Мифология, онтология, тарих

Діндар адам үшін өмір мән ­ сыры (сущность) ғұмырдың алдында болады. Бұл «қарабайыр» және шығыстық қоғамдардың адамы үшін де, еврей үшін де, христианин үшін де, мұсылман үшін де бірдей тең бағамды. Осы шақта қандай болса, сондай болып отырған адам, о баста болып өткен бірқатар жағдаяттардың ықпалының нәтижесі. Осы жағдаяттар туралы баяндай келе, мифтер, адамға оның қалай және не үшін жаратылғандығын түсіндіреді. Діндар адам үшін реалды, нағыз ғұмыр кешу, тек ол бастапқы, ілкі тарихқа жалғанып, оның салдарлары үшін жауапкершілікті оз мойнына алғанда тана басталады. Тарих, оның әрекет етуші кейіпкерлері — астам текті пенделер мен мифтік ата ­ бабалар болғандықтан да, киелі сипатқа ие. Мысал: адам, оның мифтік ата­бабасы қандай да бір өкінішті кездейсоқтықтың салдарынан немесе оны астам текті пенде өлімсіздіктен айырғандықтан да, өлімді болжап шыққан; немесе, қандай да бір мифтік оқиғаның болу себебінен адам баласы еркек пен ұрғашы жынысты болып екіге ажыраған және сонымен бірге өлімсіздігінен де айырылып қалған. Кейбір мифтерде ажалдылық қандай да бір ағаттықтың, өкінішті қателіктің салдарынан болған деп түсіндіріледі: Құдайдың елшісі. қандай да бір өзіне тапсырылған тапсырмаға баяулап қалып, кешігіп келеді.

Абсурдты өлім туралы ой осындай мүсінді тұрпатта суреттеледі. Бірақ, бүл жағдайда да оқиға «құдайы тарих» болып қала бермек, өйткені, тапсырма беруші — астам текті пенде және де ол, қаласа өзінің елшісінің қателігін түзей алар еді. Егер анағүрлым елеулі оқиғалар «бастаулардың бастауында» болып өтетін болса, онда бұл оқиғалардың өзі әр түрлі діндерде әр түрлі болып шыққан. Иудаизм мен христиандық үшін бастысы — бүгінгі кездегі «адамзат несібесінің» трагизмін түсіндіретін жоғалған Ұжмақ драмасы, өркениеттері үшін бастысы — Диамат құбыжықты бөлшектеу (жіліктеу) нәтижесінде ғаламды жасау және жоғарғы демон Кингудың қаны мен жердің азынаулар мөлшерімен (яғни, Диаматтың тәнінен төте өрбитін сериямен араластыру нәтижесінде жарату. Австралияның тұрғыны үшін ең маңыздысы — «түс көру дәуірі» кезіндегі текті пенделердің жүзеге асырған әрекеттерінің тізбегі. Біздің бұл жерде түрлі діндердің мифтерінде негізгі бүгінгі шақта адам қандай болса, онда оны сондай болып қалыптасуына себеп болған бастапқы, ілкі бастаулық драма сияқты барлық тақырыптар жөнінде мүмкіндігіміз жоқ. Тек олардың неғұрлым маңызды типтері жөнінде еске алатын боламыз. Ең алдымен бізді, homo religiosus­тың оның қазіргі қалыпына негіз болған сол бір «негізгіге», о бастағыға да ен көзқарасын ашып көрсету ісі қызықтырады. Біз мифтік уақыттарда шешілген сол бір «негізгінің» мазмұнының түрлі діни көзқарасқа сай өзгеріп отыратындығын білгендіктен, бірнеше қарым­қатынастың бар екендігін алдын ала тұспалдай аламыз.

Читайте также:  Егеменнің жоғарғы өкіметінің шегі

Оставить комментарий