Мемлекеттілік және анархия

Жаңсақтықтың алдын алу үшін, алайда мына жәйтті атап өту қажет деп санаймыз: біз халық мұраты деп жүргеніміздің халық өмірінен сырт буржуазиялық ғалымдардың немесе ғалымсымақтардың қолы бос кезде ойлап шығарған және сауатсыз халық тобырына олардың болашақ құрылысына қажетті шарт деп жомарттықпен ұсынып жүрген саяси­әлеуметтік схемаларымен, формулаларымен және теориялармен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл теорияларға біздің иненің жасуындай сеніміміз жоқ және де олардың ең таңдаулылары бізге халық өмірінің құдіретті де ұлан­байтақ кеңдігін құшағына сыйғыза алмайтын тым қысқа Прокруст төсегіндей болып көрінеді. Ең ұтымды да терең ғылымның өзі болашақ қоғамдық өмірдің пошымдарын тап басып айта алмайды. Ол тек тіршілік етіп отырған қоғамды қатаң сынаудан қисынды түрде туындайтын терістеу шарттарын ғана анықтап бере алады. Осылайша, мұндай сын тұсында әлеуметтік­экономикалық ғылым жеке­мұрагерлік меншікті теріске шығаруға дейін жетті және, демек, болашақ әлеуметтік құрылыстың қажетті шарты ретіндегі ұжымдық меншікті дерексіз, былайша айтқанда, теріске шығару жағдайына жетті. Дәл сондай жолмен ол мемлекет пен мемлекеттілік идеясының, яғни қайдағы бір жалған құқық, дін оқуы немесе метафизикалық, құдайшыл немесе зиялы­ғалым құқығы мүддесі үшін қоғамды жоғарыдан төмен қарай басқару идеясының өзін теріске шығаруға дейін жетті, соның нәтижесінде қарама­қарсы, сол себепті де теріс ахуалға ­ анархияға, демек қауымды және олардың төменнен жоғарыға бастайтын өзара еркін федерациясын құрайтын барлық бірліктердің немесе бөлімдердің дербес еркін ұйымы ­ анархияға жетті және де мұны қандай да бір мейлі, тіпті сайланған басшылықтың бұйрығымен емес және қандай да болсын ғылыми теорияның нұсқауымен емес, қайта өмірдің өзінен көрініс тауып жатқан қажеттілік атаулының табиғи дамуы нәтижесінде өмірге әкелді.

Сондықтан ешқандай ғалым халықты үйретуге дәрменсіз, әлеуметтік революцияның ертеңіне халық қалай өмір сүреді және өмір сүруге тиіс екенін тіпті өзі үшін де айқындап алуға дәрменсіз. Бұл, біріншіден, әр халықтың жағдайымен, екіншіден, олардың бойынан көрініс беретін және күштірек ықпал ететін ұмтылыстармен айқындалады, тіпті де жоғарыдан берілетін пәрменмен, нұсқаулармен және революция қарсаңында ойлап шығарылған жалпы қандай да бір теориялармен айқындалмайды. Қазір Ресейде халық мұғалімдері дейтіндердің оқытуға деген тұтас бір бағытының бел алғаны бізге мәлім. Ең алдымен халықты үйретіп алу керек, ал үйреніп алып, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсінген соң, тек содан кейін оны бүлікке көтеруге болады деп соғады. Бұл арада сіз халықты не нәрсеге үйретпексіз? ­ деген сұрақ бірден көлденеңдейді. Өзіңіз білмейтін, біле алмайтын және ең алдымен өздеріңіз халықтан үйренуге тиіс нәрсеге үйретпекпісіз?

