Мифтер және бұқаралық ақпарат құралдары

Жақында атқарылған зерттеулер бұқаралық ақпарат құралдары ұжымдарының қоғамға ықпал ету жолында қайталанатын бейнелер мен жүріс­тұрыстардың мифтік құрылымдарын ашып көрсетті. Бұл құбылыстар әсіресе «Комикстердің» кейіпкерлері мифологиялық қаһармандардың қазіргі заманғы аты. Олардың өз бойына көрерменнің идеалын тұлғалар ­ іскерлердің тағдырында болатын. Ең алдымен, олардың өлімі оқырмандардың иесін қатты толғандырады; олар газеттер мен ­ журналдардың авторлары мен редакторларына өздерінің ойларын білдірген мыңдаған хаттар мен телеграмма жолдайды. Фантастикалық кейіпкер, бетер адам (сверхчеловек), өзінің тұлғасының екі ұдайылығының арқасында аса танымал болып шықты; апат нәтижесінде жоғалып кеткен планетадан Жер бетіне келген бетер ­ адам Кларк Кент деген қарапайым журналистің кейпінде өмір сүреді. Ол қарапайым, елеусіз, оның әріптесі Лойза Лайн оны үнемі басып озып отырады. Шексіздікке ие болған, бірақ қарапайымдылық бет пердені жамылған қаһарман іс жүзінде танымал мифологиялық тақырыпты қайта торітеді. Істің мән­мағынасы жөнінде айтар болсақ, супермен туралы миф өзін жұртта қалған және қауқарсыз сезінетін, күндердің күні «қаһарманға», ерекше тұлғаға, «бетер ­ адамға» айналып шыға келуді армандайтын қазіргі заман адамның ішкі көксеулерін қанағаттандырады. Полицейлік романдарға қатысты да осыны айтуға болады: бір жағынан, біз бұл жерде қайырымдылық пен зұлымдықтың арасындағы, қаһарман (детектив) пен қылмыскердің (демонның осы заманғы бойлауы — воплощение) арасында күрестің куәгері боламыз. Екінші жағынан, оқырман, сергілік (бессознательное) түрде идентификациялау процесіне кірісіп кетеді, ол драма мен мистерияға қатысушы болып шығады, бір мезгілде қауіпті әрі «қаһармандық» болып табылатын әрекетке өзі де қатысып отырғандай әсер алады. Медианың көмегімен тұлғалардың мифологизация олардың үлгі тұтарлық бейнеге айналуы жүзе асатыны дәлелденіп те қойылған. «Лорд Уорнер өзінің «Өмір және Өлім» деген кітабының бірінші бөлігінде бізге осы типтегі кейіпкердің пайда болуы жөнінде әңгімелейді. Малдун, Янки Ситидің полисмені, Хилл Стриттен шыққан ақсүйекке деген қарама­ қарсылықтың айқын көрсеткіші болып шыққандықтан, ұлттық қаһарманға айналады, баспасөз бен радио одан жарты құдай жасап шығарады. Ол бізге байлық қамалына шабуыл жасаушы, халықтан шыққан крестші көрінеді. Кейін, бүл бейне қалың бұқараны мезі ете шақта, бұқаралық ақпарат құралдары оны оңбағанға шамның тауқыметтерін өз пайдасына жаратып жүрген тірлік қор полисменге «ләппайлата» айналдыра салды. Уорнер Биггидің ұсынылып отырған екі түрлі бейнелік қағидаға да ұқсамайтындығын бірақ, оның бір бейнеге (жүріс­тұрысын екіншісін жоққа шығаруға мәжбүр шағындығын көрсетеді» .

