Миграциялық үдерістің Қазақстанның еңбек нарығына ықпалы

Опубликовано Август 17, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауындағы ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерінің екінші сын-қатері – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік деп атады. Демек, демографияық теңгерімсіздік көптеген мемлекеттерді алаңдатып отыр [1]. Көші-қон саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша негізгі міндеттерге Қазақ- станға визасыз тəртіпте келетін шетелдік аза- маттарды жұмысқа қабылдауды жүйелендіру, шетелдік жұмыс күшін қолданғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру, шетелдік қызметкерлердің салық жəне басқа да төлемдерін төлеуін қамтамасыз ету, шетел азаматтарының келу мақсаттарына бақылауды күшейту болып та- былады. Мемлекетімізге келген əрбір шетелдіктің немақсатпен, қашанжəне қанша уақытқа келгенін біліп, бақылауда ұстауымыз қажет. Статистикалық жəне сауалнамалық мəлімет- терге сəйкес, мұндай бақылау толық деңгейде мүмкін болмай отыр. Сондықтан да, көші-қон саласын реттеу мен жетілдіру бойынша көптеген жетілдірулер мен мақсатты іс-шаралар жүзеге асыру кезек күттірмейтін міндетке айналуда. Дүниежүзілік Банк мəліметтеріне «Migration and Remittances Factbook 2012» сəйкес, Қазақстан əлемде иммиграция бойынша 15 ірі мемлекет жəне эммиграция бойынша 12 ірі мем- лекет болып отыр [2]. ҚР көші-қон саласын реттейтін негізгі заңнама «Халықтың көші-қон туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі ҚР Заңы болып табыла- ды. ҚР Президентінің Жарлығымен «ҚР көші- қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілген. ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы №45 қаулысымен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға жəне жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттары» ережесі негізінде жүзеге асырылады. Шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік қызметкерлерді, жұмысқа өз бетінше орналаса- тын қызметкерлерді, сондай-ақ корпоративтік ауыстыру шеңберінде уақытша ауыстырылатын қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Респу- бликасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асы- ру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар [3]. Қазақстан Республикасында шетел азамат- тарының еңбек нарығына енуі квоталау меха- низмі арқылы келесі төрт категория бойынша шетелден қызметкерлер тартылады: 1) бірінші санат – бірінші басшылар жəне олардың орынбасарлары; 2) екінші санат – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың бас- шылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттама- сында белгіленген біліктілік талаптарына сəйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшыла- ры; 3) үшінші санат – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың бас- шылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттама- сында белгіленген біліктілік талаптарына сəйкес келетін мамандар; 4) төртінші санат – Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсіптерінің бірыңғай тарифтік- біліктілік анықтамалығында, жұмысшылар кəсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамала- рында белгіленген біліктілік талаптарына сəйкес келетін білікті жұмысшылар. Миграциялық үрдістерді реттеуді жетілдіру бойынша ҚР Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін əрі қарай жетілдіру туралы» Жарлығы біршама оң өзгерістер енгізді. Атап айтқанда: ҚР Эконо- мика жəне бюджетті жоспарлау министрлігіне халықтың көші-қон саласында мемлекеттік сая- сатты қалыптастыру өкілеттілігінің берілуі; ҚР ІІМ халықтың көші-қон саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру өкілеттілігін ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне берілуі; ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінде көші-қон комитетінің құрылуы. Заңсыз миграцияның алдын алу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу мен есепке алу, уақытша жəне тұрақты тұруға құжаттарды рəсімдеу, мемлекеттен тысқары тұрақты тұруға шығуға рұқсат беру, құжаттама жүргізу, азаматтарды есепке алу мен тіркеу, сондай-ақ, босқындар мəселесі ҚР ІІМ өкілеттілігінде. Республика бойынша иммигранттардың төлқұжаттарын тіркеу «Бер- кут» бірыңғай ақпараттық жүйе бойынша жүзеге асырылады. 2013 жылы наурыз айының 27 жұлдызында ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (102). 