Модалділік категориясындағы мезгілдік өріс аспектілер

Қазіргі тіл білімінде тілдік категориялардың семантикасын толық ашып көрсетуде оларды білдіретін тілдік құралдарды жеке-жеке алып, яғни “тұлғадан мағынаға қарайғы” зерттеу бағытының жеткіліксіздігі дәлелденіп отыр. Соңғы кездерде тілдік категорияларды білдіретін ортақ инвариантты мағыналарының (функцияларының) негізінде бірігетін әртүрлі тіл деңгейіндегі құралдар кешенін анықтау, яғни “мағынадан тұлғаға қарайғы” зерттеу бағыты айрықша маңызға ие болуда. Тілдік категориялардың табиғатын ашып көрсетуде олардың құрылымдық жағымен бірге мағыналық мазмұнын ескере отырып, оны қарым-қатынас процесімен, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста, яғни жүйелеумен қоса, оның әрекет ету, жұмсалу механизмін де қарастыру қажеттігі туындайды. Бұл мақсатта тілдік категориялардың семантикасын жан-жақты ашып көрсетуде әртүрлі әдістерді өзара тығыз байланыста ала отырып пайдалану қолайлы. Мұндай әдіс түрі тіл білімінде “функционалдық бағыт” аталып, лингвистика салаларында тиімді пайдаланылып келеді. Грамматикалық категорияларды грамматикалық тұлғалармен берілген грамматикалық мағыналар жасайтыны белгілі. Мұндай арнайы тұлғалармен берілген және/немесе 118 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы лексикалық мағыналардың дерексізденуі, ортақтасуы негізінде пайда болған, арнайы тұлғаларсыз, сөздің ішкі семантикасы арқылы берілетін жалпы грамматикалық мағыналардан тұратын грамматикалық категориялар тілдегі ұғымдарды толықтай қамти алмайды, тілде морфологиялық және синтаксистік құралдармен формалды түрде көрінетін ұғымдарды ғана білдіреді. Бірақ тілде көрініс табатын ұғымдардың барлығы грамматикалық құрылымның формалды жағына, яғни грамматикалық категорияның аясына сыя бермейді. Функционалды грамматиканың міндетіне жататын басты қағида грамматикалық бірліктер мен категориялардың сөйленім мазмұнын білдіруге қатысатын әртүрлі тіл деңгейіндегі элементтермен өзара әрекеттестіктегі қызметінің арнайы динамикалық аспектісін қалыптастыру болып табылады. Мұнда функционалды грамматика тілдің грамматикалық құрылымындағы жүйелі-құрылымдық аспектісімен байланысын үзбейді, ол жеке деңгейлер мен аспектіде емес, әртүрлі тіл деңгейіндегі элементтердің өзара әрекеттестігін қамтитын, функционалды-семантикалық бірліктің құрылымын сипаттау негізінде қалыптасатын бағыт түзеді. Мұндай грамматикада негізгі орталық бірлігі жеке сөйленімдердің тілден тыс ақиқат шындық туралы белгілі ақпаратты білдіруге арналған әртүрлі тіл деңгейіндегі құралдардың өзара әрекеттестігі қарастырылады. Кез келген функционалды-семантикалық өріс белгілі бір сөйленімде түрлі тілдік категориялармен астаса беріледі. Модалділік мезгілдік қатынастар аспектісіндегі темпоралдық категориясымен бірлестікте синкретті тұтастық құрайды. Көрнекті ғалым, функционалды-семантикалық өріс негізін қалаушы А.В.