Мифтердің ұлылығы және құлауы

Мәдениеттің ең ежелгі сатыларында дін адам үшін астам текті дүниенің, аксиологиялық мұрат ­ құндылықтар дүниесінің «ашықтығын» сақтайды. Бұл мұраттар «трансцедентті», өйткені, олар құдайы болымды Сүриеттің (существо) немесе мифтік ата­бабаның арқасында «ашылып отыр». Сондықтан да олар әлдебір абсолюттік мұраттар, адамның іс­әрекетінің барлық түрінің парадигмалар болып көрінеді. Көріп отырғанымыздай, бұл модельдер, бөгде дүниенің, құдайы болымды немесе Ата­баба Дүниесін сезіне білуді ояту және қалыпта ұстап отыру үшін ауық­ауық оралып тұруды қажет ететін мифтер арқылы таратылады. Бұл «бөгде дүние» бетер текті (сверхъестественный), «трансценденттік» деңгейлі, абсолютті толымдар дүниесі болып табылады. Нақ осындай киелі тәжірибеде, бетер текті болуыммен кездесуде адамның басында әлдебір болуымның, адамға бағыт­бағдар бере алатын және оның ғұмырына мән ­ мағына бере алатын әлдебір абсолютті мұраттардың бар екендігі туралы ой туады. Тек осындай киелі тәжірибенің арқасында ғана дүниеге, кейінірек метафизикалық ой машығының қайта қорытылуынан және жүйелеуінен өтетін шындық (правда), мән ­ маңыздылығы үнемі жоралғылық іс­әрекеттер арқылы қалыпта ұсталынып отырады. Ілкі бастаулық оқиғаларда жадта қалпына келтіру және реактуалдау ілкі қауымдық қоғамның адамына оның жадында болымды (реальность) ажырата білуге және ұстап қалуға көмектесті. Парадигмалық ым ­ ишараттарды (жесты) ұзақ уақыт бойына қайталаудың арқасында жаһан ағымында мызғымайтын және орнықты әлденеме ашылады. Осынау Құдайлардың, Қаһармандардың және мифтік ата ­ бабалардың «трансцедентті» дүниесіне, бағзы қоғамның, уақыттың қайтпастығын (Необратимость Времени) шындамайтын болғандықтан да жетуге болады. Біз атап өткенбіз: жоралғы зайырлы (светское), хронологиялық уақытты жояды және мифтің киелі уақытын қайта торітеді. «Сол бір уақытта» құдайлардың жасаған ерліктерінің куәгерлері, замандастары болып шығады.

Уақыттың кері қайтпастығына қарсы адамның көтеріліс жасауы оған болымды құрастыруға» көмектеседі, екінші жағынан, оны рәсуә етілген уақыттың жүгінен босатады, осылайша, оған, өткенді жоққа шығарып, өз өмірін жаңадан бастауға және өз дүниесін қайта төрісуге болады деген сенім береді. Құдайлардың, мифтік Ата­бабалар мен Қаһармандардың парадигмалық ым ­ ишараттарын имитациялау «бір нәрсені мәңгі қайталау беру», толық мәдени қозғалыссыздық болып көрінбейді. Этнология уақыттың өне бойына өзгермей қалған, тарихқа ие болмаған бірде­бір халықты білмейді. Бір қарағанда, бағзы қоғамның адамы бір қозғалысты шексіз қайталай беретін сияқты болып көрінуі мүмкін. Шынтуайтында, ол жалықпастан дүниені жаулап алып, оны ұйымдастырады, табиғи пейзажды мәдени ортаға айналдырады. Космогониялық мифтің ашып берген еліктеуге арналған модельінің көмегімен адам, өз кезегінде жасампазға айналады. Мифтер, мызғымас сияқты болып көрінгендіктен, адамның иницативалық жігерін құм ететін сияқты көрінер, шындығында олар адамды, оның ойлап тапқыш ақыл жаңа қиырларды аша отырып, шығармашылыққа итермелейді. Миф адамға, оның істегелі отырған ісінің барлығының да бір кездері істеліп қойылғандықтан, толық сенімділік береді, істелгелі отырған әрекеттердің нәтижесіне қатысты туындайтын күмәнділіктерді сейілтуге көмектеседі. Егер аңыздық уақыттарда Қаһарман істеп қойған болса, онда теңізде сапар шегудің алдында екі ойлы болудың не қажеті бар? Тек оның үлгісіне арқа сүйеу керек. Осындай жолмен, сіздер де, жаңа және тың территорияларды игеруге шешім қабылдаған шақта, қорықпауларыңыз керек. Бар болғаны космогониялық жоралғының қайталау керек, сонда беймәлім территория («Хаос») «Ғаламға» айналады, жоралғы арқылы заңдастырылған imago mundi ­ те, қоныстау мекеніне айналады. Еліктеуге болатын модельдің бар болуы шығармашылық ізденістерге кедергі келтірмейді. Мифтік модельді сан алуан түрлі жолмен пайдалануға болады. Миф тірі құбылыс болып есептелген қоғамның адамы, құпияға толы және «жұмбақталған» (зашифрованный) болса да, «ашық» дүниеде өмір сүреді. Дүние адаммен «сөйлеседі», және, осы тілді түсіну үшін мифтерді білсе және символдарды шешуді меңгерсе жетіп жатыр. Аймен байланысты мифтер мен символдар арқылы, адам, уақыттың, туудың, өлу мен қайта тірілудің, сексуалдықтың, өнімділіктің, жаңбырдың, өсімдіктер дүниесінің, т.т. арасындағы тылсым байланысқа ене алады. Дүние, енді, бір жерге кездейсоқ жиыстырылған нысандардың беттетпес массасы емес, реттелген және мән ­ мағына толы тірі ғалам болып табылады.