2014 222 Миграциялық үдерістің Қазақстан Республикасының еңбек нарығына ықпалы Президент резолюциясымен мақұлданған ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссияның «ҚР мигранттардың құқықтық жағдайы туралы» арнайы баянда- масы əзірленді. Баяндамада мелекетіміздің тəуелсіздік алған кезеңнен бастап мемлекеттегі миграциялық жағдай мен мигранттардың құқықтық жағдайлары жан-жақты талданды. Ба- яндама мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың жəне мемлекеттік емес органдар- дың мəліметтері негізінде əзірленген. Адам құқықтары жөніндегі Комиссияның зерттеу нəтижесі бойынша, мемлекеттік орган қызме- тінде еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау мəселелерін жетілдіру, еңбек мигранттарының құқықтарын қорғауда азаматтық қоғамдық институттардың əлеуетін барынша қолдану, халықтың, оның ішінде мигранттардың құ- қықтық ақпараттандырылуына ерекше мəн берілді. Еңбек мигранттарының құқықтарын қорғаудың ұлттық механизмдерін жетілдіру, адам құқықтарын қорғау бойынша халықаралық стандарттарды ендіру жəне жұмысшы-мигрант- тардың құқықтарын қорғау саласына құқық қолданушы тəжірибесін ендіру ұсынылды [4]. Қазақстан халқының саны 2013 жылдың 1 желтоқсанындағыжағдай бойынша 17 145,7 мың адамды құраған. Оның ішінде қала тұрғындары – 9436,9 мың (55 %), ауылдық – 7708,8 мың адам (45%). ҚР Статистика агенттігінің мəліметі бой- ынша 2013 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 236 мың адамға немесе 1,4 % өскен. 2013 жылдың қаңтар-қараша айларын- да 2012 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда Қазақстанға келген тіркелушілер саны 16,6% төмендеп, 22 124 адамды құраған, Қазақстаннан кеткен тіркелушілер саны 19,2% төмендеп, 22 618 адамды құраған, көші-қон сальдосы 494 адам. Мемлекеттің негізгі миграциялық ауы- суы ТМД мемлекеттерімен жүзеге асырылу- да. ТМД мемлекеттерінен келіп-кетушілердің саны сəйкесінше 84,3% жəне 93% құрады. Аймақаралық көші-қон бойынша халықтың оң миграциялық сальдосы мемлекеттің 5 аймағында: Астана қаласында (15 085 адам), Алматы қаласы (14 630 адам), Алматы облысы (1113 адам), Маңғыстау облысы (878 адам) жəне Павлодар облысы (163 адам) орын алуда [5]. Жыл сайын ҚР Үкіметі шетел жұмыс күшін тартуға квота белгілейді. 2014 жылы Үкімет қаулысымен шетел жұмыс күшін тартуға республиканың экономикалық белсенді халқына 0,7% көлемінде квота белгіледі. Былтырғы жылмен салыстырғанда 0,5 % төмендеген. Яғни, жұмысқа шетелдерден 63 мың азаматтар шақырылуы мүмкін. Квотаның негізгі мақсаты – ішкі еңбек нарығын қорғаудың құралы болып табылады. 2013 жылмен салыстырғанда кво- та 45 мың адамға төмендеген. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ҚР 23,7 мың шетелдік азаматтар жұмыс жасайды. Еңбек министрлігің қызметкерлерінің айтуы бойынша, еңбек миграциясына ешқандай қауіп жоқ екенін алға тартады [6]. Шетелдік тəжірибе мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, 2013 жылдың 10 желтоқсанында көші-қон саласын реттейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңнама шетелдік қызметкерлердің жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру тəртібін регламенттеу мақсатында əзірленген. Өзгертулер шетелдіктер келуінің миграциялық бақылауының тиімділігін арттыруға, жұмысшы-мигранттардың жеке топтары- нын заңдастыруға, олардың əлеуметтік жəне еңбек құқықтарын сақталуын қамтамасыз ету- ге, сонымен қатар, олардың табыс көздерінің жəне төлейтін салықтарының ашықтылығына бағытталған. Заңнама күшіне енгеннен кейін, 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап, жұмысшы мигранттар мемлекеттік салық төлейді. Ре- сей, Өзбекстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан мемлекеттерінен келген жұмысшыларды тек жеке тұлғалар ғана шақыра алатын болды. «Бір жеке тұлғаға бес жұмысшыдан» деген Заң Қазақстан Республикасының азаматтары жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ше- тел жұмыс күшін тартуға мүмкіндік беру үшін бірқатар заңнамаларға – миграциялық, Салық кодексі, Əкімшілік құқық бұзушылық, Еңбек кодексі жəне т.б. өзгеріс енгізді. Жұмысқа алушылар салық төлеуден боса- тылады, тек еңбек шартын ұсынса жеткілікті болады. Əрбір жеке тұлға тек 5 жұмысшы ғана шақыра алады. Əрбір жұмысшы ай сайын 2 АЕК (1852 теңге х 2 = 3704 теңге) көлемінде мемлекет қазынасын толтыратын болады. Əрбір шетелдік қоғамдық тəртіпті сақтау органдарында саусақ таңбасын алу мен фото-видео тіркеуден өтулері қажет. Сонымен қатар, лауазымды қызметкерлер Заң нормаларын бұзғаны үшін, яғни тиісті рұқсатсыз немесе мөлшерден көп шетелдік жұмысшыларды тартқаны үшін, бірінші рет 30 ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №2 (102). 2014 А.М. Досжанова 223 АЕК (55 560 теңге), екінші рет қайталанғанда 50 АЕК (92 600 теңге) айыппұл төлейтін болды. Бүгінгі күнгі ахуалды талдай келе, көші-қон саласын, оның ішінде сырттан келетін жұмыс күшін реттеу мақсатында келесідей ұсыныстар ұсынылады. 