Мифологиялық жүріс­тұрыс қазіргі заманға қоғамға тән адамның пенделік мүмкіндіктердің ауқымынан шығып кетуге деген ойында болмаса да, іс­әрекетінен аңғарылатын күңгірт, түйсікті пейілді көрсетуші «табысқа» жетуге деген талпыныстан да көрінеді. Бұл пейіл «ілкі бастаулық кәмілдікті» аңсау деп түсіндіруге болатын (предместье) кетіп қалудан да, «қасиетті бос аяқты арба культіне (культ священной колесиницы)» деген айырықша ынтызарлықтан да көрініс табады. Эндрюдің ескертуі бойынша, «жыл сайын болып тұратын .автомобиль салонына барғанда оның нағыз діни жоралғы болып табылатындығын көріп, түсінуге болады. Түс ­ реңктер, жарықтандыру, музыка, тәнті болған келушілердің тағзым етуі, ғимараттық абыз ­ қыздардың (жрица) (манекен қыздардың) болуы, жарқыл мен салтанат, шашпалық, көп салық — осының барлығын да басқа мәдениеттерде нағыз штургиялық қызмет деп атауға болар еді. Қасиетті автомобильдің культі өзінің үмбеттері (последователь) мен бағышталғандарына (посвященный) ие. Сәуегейдің көңіл ашарларын (откровения оракула), гностик, дәл автомобильге табынушының жаңа модельдер туралы жаңа мәліметтерді күткеніндей асыға күтпейтін шығар. Жылдық маусымдық циклдің нақ осы кезеңінде культтің қызметшілерінің — автомобиль сатушылардың маңызы мен рөлі артады, ал тынымсыз тобыр жаңа құтқарушыны дегбірсіздене күтеді». Өзінше бір элитарлық деп атауға болатын мифтерге, оның ішінде көркем шығармашылыққа және оның мәдениет пен қоғамдағы көрініс табуына байланысты мифтерге көңіл аз болсақ, ең алдымен, қалың бұқара » өнер саласындағы кемтарлық _ мифтер бағышталғандардың оның арасында ғана танымал бола алды. Сыншылар мен ресми өкілдер тарапынан болған самбо және Ван Гот сияқты суретшілерге қатысты жаугершіл түсінбеушілік (агрессивное непонимание), пионерлер мен мұражайлардың импрессионизмнен кубизмге және сюрреализмге дейінгі жаңашыл ағым атаулыны дер кезінде көз қырына алмауының келеңсіз салдарлары, сыншылар, публика, кітап сатушылар, коллекционерлер мен мұражай әкімшілер үшін қатал сабақ болды. Қазіргі кезде оларда тек бір қана үрей сезімі бар: жаңа генийді байқамай қалудан, жіберіп алудан, мүлде түсініксіз туындыдан жауһарды танымай қалудан қорқу. Сірә, ешқашан да, тап бүгінгідей, суретші өзін барынша телі­тентек етіп, неғұрлым түсініксіз, абсурдты және танылмастай етіп көрсетсе, соғұрлым танымалдыққа, сүйіспеншілік пен құрметке ие болмаған шығар. Кейбір елдерде, тіпті, іші сыртына қаратылған (өңі айналдырылған) өзінше бір академизм, авангард академизмі пайда болды, осындай жаңа конформизммен санаспайтын суретші елеусіз қалатын немесе бәсекелестері тарапынан ығыстырылып шығарылатын жағдайға дейін жетіп отыр. XIX ғасыр бойына үстем болған қарғыс атқан суретші туралы миф бүгіндері ескіріп қалды.

