Мемлекеттік жинақ мағынасы туралы

Жер бетіндегі патшалықтардың асқақтаған да, құлдыраған да дәуірлері болған, және әрбір дәуірде басқару салты азаматтық кемелділіктің мемлекет тұрған дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Басқару салты сол дәрежеден қалып қойса немесе ілгерілеп кетсе, ол азды­ көпті дүрбелеңмен құлатылады.

Ежелгі замандарда, қазіргі кезде де, басқару тәртібін ұсынып, өзгертіп отырған саяси аласапырандар жалпы осымен түсіндіріледі. Азаматтық білім саяси өзгерістерге әлі парасатты даярлап үлгермеген кезде олардың ең ізгі күш­жігеріне ере жүретін сәтсіздіктер де осымен түсіндіріледі. Сонымен, барлық саяси жаңарулардың алғашқы бастауы мен қайнар көзі заман. Заман уақыт рухына сай келмейтін ешқандай үкімет, оның құдіретті ықпалына қарсы тұра алмайды. Сондықтан барлық саяси өзгерістердің нақ қарсаңында шешіліп алуға тиісті бірінші де басты мәселе сол бастамалардың дер кезінде жасалуы. Мемлекеттік өзгерістер тарихы мен өз отанымыздың қазіргі жағдайы осы мәселені шешуге мынадай ақиқаттарды ашады. Саяси дүниені ықылым заманнан бері үш ұлы жүйе көрсетіп келеді: республикалар жүйесі, феодалдық жүйе және деспоттық жүйе. Әртүрлі атаулар мен пошымдарда болған біріншісінің ерекшелігі ­ олардағы мемлекеттік өкімет заңмен тежеліп отырды, оны жасауға азаматтар азды­көпті қатысты. Екіншісі билікті заңмен емес, заттай, немесе, былайша айтқанда, материалдық болумен шектелетін дара билікке (самодержавиеге) негізделген болатын. Үшіншісі шаманы да, шекараны да мойындамайды. Бірінші жүйенің мысалдарын біз грек республикаларынан, әсіресе Рим республикасынан байқаймыз. Екінші жүйе Солтүстікте орнықты да, сол жерден бүкіл еуропаға жайылды.

Үшіншісі өз өмірін Шығыста орнықтырды. Еуропада болған саяси өзгерістердің барлығы бізге республикалар жүйесінің феодалдық жүйемен, былайша айтқанда, үздіксіз күресін көрсетеді. Мемлекетте ілім­ білімнің таралуы шамасына қарай алғашқысы күшейіп, екіншісі тұралай берді. Еуропаның батысындағы бір маңызды жағдай оның басымдығын ерекше жеделдетті. Крест жорықтары меншік иелерінің бар назарын шығысты жаулап алуға аударып, самодержавиелік билікке бытыраңқы билікті олардың бұрынғы иелерінен тартып алып, бір құрамға біріктіруге жағдай жасап, мүмкіндік берді. Тұрақты әскер құру және мемлекеттік алым­салықтар саласында алғашқы тәртіп енгізу кейіннен осы бірігуді аяқтап шықты.

Осылайша, алғашқы феодалдық жүйенің қирандыларында екіншісі орнықты, оны феодалдық самодержавие деп те атауға болады; онда алғашқы тәртіптердің сорабы әлі де байқалатын, бірақ олардың күші мүлдем өзгерді. Басқару әлі де жеке билік, бірақ бөлінбеген билік болатын. Саяси да, азаматтық та бостандық әлі жоқ еді, бірақ осының екеуіне де негіз қаланған болатын. Және, осы негізде уақыт, ағарту және өнеркәсіп жаңа тәртіп тұрғызуға ұмтыла бастады, және, айта кетуге тиіспіз, олардың қарекеттерінің бүкіл сан алуандығына қарамастан, оларға қозғау салған алғашқы ой біреу ғана ­ саяси бостандыққа қол жеткізу болды. Осылайша, феодалдық басқарудан республикалық басқаруға өтудің үшінші белесі дайындалды, мемлекеттің саяси ахуалының үшінші кезеңі негізделді. Осынау жаңа тәртіп шеңберін бірінші болып Англия ашты; одан кейін басқа мемлекеттер: Швейцария, Голландия, Швеция, Венгрия, Америка Құрама облыстары, және ақыр соңында Франция ілесті.