1. Көші-қон саласын реттейтін ұлттық заңнамаларды жетілдіру, халықаралық стандарт- тарға сəйкестендіру. Ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шетелдік тəжірибені қолдану. Өкілетті органдар қабылдайтын заңнамалардың бір-біріне қарама-қайшы келу нормаларын жою. Шетелдік жұмыс күшін реттейтін құқықтық- нормативтердің ағылшын тілінде қол жетімдігін қамтамасыз ету. 2. Көші-қон саласын реттейтін жəне бақылайтын органдар жүйесі арасында байла- ныс орнату. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы, бақылаудың біртұтас жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін, автоматтандырылған бағдарламаларды енгізу. Мигранттардың жеке мəліметтерін, денсаулық жағдайы, құқық бұзушылық үрдістерін қамтитын, ақпараттық жүйені əзірлеу мен қолданысқа енгізу. 3. Мигранттардың Қазақстанда заңды негізде жұмыс жасауын қамтамасыз ететін, мигранттардың дəрежесін реттеу. Мигрант- тардың жеке тұлғаларда жұмыс жасауы үшін па- тент жүйесін енгізу. 4. Мигранттарды ақпаратпен қамтамасыз ететін, кеңес беру орталықтарын дамыту, мемле- кет бойынша мигранттарға қатысты мəселелерді қамтитын жəне ақпарат беретін мемлекеттік тұтас ресурс ұйымдастыру. 5. Адами капиталды дамыту. Лауазымды тұлғалардың біліктілігін жəне қызметтеріне қатысты жауапкершіліктерін арттыру. Мүмкін- дігінше шетел тілін (ағылшын) үйрену бағ- дарламаларын ұйымдастыру. Шетелдік қыз- меткерлерді бақылайтын тұлғалар, мемлекеттің мүддесін қорғауы үшін еркін шетел тілін меңгеру қажет. ҚР визаларын, жұмыс күші рұқсаттарын беретін органдарда шетел тілін меңгерген кадрлармен қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде құжаттарды бақылауды арттыра- ды, қажеттілігінше ақпаратпен қамтамасыз ету үрдісі жеңілдейді. 6. Қағаз бастылықты азайту, құжат рəсімдеудің электронды формасына ауысу. Мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін электрондық жұмыс жасауға көшу қажет. Артық кедергілерді азайтады, уақыт үнемделеді. Құжаттарды рəсімдеудің уақыт- тарын азайту. Шетелдік қызметкерлердің заңсыз келуінің себептерінің бірі де осы құжат алу үрдісінің ұзақтығы. 7. Білімі мен біліктілігі жоғары мамандар- ды шақырудың бағдарламасын əзірлеу. (Мыса- лы шетелге жұмыс жасау үшін əрбір елдің өзінің талаптары бар. Шетел тілін білу, қажетті тест- терден өту жəне т.б. Белгілі мамандық түрлеріне біртіндеп саралап талаптар қою жүйелерін енгізу). Адам капиталын дамытуға инвестиция тарту. 8. Тұтас экономикалық кеңістікшеңберінде (ЕврАзЭС мемлекеттерімен кеңесу арқылы) жұмысшы-мигранттар жəне олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздік шарттары, еңбек ақы мəселелері, əлеуметтік қамсыздандырылуы мен құқықтарының қорғалуы саласында ынтымақ- тастықты дамыту. 9. Қазақстанға Орталық Азия мемлекет- терінен келетін жұмысшы-мигранттардың құқықтарын қорғау мен еңбек миграциясын реттеу саласында мемлекет аралық ынтымақ- тастықты нығайту. 10. Миграциялық қатынастар саласында ҚР мемлекеттік органдары мен сараптамалық ұйымдардың, азаматтық қоғаминституттарының қарым-қатынасын ТМД жəне Еуразиялық Экономикалық Одақ мемлекет-мүшелерінің сəйкесінше құрылымдарымен нығайту. 11. Заңсыз миграцияның алдын-алу мен еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау бой- ынша, АҚШ, Канада, Еуропалық Одақ пен Азия мемлекеттерімен жемісті тəжірибемен алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру. 12. Миграциялық саясатты жетілдіру мен жұмысшы-мигранттардың құқықтарын қорғау саласында тұрақты жұмыс жасайтын ведомство аралық жұмыс тобын құру. Көші-қон саласындағы гуманистік жəне рет- ке келтірілген мемлекеттік саясат мигранттарға жəне қоғамға қолайлы жағдай туғызады. Шет мемлекеттерден жұмыс күшін мақсатты жəне əдістемелік негізделген саясатпен тарту, отандық нарықта тек тапшы жұмыс орнын толтырып қана қоймай, сонымен қатар тұтас еңбек нарығының қызмет етуінің ашықтығын қамтамасыз етеді жəне неғұрлым іскер ортаны қалыптастырады. ҚР геосаяси орналасуы, транзиттік жағдайы жəне қолайлы климаттың болуы шетелден түрлі жұмыс күші ағымын тартады. Бұл өз кезегінде ішкі еңбек нарығына, экономикалық ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (102). 2014 224 Миграциялық үдерістің Қазақстан Республикасының еңбек нарығына ықпалы жəне əлеуметтік салаға, тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне əсер етеді. Сондықтан, еңбек миграциясын жете қадағалап, заманауи əдіс- тəсілдерді енгізу қажет. Еңбек миграциясы – қауіп емес, жаңа мүмкіндіктер.

Оставить комментарий