтау,оқу бағдарламаларын жасау,басшылардың кәсіби даму жоспарын құру үшін методикалық негіз болып табылады. 227 Реформалауда озық нәтижеге қол жеткізген елдердегі мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жалпы деңгейі,жеке сектордағы бірдей еңбекке сәйкес еңбекақы төлеу қағидасы болып табылады.Бұл қағидаға сүйену шенеуніктерге абыройлы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етіп,мемлекеттік аппаратта кәсіби мамандардың тұрақты қызмет атқаруына ықпал етеді. Мәселен, Жапонияда персонал ісі жөніндегі басқарма жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы деңгейін өндірістік сектордағы жұмысшылардың еңбекақысымен салыстырып,зерттеп отырады. Шетелдердегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін арттыру мәселесіне келсек – көп жағдайда оларды үздіксіз оқыту дәйекті,қатал және тиімді жүйені сипаттайды. Оқытудың жалпы бағыты білімді беру ғана емес,әрбір шенеуніктің нақты қызмет дәрежесіне сәйкес ойлау қабілеті,машықтары,құзіреттілігі және тәртібіне байланысты болады.Осыған сәйкес біліктілікті арттыру мерзімінің басым көп уақыты нақты тәжірибемен танысуға,оқытудың белсенді тәсілдеріне жұмсалады.[2] Бүгінгі күні еліміздің мемлекеттік қызметі интенсивті қарқында дамуда.Әрине,техникалық және экономикалық прогрестің өсуіне сәйкес оның ұйымдастырушылық тетіктерінің де дами түсетіндігі заңды құбылыс.Қазақстанда мемлекеттік қызметтің қалыптасуы салыстырмалы түрде алғанда соңғы 10 жылдың бедерінде ғана басталды,дегенмен де ол серпінді дамып,қарқын алып келеді.Демек,бәсекеге қабілетті ең үздік 50 мемлекеттің қатарына ену үшін Қазақстанда заманауи мемлекеттік қызметшілердің корпусын басқарудың тиімді моделін жасауда әлемдік тәжірибелерді саралаудың маңызы өте зор және аса қажет деп санаймын.[3] Қоғам – адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны,соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп,тұтынылып және айырбасталып жатады,осының өзі белгілі бір тәртіпті,адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған,өз мүшелерінің мінез-құлқын басқарудың,реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады. Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек,оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге,оның тіршілік етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс.Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор.Орасан зор материалдық,адам,ұйымдастыру ресурстарына,саяси-идеологиялық потенциалға,басқарудың,реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете отырып,мемлекет экономикалық,әлеуметтік,рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп,тұрақтылық пен тәртіпке қол жеткізуге,қоғамда қажетті моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады.Мемлекеттің жоғарыда аталған мүмкіндіктерінің қоғамға барынша пайда келтіретіндей етіп жүзеге асырылуы аса маңызды. Алайда кейде мемлекеттің қоғамға масыл болатын жағдайы да кездеседі,қоғамға зиян және түгелдей орны толмайтын залал келтіре отырып,оның дамуына теріс роль атқаруы мүмкін.Мемлекеттің қоғамға теріс ықпалының мүмкіндігі аса зор болғандықтан оның қоғамды деформациялау сияқты салдары да болуы мүмкін.Мысалы,фашистік және басқа тоталитарлық мемлекеттердің қоғам дамуындағы ролі шын мәнінде қатерлі болып шықты: экономиканың милитаризациялануы,демократияның дамымауы,жеке адамның құқығының аяққа басылуы,полицияның зорлық-зомбылығы,жаппай заңсыздық – міне осының бәрі қоғамның табиғатын бұрмаламай тұра алмады,оған теріс бағыт берді.[4] Сол себептен мемлекеттің қызметі әрдайым тек игі істерге ғана бағытталуы тиіс.Мемлекетте ешқашан заңға қайшы келетін әрекеттерге,жемқорлыққа жол берілмеуі қажет.Сонда ғана мемлекет алға жылжып,бәсекеге қабілетті ең үздік 50 мемлекеттің қатарына ену мүмкіндігі туады.

Читайте также:  Экономическая концентрация как фактор монополизации экономики

Оставить комментарий