Бондарко темпоралдылық пен модалділік категорияларының арақатынасына байланысты мынадай тұжырым жасайды: «Если говорить об иерархии темпоральности и модальности, то на первое место должна быть выдвинута модальность (объективная). Как неоднократно отмечалось лингвистами разных направлений, модальность создает условия той или иной реализации темпоральных отношений. Индикативная модальность с основным значением реальности определяет свободному реализацию разнообразных темпоральных отношений и наиболее полное проявление их грамматикализации в системе форм времени»[1,475]. Сондықтан да модалділік өріс ретінде мезгілдік қатынастарды жеткізу құралдарының тілдік-мағыналық құрылымымен өзара тығыз байланысты болады. Модалділік ұғымы болымдылық пен болымсыздық, қажеттілік, мүмкіндік, күмәнділік мағыналарын білдіріп қана қоймайтын, жалпы “сөйлеушінің көзқарасын” білдіретін категория ретінде танылады. Сөйлем мазмұнындағы хабардың ақиқат шындыққа қатынасы – бұл, ең алдымен, модалдік қатынас. Хабарды сөйлеуші бұрын болған немесе осы уақыттағы реалды нәрсе, біреуден талап етілетін қалау және неғайбыл хабар т.б. ретінде түсінуі мүмкін. Сөйленім модалділігі бүкіл сөйленім мазмұнының құрылымдық емес, семантикалық белгісі болып табылады. Г.А.Золотова модалділікті 1) сөйлеуші көзқарасы тұрғысынан сөйленімнің ақиқат шындыққа, 2) сөйлеушінің сөйленім мазмұнына; 3) іс-әрекет субъектісінің қымыл- әрекетке қатынасын білдіретін категория ретінде сипаттайды[2,65]. Түркі тіл білімінде модалділікті функционалды-семантикалық өріс теориясы тұрғысынан зерттеген бір үлгі ретінде башқұрт тілінің маманы М.В.Зайнуллиннің еңбегін атауға болады. Ғалым модалділікті деңгей аралық категория ретінде танып, оны білдіретін тілдік құралдар “өздерінің функцияларының ортақтығы негізінде ғана емес, олардың жалпы семантикалық инвариантының болуы негізінде бірігетінін” айтады [3,80]. Модалділік категориясының негізінде жалпы бағалау категориясының жататындығы заңды. Модалділіктің кез келген түрі іс-әрекеттің өту мезгіліндегі белгілі бір шаққа қатысты болады. Сондықтан да бұл құбылыс қазіргі тіл біліміндегі темпоралдық категориясына жататын етістіктің шақтар жүйесімен өзара байланыста, астаса көрінеді. Темпоралдылық категориясы сөйлеу жағдаятында сөйлеушінің сөйлеу мезгіліне немесе басқа уақытқа, 119 № 1 (74) 2010 яғни шақ категориясына қатысты көзқарасының тілдік көрінісі болып табылады. Темпоралдылық ұғымы грамматикалық шақ категориясына қатысты «осы», «өткен», «келер» шақ ұғымдарын ғана емес, сонымен қатар шақ категориясын қатысты «таксис» және «шақтық локалдылық» ұғымдарын да қамтиды. Темпоралдылық семантикалық категория ретінде өзіндік белгілері, өзге семантикалық категориялармен қиысуы және байланыстары қарастыралады. Ал ФСӨ ретінде екі жақты компоненттер – бірегей мағыналы бір-біріне қарама-қарсы қойылған грамматикалық тұлғалардың жүйесі болып табылатын грамматикалық шақ категориясы мен синтаксистік құрылымдар, белгілі бір лексикалық құралдар – биыл, қазір, түс ауа, ендігәрі, т.