Монетарлық ғадет туралы

Монетарлық ғадет – экономикалық субъектілердің, соның ішінде тұтынушылар мен үй шаруашылықтарының материалдық қызығушылықтары, ресурстық-экономикалық мүмкіндіктері мен нормативті-мәдениеттанулық потенциалы қамтамасыз етілетін процесс барысында жасалатын іс-әрекеттер жиынтығы. Басқаша айтсақ, монетарлық ғадет деп адамның ақшаға қарым қатынасын айтамыз. 273 Монетаның отаны Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал «монета» термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы болған. Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады. Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді. Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша — бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықтарда ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Содан соң, біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды.[1] Бәрімізге белгілі, әр адамның ақша туралы ойы ерекше. Ақшаның мәні мен мағынасы туралы жүздеген жылдар бойы көптеген ғалымдар еңбек жазып, өз ойларын қалдырған. Шарль Луи Монтескье, Адам Смит, Карл Маркс, Джон Мейнард Кейнс және т.б. көптеген тарихта аты қалған тұлғалар өздері өмір сүрген заманға сәйкес, халқының қажеттіліктері мен тұтыну ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, осы мәселе төңірегіндегі көптеген сұрақтарға жауап іздеген. XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы бүкіл әлемде болған үлкен өзгерістермен, әсіресе, ғаламдық экономикалық даму саласындағы елеулі өзгерістермен есте қалды. Осы кезеңдер, Қазақстан қоғамы мен экономикасын талдау барысында, республика үшін терең әлеуметтік-экономикалық трансформациялармен ерекшеленетіндігін көруге болады. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында нарықтық реформалардан инновациялық дамуға, терең экономикалық құлдараудан экономикалық өсуге және қоғамның тұрақты дамуына бағытталған нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңдерін бастан кешірді. Тарихқа жүгінер болсақ, 90-жылдардың басында республикада жинақталған экономикалық потенциалдың жойылуына, жаппай жұмыссыздыққа және кедейлік деңгейінің көтерілуіне алып келген қазіргі заманғы даму тарихындағы ең үлкен экономикалық құлдырау байқалды. Сол кездегі ЖІӨкөлемі азайып, өмір сүру минимумынан төмен деңгейде өмір сүретін халықтың саны біршама көп болды. Бұған дәлел ретінде, 1998 жылғы ЖІӨкөлемі жыл сайынғы қысқару нәтижесінде, 1990 жылғы ЖІӨкөлемімен (66,7%) салыстырғанда бар- жоғы 61,6% құрады, ал кірісі өмір сүру минимумы деңгейінен төмен халықтың үлесі 39,0% құрады. Сол жылдары, яғни, 90-жылдары елімізде барлық нарықтық реформалар жүргізілді: жекешелендіру процесі аяқталып, экономиканың кәсіпкерлік сектор құрылды, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі мен банк секторы құрылды, әлеуметтік сала мен бюджеттік салада реформалар жүргізілді, білім беру жүйесі, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау т.б. жүйелер реформаланды, нарықтық типтегі экономиканың қызмет етуі үшін заңнамалық база дайындалды. Негізінен, экономика мен әлеуметтік саланы реформалау жүзеге асырылды, экономиканың жеке секторы пайда болды және жаңа шарттарға сай Қазақстан қоғамын басқаруға жеткілікті тәжірибе жинақталды, елдің халықаралық беделі көтерілді. Аталған әлеуметтік-экономикалық шаралардың нәтижесінде Қазақстан Респбликасы ТМД елдері арасында алғаш рет ашық нарықтық-экономикалық ел деген мәртебеге ие болды. 