Мифтер: жасырын негізқалаушы ұжымдық жазалау

Мен ол қазір бізге мүлде жоқ сияқты көрінсе де, немесе оны біздің дәуірде қоршаған толық үнсіздікке оранса да негізқалаушы ұжымдық жазалаудың оның тіптен мүлде мойындамайтын авторлардың өзінде көрініс беретінін көрсеткім келеді. Мысалы, Леви­Строс еңбектерінде ол туралы айтқанын мүлде байқамаса да және оның ол зерделеуге талпынған барлық мифологияны тудыратын тетік екенін ешбір түсінбесе де, негізқалаушы ұжымдық жазалауға қатысты және одан маңызды структуралық сипаттар шығаратын зерделеу бар екенін көрсеткім келеді. Ж.­М.У: Сіз мифологияға әлі кіріспегендіктен және мифология структурализм үшін діни азғындықтың лингвистикаға қарсы қитұрқылығынан бос таза тіл аймағы, оның арнайы қолданыс ауқымы болғандықтан, Сіз Леви­Стростың мәтінін әрбір дәйекке тоқталып, тереңірек жіктесеңіз жақсы болар еді. Р.Ж.: Бұл зерделеудің қызық болатыны, ол басынан аяғына шейін Леви­Стростың ез зерделеуіне негізделген. Әсіресе, бізді екі мифтің қысқаша тұжырымдамасы қызықтырады. «Бүгінгі тотемизмде» Леви­Строс екі бір бірінен өте алшақ қоғамдарға тән екі мифті жақындастырады. Олардың бірі америкадағы Ұлы Кәлдер солтүстігіндегі Оджива үндістер қоғамына тән болса, екіншісі Тыныс мұхитындағы Тнхопия қоғамына тән. Міне, алдымен, оджива мифі: Бес «алғашқықауымдық» тайпалар мұхиттан адамдармен араласу үшін шыққан адамға ұқсас алты табиғатта жоқ құбыжықтардан бастау алады. Олардың біреуі, көздері таңулы болғасын ба, өзі оны өте қалағандай болса да, адамдарға қарауға бата алмады. Өз­өзін ұстай алмағасын ол ақыры шүберегін көтереді, сол кезде оның көзі бір адамға түсіп, әлгі оған найзағай түскендей заматта өледі. Өйткені, келімсектің ниеті жақсы болғанымен, көзқарасы тым уытты екен. Содан оны жолдастары теңіздің тереңіне кері қайтарады. Өзге бесеуі үндістер арасында қалып, оларға көптеген шапағат жасайды. Олар үлкен тайпалар мен тотемдердің негіз қалаушылары ( 27 б.). Енді тағы да Леви­Строс мәтінінен келтірілген тикопия мифі: Өте ерте замандарда тәңірлер адамдарға ұқсас болған және жерде олар тайпалардың тура өкілдері болған. Бір күні жат тәңірі Тикарау Тикопияға келген және олардың тәңірілері оған тамаша той жасаған, бірақ одан бұрын олар қонақтарының күші мен желаяқтығын сынағысы келген. Жарыстың қызған шағында Тикарау сүрінгендей болып, мен жараланып қалдым дейді. Бірақ ақсаңдаған сыңай танытқан кезде ол кенеттен дайындалған асқа секіреді де, оны тауға алып қашады. Тәңірлердің тобы оны қудалайды; бірақ Тикарау шынымен қашып үлгіреді, ал тайпалық тәңірлер болса, бірі кокос жаңғағын, екіншісі тароны, үшіншісі нан ағашының жемісін және соңғылары иньямды ұстап үлгірген бойы қала береді… Тикарау көптеген тамақтармен аспанға жетіп құтылады, бірақ төрт өсімдік өніс адамдар үшін құтқарылады (36 б.). Біздің жүйеде бұл екі мифті зерделеу өте оңай. Бұлардың екеуінен де біз тағы да миметикалық дағдарыстың және құтқарушы құрбан тетігін іске қосатын зорлап ойрандау схемасын көреміз. Тәңірлік және адамдық нәрселердің о баста араласуы бұл арада өте сипатты. Бұл араласудың конфликтті