Мифологиядағы символизм

Қаһармандар туралы мифтер — бұл дүниенің жаратылуы жайлы космостық мифтер. Олар, түрлі нұсқалардың болуына қарамастан, біз өз ішіміздегі және сыртқы дүниедегі жасампаз қуатты азат ету, босату үшін і үргізетін мәңгілік тартысты бейнелейді. Молшылықпен байланысты дәстүрлі жоралғылардан жиырмасы, адамның ерлік жорыққа деген мәңгі ұмтылысы, ң әуелі, мірді санымен емес, оның сапасымен байланысты. Біздің ішкі тұтастыққа деген қомағай ұмтылысымыз «әр қилы формаларда, мәдениеттер мен дәуірлерде көрініс табады. Бұған қоса, күні бүгінге дейін эволюциямыздың і әрбір нақты сәтінде біз сол көрініс тапқанның тек бір білегін көне, тіпті, бұл жағдайда да дамудың түрлі стадияларында түрліше қабылдаймыз. Осы басылымның негізгі мақсаты — адамзат өмірінде ерлік негіздің көрінуінің көптеген жолдарының кейбіреуін сөз бен бейненің көмегімен сындарлы, шешуші сәттерде белгілі бір дәрежедегі саналы ұғымға жету тақырыбына ой толғау, сонымен бірге, біздің қайта түрленуіміз процесін зерттеу, соның өтеуі құнын және .ақырғы нәтижелерді айқындау. Қаһармандар туралы мифтердің сыртқы акценттері ұдайы алмасып тұратындықтан — бұл, тегінде, мифтердің барлық шегіне қатысты — біз оларды қандай да бір келте тұжырылған немесе сірескен формулаға сәйкес қарастыра алмаймыз. Әйтсе де, олар шын мәнінде адам өмірінің шекарасын кеңейткен кезде, сонысымен адамның ең қастерлі қажеттіктерінің бірін қанағаттандырады. Бұл ауыр дағдарыстың, сол сияқты, нұрлы аянның нәтижесі ретіңде қалыптасқан және өнер я кез­келген басқа жасампаз қарекет арқылы көрініс тапқан мифтерге қатысты. Мифтер айтып жеткізуге болмайтынды бейнелейтіндіктен, бір қарағанда, осы кітап беттеріңде қарастырылатын мәтіндер мен көрнекті суреттер мифология құпияларын ашуға, тіптен, көмектеспейтіндей, қайта бәрін одан сайын шатыстыра түсетіндей көрінуі ғажап емес. Әйткенмен, кез­келген жеңілдетушілік талқыланып отырған мәселелерді шүбәсіз бұрмалайды және, бұның де қаупі аз емес, киелілік аясын қорлауға жол ашуы кәдік.