Читайте также:  Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық

Ең алдымен АҚШ­та, сондай­ақ, Батыс Европада суретшіге көбіне­көп оның бетсіздігі (наглость), телі­тентектігі (дерзость), бөгденің жүйкесіне тиерлік жүріп ­ тұруы (вызывающее поведение) пайда әкеледі. Одан бір түрлі болу, ешкімге ұқсамау және «тек кана жаңа нәрсені» жасау талап етіледі. Қазіргі кезде ас нағыз перманенттік революция үстемдігі өтіп жатыр. Барлығына рұқсат етілген деудің өзі аздық етеді: кез келген жаңашылдық алдын­ала Ван Гогтың немесе Пикассоның дарындылығына теңестіріледі және жария етіледі, бүл жерде, суретшінің қолы қойылған жыртылған афиша немесе консерві қалбыры бола ма, бәрі бір. Өнер тарихында, мүмкін, түңғыш рет ендігі жерде суретшінің, сыншылардың, коллекционерлер мен публиканың арасында түсінбеушілік жоқ болып отырғандықтан, мәдени құбылыстың мәні одан әрмен маңызды болмақ. Жаңа туынды пайда болмастан бұрын, ешкімге суретшіні ашпастан бұрын толық және жаппай жасампаздық үстемдік етіп отыр. Біреуі ғана маңызды: лидердің күні жаңа көркем тәжірибені түсінбей, жаңа аңғармай қалдық деп мойындауға тура келетін қолайсыз жағдайды болғызбау. Қазіргі элиталардың осындай мифологиясына қатысты кейбір ескертулермен шектелеміз. Іс жүзінде, өнер туындысының апармастық, түсінілместік гипнозы дүние мен адам ғұмырының осыған дейін беймәлім (болып келген, жаңа, тылсым мән­мағынасын аңғаруға деген ниетін көрсетеді. «Жетпек» пейілі, осынау көркемдік тілді жаратушылықтың осынау, бір қарағанда, өнермен бес қайнаса да сорпасы қосылмайтын барлық «даралық» тәжірибелердің астыртын мән­мағынасын табуға деген пейіл көзге ұрып тұр. Жұлмаланған афишалар, вернисаж кезінде пышақпен тілгіленген бос полотнолар немесе вернисаж кезінде жарылатын жанып біткен «өнер нысандары», актерлері тиістілігін анықтамақшы болып авизацияланған спектакльдер, — Финнеганды аза тұтудағы хабары барлар) үшін, егер олардың бүгінгі күннің немесе суахили тілінің сөздерінен шығарылған. Ол белгілі болса, онда сан алуан мағынаға және ғажайып сүрікке ие болатын, егер оларды дауыстап және жылдам ол кезде болса, онда астартын ықтимал каламбурлық емеуріндермен байытылатын кейбір түсініксіз сөздер сияқты мән­мағынаға ие болуы тиіс. Әрине, қазіргі заманғы өнердің революциялық тәжірибесінің барлығы да рухани дағдарыстың немесе жай ана таным мен көркем шығармашылықтың дағдарысын көрсетеді. Бірақ біз үшін ең алдымен «элитаның» осы заманғы туындылардың түсініксіздігінен өзінше бір жетпекті көреді. Бұл құдды, сынықтар мен жұмбақтардан қайта құрастырылатын, өзінікі деуге тұрарлық дүние, хабары бар (бағышталған) азын ­аулақ топ үшін ғана өмір сүретін «жаңа дүние» іспетті. Бірақ, түсінудегі қиыншылықтар мен түсініксіздіктің беделінің орасандығы сонша, көп уақыт өтпей жатып­ақ қалың жұртшылық осы процеске тартылады және элитаның жаңа көңіл ашарларларымен (откровения) өздерінің толық келісетіндігін жария етеді. Көркемдік тілді қирату ісі кубизм, дадаизм және сюрреализм, додекафонизм және «нақты музыка», Джонс, Беккер пен Ионеско тарапынан жүзеге асырылды. Одан әргі қиратуларға тек эпигондар ғана істей алады.

Читайте также:  Дін және саясат

Алдыңғы тарауда айтып өткеніміздей, нағыз суретшілер қирандылар негізінде шығармашылықпен айналысуды қаламайды. Осының бәрі бізді, «көркем жаһанның» materia prima ілкі бастаулық жай­күйіне, ілкі материяға келтіру ісі бар болғаны бұдан да күрделірек процестің бір мезеті ғана болып табылады деген түйін жасауға итермелейді. Ілкі қауымдық қоғамдардың циклді тұжырымдамаларындағы сияқты, «Хаостан», materia prima праформаларына дейінгі барлық формалардың регрессінен кейін, космогония сияқты, жаңа шығармашылық басталады. Бізді қазіргі заманғы өнерлердің дағдарысының өзі қызықтырмайды. Дегенмен, әдебиеттің, әсіресе, мифология мифологиялық жүріс­тұрыспен байланысқан әдебиеттің роліне тоқталып өту керек­ақ. Эпос пен роман, басқа да әдеби жанрлар сияқты, басқа деңгейде және басқа мақсаттарда мифологиялық әңгімелеуді жалғастыратындығы белгілі. Осы және басқа да жағдайларда аз болсын, көп болсын ойдан шығарылған өткен шақта болып өткен оқиғалар хақында баян етіледі. Бұл жерде «мифологиялық материяны» эпикалық баяндаудың «сюжетіне» ұзақ та күрделі процестің мазмұнын тәптіштеп жатуға орын жоқ. Соған қарамастан, қазіргі заманғы қоғамдардағы баян етуші прозаның, оның ішінде, романның, ілкі қауымдық қоғамдардағы мифологиялық әңгіме мен ертегінің орнын алмастырғандығын баса атап көрсетуіміз керек. Оның үстіне, кейбір қазіргі заманғы романдардың «мифтік» құрылымы жөнінде айтудың жөні бар, көптеген елеулі мифологиялық тақырыптар мен кейіпкерлердің әдеби пердеде (бұл әсіресе, қаһарман өтеуші тап болатын жетпек пен сынақ тақырыбына, оның құбыжықтармен шайқасына әйел мен байлықтың мифологиялық тақырыбына қатысты) жаңа ғұмырға ие болады. Осының барлығын ескере келе, қазіргі заманғы романға деген ынтызарлық немесе зайырлы (светский) формаларға жасырылған «мифологиялық тарихтарға» деген ден қоюшылықты көрсетеді деген қорытынды жасауға болады. Басқа бір ескеруге тұрарлық мезет: дәстүрлі модель бойынша өрбітілетіндіктен парадигмалық деп атауға боларлық «тарихтар» мен әңгімелерге деген сұраныс бар. Қазіргі заманғы романның дағдарысы қаншалықты болса да, «басқа» жаһандарда енуге және «тарихтың» шырғалаңдарының артынан ілесуге деген қажеттілік, сірә, адамның өз табиғатына ен, сондықтан да ешқашан жойылмайды. Оның мән ­ сүрін (суть) анықтау оңай емес: бұл жерде «басқалармен» бей мәлімдермен жүздесуге деген, олардың тағдыр тауқыметтері мен үміттерін бөлісуге деген тілек, болуы әбден мүмкін оқиғаны білуге деген қажеттілік көрініс табады.

