МОҢҒОЛ ДӘУІРІНДЕГІ ТҮРКІ ТЕКТІ АҚЫНДАР

Қазақ халқының тарихы ұзақ дәуірлерден сабақтасып бүгінгі заманға жалғасты. Осынау Еуразияның апай төс даласын енжайлап, желдей ескен көшпенділер адамзат тарихына айтарлықтай өз үлесін қосты, өзінің бітім- болмысын, көшпенділерге тән қайталанбас қасиет қалыптастырды. Шығыста, батыста не болмаса оңтүстіктегі теңізбен шектесіп, отырықшылдыққа ерте ойысқан ежелгі дүние елдерімен-ежелгі грек, парсы, қытаймен бірде тату, бірде қату болып сан алапат ғасырларды бастан өткерді. Сол елдердің естелікке алынып хатталған тарихында өткен, кешкен ғұмыр, өзгенің қолымен болса да сақталып, жатталып келді. Өркениет дамып, мәдениеті мәуелеген бұл ғасырда сол Еуразия даласын мекен еткен елдің тікелей ұрпағы – қазақ халқы да жұмыр жерді жайлаған жүздеген ұлыстың, тәуелсіздік санатында ел болып, етек жеңді жинағаннан кейін тәуелсіз сана, ұлыстық тарих аясында қайта түрленіп, түлеудің қажеттілігі туды. Өткенге сын көзбен қарау, қарап қалмай өзгенің санасымен ойланып, жат пиғылымен бұрмаланған болмаса түйені түйме еткен тарихты қайта парақтауға, қайта пайымдауға, қайтадан парасат таразысына, ақылдың көркіне салып қорытуға тура келді. Әрине, қазақ деген қарға тамырлы халықтың тарихы ұшан теңіз, мәдениеті бай, салт-дәстүрі аса бір ғажап, ұлттық дүние танымының бөгенайы да, бітім-болмысы да ерекше. Осындай өзгеге ұқсамайтын, хас даралыққа бас ұра отырып, белгілі бір кезең, дәуір тудырған, дүниеге әкелген қазақ халқының немесе қазақ халқын құрған ұлыс пен рудан, тайпадан шыққан абыз ақындар жайлы сыр бөліскіміз келеді. Шыңғысхан және оның ұрпақтары құрған, іргесін кеңейткен империя және сол империяның бас-аяғында жүрген, ал бүгінде қазақ деген халықтың құрамындағы ру-тайпалардың да сол ХIII, XIV ғасырдың тарихына, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Оның айғағы ретінде қытай мұрағаттарында сақталған тарихи, мәдени жазбалар, ескерткіштер куә. Әрине, моңғол дәуірі деп таңба басып, бөгенайлап отырған ХIII, XIV ғасыр аясындағы екі ғасырлық рухани байлықтың сыр-сипаты да бір мақаланың жүгі еместігі аян. Моңғол дәуіріндегі, яғни 1206 жылдан бастау алып 1368 жылы Бейжиңді тастап шыққан моңғолдардың заманы қытай тарихында ап-айқын болып таңбаланып қалған. Моңғолдар өзінің қол астындағы қараша халқын төрт дәрежеге бөліп, сол дәреженің ең басына өздерін, одан кейінгі орынға қытай жазбалары «түсті көзділер» деп кіндік жазықтың солтүстік батысын, Орта «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011 жыл Азия өңірін, Кіші Азия, парсы жұртын мекендеген халықтарды атаған. Ендеше өзінен кейінгі екінші орынға, моңғолдар өзіне жақын тартқан бұл «түсті көзділер» кім? Ол түркі текті халықтар, арғын мен найман, қыпшақ пен қарлұқ, оңғұт пен керей сынды қазақтың іргелі рулары. Әрине ұзын саны 30-дан астам рум ен ұлыстан тұратын бұл «түсті көзділердің» құрамында анда-санда, тым аз кездесетін парсы мен арабтар да бар. Қытайлар «мұсылмандар» деп атаған Орта Азияның отырықшы жұрты да аталады. Әрине Орта Азия отырықшыларының қатарында қаймағы бұзылмаған ХIII, XIV ғасырдағы қазақтың руы да жататыны айқын. Екі ғасырлық заманның тарихы да көптеген томға жүк болатыны, бірер мақаланың аясына симайтыны анық. Біз, бұл мақалада сол ХIII, XIV ғасырда моңғолдар билеген қытай елінде сақталып қалған, өлеңдері қытай тілінде жазылған түркі текті ақындар жайлы қысқаша тоқталмақпыз. Әдеби аудармасын жасағандар – Тұрсын Жұртбай мен Еркін Сыламханұлы. 1. Нақтылы қай рудан шыққаны белгілі ақындар: қаңлы тайпасынан – Қаңлы Бәйхуа, Хұй хұй (1283- ?), Нау нау (1295-1345), қарлұқ тайпасына Нәй Шиән(1310-1368), оңғыт тайпасынан Жау Шыян (1260-1336), Ма Зучаң (1279-1338), Ма Шыды, керей тайпасынан Керей басы, Ние губай (немесе Ноғыбай), арғын тайпасынан Жаң жиша қатарлы ақындар. Бұл тізімді сол дәуірдегі атақты қолбасшылар, әскери мамандар, суретшілер мен толықтыра түсуге болады, төменде осы аталған ақындардың өлеңдерінен үзінділер береміз.

Читайте также:  Сейіт би туралы

Оставить комментарий