Читайте также:  Сұхбатты жүргізу туралы

Ақыр аятында, дүние өзін тіл ретінде ашып көрсетеді. Ол адаммен өзінің жеке ғұмыр кешу әдісімен, өзінің құрылымдарымен және өзінің ырғақтарымен сөйлесе алады. Дүниенің бар болуы — құдайы болмысты жасампаздық іс­әрекеттің нәтижесі, ал оның құрылымдары мен ырғақтары — уақыттар басталуында болып өткен оқиғалардың туындысы. Ай, сондай­ақ, Күн мен Мұхит, өсімдіктер мен жануарлар, — осының барлығы да өздерінің мифтік тарихына ие. Әрбір ғаламдық нысан өзінің «тарихына» ие. Бұл ол ғаламмен «сөйлесуге» қабілетті дегенді білдіреді. Нысан өзі нәтижесінде өзі аралы «сөйлеп» шыққандықтан, ол ендігі жерде ары қарай өткізбес (непроницаемый), өзінің мән­мағынасын танытпас «иррационалды» нысан болып табылмайды. Ол енді адам өмір сүріп отырған дүниеге қатысты болып шытады. Осындай бірлескен қатыстылық дүниені тек «жақын» және түсінікті тана емес, өткізгішті (танылуы мүмкін) етіп те шығарады. Осы дүниенің нысандарын зерттей отырып, дүниенің күштері мен сүреттерінің (существа) де айтпауға болады. Міне, сондықтан да, жоғарыда айтып өткендей, бағзы қоғамның адамы үшін дүние бір мезгілде және құпияға толы да. Өз­өзі туралы баяндай отырып, дүние өзінің авторлары мен демеушілеріне қарай дейді және өзінің тарихын айтып бере алады. Адам сылбыр және өткізбес (непроницаемый) дүниеде тұрған бірақ, бір жағынан, дүниенің тілін игере отырып, ол, құпиямен бетпе­бет кездесіп қалады. «Табиғат» біз мезгілде «бетер текті» атаулыны ашып та, жасырып та тұрады, және, бағзы қоғамының адамы үшін іргелі және өзгеріссіз,тылсымның мәні де нақ осыда жатыр. Мифтер бұрынырақта (космогониядан бастап әлеуметтік және мәдени жөн –жосықтардың жасалғандығына дейінгі) болғанның барлығын жинады. Бірақ бұл жаңалықтар «мәнді» сөзінің тура мағынасындағыдай бола алмайды, олар ғаламдық және шамдық болуымның құпияларының сарқылмастығын азайта алмайды. Түрлі­түрлі ғаламдық толымдар (от, егін,) «таным нысандарына», тек олардың шығу өті жөніндегі мифті танып­білу барысында біздің осы толымдарды меңгере алуға мүмкіндік алатындығымыздан ғана айналмайды. Олар өздерінің ілкі бастаулық онтологиялық тереңдігін сақтап қала береді.

Читайте также:  «Жеті Жарғы» — қазақ әдет ­ ғұрып құқығының ecкepткiшi

Оставить комментарий