б. сияқты лексемалар мен сөз тіркестері, сондай-ақ әр түрлі тіл деңгейіндегі құралдардың құрамдастығы болып табылады. Іс-әрекеттің орындалу мүмкіндігі сөйлеу мезгіліне байланысты абсолютті және қандай да бір уақыт шегіне байланысты салыстырмалы шақтық мағыналарға қатысты болады. Іс-әрекеттің орындалуының абсолютті тұрақтылығы ешқашан ешқандай жағдайға тәуелді болмайды. Аталған екі түр де сөйленімде етістіктердің ерекшелігіне және сөйленімнің контекстік мазмұндық жағын қамтамасыз ететін лексикалық құралдарға байланысты болады. Темпоралдылық біртұтас мазмұнды категория ретінде танылып, оны білдіретін тілдік жүйенің әр деңгейі – морфологиялық, лексикалық, синтаксистік және мәтіндік бірліктермен анықталады. Демек, тілдің лексикалық, грамматикалық құрылымында көрінетін ұғымдық категория болып табылады. Функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ) құрайтын темпоралдық категориясы 1) әр түрлі тіл деңгейін қамтитын құралдардың мазмұндық көрінісі болады; 2) өрістің барлық тілдік құралдарының ортақ инвариантты функциялары болады; 3) өріс құрылымы ядро мен периферияға бөлінеді; 4) өріс ішінде бір-біріне қарама-қарсы қойылған мағыналардың санына байланысты олар шағын өрістерге бөліне алады. Олай болса, темпоралдық категориясы сематикалық мазмұнға ие функционалды-сематикалық өрістердің кешені болып шығады. ФСӨ құрайтын әрбір модалдік мағына да тілде формалды түрде берілетін семантика- прагматикалық мазмұнға ие тұтастық бола алады. Темпоралдық функционалды- семантикалық категория ретінде нақты тілдік және ұғымдық аспектілердің, яғни мезгілдік қатынастарды білдіретін тілдік құралдардың семантикалық функцияларының және осы категорияның мазмұн ортақтығының бірдейлігімен анықталады. Кейбір сөйленімдердің әр түрлі мақсатта жұмсалуымен байланысты белгілі бір тілдік заңдылық ретінде түсіндіру әрқашан мүмкін бола бермейді. Өйткені ол – тілдік деңгейден тыс, адамның, ішкі психологиясына, ойлау дәрежесінде тәуелді құбылыс. Сөйленімнің белгілі бір мақсатқа сай жұмсалуы, тілдік бірліктердің қызметін қоса алғанда, сөйлеушіге, тыңдаушыға, олардың қоғамдық дәрежесіне т.б. экстралингвистикалық факторларға, сондай-ақ сөйлеу жағдаятына байланысты болып келеді. Сөйлеуші мақсатының айқындалуы оның тілдік бірліктерді аталған факторларға орай дұрыс әрі тиімді қолдануына, оны тыңдаушының дұрыс қабылдауына, яғни таңба мен оны қолданушы арасындағы қарым-қатынасқа бойланысты болады. Модалділікті білдіретін -уға бол үлгісі ауыспалы осы шақта қолданылып, іс- әрекеттің орындалу мүмкіндігінің узуалдылығын, яғни “ұдайы шақтылық” мағынаны (“всетемпоральность”) білдіреді. Мысалы: оқуға болады (қашан да), сұрауыңа болады (кез келген уақытта), көрмеуге болмайды (өмір бойы), т.б. Мезгілдік қатынастарды анықтаудың қай амалы болса да, белгілі бір райға тәуелді. Ашық рай осы, өткен және келер шақтағы болымды немесе болымсыз іс-әрекетті жай ғана баяндауды білдіреді. Мұнда іс-әрекет туралы хабар ақиқат шындықтың тура көрінісі ретінде беріледі. Сондықтан ашық рай тұлғалары объективті модалдік мағыналарды білдіреді. Ашық рай аясында шақ және рай грамматикалық мағыналары синкретті түрде білдіріледі. 120 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы А.