Читайте также:  Кеңес одағының батыры Біләл Қалиев

«Әңгіменің» әдеби кейіпкерлердің «екі ұдайлы толымына» не болған адамдардың басынан кешірген, бір мезгілде қазіргі заманғы қоғамның мүшелерінің тарихи және психологиялық толымын көрсететін және шығармашылық ойдан шығарушылықтың магиялық күшіне ие елеулі оқиғалар арбауына түсіп қала алмайтын адамның қиыны. Бірақ, оқудың өзін «Уақыттың сыртқы шегіне өсиет пен мифологияның функцияларын көбірек жақындата алатын нәрсе болмақ. Әрине, жасанды оқу барысында «бастан кешірілетін» уақыт бағзы қоғамдардағы мифті тыңдау барысында бір тұтастыққа тіріліп, жинақталатын уақыт бола алмайды. Бірақ, бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да тарихи және жеке уақыттан «шығу» және ойдан шығарылған, транс тарихи уақытқа бойлап ену іске асады. Оқырман көз алдына елестетіп отырған бөгде, әрбір өзінің дербес, арнайы және айырықша уақытына ие болатындықтан ырғағы шексіздікке шейін өзгере алатын уақыт сферасына енеді. Роман мифтердің ілкі текті, ілкі , ;аулық уақытына шыта алмайды, бірақ, ол шындыққа ұқсас тарихты баяндау мөлшеріне қарай, романист тарихи уақытты пайдаланып отырған сияқты болғанымен, оны кеңейтілген (расширенной) немесе түйіншектелген (свернутой) формада пайдаланады, сондықтан да, оның уақыты, көз алдына келтіріле алатын дүниелердің барлық бостандығына ие болып шытады. Әдебиетте, басқа өнер түрлеріне қарағанда тарихи уақытқа қарсы көтерілу, біз өмір сүруге және еңбек етуге мәжбүр болған уақыттың ауқымдағыдан өзгеше басқа уақыттық ырғақтарды табу және аңғаруға теген ниет айқынырақ аңғарылады. Сауал қоюға болады: күндердің күнінде өзіндік тарихи және жеке уақыттың шегінен шығып, «бөгде», экстатикалық немесе көз алдына келтірілген уақыттың бойына енуге деген тілек жойыла ала ма? Осындай тілек бар болып отырған шақта, казіргі заман адамында ең болмаса «мифологиялық жүріс ­тұрыстың» рудименттері сақталып қала алады деп айтуға болады. Мұндай мифологиялық жүріс­тұрыстың белгілері біз бастан өткізген немесе алғаш рет танып­біліп отырған (алыс өткен шаққа, «ілкі бастаулардың» жырғалаң уақытына ие болу) сәттердегі интенсивтілікке қайтадан иелену тілегінде де байқалады. Барлығы да күткеніміздей қисындар, сол баяғы уақытқа қарсы күрес, сол баяғы жаншып, өлтіріп отырған «өлі уақыттың» ауыр жүгін лақтырып тастау үміті.

Оставить комментарий