Читайте также:  Дина Нұрпейісова өмірбаяны

Осы өзгерістердің баршасында уақыт пен азаматтық білім ахуалы басты қозғаушы бастау болды. Державалық (мемлекеттік) билік оның тегеурінін тежеуге тырысып бақты; оның қарсылығы тек ашу­ызаны өршітті, толқулар туғызды, бірақ өзгерісті тоқтата алмады. Егер мемлекет әміршілері қоғамдық рухтың қозғалысын дәлірек тап басып, саяси жүйелер бастауын соған ыңғайласа, басқару ыңғайына халықты емес, керісінше басқаруды халық ыңғайына бейімдесе, соншалық қасірет туғызбауға, соншалық қантөгістен сақтап қалуға болар еді.

Өз отанымыздың тарихы да біздің алдымызға оқиғалардың сондай қатарын жайып салады. Бізде князьдардың жеке иеліктері феодалдық басқарудың алғашқы дәуірін құрайды, және бір қызығы, осы бірінші дәуірден екіншісіне, яғни самодержавиеге өтудің дәл сондай себептері болған. Крест жорықтарының орнына, бізде татар жорықтары болды, олардың мақсаты бірдей болмағанымен, салдарлары бірдей еді. Дербес князьдардың әлсіреуі және Иван Васильевич патшаның жеңістері, осынау рухы күшті тақсырдың рухымен біріге қимылдап, басқарудың жеке­дара салтын қиратты да, самодержавиені орнықтырды.

Сол уақыттан бастап, бүгінгі күнімізге дейін қоғамдық парасаттың саяси бостандыққа ұмтылысы азды­көпті үнемі байқалып отырды; олар әртүрлі құбылыстардан байқалып отыратын. Бұл арада мыналарды ерекше атап өтуге болады. Тіпті Алексей Михайлович патша тұсында самодержавиені шектеу қажеттігі сезілген еді, егер сол ғасырдағы парасат ауқымында бұл үшін берік құрылымдардың негізін салу мүмкін болмағанымен, бері салғанда басқарудың сыртқы пошымдары соның алғашқы нобайларын берді. Барлық маңызды шараларда сол уақыт өлшеміне сәйкес халықтың ең білімді бөлігі болған боярларды кеңеске шақыру және ол шараларды патриархтың келісімімен бекіту қажет деп танылды; бұл арада мынаны айта кету керек: бұл кеңестер кабинет шаруасы болған жоқ, қайта жұртшылық құрған, актының өзінде нобайланған мекеме болды.

Ұлы Петр басқарудың сыртқы пошымдарында саяси бостандық пайдасына түбегейлі ештеңе орнықтырған жоқ, бірақ ол ғылым мен саудаға жол aшy арқылы бұған есік ашып берді. Өз мемлекетіне саяси болмыс беруге дәл ниетсіз­ақ, жалғыз­ақ, былайша айтқанда, ағарту инстинктімен ол соған қажеттінің бәрін дайындап кетті. Көп ұзамай ол іргесін қалаған бастаулардың күшейгені соншалық, Императрица Анна таққа отырған кезде сенат саяси күш ретінде қимылдайтынын айта алып, соны талап етті де, өзін халық пен тақтың арасына қойды. Бұл арада осынау күш­жігердің уақытынан қаншалық өpic жасалғандығының және әдеттегі ағымнан озып кету қаншалық әурешілік екендігінің бірінші дәлелін көруге болады; былайша айтқанда сарайдағы жалғыз ишара бүкіл ниетті быт­шыт етті. Императрица Елизаветаның ғасыры мемлекеттің даңқын асыру және оның саяси бостандығы жөнінен текке өтті. Алайда өнеркәсіп пен сауда бойында жатқан бостандық ұрығы кедергісіз өсе берді.