Ысқақов ашық райдың қолданылу өрісі де, мағыналық қарымы да әрі кең, әрі бай ұғымды болатынын айтады. Сол себептен көптеген модалдік реңктер мен басқа да таза субъективтік мағыналарды білдіру үшін индикативтің (ашық рай) тұлғалары аса жиі қолданылады. Онан қала берді, ондай реңктер мен мағыналарды білдіргенде ашық рай тілдегі арнаулы модаль сөздерді де, модалдік шылауларды да, модалдік тіркестерді де, демек индикатор (модалдік модификатор деп те аталады) есебінде қызмет ететін тілдің өз дәнекерін қажетінше кең пайдаланады [4,313] дейді. Ашық рай тұлғалары модалділік өрісіне жататын мүмкіндік мағынасын дербес түрде білдірмей, сөйленімнің сематикалық кешені арқылы жасырын (имплицитті) түрде білдіретіні белгілі. Бұл туралы мүмкінділік модалдігін қарастырған С.Құлманов: «Мүмкіндік өрісі ашық райдың келер 2-жақ тұлғасында берілсе, жалпылама жаққа қатысты мағынаны білдіреді және халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесінен алынған ғибраттық түрдегі нақыл сөздер (интенция) болып табылады. Мысалы, Ұстаменен дос болсаң, наркескенін аларсың (Мақал); Ағайынның қадірін жалалы болғанды білерсің (Мақал). Әкенің қадірін болалы болғанда білерсің (Мақал). Алғашқы сөйленімдегі аларсың етістігі сөйлем мазмұнына орай “ұстаменен дос болсаң, наркескенін ала аласың” деген, ал екіншісіндегі білерсің етістігі “ағайын адамның қадірін басыңа іс түскен кезде біле аласың” деген, соңғы сөйлемдегі білерсің етістігі “әкенің қадірін балалы болғанда біле аласың, түсіне аласың” деген мүмкіндік мағынасын білдіреді» [5,74] дейді. Ашық рай тұлғасындағы модалділікке қатысты мысалдар мақал-мәтелдерден келтірілген. Мәтіндегі, не әдеби көркем шығармалардағы ашық рай тұлғасының келер шақ (екінші жақ) түрі іс-қимылдың орындалу мүмкіндігінің жалпы жаққа қатыстылығын да, тындаушыға, яғни 2-жаққа қатыстылығын да көрсетеді. Мысалы: Жақсылар неге ғана жасырын қалады, неге ғана сондай адамдармен қатар жүре алмаймыз, жылдар бойы зар жұта зарығып іздейсің, енді таптым-ау дегеніңде айырылып қаласың, не ерте туасың, не кеш туасың, әйтеуір, қисыны қиюласпай-ақ қояды. (О.Бөкей. «Сайтан көпір») Алынған үзіндідегі жылдар бойы, не ерте, не кеш лексемалары мезгілдің салыстырмалы сипатын танытып қана қоймай, субъектінің эмоционалды-экспрессивті көзқарасын да қоса қамтиды. Салыстырмалы мезгілдік қатынас уақыт, бір минут (бір секунд), мезгіл сияқты лексемалардың қатысуымен жасала отырып, тура мағынасынан бөлек ұғымда жұмсала алады. Қарапайым тілдесуде, күнделікті сөйлесімде жиі қолданылатын «бір минут та уақытым жоқ», «бір секундқа да жетпей», «бір мезгіл өзіңе қарасаңшы», «қайталауға уақыт жоқ», «сенімен салғыласып тұруға уақытым жоқ» деген сияқты тіркестер мен сөйлемдерде тура мағынасында жұмсалмай, контекстік мәнге ие болады. Модалділік мағына өрісі белгілі бір уақыт ішіндегі іс-әрекеттің жүзеге асу/аспауының шақтық созылыңқылығына, сондай-ақ сөйлеу мезгіліне байланысты ажыратылады. Актуалды қатынас етістік шақтарының бір түрінде қолданыла отырып, субъекті мен іс-әрекет арасындағы тұрақсыз, уақытша байланысты білдіреді. Мысалы, Енді – енді бүршік атып, көктемнің шуағына алақанын жая бастаған орман соңғы нөсерден жаңа ғана ес жиып бусанады. (О.Бөкей. «Ардақ») Шалды қазір қинап жүрген есен-сауында қызын ұзату қамы емес, барған сайын аяғы ауырлап, жүріс-тұрысының сылбыр тартуы-тын. (О.