274 Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің ары қарайғы жолы стратегиялық мақсаттар мен приоритеттерді дұрыс таңдауға байланысты болды. Мұндай дұрыс таңдау, 1997 жылы Республика экономикасы мен қоғамы дамуының негізгі бағыттаушысы болып саналатын посткеңестік кеңістікте ең алғаш саналатын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасының қабылдануы барысында жасады. Бұл стратегиялық даму бағдарламасы еліміздің болашақта бүкіл әлемге танымал, бай ел болуына, халықтың 90% орта тап құрайтын, экономикасы мықты дамыған, тұрғындардың өмір сүру деңгейі жоғары мемлекет болып қалыптасуымызға өз септігін тигізеді[2]. Қазақстандағы қазіргі макроэкономикалық жағдай әлеуметтік саланың дамуымен сипатталады, онда нарықтық қатынастар жағдайында ұдайы толықтыру процесін реттеуде мемлекет басты рөл атқарады. Жоғарыда аталған мәселелердің басым бағыттары Елбасының жыл сайынғы жолдауларында анықталған. Өзінің 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақты бірге қалаймыз» атты кезекті Қазақстан халқына жолдауында жеделдетілген экономикалық жаңғырту – Үдемелі инновациялық индустриялдандыру бағдарламасын жалғастыру дей отырып, осы уақытқа дейінгі қол жеткізген жетістіктеріміз бен келешекте міндетті түрде қол жеткізуге тиісті мәселелер туралы айтты. Сонымен бірге, «1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 700 доллардан сәл асатын. 2011 жылдың 1 қарашасында бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті»[3] деп баяндады. Жалпы, елбасының жыл сайынғы жолдаулары еліміздің дамуы үшін маңызды. Олар жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізуге, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге және т.б. көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жаңа экономикалық институттар пайда болып, соның нәтижесінде адамдардың экономикалық ғадеттерінде белгілі бір өзгерістер байқалуда. Мұндай өзгерістер қазақстандықтардың да монетарлық ғадеттерінде көрініс табады. Қазіргі кезедегі елімізде қарқынды дамып жатқан қор нарығы қаржылық нарық пен нарықтық экономиканың дамуына үлес қосады және маңызды макро және микро қызметтерді атқарады. Құнды қағаздар нарығы қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларында болып жатқан және болатын өзгерістерге әсер етеді. Құнды қағаздар нарығы жаңа экономикалық институт болып табылады, ол бұған дейін біздің елімізде болмаған. Оның дамуы мемлекеттік саясаттын негізгі басымдыққа ие бағыттарының бірі. 2007 жылы ҚР Үкіметі еліміздегі қор нарығын дамуытуға байланысты 2011 жылға дейінгі даму бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар, 2007-2011ж.ж. арналған халықтың инвестициялық мәдениеті мен сауаттылығын көтеруге бағытталған бағдарлама да бекітілді. Мұнда негізінен: халықтың қаржылық сауаттылығын көтеру, соның ішінде,тұрғындарға әр түрлі қаржылық құралдарды қолдану саласында базалық білім беруді қамтамасыз ету; экономиканың қаржы секторына заңды емес тұлғалардың құралдарын тару; тұрғындарға кіріс көлемінің артуына қатысты, мүмкіндіктерінің көбеюіне байланысты көптеген мәселелер қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде халықтың қаржылық сауаттылығын, оның соңғы экономикалық жаңалықтардан хабардарлығын және жалпы тұрғындардың осындай мәселелерге деген қатынасына зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша: тұрғындар арасында жаңадан пайда болған экономикалық институттардың ішінде ең алдымен несие, депозиттер және сақтандыру полистары таныс болып шықты. бағалы қағаздар сияқты қаржылық құрал туралы тұрғындардың орташа ақпараттану деңгейі 36,8% құрады 275 қаржылық құралдардың ішінде ең көп қолданылатыны несие. сұралған респонденттердің 32,2% несие алған екен. шамамен әр алтыншы респондент (15,9%) сақтандыру қызметін пайдаланушы екені анықталды. Бірақ, зерттеушілер бұл автокөлік иелерінің міндетті сақтандырулары деп тұжырым жасап отыр. сұралған әрбір он екінші респондент (8,4%) депозиттер қызметін пайдаланытынын көрсеткен. Бағалы қағаздар, облигациялар сияқты қаржылық құралдарды қазақстандықтар