Читайте также:  “Соңғы парыз” романындағы қазақ әдеби тілі

Жапония мен АҚШ арқылы Лондонға қашады. Соңғы жылдарда Бакунин анархизмді М. Штирнер ілімі рухында шектен шыққан индивидуализм доктринасы ретінде зерттеумен шұғылданады, объективті тарихи күштердің өмір сүруін теріске шығарады және революцияға деген үмітін шаруалармен байланыстырады. Бұл бағытта яки тіпті де жаңа емес партияда екі категорияны ажыратып алу қажет. Ең саны көбі ­ доктринерлер, дүмшелер, көп ретте өзін ­ өзі алдаушылар категориясы, олар өмір сүріп отырған қоғам әлпештеулі де дәулетті азшылықты бөлеп отырған ләззат пен пайда атаулыдан бас тартпайды, сөйте тұра халықтың бостандығы ісіне шын мәнісінде адал адамдар, ал онша үлкен қолайсыздыққа душар етпейтін жағдайда тіпті революционерлер беделіне ие болғысы немесе соны сақтап қалғысы келеді. Мұндай мырзалар Ресейде өріп жүр. Олар халық банкілерін, артельдер, тұтынушылық және өндірістік қоғамдар ашады, әлбетте, әйелдер мәселесімен де айналысып, өздерін ғылымды жақтаушылармыз, позитивистерміз, ал қазір марксистерміз деп бар дауыспен жар салады. Оларды ерекшелейтін ортақ белгі ­ ештеңені құрбандыққа шалмай, бәрінен бұрын өздерінің қымбат санайтын жеке басын сақтап, мәпелей беру, сөйте тұра барлық жағынан да озық адамдар кейпінде көрініп қалғылары келеді.

Сан жағынан қанша көп болғанымен, бүл категориямен әңгіме пәтуасыз. Революцияға дейін оны тек әшкерелеп, масқаралай беруге болады; ал революцияда… ол кезде олардың өздері жым­жылас болып кетеді деп үміттенейік. Адал, шын берілген жастардан құралған тағы бір категория бар, олар бұл бағытқа соңғы кезде амалсыздан, қазіргідей жағдайда оларға басқа іс, басқа жол жоқтай көрінгендіктен лап қойғандай. Біз оларды жақынырақ таныстырмаймыз, оларға полиция назарын аударудан сескенеміз; бірақ олардың арасынан осы жолдарды оқығандар біздің сөзіміз тура соларға арналғанын түсінеді.

Біз нақ солардан сұрағымыз келді: сіздер халықты не нәрсеге үйретпекшісіздер? Сіздер халыққа ұтымды ғылымды үйретпексіздер? Біздің білуімізше, олардың мақсаты ондай емес. Халық мектебіне ғылымды енгізбек болғандардың кез­келгенін үкімет алғашқы қадамында­ақ шідерлеп тастайтынын олар біледі, және де сонымен қатар олар халқымыздың өзінің бүгінгідей тым жұтап отырған жағдайында ғылымға мойын бұра алмайтынын да біледі. оған теория жетерліктей ету үшін оның практикасын өзгерту, ең алдымен оның тұрмысының экономикалық жағдайын түбегейлі қайта құру, оны барлық жердегі және түгел дерлік аштық апатының қармағынан құтқарып алу керек.

Читайте также:  Зерттеу және оның перформативтіліктегі заңдастырылуы

Адал адамдар халықтың экономикалық тұрмысын қалай өзгерте алады? Олардың қолында ешқандай билік жоқ, сондай­ақ мемлекеттік биліктің өзі де, халықтың экономикалық жағдайын түзетуге дәрменсіз, мұны біз кейінірек дәлелдеп беруге тырысамыз; ол халық үшін бір­ақ нәрсе істей алады, ол ­ таратылып, жойылып кетуі керек, өйткені оның өмір сүруінің өзі халық игілігімен келіспейді, ол игілікті халықтың өзі ғана жасай алады.

Халық достары не істей алады? Оны дербес қозғалыс пен қарекетке ынталандырамыз және оның азаттық алуының жолдары мен құралдарын көрсетеміз, дейді біз енді жаңа сөз еткен бағыттың нақ адал жақтаушылары. Жолдар мен құралдар екі түрлі болуы мүмкін: бүкіл халықтық бүлікті ұйымдастыруға тікелей ұмтылатын таза революциялық жол және басқалай, неғұрлым бейбіт халықты азат етуді оның экономикалық тұрмысын жүйелі түрде баяу, бірақ сонымен бірге түбегейлі өзгерту жолы. Осы екінші әдіс, егер оны шынайы ұстанғысы келсе, әлбетте, буржуазиялық экономистер аузынан тастамайтын үнемшіл болу жөніндегі пасық уағызға пысқырмайды да, мұның себебі қарапайым, жалпы жұмысшы қара халықтың үнемдей қоятын ештеңесі жоқ.

