МОНАРХИЯ ТУРАЛЫ

Біз осы уақытқа дейін тақсырды заң күшімен бір бүтінге айналдырылған шартты жинақ тұлға Мемлекеттегі атқарушы өкіметті сақтап отырушы ретінде қарастырдық. Енді біз осынау өкімет бір ғана адамның, заңдарға сәйкес оны жұмсауға хақысы бар жалғыз адамның қолына шоғырланған жағдайды қарастыруға тиіспіз. Бұл – монарх немесе король дейтініміз. Бұл тур жинақ бейнені индивидуум көрсететін өзге басқару түрлерінен мүлдем кереғар, мұнда индивидуум жинақ өйткені көрсетеді, сондықтан тақсырды қурайтын рухани бірлік бұл арада бір мезгілде физикалық бірлік болып табылады, оның бойына, өзге Басқармада заң соншалық қиындықпен ұштастыратын барлық қабілет, мұнда өз­ өзінен біріккен болып шыға келеді. Осылай халық ырқы мен тақсыр ырқы, және Мемлекеттің жария күші мен Үкіметтің жеке күші – бәрі­бәрі бір ғана қозғаушы күшке бағынады; машинаның тетіктері бір ғана қолда; барлығы бір ғана мақсатқа бет алады. Қарсы жаққа бағытталған, жойып жіберілетін ешқандай қозғалыс жоқ; азырақ күшпен көбірек қарекет жасай алатын ешқандай өзге мемлекеттік құрылысты елестету қиын. Жағаға жайбарақат жайғасып алып үлкен кемені суға оп­оңай түсіретін Архимед, өзінің кабинетінде отырып­ақ ұлан­ ғайыр провинцияларын басқаратын, бәрін қозғалысқа түсіретін, өзі орнынан тапжылмағандай көрінетін шебер монархты есіме түсіреді.

Бірақ егер одан күші көбірек ешқандай езге Басқарма түрі жоқ десек, онда өз тұсында жеке ырықта өкімет коп болатын және басқаларына үстемдікке оңайырақ жететін де басқару жоқ. Рас, мұнда барлығы бір ғана мақсатқа бет алады; бірақ ол мақсат тіпті де қоғамның дәулетті болуы емес; және басқару күшінің өзі ылғи да Мемлекетке зиянға шығып отырады. Корольдер шектеу болғысы келеді; және оларға ондай болудың ең жақсы құралы – халық сүйіспеншілігіне бөлену деген сөз баяғыдан айтылып келеді. Бұл тамаша және кейбір жағынан едәуір әділетті де ереже. Амал қанша, сарайларда ол тек мазақ шақырады. Халықтың сүйіспеншілігінен туындайтын билік, сөз жоқ, ең үлкен билік; бірақ ол баянсыз да шартты; тақсырлар онымен ешқашан қанағаттанбайды. Ең жақсы корольдер, өзіне қолайлы болса, тіпті қатал болуды қалайды, сонымен бірге әмірші болып қала бергісі келеді. Саясаттан нәпақасын айырып жүрген әлдебір ділмар халық күші біздің де күшіміз екен, ендеше оның гүлденіп, көбейе түсіп, айбынды болуы өзіміз үшін де пайдалы деп жағы семгенше сайрай алады; оның бұлай емес екендігін корольдер өте жақсы біледі. Олардың қара басының мүддесі ең алдымен халықтың дәрменсіз болуында, жапа шегуінде және оларға ешқашан қарсылық көрсете алмауында. Әрине, бодандар әманда көмпіс болып қала береді деп жорамалдаса, онда тақсыр халықтың құдіретті болуына мүдделі болар еді, өйткені осынау құдірет өзінің құдіреті болатындықтан тақсырды көршілері үшін қаһарлы етер еді. Бірақ халық мүддесінің мәні тек екінші дәрежелі және басыңқы болатындықтан, және екі жорамал үйлеспейтіндіктен, тақсырлар, әрине, өздеріне тікелей пайдалы ережені ұстануды мақұл көреді. Бұл баяғы Самуил ежелгі еврейлерге табандап түсіндірген нәрсенің тап өзі: атақты Макиавелли нақ соны айқын көрсетіп берді. Корольдерге сабақ берген бола отырып, ол халықтарға зор сабақ берді. Макиавеллидің «Тақсыры» республикашылдарға арналған кітап.