Нақты бір сәтте маңызды әлденені құдіретті ­ қастерліге айналдырып көріңіз, сонда сіз оның толықтай қарама ­ қарсысына — маңызсыздыққа ұрынғаныңызды аңғарасыз. Қандай да бір шектілікке немесе құлдырай бастаған догма мен доктринаға бүтіндей сеніп көріңіз, өзіңізге опа емес, қапа тілеп алғаныңызға көзіңіз жетер. Мифтердегі қаһармандар дайын анықтамаларға ыңғайлы адам мінездерін емес, ұмтылу қажет мақсаттарды кейіптейді. Қисапсыз коп формаларына қарамастан, маңызды мақсаттардың бірі — бойымызда тұнған күш ­ қарымды ашу үшін мүмкін нәрсенің бәрін өзіміздің жасаумыз. Ғасырлар бойы адамдарды қанағаттандырып келген символдар бүгінде мәнсіз болып көрінуі мүмкін болса да, әуелде мүлде әсерлендірмеген дәл сол тұжырымдамалар, әсіресе, егер біз оларды өз өміріміздің шешуші кезеңінде ашсақ немесе оларға жаңа көзқарас тұрғысынан қараған болсақ, аяқ астынан біздің көзімізде зор мәнге ие бола алатыны сирек емес. Ал, ұзақ уақыт бойы мифтік болып саналып келген жетістіктер, керісінше, нақты тарихи тұлғаға танылатындығын, мәселен, көзі тірісінде дерлік Ескендір Зұлқарнайынның басына түскен кеп сондай екенін одан кем емес таңданыспен біліп жатамыз. Миф жиі тарихты түсіндіру үшін пайдаланылады, ал, кейде тарих мифпен тұтасып та кетеді. Дегенмен, бұл кітапта басты назар өзін алғандағы тарихи немесе мифологиялық тұлғаларға емес, одан бұрын, өмірдегі қаһармандық негізге аударылған болса да, оның беттеріңде оқырман «қаһармандар» мен «құдайлардың», сонымен бірге, бірқатар мифтердің есімдері мен атауларын ұшыратады. Бұлардың аталуы аса қажет, өйткені, тек солай ғана кітаптың негізгі тақырыбы толық ашылмақ. Қаһармандар — бірде бір, бірде екінші деңгейде — кейіптейтін дүние біз жан деп атайтын ішкі дүниеміздің қалтарыстарында түс көргенімізде немесе өңімізде қалыптасады. Адамның ең қастерлі тереңінен туындап, сананың сәулелі сәттерінде бізге ашылатын нәрсе қайта айналып біздің «мен» ­ іміздің сол қастерлі тереңдеріне (өз қабылдаушылығымыз негізінде әрекет ету қабілетімізге шамалас тұрғыда) бағышталады. Қаһармандар туралы мифтердің сыртқы формасы үнемі өзгеріп отыратындықтан, олар өзіндік сиқырлы кәпірлерге айналып, сүйтіп, бір эраны екіншісімен қосады, күтпеген жерден қилы дәуірлер арасындағы межелерді жояды. Мифтер жаңа күннің, кезекті жыл мезгілінің, жылдық циклдің туатынына және, ең ақыры, тұтастай алғандағы күллі космостық рет ­ жосықтың орнайтынына нық сенімділікпен үйлесе байланысты сенім актілері болып табылады. Міне, неліктен қаһармандар жиі жердің арасындағы символдық дәнекерлер ретінде немесе жыл мезгілдерінің «әміршілері» ретінде қарастырылады.

Читайте также:  Шыңғыс Айтматов. Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет

Олар, сондай­ақ, біздің айнала шектелгендіктерімізге қарамастан, кез­келген апат алдында өмірімізде сана сәулесі және ескерту қызметін атқарады. Ақыр нәтижесінде өзгерген жаңа түрге баланатын қаһарман бастапқыда ерлік сапардың құпиялы да үрейлі белгісіздікпен байланысты фазаларында аса қиын инициация соралғыларынан өтуге қажетті батылдықты кейіптейді; ол сондай­ақ, аса ауыр ерліктердің қиыншылықтарын кейіптейді, рух күші мен шара қалдырмайтын сынақтарға қайыспай қарсы тұра білушіліктің арқасында символды мәні бар түннен және қыстан аман шығу қабілетін кейіптейді. Алайда, адам осындай қабілетке иеленген бойда ­ ақ, оған тәуелді болу қажеттігінен біртіндеп көтерілуі немесе ол күш адамның өзінде болғанда, оны тіптен мақсатқа сай пайдалануы тиіс. Қаһарман сүйіспеншілік немесе мейірбандық қасиет символы іспетті — соңғысына мысал ретінде Артурдың аса қиналыссыз жартастан семсерді суырып алатыны немесе индуизм мифологиясында, Раманың жауынгерлік садақпен солай жасайтыны эпизодын алуға болады. Бұл екі ерлік те қаһарманның маңызды деген іс­әрекеттері оның еркі мен әрекет арасында ендігі жерде айқын шекара болмайтын кезде жасалатын немесе, одан да дұрысы, өзінің қатынасымен — яғни, қалай қарайтындығымен немесе «алдын­ала ниет етілген» себептілікпен сәйкестікте әрекет етудің аса қажеттілігіне қарамастан, сол іс­әрекетті жасаушы қаһарман сол іс­әрекеттің өзімен біртүтас болып, біте қайнасып кететін сәттерде жасалатынын айғақтаса керек. Бұл қаһарман әлдебір ерлік іс жасап жатқанын, тіпті, саналы түрде жете ұғынбайтын сәтте болады. Және де, бәлки, оның бұны жете ұғынбайтындығының арқасында ғана ерліктің жасалуы мүмкін болатын да шығар. Миф қаһарманы фәнидегінің баршасын тәрк етіп, одан бөрінің де ақырында бас тартатынына көндігуі тиіс. О л қажеттілікке бағынып, шұңқырға секіреді, шытырман қуыстарға, кемеге, шөл далаға, символды о дүниеге немесе «көрге» кіріп кетеді. Тек қаһарман әлдебір терең тәжірибе алып, бұрынғы үрейден, маңызсыз нәрсеге жаңылысып тәуелді болушылықтан арыла алса игі, әйтпесе, бұндай сынақтардың бірде­бірі ештеңеге әкелмейтіндігіне қарамастан, әлгіндей тәуекел істер атқарады.