Бөкей. «Ардақ») Алынған үзіндідегі бірінші сөйлемнің темпоралды категориясына астаса берілген ауыспалы шақ мағынасын енді-енді, жаңа ғана мезгіл үстеулері нақтылай, толықтыра түскен. Модалділік мағына жағынан бұл сөйлемде іс- әрекеттің орындалу барысы мүмкіндік өрісімен көрсетілсе, уақыттық меже бойынша аяқталмаған, даму, қозғалыс үстіндегі динамикалық аспектіні танытады. Узуалды модаль мүмкіндігі әдетте субъекті мен іс-әрекет арасындағы байланыстың 121 № 1 (74) 2010 тұрақты түрде немесе едеуір ұзақ болуына қарай анықталады. Мысалы, Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. (Мақал) Бүгін бітер ісіңді ертеңге қалдырма. (Мақал) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. (Мақал) Аққа құдай жақ. (Мақал) Осы мысалдардағы бірінші және екінші мақал ауыспалы шақтық мағынаны уақыттық «көп», «бүгін», «ертең» көрсеткіштері арқылы нақтылап тұрса, үшінші, төртінші мақал жасырын (имплицитті) уақыттық қатынасты білдіреді. Салыстырайық: жақсыдан әр кез (қай уақытта да, өз мезгілі болғанда, өз кезегінде, қашан да, т.б.) шапағат, жаманнан әр кез (кезі келгенде, кейде, қашан да, үнемі, т.б.) кесапат; аққа әр кез (қашан да, сәті түскенде, үздіксіз, әрқашан, т.б.) құдай жақ.Узуалды мүмкіндік жағдаяттарында сөйленім жалпы жаққа қатысты болатындығын осы мысалдардан анық көруге болады. Сондай-ақ мүмкіндіктің бұл семантикалық құрылымын білдіруде әрқашан, барлық уақытта, қазір, әдетте, қалаған уақытта т.б. сияқты мезгіл пысықтауыштары да қатысады. Модалділік категориясындағы мүмкіндік/мүмкін еместік жағдаяттарды зерттеу еңбегіне нысан еткен С.Құлманов шақтардың берілуіндегі сөйлеуші пайымының уақытпен қатысына да тоқталады. «Субъектінің ішкі қабілеттеріне байланысты мүмкіндік жүзеге асқан және жүзеге аспаған болуы мүмкін. Ауыспалы осы шақта іс-әрекет осы және келер шақта кез келген сәтте жүзеге асырыла алатын жағдаят ретінде көрінеді. Мысалы, …суға жүзуден чемпион атанып, институт даңқын шығара аламын (Д.Исабеков). Теңіз бен мұхитта шаруамыз жоқ, өзен-көлде қалқып жүретін шамамыз бар (Р.Нұрғалиев). Егер жағдаят өткен шаққа қатысты болса, іс-әрекет жүзеге асырылған немесе жүзеге асырылмаған болып табылады. Мысалы, Ахметте үн жоқ. Қамшы тигенде басы-көзін қамшыдан қолымен қорғауға ғана шамасы келеді (С.Шәріпов); Абай болыстар жағынан түскен де піргауар бар екенін біліп, олардың кімді қолдайтынын сұрап еді, Андреев кісі аттарын жадында тұтпаған екен, айта алмады (М.Әуезов)» [5,121]. Зерттеушінің пікірінше, модалділік сөйленім арқылы көрінетін субъекті мен іс-әрекет арасындағы потенциалды байланысты көрсететін жағдаяттар арқылы білдіріледі. Модалділіктің мүмкіндік өрісі етістіктің сипаттық-шақтық тұлғаларының және лексикалық бірліктердің қатысуы арқылы темпоралдылық категориясының әр түрлі мағыналарымен астастықта беріледі. Мүмкіндік өрісі ашық райдың ауыспалы шағы арқылы берілгенде іс-әрекеттің орындалуы осы шаққа қатысты келіп, модалділік аспектілерінің болжалдық, қажеттілік, міндеттілік сияқты мағыналарын бере алады. Сол сияқты модалділік ашық рай тұлғалары арқылы білдірілгенде субъектінің іс-әрекетті орындау сапасының жетілгендігі, қарқындылығы немесе шектеулігі, созылыңқылығы, тез басталуы/тез аяқталуы сияқты жағдаяттар көрініс табады.

Читайте также:  Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесі

Оставить комментарий