болғаны жөнінде тура айтылмайды; дағдарыстың зиянды нәтижелері заматта құрбанға телінеді, енді ол сол үшін жауапты деп жарияланады. Бірінші мифта ол үндістің бірінші құрбанның жәй көз тастауынан кенеттен өлуі. Екінші мифта ол бүкіл мәдени жүйені ұрлау, оған болашақ құрбан Тикарау жауапты. Тәңірлер мен адамдар ұйымдастырған күш пен желаяқтықты сынау мифтік драма шешкен конфликттік жағдайға нұсқайды. Мұндағы үрдістік коннотация бізді таңдандырмауға тиіс. Миф бізге дағдарысты ритуалданған, бірақ ритуалды емес қылып көрсетеді, өйткені спортивтік ойындар еріксізден ұжымдық зорлыққа айналады. «Вакх қыздарында» ритуалды болып үлгірген вакханалия қалай тез Пенфеяны жазалауға ауысса, мұндағы күш пен шапшаңдықты сынау тәңіріні қууға айналады және бұл қуғынның жазалаумен аяқталатыны мүлде айқын. Егер болашақ тәңірінің алғашқыда сүрініп ақсаңдағаны жорта болса да, онда қуғындалған кезде «ол шынымен құлады» делінеді. Бұл сөйлемде түнеріңкі бір нәрсе бар. Егер сіз мәтін бойынша Тикарау аспанға шығып қашты десеңіз, мен сізге Раймонд Фирттің Леви­Строс «Бүгінгі тотемизмде» сілтеме жасаған жұмысын емес, бірнеше жыл кейін, 1967 жылы шыққан «Тікоріа Ritual and Belief». Бұл кітап бойынша Тикарау өзінің қуғыншыларынан төбе жотасына шығып қашып кетуге тырысады. Бұл туралы Раймонд Фирт былай деп жазады: «Ол шатқалдың шетіне секірді де, өзі atua (әруақ, тәңірі) болғасын, аспанға ұмтылып, алыс елдерге өзінің ұрлаған заттарымен ұшып кетті». Егер Тикарау atua болмағанда, ол шатқалға құлап, содан өзіне келе алмас еді. Сондықтан миф оның құлағанын қайта­қайта жорта емес, шынайы қылып көрсетеді. Бірақ Тикарау atua болғасын, аспанға ұшып кетеді. Бітістіруші және өзгеріске түсіруші құрбаннан мәңгі өлмес тәңірі жасаған киелеу астарынан өліммен біткен жардан құлау сезіледі және мұны мифтің өз мәтіні өте айқын айғақтайды. Заң жүйесі жоқ көптеген қоғамдарда Тикараудың құлауынан туындайтын оқиға өлім жазасының ең сүйікті тәсілі, әрине, егер оған топография мүмкіндік берсе. Жазаланушы шатқалға апаратын жоталарға құлатылған, ал қауымдастық болса, қоғамдастық дөңгелене тізіліп, оның шатқалға құлаудан өзге сытылып шығуының барлық мүмкіндігін жойып, оған баяу жақындайды. Он жағдайдың тоғызында үрейдің асқынатыны сонша, әлгі бейшара шатқалға өзі құлайды, сөйтіп оны тура өлтіру міндеті керексіз боп қалады. Тұтас алғанда, ол шынымен құлап тынады, немесе бос кеңістікке ұшып кетеді. Атышулы Тарпьен жартасы бұл әдеттің көптеген мысалдарының бірі. Мұның діни тұрғыдағы артықшылығы жазалауға бүкіл қоғамдастық қатысады және ешкім құрбанмен «жұқпалы» контактқа бармайды. Бұл артықшылық архаикалық қоғамдардың өлім жазасы процедураларында көрініс тапқан. Ритуалды яғни, рәсімді жазалаудың бұл түрлері жіктеліп ойластырылмайды; олардың өзгешелігі өте көп бір нұсқадан көшірілгені көзге ұрады, бірақ ол әрқашанда бір құрылымды; бұл, әрине, Тикарау туралы миф суреттейтін оқиға, алғашқы құрбанды өлтіру, бұл бітістіруші өлім, өйткені, еріксіз және бірауыздан ритуалды жазалаудың жүйесін тудырады. Оджибваның мифінде де ұжымдық өлтіру бар, бірақ ол Тикарау мифінан гөрі тез баяндалған: алты келімсектердің бірі, көзіндегі таңуын көтеріп және оған қарап үндісті өлтіргеннен кейін, әлгінің бес жолдасы оны теңіздің тереңіне қайтуға мәжбүр қыяады. Бірінші жағдайда құрбан жартасқа соғылып өледі, екіншісінде ол суға батырылып өледі. Ж.