Читайте также:  Тыл батырлары

Біз жалпы сипаттағы ара қатынастарды басшылыққа ала отырып, монархия Үлкен мемлекеттерге жарасады дегенбіз, және монархияны жеке алып қарастырғанда бұған тағы да көз жеткіземіз. Басқару аппараты қызметкерлерінің саны неғұрлым коп болған сайын, тақсыр мен бодандар арасындағы қатынас азырақ және теңдікке жақынырақ бола түседі; демократия тұсында ол қатынас бірлік түрінде бой көрсетеді немесе теңдік құрайды. Дәл осы қатынас Басқарма шоғырлана түсуіне қарай ұлғая түседі; және Басқарма бір адамның соңына түскенде ол өзінің максимумына жетеді; Сонда тақсыр мен халық арасындағы қашықтық тым ұзарып кетеді де, Мемлекеттің ішкі байланысы әлсірейді. Сол байланыс орнатылу үшін, демек, делдалдық ахуал керек, кінәздер, байбатшалар, дворяндар қажет, олардың бос кеңістікті толтыруы керек. Бірақ бұлардың бірде біреуі шағын Мемлекетке жарамайды, осынау барлық аралық сатылар оны тұралатып кетеді. Бірақ егер Үлкен Мемлекеттің жақсы басқарылуын жолға қою қиын десек, оның жалғыз адаммен жақсы басқарылуы одан әлдеқайда қиынырақ; ал король орынбасарлар тағайындай бастағанда не болатынын әркім біледі.

Барлық жағдайларда монархиялық Басқарманы республикалық басқарудан төмен қоятын елеулі де болмай қойылатын кемшілік мынада: республикалық басқару тұсында халық үні әрқашан дерлік бірінші орынға тек өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара алатын білімді де қабілетті адамдарды көтереді; ал монархия жағдайында жолы болатындар көбіне­көп ұсақ арандатқыштар, бейшара жылпостар, пасық өсекшілер, олардың шынашақтай дарыны сарай маңындағы жоғары мансаптарға жету мүмкіндігін береді, бірақ сол мансапқа әрең жетіп, халық алдында өздерінің түкке татымайтындығын көрсету үшін ғана. Осындай таңдаулар кезінде халық тақсырдан гөрі, әлдеқайда сирек қателеседі, және республика тұсында Үкімет басына ақымақ біреудің әлдеқалай келетіні қандай сирек болса, шын лайықты адамның монархия тұсында министр дәрежесіне көтерілуі де сондай сирек. Сондықтан, басқару үшін жаратылған сондай адамдардың бірі, соншалық атышулы топ жар басына таяған монархияда әлдеқандай сәтті себеппен басқару ісін қолға алса, оның елді тығырықтан алып шыққаны жұрттың бәрін тәнті етеді – және бұл ел өміріндегі тұтас бір дәуір болып қалады.

Читайте также:  ЗЛОСТНОЕ УКЛОНЕНИЕ ОТ УПЛАТЫ ШТРАФА

Монархиялық Мемлекет жақсы басқарылуы үшін оның үлкендігі немесе ұзындығы оны билеп­төстейтін адамның қабілетіне сәйкес келуі керек. Жаулап алу оңай, басқару қиын. Тиісті тетіктің көмегімен бүкіл жер шарын бір саусақпен­ақ қозғауға болады; бірақ оны тіреп түру үшін Геркулестің иығы керек. Егер тек Мемлекет тым үлкен болса, тақсыр әрқашан дерлік оған тым қораш. Керісінше, ел басы үшін Мемлекет тым шағын болған кезде, бұл дегеніңіз өте сирек болады, ол сонда да нашар басқарылады, өйткені ел басы, ұлан­ғайыр ойларының жетегінде жүріп, бодандарының мүддесін ұмытып кетеді; және олардың соры өзінің талантының көптігінен қиянатқа баратын әміршінің тұсында, ондай таланты жоқтығынан шектелген әміршінің тұсындағыдан кем соқпайды. Егер корольдік әрбір патшалық тұсында тақсырдың қабілетіне қарай не үлкейіп, не кішірейіп отырса жақсы болар еді; әлдебір Сенаттың таланты неғұрлым тұрақты шамада болғанда, мұндай құрылыс тұсында Мемлекет өзгеріссіз шекараға не бола алады, ал басқару ісі бұдан еш ақсамайды.

