Миф және мифология туралы ғылыми түсінік

Біріншісі — мифтерді, оны зерттеуі мифологияны ауыз әдебиетінің бір саласы (жанры) деп қарау, сол көзқарас негізінде мифологияға әдеби бағам жасап, әдеби тұрғыдан оның қалыптасуы меніңше, көркемдік, тілдік, т.б. үрдістері мен сипаттары (ерекшеліктері) жөніңде тұжырым жасау. Белгілі бір деңгейде бұл дұрыс та болып шығады. Бірақ мұндай зерттеулердің нәтижелерінің қоғам үшін еш қайыры болмайтындығын да айтуымыз керек. Екіншісі — мифті ауыз әдебиеті ауқымынан шығып кететін, оз алдына дербес (әрине, гуманитарлық ғылымдардың (тоғысар тұсында орналасып, сол ғылымдардың әдістемесіне сүйенетін) ғылыми пән деп қарастыру. Бұл жағдайда осы ғылыми пәнді, саланы дамытудың өзіндік теориялық, әдістемелік, терминологиялық жүйесін қалыптастыру қажет болады. Ең бастысы — мифке тек ауыз әдебиетінің бір көрдемше жанры деп емес, кез келген сауалымызға жауап бере алатын аса маңызы… Қазақ мифологиясын зерттеу тарихын қандай уақыттардан бастауға болады? Бүл жерде, осы тақырыптарға (тарихнамаға) арналған арнайы зерттеулердің болуы қажет, өйткені зерттеліне бастау тарихының өзі де ауқымды болып шығуы әбден мүмкін. Ал, әзірге мен тек өзімнің мифология туралы ойлау жүйемнің қалыптасуына түрткі болған, табалдырық болған адамдар ретінде сонау Шоқан Уәлихановтан бастағанда, арысы Ә.Марғұлан, А.Машанов, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, Е.Тұрсынов, О.Сүлейменов сияқты т.б. аға ұрпақтың есімдерін, өзіммен замандас, кейбір еңбектерімен таныса алған тұлғалар — Е.Көкеевті, Т.Әсемқүловты, Ә.Сарайды, Б.Ыбыраевты, Б.Серікбайұлы – Қошым ­Ноғайды, Ә.Балқыбекті, З.Наурызбаеваны, А.Мұхамбетованы, С.Аязбекованы, М.Әуезовті, М.Сембинді, Г.Ақселеуовті, Н.Шаханованы, Г.Қаракөзованы, Н.Оспановты, т.б. көптеген кәсіби ғалымдар мен әуесқой зерттеушілердің есімдерін атаған болар едім (басқалар туралы, еңбектерімен таныс болмағандықтан, ештеңе айта алмаймын). Араларында әуесқойлары да, кәсібилері да бар осындай ала­құла топтың — кәсіби зерттеу деңгейлері, сапалары жағынан әртүрлі, мақсаттары да, тақырыптары мен әдістемелері де бір біріне ұқсамайтын, ғылымның әр саласынан келген осы кісілердің еңбектерінің ішінде таң қалдырып, тәнті ететін тосын пайымдар мен идеялар да, күмәнді көрінетін пайымдаулар да бар, дегенмен, осындай академиялық ғұламалар және «академиялық ғылымнан тыс» еріктілер, қандай да бір мөлшерде болмасын, «қазақ (түрік) мифологиясын зерттеу мектебінің табалдырығын» қалыптастыруға өз үлестерін қосқан еді.