­М.У.: Нәтижесінде, екі мифте де құрбан тәңірлік сипатта. Өйткені ол өзіне қарсы бағытталған бірауыздан бірігуде кульминацияға жететін жүгенсіздік үшін де және осы ауызбіршілік орнататын тәртіптің қайта оралуына да жауапты. Қоғам құрбанды тек өз өзгерісінің кездейсоқ және жуас құралы, немесе ұжымдық жүгенсіздіктен тыныштыққа ауысудағы жәй жеделдетуші ретінде қарастыра алмайды. Оның ойынша, бастапқы жауыз өзінің жауыздығы итерген бағытта іс жүзінде өле алмайды, өйткені ол кенеттен кұдыретті шапағат иесіне айналады. Ол қалай өлі болады егер қоғамдастыққа «тотемисттік» деп аталатын тәртіп пен өмірді өзі сыйласа. Г.Л.: Екі мифтің бұл пайымын, әрине, Леви­Строс емес, біз ұсынамыз. Енді Леви­ Стростың түсініктемелеріне ауысайық. Ж.­М.У.: Бірақ оның тек мәтінде ғана тірлік етпейтін лингвистикалық тәжірибеден бұрынғысы біз мифте мойындайтын нәрсені, мәдени айырмашылықты жоятын миметикалық және зорлықшыл ымырашылдықты мойындауға тиым салады. Р.Ж.: Леви­Стростың лингвистикалық көзқарасындағы «ажыратусыздық», немесе «үзіліссіздік» тіл жасап қоюға үлгірген айрмашылықтарды «жамау», этнологты өкіндіретін шарттылық, әсіресе, ритуалдарда, өйткені онда ол олардан жіктеуші ойдың азғын бас тартуын көреді. «Бүгінгі тотемизмнің» зерделеуінде ол әлгі ажыратусыздықты мифология жобасының негізі деп санайды. Оның ойынша, ажыратылатын және үзік нәрселер тек үзіліссіз және ажыратусыз нәрселер негізінде жүзеге асады. Г.Л.: Сонымен, Леви­Строс бойынша, мәдени генезистің тек өтірік әйгіленуі, ал сіз оны шынайы генезис туралы есеп беретін нәрсе дейсіз. Мифтік ой таза зердеуи үдеріс жіктелу процессін шынайы процесспен шатастырады, ол әлем бастауында толық ертегілік персонаждар арасында орамын жазған драманың бір түрі. Р.Ж.: Демек, структурализмді мифологияның өзіндік драмалық элементтері қызықтырмайды және оларға мон беретін зерттеушілерді ұнатпайды. Әйтсе де кейбір пайымдауды талап ететін қайталауларды көрмеу үшін ол тым кәнігі бақылаушы. Міне, осы тұрғыда Леви­Строс оджибва және тикопиа арасындағы назар аударуға туратын кейбір ортақ баптары бар дейді. Леви­Строс бұл ортақ баптарды қалай анықтайды, олардың көз алдындағы мифтік драма қалай көрінеді? Әрине, таза логикалық түрде,.бірақ әңгіме сыртқа шығару және жою жөнінде. Мысалы, ол былай деп жазады: Екі жағдайда да жүйе ретіндегі тотемизм кедейленген тұтастықтан қалған нәрсе ретінде енгізілген. Әр жағдайда үзіліс үзіліссіздіктің белгілі бір бөліктерін жою арқылы қамтамасыз етілген. Ол кедейленген және мұнан кейін онша көп емес элементтер әлгі кеңістікте орналаса береді, өйткені, оларды бөлетін арақашықтық олардың бір біріне енуіне және олардың араласуына кедергі жасау үшін жеткілікті. Оджибва үндістері санағандай, олардың қоғамы туындаған бес үлкен тайпа пайда болуы үшін алты табиғаттан тыс персонаждар