Читайте также:  Тарихшылдық және оның мәселелері

Екатерина ІІ­нің патшалығы басталды. Өзге мемлекеттерде бас штаттарды құру мақсатында енгізілген нәрсенің бөрі; сол заманның саяси жазушыларында бостандық табысы үшін топшыланған нәрсенің бәрі; ақыр соңында, кейін, жиырма бес жылдан соң Францияда соңғы революцияға жол ашу үшін істелген нәрсенің бәрі, солардың бәріне дерлік ол Заңдар Комиссиясын құрғанда жол берді. Барлық ахуал депутаттары шақырылды, және де халықтық заң шығару өкілдігінің ең қатаң пошымдарында шақырылды, сол кездегі ең жақсы саяси ақиқаттарды қысқарту көзделген аманат тапсырылды, сол сословиені (депутаттарды ­ Ред.) бостандық пен артықшылықтың барша түрімен қамтамасыз ету үшін ғаламат құрбандықтар мен шығындар пайдаланылды, қысқасы, соған, сол арқылы Ресейге саяси болмыс беру үшін бәрі де жасалды; бірақ мұның бәрі соншалық әурешілік, соншалық дүмбілез және соншалық ерте жасалған қадам болды да, жалғыз ғана сол істің ұлылығы мен содан кейін тындырылған істердің нұры оны баршаның дерлік айыптауынан аман алып қалатын еді. Осынау заң шығарушы тобырдың өз пешенесіне жазылған нәрсенің мақсатын да, шамасын да түсінбегені былай тұрсын, олардың арасында осы атақтың биігіне көтеріліп, көз алдындағы бүкіл кеңістікті шолып шыға алатындай бір адам, бір парасат болды ма екен десеңізші.

Осылайша, уақыт жәрдемінсіз, жалғыз ғана рухтың күш­жігерімен жасалған осы бір ғаламат өз салмағын көтере алмай, артына өзі секілді шаралардың бәріне ұзақ жылдарға созылған әрі қыжылды жазғыру қалдырып, күйреп түсті. Сол кезден бастап, оның барлық жарлық­өкімдеріне қарап байлам жасасақ, осы патшайымның ойы мүлде өзгеріп кетті. Сәтсіз аяқталған осы тәжірибе оның аптығын басып, былайша айтқанда, ішкі саяси өзгерістер жөніндегі оның барлық ниеттерін жасқаншақ етті. Соғыс пен бітпейтін ішкі той­думандар арасында ол басқарудың жалғыз бастапқы белгілерімен шектелді; ал мемлекеттік заңдарда дворяндар мен қалаларға берілмек грамоталар ұлы ғимарат тәжірибесі ретінде қалды. Марқұм Тақсыр Император тұсында мемлекеттік қаулылар арасында маңызды тақ мұрагерлігі актысы, ата­тектік мекеме және оның үстіне, үш күндік шектеумен мекендер жұмыстарын бөлу туралы қаулы қабылданды, соңғы қаулы айрықша, өйткені ол шаруаларды помещиктерге бекітіп беру уақытынан бергі осы тектес бірінші қадам болды. Сол патшалық кезіндегі әрқилы низамдардың ішінен мыналар мемлекеттік низамдарға жатқызылуға тиіс: 1) Барша бостан ахуалдарға жерге меншік құқығын беру; 2) Бостан егіншілер ахуалын белгілеу; 3) Жауапкершілігі бар министрліктер құру; 4) ІІІаруалар алым­салығын шектеудің үлгісі мен тәжірибесі ретінде лифляндиялық ереже. Осынау негізгі низамдарға, ерекше актыларды құрамаса да, дәрмені кем емес кейбір ережелер де қосылуға тиіс. Олар: Жеке шағымдар бойынша салықтарды қысқарту жөніндегі ережелер; қазыналық адамдарды басыбайлылыққа бермеу туралы ереже. Осыған дейін мемлекетте саяси бостандық, үшін үкімет өздігінен істеген барлық әрекет осылар.

Читайте также:  ӨТПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Оставить комментарий