Меншік дегеніміз не?

Меншіктің пайда болуы. Нағыз қоғамдық құрылысты табу үшін алдымен мына сұраққа жауап беру керек: Егер меншік адамның жаратылыстық ахуалы болмаса, онда ол қалай пайда болады? Хайуандар бойындағы соншалықты шүбәсіз әлеуметтік түйсік, бүл арада адамнан теріс айналғанын қалай түсіндіруге болады? Қоғам үшін туған адам осы кезге дейін неліктен мойынсерікте күнін көрмейді?

Мен жоғарыда адамдар өздерінің арасында мойынсерік құрайды дегенді айттым. Бұл термин оншалық дұрыс болмай­ақ қойсын, бірақ ол көрсететін факт факт күйінде қалмақ ­біз таланттар мен индивидуалдық қабілеттердің рөлін айтып отырмыз. Өздерінің шексіз әрқилылығының арқасында осынау таланттар мен қарым­қабілеттер, оз кезегінде, біздің ырқымыздың саласында шексіз сан қырлылықты туғы­ затынын, олар біздің бүкіл мінез­ құлқымызға, қабілет­бейімімізге, егер айтуға болса, біздік меннің пошымына өзінің ізін қалдыратынын қайсымыз көрмей жүрміз?

Бостандық пен парасат саласында неше бас болса, сонша тип, неше индивидуум болса, сонша бірегей бар екенін; олардың талғамдары, көңіл күйлері, бейімділіктері әртекті идеяларға сүйенетіндігін және өзара жарасып кете алмайтынын кім көрмейді. Табиғат пен түйсік адамды қоғамдық өмірге бағыштайды, бірақ оның тұрақсыз да сан қырлы тұлғасы бұған қарсыласып бағады. Хайуандар қоғамдарында барлық тіршілік иелері бір нәрсені істейді: оларға жігер беретін бір ырық, бір рух. Хайуандар қоғамы дегеніміз жұмыр ма, қисық па әлде текше ме, бірақ қашан да өзара ұқсас атомдар үймесі; олардың бәрінің келбеті бірдей, барлығы да бір менге бағынады деуге болады. Хайуандар атқаратын жұмыстар (бірігіп немесе жеке) олардың өзіндік ерекшеліктерінің дәлме­дәл көшірмесі: бал ара ұясының біртекті индивидтерден тұратыны сияқты кәрездер де ылғи бірдей әрі дұрыс клеткалардан тұрады.

Адамның парасаты мүлдем басқа, ол бір мезгілде адамның әлеуметтік табиғатына және кісінің қажеттіліктеріне қызмет етеді; мұның өзі адамның тілек­талаптарының таңғаларлықтай алуан түрлі болуына жетелейтінін түсіну қиын емес. Бал араның аңсары қашан да тұрақты әрі бірдей, өйткені оны ешқашан өзгермейтін бір ғана инстинкт, оның бар тіршілігі, оның бақыты, болмысы сыйып кететін біртұтас инстинкт басқарады. Ал адамдарда әрқилы талант бар, олардың парасаты тұрақты емес, олардың тілек­ талаптарының ала­құлалығы мен алуан түрлілігі осыдан: адам қоғамды іздейді, бірақ езгіден, бірсарындылықтан қашады; ол басқаларға еліктейді, бірақ сонымен бірге өз идеяларына өзі ғашық және өз шығармаларын өлердей сүйеді.

Читайте также:  БҮГІНГІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ЖӘНЕ ӘДЕБИ НОРМА