беске айналуға және олардың біреуі қуылуға тиіс. Тиконияның төрт маңызды «тотемистік» өсімдіктері жат құдай езінін құрметіне дайындалған тамақты ұрлағанда бабалары жалғыз сақтай алған өсімдіктер. Демек, барлық жағдайда, үзілген жүйе элементтерді жоюдан, немесе оларды бастапқы ансамблден шығарудан туындайды. Мен сізге бұл арада тек қана «Бүгіндегі тотемизмнен» емес, сонымен қатар әлгі зерделеудің нұсқасы жасалынған және кеңейтілген «Шикі және қуырылғаннан» қалай болса солай алынған сөйлемдерді оқыдым. Біз көргендей, Леви­Стростың пайымында шығару, жою, пәрменді түрде жою сияқты атаулар тұрақтыға айналған, бірақ олар ешқашанда шынайы тұлғаға қарсы шынайы зорлыққа қолданбайды. Әңгіме әрқашанда топологиялық алаңында белгілі орын алатын объекттер туралы. Жойылған элементтер ол оджибва мифінде өзін «қууға» мәжбүр ететін адамға ұқсас тәңірі, бірақ, сонымен қатар, Тикараудың ұрланғанынан гөрі Тикарау ұрлаған тотемистік өсімдіктер. Екінші жағдайда таты да адамға ұқсас тәңірінің жойылуы, Леви­Строс бойынша, екі мифтер арасында таты бір ортақ бапты құрайды, бірақ Леви ­Строс бұл жөнінде тіс жармайды. Нәтижесінде, Леви­Строс жүйесінде бір немесе көптеген үзінділерді пәрменді жою, тәңіріні қуу, тірі жандарды, немесе тамақ тағамдарын жою әрқашанда «үзіліссіз өлшемнен үзілістіге көшу проблемасын шешу мақсатындағы» түрлі тәсіл ғана болды. Мифтің басында билік еткен ажыратусыздық ахуалы белгілі аланды шегінен тыс кедергілеу ретінде пайымдалған. Заттарды ажырату үшін олардың арасында ойдың сытылып кіруін мүмкін ететін кетіктер болуға тиіс, бірақ ЛевиСтросша олар мифтің басында болмаған. Нәтижесінде, мына туа бастаған ой жағдайында мәселе орын жасауда еді, яғни, заттарды оларды жіктеу мақсатыңда бір бірінен болу және Леви­Стросша дәл осы нәрсе оларды тіпті бір фрагменттен аз мөлшерге шейін жояды. Айырмашылық ой машығында структурализм заттарды кеңістікте орналастыру атауында көреді және мифтік ой машығының ертегілік драманы ойлап тапқанындағы мақсаты айырмашылықты кеңістікте орналастыру, жіктелу құбылысын метафорикалық түрде әйгілеу. Нәтижесінде алғашқы қауымдық ой машығын дайын структурализм деуге болады, бірақ ол жіктелу барысын шынайы оқиғамен шатастыратын алғашқықауымдық структурализм, өйткені ол оны жеткілікті абстрактті түрде көрсете алмайды. Мифтен үйренетін нәрсе әлі коп, бірақ ол дұрыс жолда, яғни Леви­Стростың жолында. Бұл пайымның беймүмкін екенін көрсету қиын емес. Етер драманың мәні мифтік аланды тазарту барысында болса, онда жойылатын үзінді немесе үзінділер о бастан бұл алаңның бөлігі болуға тиіс. Егер олар кенеттен бөлік болмаса, егер олар алаңға кейін енгізілген жат денелер болса, олардың жойылуы бастапқы жағдайға қатысты еш қосалқы кеңістік бермес еді. Меніңше, екі мифта да біз осы жағдайға кездесеміз, өйткені екі жағдайда да жойылған үзінді ол тәңірі және оджибва мәтінінде де, тикопиа мәтінінде де бұл тәңірі бастапқы мифтік алаңның бөлігі болған емес, ол бізге келімсек деп әйгіленген. Леви­Стростың кеңістік нобайы жойылады. Ж.­М.У.: Бірақ, сіздің көзқарасыңызша, құтқарушы — құрбандық қоғамдастықтың сыбағасы. Р.