Читайте также:  Тілдік жүйедегі және тіларалық транспозиция ұғымы

Адам бойындағы қаһарман ең бір сұмдық тереңдерге дейін төмендеп түсуі тиіс, сөйтіп, ол ұшпаққа кетерлік. Немесе, басқаша айтар болсақ, әлбетте, енді әмбебап деп тануға болатын, еш күмәнсіз, шығыстық жолды табу үшін, сонымен жүр, сол бол деген өсиетке сай, екі ұштылық немесе коп мағыналылық атаулыдан азат болып, өмірдегі ерлік негіздің басты ішкі мәнін ашып беретінді игеру қажет. Міне, неліктен біз, ежелгі немесе қазіргі заманғы болсын, қаһармандар туралы мифтерді неғұрлым көп зерттеп ­ білген сайын, соғұрлым коп олардың тылсым мәніне бойлау қабілетін меңгере беретініміз. Біздің зейінділігіміз, ашықтығымыз және тәжірибе сіңіруге қабілеттілігіміз бізді өзімізді ­ өзіміз тануға бастайды, бірақ, тек біз болмыстың мәңгілік құпия сырларының, ең болмағанда, аз бөлігін игере алдық ­ ау деген жалған сезімнен туындайтын қияли келте тұжырушылық пен астамшылықтан арыла білген жағдайда ғана осылай болмақ. Автор мифтердің дүние туралы ғылымға дейінгі ұғым ­ түсініктер, антиктік драма, діни ­ ғибадат рәсімдері мен жоралары немесе инициацияның ертедегі жоралғылары (соңғылары тығыз түрде туумен, жыныстық жетілумен, некемен және өліммен байланысты) сияқты ықтимал шығу көздері турасында пікірталасқа түспейді. Қаһарман тек қана патша, абыз, әулие, гуру, шаман, йогин, инициатор, құтқарушы, адал іс­әрекет етуші немесе дұрыс сауал беруші адам ретінде, секталы табыну нысаны, жауыз билеушіні күйреткен жеңімпаз я арыстан, бұқа немесе айдаһар секілді тағы андардың символды қарсыласы ретінде қарастырылмайды. Өйткені, еш күмәнсіз, адам өмірінің қаһармандық негізі осы поэтикалық бейнелердің барлығында, сонымен бірге, көптеген басқа, қосымша кейіпкерлер: суретші, көріпкел, данагөй, ағартушы мен ағартушылардың бойында болмақ. Бұдан гөрі маңызды жайт сол, әлдебір тақырыптың нақты ат ­ айдарынан немесе сондай әлдебір тақырыптың, мейлі, қисынды әлде мейлінше оғаш түрде болсын, қайталану жиілігінен тыс, бастысы — оларда қаһармандық негізге тән жаппай тәуекелшілдік пен іске берілгендік элементі сөзсіз болатындығы. Кез­келген үстірт құрылған диаграмма аясынан сатылып шығып, өзің үшін адамзат болмысының негізге алынар аспектілерін қозғайтын қаһармандар туралы ұлы мифтің, ең болмағанда, кейбір құпияларын ашуға деген талап­тілектің маңызы зор. Ал, енді біз, ең берісі, қаһарманның дамуы процесінің кейбір аспектілеріне ден қоямыз. Бұл процесс біртіндеп жүреді, сондықтан да, бір бұл кітап оны жан­жақты мазмұндауға жеткіліксіз. Қаһарман ешқашан да өз саяхатының ақтық мақсатына толық түрде жетпесе де, ол туралы армандаудың өзі, ерлік жасау әрекеті жайлы айтпағанның өзінде, адамзат ой­қиялы мен сенімінің ең бекзат көрінісінің бір үлгісі болып табылмақ.

Читайте также:  ЖУРНАЛИСТІК МАМАНДЫҚТЫ МЕҢГЕРУДІҢ НЕГІЗІ

Оставить комментарий