Егер әрбір адам бал ара секілді тумысынан дайын талантқа, әбден толық, өзіндік ерекше білімге, қысқасы, тума функцияларға ие болса, және сонымен бірге ойлану қабілетінен, рефлексиядан мақұрым болса, қоғам өзінен­өзі ұйымдасар еді. Біздің алдымызда мынадай көрініс тұрар еді: біреу жер жыртып жүр, енді біреу үй салуда, үшінші біреулері металл соғып, төртіншілері киім тігуде, тағы біреулері өнімді бөлуге бас­көз. Олардың ешқайсысы өз жұмысының мағынасына ой жүгіртіп жатпайды, қалай істеп жатқанын ­ аз ба, көп пе, сұрамайды да, әркім өз әмірінің дегенін істейді, өнім өткізіп, ақысын алады, демалады, және осының бәрі ешқандай есепсіз, басқаға ешқандай қызғанышсыз, өнім бөлушіге еш шағымсыз жүріп жатыр, ­ соңғысы шынында да, бұл арада әділетсіз бірдеңе істей алмайды. Корольдар басқарады, бірақ патшалық құрмайды, өйткені патшалық құру дегеніңіз, Бонапарт айтқандай, бордақыланып жатқан меншік иесінің кебін кию деген сөз; олар әмір де бермейді, өйткені әркім оларсыз да оз орнында, олар билік шоғырланып, талқылау жасайтын жерден гөрі жиналатын бекеттер қызметін атқарады. Бұл саналы да ерікті ассоциация емес, тоққұрсақ коммунизм.

Бірақ адам тек өзінің өмірден байқағандарымен, тәжірибесімен күшті. Байқау мен тәжірибе толғанысқа жетелейді ­ ол толғанады; ол ойланады, ойланбай тұра алмайды; ол толғана отырып, қиялға беріледі, ойлана отырып, қателеседі, бірақ өзінікін дұрыс деп санайды, қасарысып бағады, өзіне ғана сеніп, басқаларға жиіркенішпен қарайды. Сол сәттен бастап ол оқшауланып қалады, өйткені көпшіліктің айтқанына көну өзіңнің ырқын мен парасатыңнан бас тарту, яғни төл меніңнен бас тарту деген сөз, ал ол мүмкін емес. Осынау оқшаулану, осынау парасат эгоизмі мен көзқарас индивидуализм! тәжірибелер мен бақылау оны ақиқат аулына алып келгенше жалғаса бермек.

Тағы бір соңғы салыстыру жасайын, сонда осынау фактылардың барлығы айдан анық бола түседі. Егер күндердің күнінде бал араларының соқыр, бірақ үйлесімді инстинкті рефлексиямен және парасатпен молықса, бұл бал ара ұясының азғантай қоғамы үшін ақырзаман болар еді. Біріншіден, аралар қандай да бір жаңа амалды сөзсіз сынап байқар еді, мысалы, өз кәрездерінің клеткаларына дөңгелек немесе төрт бұрышты пішін берер еді. Сөйтіп ғылыми геометриямен ұштасқан ұзақ практикасы алты бұрыштың артықшылығына тоқтағанша, жүйелер мен жаңалықтар өз кезегімен жүре берер еді. Көтерілістер туындар еді. Еркек аралар өз күнін өзі көріп, ана ара түртініп еңбектенер еді. Жұмысшы ұрғашы аралардың арасында алауыздық, қызғаныш туындап, әркім өзі үшін ғана жұмыс істегісі келіп, ақыр аяғында ұя қаңырап, аралар өліп бітер еді. Бәле деген, раушан гүлдер арасына жасырынған жылан сынды, балға бөккен республикаға соның даңғайыр даңқына қызмет етуге тиісті нақ сол парасат пен пікірдің көмегімен енеді.

Читайте также:  Мұқағали Мақатаев "ҚОЙШЫ БАЛА ӘКІТАЙ" өлеңі

Бұл бәле ­ біз айналысып отырған мәселеде: коғамдық келеңсіздік, демек, жай ғана біздің ойлану қабілетімізбен түсіндіріледі. Пауперизм, қылмыстар, бүліктер, соғыстар ­ өз кезегінде меншік туындатқан теңсіздіктің перзенттері; меншік эгоизмді туғызды, эгоизм ­парасат автократиясынан тікелей шыққан біздің жеке өміріміздің жемісі (sens prive). Адам өзінің жолын қылмыстан, жабайылықтан емес, балалық білместіктен, тәжірибесіздіктен бастады. Билік инстинкттері дарыған, бірақ парасатқа бағынған ол әуелде аз ойланады, келте ойланады; бірақ там­тұмдап, көптеген қателіктерге ұрынып, оның ойы берки түседі, парасаты жетіле түседі. Ол енді түкке тұрмайтын бірдеңе үшін бәрін қиюға бар, ал содан кейін жаздым­жаңылдым деп, көз жасын желдететін нағыз жабайының өзі өзінің ақсақалдығын жасымық сорпаға сатып, кейін одан айнығысы келетін Исав; кепілдіксіз жұмыс істейтін және жалақысын көбейтуді талап етуден шаршамайтын осы заманғы жұмысшы, өйткені оның өзі де, қожайыны да теңдік жоқ жерде жалақының ешқашан жеткілікті болмайтынын түсінбейді. Ол өзінің мұрасы жолында өлетін Навуфаил құл болғысы келмей, өзіне­өзі қол жұмсаған Катон; өле­ өлгенше ой бостандығын қызғыштай қорыған Сократ; бүл 1789 жылы бостандықты талап еткен үшінші сословие, кейін бұл өндіріс құралдары мен жалақыда теңдікті талап еткен халыққа айналады.