Ж.: Шынайы құрбан ретінде, әрине, бірақ мифте әйгіленген ретінде емес. Әйгіленуге зорлап бітістіру және одан шығатын киелілену билік етеді. Сөйтіп, құрбан барлық атрибуттарымен және киеліліктің барлық қасиеттерімен әйгіленген. Негізі, ол қоғамдастыққа тон емес, бірақ қоғамдастық оған тон. Миф оны кейде сырттан келген, кейде қоғамдастыққа тон ретінде әйгілейді, өйткені ол тағы да өте бай мәндену мүмкіндігінен таңдайды. Құрбан сыртқы немесе ішкі ретінде көріне алады, өйткені ол ішкіден сыртқыға және сыртқыдан ішкіге езінің әрқашанда құтқарушы және негіздеуші ролінде ешбір мөлшерсіз өте беретін сияқты. Кейбір менің сыншыларым айтатын нәрселерге қарсы мен діни ұғымдарды олардың «референттерімен» шатастырмаймын. Және мұнда да әңгіме тек ұғымдар туралы. Тіпті егер бұл «Бүгінгі тотемизмнен» екі мысал пікірталасқа негіз беретін болса, Леви­ Стростың бұл маңызды табына байланысты осы екі мысалдағыдай құрылымданған көптеген мифтерді келтіруге болар еді және олар «жойылған үзіндінің» сыртқарылығы жөнінде өте нақты сөйлейді. ( олардың бірі ретінде Теодар Кох Грюнберг жазып алған Чхуна үндістерінің мифін келтірейік: Күн еліндегі үлкен су үйінен көп жыл бұрын адамдарды айналасында жақсы әндерімен үйіріп алатын кішкентай ұл келді. Оның аты Миломаки еді. Бірақ адамдар оны тыңдап болғаннан кейін үйіне келіп, балық жесе, өле беретін болған. Жылдар өтіп Миломаки үлкен бозбалаға айналды, бірақ ол көптеген адамдарға өлім әкелгесін, қауіптіге айналды. Бірге жиылып, құрбандардың ата­анасы оны ұстап алып, орасан отқа жағып жіберді. Алауға оранған Миломаки ғажайып он айтумен ақыры өлді. Оның күлінен Пашиуба пальмасы өсіп шықты, одан адамдар Миломаки әндерін қайталайтын үлкен сыбызғылар ойып алатын болған. Пальманың жемістері өскенде осы сыбызғыда ойнап, Миломаки құрметіне билейді. Бұл заттарды қоғамдастыққа сыйлаған сол еді. Мұнда да «пәрменді жоқ қылу» бар, бірақ «жойылған үзінді» «бастапқы жаппайлыққа» тән емес. Миломаки қоғамдастықтың бөлігі емес. Ұжымдық өлтірудің топологиялық пайымы беймүмкін. Топологиялық схеманың бізге іс жүзінде ұжымдық зорлықтың әйгіленуі болатын әйгіленудің нағыз мағынасы ретінде ұсынылғаны айқын. Бұған көз жеткізу үшін Леви­ Стростың бұл схемасын ұжымдық зорлықтың әйгіленуі жөнінде әлгі мифтерден гөрі айқын ұғым беретін мифтерге немесе олардың өңделген түрлеріне қолдансақ жеткілікті. Еврипидың «Вакх қыздарының» басындағы жүгенсіз вакханалияны алаңды үйінділеу, ой қызметіне кедергі жасайтын халықтың шектен тыс молдығы деп пайымдауға болады. Әйтсе де қыздар мүмкін өте биязы, бірақ тиімді көне «пәрменді» бейшара Пенфеяны жояды; дионисиялық ой қызмет ете бастайды, тәңірлік тәртіп қайта орнатылған. Әрине ұжымдық өлтірудің жалғыз әйгіленуінен оның шынайылығын шығаруға болмайды. Және мен олай жасамаймын да. Алайда Леви­Стростың топологиялық схемасы ұжымдық өлтіру әйгіленуінің транспозициясы және Леви­Стростың бұл әйгіленуді өзі ұға алмағаны бір түрлі ұят тудыратындай.

Читайте также:  Мұсылман философиясындағы антропология және гносеология

Оставить комментарий