Читайте также:  Лингвистикалық аккультурация

Міне, әр түрлі бағыттағы, әр түрлі өрелік, әдістемелік деңгейдегі, әр түрлі тақырыптағы мифтік мәселелер және мифтік аспект қарастырылған басқа салалық (мәдениеттану, өнертану, тарих, т.б.) еңбектермен танысу барысында, осылардың барлығын бір теңдеуге, бір сызыққа келтіріп, бір жүйелі сүрлеуге, ортақ өлшемге түсіре алатын «мифтік ­лингвистикалық ғылыми­зерттеу мектебін» жасау керек ­ ау деген ой келді. Яғни әр уақытта, әр жерде, әр еңбекте айтылған ойларды бір­бірімен байланыстыра отырып, олардың кездейсоқ айтыла салмағандығын баянды ету үшін, «біз қайдан шықтық, қашан шықтық, қалай шықтық?» және «Біздің бастауымыз қай жерде, қай уақытта және сол бастаудан бергі жолдарымыздың ұлы нобайы қандай?» деген сауалдарға жауап іздеуден туындайтын ортақ принцип ­ ұстанымдар жүйесін қалыптастыруымыз керек еді. Ұсынып отырған кітаптарым да — осындай «қазақ мифтік ­ лингвистикалық мектебінің» базасын қалыптастыруға бағытталған шаралардың алғашқысы болып табылады. Мен осы міндетті орындай алдым деп айта алмаймын. Тек өз қадерімше із кесуге, алғашқы барлау жасауға шамам жетті. Өйткені, миф — ежелгі заман танымының, ақиқатының ақпаратын сақтаған «техникалық тіл», бүл тіл астарлап беріледі, яғни ол — сегіз қырлы, бір сырлы жәдігер. Оны түсіну, іздерін аңғару оңай шаруа емес, оның шырғалаңының қандай екендігін ғылыми іздену мен зерттеудегі өре (түсіну деңгейі) мәселесіне қатысты мынадай ойлармен өрнектеуге болады: «…Көне заманның жасампаздық айғағын қарастырып отырған зерттеуші, әзірге оның, ең болмаса таза теориялық біліктілігінің деңгейі, сол жасампаздық айғақты туғызған өркениеттің таным деңгейінен анағұрлым темен болып тұрған болса, оны түсіне алмақ емес.

Дәл осындай жағдаят дәстүрлі қазақ мәдениетін зерттеу ісінде де байқалады: ғалымдар өздері тап болған бір құбылыстың сарқындарына кезіккенде оған жауап Пере алмай жатады, не оны байқамай кетеді, не қате і үсіндіреді, өйткені мұндай құбылыс көбінесе ауызекі түрде өмір сүріп, ұстаздан шәкіртке осындай жолмен жеткізілген еді, ал, мұндай жеткізілу формасы өткен ғасырдың онжылдықтарының өне бойына түбегейлі түрде жоқ етілген болатын. Қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің мәйегін құрап отырған жоғарғы, рухани қабаттағы құбылыстар осылайша «ақтаңдақтар ауқымында» — қазіргі заманның ғылымының соқыр да меңіреу болған белдеуінде қалып қойған. Бұл жағдай, біз зерттеу нысанына сайма­сай келер әдістерді ғылыми тұрғыдан пайдалануды үйренбейінше жалғаса бермек». Осындай үкім ­ тұжырымды, барлығына болмаса да, бұрындары өткен және осы күнгі тарихшыларға, әдебиетшілерге, фольклор тарихын зерттеушілердің басым көпшілігіне қатысты қолдануға болады. Бүл жерде өзімізді де ұмытпауымыз керек, өйткені мен де ежелгі ата ­ бабаларымыздың жасап кеткен, бүгінгі мәтіндерде (тексттерде), жеке сөздер мен сөз тіркестерінде, этнография мен әдет­ғүрыптағы, сенім­нанымдағы, материалдық туындылардағы (қолөнердегі, сәулет өнеріндегі) және өмір мен мәдениеттің басқа қырларындағы жасырын «байырғы мәдениет пен өркениет айғақтарын» (артефакт) түсіне алдым деп, соларды түсіну, тану дәрежесіне жеттім деп айта алмаймын. Менікі де жоғын сипалап іздеген соқырдың қарекетінен сәл жоғары ғана деңгейде. Ең бастысы — мифтік ­ лингвистикалық мектепті қалыптастыруға барлығымыз бірдей қатысып, біріміздің жазғанымызды, айтқанымызды бірден жоққа шығара салмай, сын сөзге өкпелемеуге үйреніп, біріміздікін біріміз оқи білуге, тыңдай білуге, толықтыра білуге, түзете білуге ниетті, пейілді болуымыз керек. Тек сонда ғана қазекем, өзінің басқалармен, бөгде мәдениеттермен, өркениеттермен дауласуға, пікір таластыруға, қалыптасқан ғылыми догмаларды жоққа шығаруға қажетті базаға — ғылыми түрде нақтыланған, дәлелденген тұжырымға ие болады.

Читайте также:  ШАНХАЙСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ СОТРУДНИЧЕСТВА

Оставить комментарий