Әйтсе де біздің халықты осы баяу, бірақ түбегейлі экономикалық өзгерістер жолына түсіру үшін адал адамдар не істей алады? Олар деревняларда әлеуметтану кафедраларын ашпай ма? Біріншіден, сол баяғы әкеңдей қамқор қырағы үкімет оған жол бермейді; ал, екіншіден, шаруалар ештеңе түсінбейді де, профессордың өзін күлкі етеді; ал, ақырында әлеуметтанудың өзі ­ болашақтағы ғылым; қазіргі кезде ол оң ыңғайдағы жауаптардан гөрі шешімін таппаған сұрақтарға тым бай, біздің бейшара мұжықтарымыздың онымен шұғылдануға мұршасы жоқ екенін айтпай­ақ қоялық, оларға тіпті де теориялар арқылы емес, практика жолымен ғана ықпал етуге болады.

Осы практика неден құралады? Нақ практика, өзінің алдына, бірден­бір демесек те, басты мақсат етіп жер қайысқан шаруалар бұқарасын ең жаңа әлеуметтану рухында дербес экономикалық өзгерістер жолына түсіру мақсатын қоятын практика неден құралады? Ол тек жұмыс артельдері мен кооперативтік қоғамдар, несие беру, тұтынушылық және өндірістік қоғамдар, негізінен мақсатқа басқаларынан неғұрлым төте, яғни еңбекті буржуазиялық капиталдың үстемдігінен азат етуге төте тартатын соңғысын ұйымдастырудан басқа ештеңеден де құрала алмайды.

Читайте также:  ДАУЫССЫЗ ФОНЕМАЛАР ЖІКТЕЛІМІ

Бірақ қазіргі қоғамда басым тұрған экономикалық жағдайлар тұсында осы айтылған азаттық мүмкін бе? Ғылым фактыларға, атап айтсақ түрлі елдерде соңғы жиырма жыл бойына жасалған тәжірибелердің тұтас бір тізбегіне сүйене отырып, бізге үзілді­кесілді: мүмкін емес дейді. Айтпақшы, біз тіпті де ізбасары болып табылмайтын Лассаль оның мүмкін еместігін өзінің кітапшаларында барынша тамаша да түсінікті етіп дәлелдеп берді, және буржуазиялық болса да, байыпты ең жаңа экономистердің баршасы осы пікірмен келіседі де, кооператив жүйенің дәрменсіздігін ықылассыз болса да ашып көрсетіп, бұл жүйеге әділетті түрде әлеуметтік­революциялық дауылдың найзағайынан сақтайтын жайтартқыш ретінде қарайды. Интернационал, өз тарапынан, көп және ұзақ жылдар бойы кооперативтік серіктестіктер туралы мәселені жиі­жиі көтеpiп, толып жатқан дәлелдер негізінде Лозанна конгресінде (1867 ж. ) айтылған және Брюссель конгресінде қуатталған (1868 ж.) төмендегідей нәтижеге келді.

Кооперация, оның барлық түрлерінде, болашақ өндірістің ұғымды да әділетті пошымы екені сөзсіз. Бірақ ол өз мақсатына ­ барша жұмыс істейтін бұқараны азат ету және олардың бейнет ақысын толық өтеп, қанағаттандыру мақсатына қол жеткізу үшін жер мен капитал, барлық түрлерінде, ұжымдық меншікке айналуы қажет. Бұған қол жетпейінше кооперация көп ретте ірі капиталдар мен ірі жер иеленуші меншіктің құдіретті бәсекесінің табанының астында жаншылып қалады; ілуде бір жағдайда, мысалы, қандай да бір, сөзсіз азды­көпті тұйықталған, өндірістік серіктестікке осы күреске төтеп беріп, аман қалудың сәті түскен жағдайда, оның нәтижесі қайыршылық күн көретін пролетариат бұқарасы арасында ұжымдық бақыттылардың жаңа әлпештеулі табының дүниеге келуі ғана болады. Сонымен, қоғамдық экономиканың қазіргі жағдайында кооперация жұмысшы бұқарасын азат ете алмайды, алайда, қалай дегенмен ол қазіргі шақта қызметкерлерді бірігуге, ұйымдасуға және өзінің төл істерін дербес басқаруға дағдылану пайдасын бере алады.

Оставить комментарий