Адам қоғам үшін туған, ол өзінің барлық қарым­қатынастарында теңдік пен әділетке ұмтылады; бірақ ол сондай ­ ақ бостандық пен даңққа да құмар; осындай әр түрлі қажеттіліктердің бәрін бірдей қанағаттандырудың қиындығы ырық деспотизмінің және содан туындайтын жеке меншіктің бірінші себебі болды. Екінші жағынан, адам өз өнімдерін айырбастауға қашанда мұқтаж; ол әртүрлі өнімдердің құнын дәл есептеп шығаруға дәрменсіз, өзінің құмарлығы мен қыңырлығына қарай шамамен белгілеуге мәжбүр болады; сөйтеді де, бұрыс саудаға кірісіп кетеді, оның нәтижесі біреулердің байлығы, біреулердің кедейлігі болып тынады. Осылайша адамның ең үлкен соры парықсыз қарым­қатынастан (қоғамдасудан), адамзат өзі соншалықты мақтан тұтатын және соншалықты керемет надандықпен пайдаланатын бәз­баяғы әділеттен туындайды. Әділет, қолданбалы әділет мәселелері ­ тұтас бір ғылым, оның жаңалықтары және оны насихаттау ерте ме, кеш пе, әйтеуір қоғамдық келеңсіздікті тыяды, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз жөнінде түсінік береді.

Читайте также:  Моңғол тілді тарихи деректемелер

Біздің инстинктіміздің осынау дәйекті, азапты тәрбиесін, біздің өздігінен жүріп жататын түйсігіміздің ойластырылған білімге осынау баяу, елеусіз айналуын біз хайуанаттардан таппаймыз, олардың инстинкті әрқашанда сол күйінде қалады және парасатпен өзгертілмейді. Хайуанның инстинктік және парасатты тіршілігінің арасындағы айырмашылықты соншалық сәтті көрсеткен Фр. Кювьёге жүгінсек, «инстинкт дегеніміз хайуанның сезімталдығы, ашушаңдығы мен парасаттылығы секілді, бастапқы, дербес күш. Өздері бір рет түскен қамақты аңғарып, одан қашатын қасқыр мен түлкі, тіпті біздің кейбір сөздерімізді түсінетін, сөйтіп бізге мойынсұнатын жылқы мен ит мұны өздеріне тән парасаттылық пәрменімен істейді. Жемтігінің қалғанын тығып қоятын ит те, кәрездер құрайтын бал ара да, ұя салатын құс та тек инстинкт бойынша ғана қимылдайды. Инстинкт адамды қоса, тірі мақұлықтың бәрінде бар: жаңа туған нәресте анасының емшегін инсинкт бойынша сорады. Бірақ адамда бәрі де саналы түрде өтеді, оның инстинкті саналылықпен молығады. Хайуанаттарда басқаша екенін көреміз: оларға инстинкт алғырлығына қосымша ретінде берілген». (Flourens. Resume analytique des observations de F. Cuvier).

«Инстинкт туралы түсінігіміз айқын болуы үшін біз хайуандардың өзінің sensoriumifle олардың қылығына дәл кәдімгі сыртқы түйсіктер сияқты ықпал ететін туабітті бейнелер мен түйсіктер бар деп топшылауға тиіспіз. Оларға барлық жерде осынау, қажет десеңіз, арман не галлюцинация еріп жүреді; олардың инстинктіне қатысты барлық нәрседе оларды айкезбелер санатына жатқызуға болады». (F. Cuvier. Introduction au regne animal).

Оставить комментарий