Бір адам Басқармасының ең көзге ұрып тұратын кемшілігі – мұнда Басқарудың өзге екі пошымында үздіксіз байланысты туғызатын сабақтастықтың болмайтындығы. Король өлген екен, басқасы керек болады, сайлау қауіпті үзілістер туғызады; ол талас­ тартыспен өтеді; және егер азаматтар адал, таза, сатылмайтын болмаса (Басқарманың осынау пошымында мүмкін емес дерлік нәрсе), әртүрлі айла­шарғылар, сатып алу туындайды. Мемлекетті сатып алған адам, оны өз кезегінде сатып, құдіретті адамдар өзінен алып қойған ақшаны әлсіздер есебінен қайтаруға тырыспауы қиын іс. Мұндай басқару тұсында, ерте ме, кеш пе, бәрі де сатылатын болады, корольдер тұсындағы тыныштық патшалықтар арасындағы бұлғақтан жаман.

Осынау қасіреттерге жол бермеу үшін не істелді дейсіз ғой? Кейбір әулеттерде тәж мирасқа берілетін болып, мұрагерлік тәртібі белгіленді, сол арқылы король өлгеннен кейінгі барлық талас­тартыстан құтылмақ болды. Басқаша айтқанда, сайлаудың ыңғайсыздықтарын регенттік ыңғайсыздықтарымен алмастырды, жан тыныштығын артық көріп, жақсы корольдерді қалай сайлаймыз деген даудан құлақ тыныш болу үшін билеушілер ретінде балаларды, құбыжықтарды, жарыместерді тағайындағанды артық көрді. Осындай жолмен өзіңді таңдау қатеріне ұрындырсаң, бәрін өзіңе қарсы қоятыныңды ескермеді. Баласы әлдеқандай ұятқа қалдырарлық қылық жасап қойғанда, әкесі жас Дионисийге: «Мен саған қай уақытта осындай теріс үлгі көрсетіп едім?» ­ н и жазғырса , «Ах! Сіздің әкеңіз король болмаған!» – депті баласы. Әбден парасатты жауап.

Читайте также:  Жетпектегі өлім символизмі

Басқаларға әмірін жүргізуге тәрбиеленіп жатқан адамды әділет пен парасаттан айыру үшін бәрі істеледі. Патшалық құру өнері дейтінді ханзадаларға үйрету үшін көп күш жұмсалады: алайда, ондай тәрбиенің оларға пайда бергені байқалмайды. Ең дұрысы оларды көмпістік өнерін үйретуден бастаған жақсырақ болар еді. Тарихта даңққа бөленген ең ұлы корольдер, тіпті де патшалық құруға үйретілмеген; бұл – тым ұзақ оқытудан үйренгеннен нашар үйренуге болмайтын к.ше бұйырып үйренгеннен, көмпіс болып үйренген жақсы болатын ғылым. Nam utilissimus idem ас brevissimus bonarum nialarumque rerum delectus, cogitare quid aut nolueris sub alio pi incipe, aut volueris.

Сабақтастықтың осынау жоқтығы корольдік Басқармада тұрақсыздық туындатады. Патшалық етуші тақсырдың не¬месе соның орнына патшалық құрып отырған адамдардың мінез­құлқына байланысты бірде ана, бірде мына жоспарға бейімделе берсе, ондай Үкіметте не белгілі бір мақсат, не дәйекті қарекет салты болмайды; бұл тұрақсыздық Мемлекетті ойға келген бір жоба мен екіншісінің арасында сенделтіп қояды, ал тақсыр біреу ғана болатын өзге Басқармалар тұсында мұндай нәрсе болмайды. Сондықтан да сарай төңірегінде қулық­сұмдық көбірек, Сенатта кемеңгерлік көбірек болатыны, Республикалар неғұрлым тұрақты да дәйекті жоспарларды басшылыққа ала отырып, өз мақсатына ілгерілей беретіні айқын; ал Министрлер кабинетінің құрамындағы әрбір төңкеріс Мемлекетте төңкеріс жасайды, өйткені барлық министрлер және барлық дерлік корольдерге ортақ ереже: кез­келген істе өзінің ізашарларына кереғар қимылдауға саяды.

Оставить комментарий