мүлдем қолданбайтын болып шықты. Сұралғандардың 1%-дан кемі ғана аталған құралдарды қолданатын болып шықты. тұрғындардың қаржылық белсенділігіне кедергі келтіретін негізгі факторға олардың қаржы институттарына деген сенімсіздігін айтуға болады. Респонденттердің тек жартысы ғана (53,3%) зейнетақы қорларына сенетіндіктерін айтса, үштен бірі ғана (30%) коммерциялық банкер мен сақтандыру ұйымдарына сенім артатындықтарын көрсеткен. Жалпы, зерттеу нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасалған: халықтың қаржылық сауаттылығы, олардың қаржылық құралдарға қызығушылықтары жыл сайын арту үстінде, бірақ, белсенділіктің артуына тұрғындардың қаржы институттарына деген сенімсіздігі маңызды ұстаным ретінде кері әсерін тигізіп отыр [4]. Адамдардың күнделікті өмірдегі экономикалық іс-әрекеттері олардың маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Тұрғындардың күнделікті өмірлеріндегі өзгерістер қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің айқын белгісі болып табылады. П.А.Сорокин айтқандай, «әлеуметтік процестер ең алдымен адамдардың күнделікті өмірлеріндегі іс- әрекеттерінен құралады. Осылайша, адамдардың іс-әрекеттері әлеуметтік процестерді тудырушы негізгі фактор және детерминант болып табылады». Күнделікті іс-әрекет – ең маңызды деген қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы. Ол отбасы немесе тұрғылықты жерінің деңгейі бойынша жүзеге асады, белгілі бір шарттарға сәйкес өтеді және автономдық сипатта болады [5]. Күнделікті өмір социологиясының негізгі идеялары символдық интеракция ағымының өкілдері И.Гоффман, Г.Блумер, феноменологиялық социология ағымының өкілі австриялық философ және социолог Альфред Шюц және оның ізбасарлары Томас Лукман мен америкалық ғалымдар Питер Бергер, Герольд Гарфинкельдің еңбектерінде дамытылды. Күнделікті өмір – адамдардың өмірлік әлемі. Онда әрдайым белгілі бір өзгерістер мен процестер жүріп отырады. Адамдардың күнделікті өмірлеріндегі іс-әрекеттері ең алдымен өздерінің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Қажеттіліктер қанағаттандырылуы үшін адам экономикалық белсенді, материалдық жағынан қамтамасыз етілген болуы міндетті. Монетарлық ғадеттің гендерлік аспектісін зерттеу қазіргі таңдағы Отандық социологияда әлі зерттеле қоймаған мәселе. Гендер – нәтижесінде әлеуметтік тәртіптің негізгі категориялары ретінде әйел және ер туралы түсініктер жаңғыртылатын, дәлелденетін және бекітілетін тұлғаарлық өзара әрекеттестіктердің жүйесі. Гендерлік теңсіздік — әр түрлі әлеуметтік топтардың (берілген жағдайда әйелдер мен ерлердің) тұрақты айырмашылықтарының болуына байланысты қоғамда тең емес мүмкіндіктерге ие екендігін көрсететін әлеуметтік құрылғының сипаттамасы. 1980 жылы феминистік концепцияның негізі ретінде «гендер» ұғымының пайда болуына байланысты әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардарда гендерлік теңсіздік туралы зерттеулер жүргізілге бастады. К.Маркс пен Ф.Энгельс үшін билік пен статустағы гендерлік айырмашылықтар ең алдымен таптық сипат алады дейді. Ал, гендерді стратификациялық категория ретінде зерттеген 276 кезде, әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік стратификацияның классикалық теорияларына, ең алдымен, М.Вебер мен П.Сорокиннің теорияларына негізделіп қарастырылады.[6] Монетарлық ғадеттің гендерлік аспектісі ең алдымен ер мен әйелдің ақшаны қалай, неге жұмсайтындығымен анықталады. Сонымен қатар, әйелдер мен ерлердің экономикалық ғадеттеріндегі белгілі бір ерекшеліктерге әсер ететін факторлар арқылы да сипаттауға болады. Ондай факторларға әлеуметтік, экономикалық және психологиялық факторлар жатады. Сонымен қатар, қоғамда қалыптасқан экономикалық тәртіп пен жалпы қабылданған стереотиптер мен ұстанымдар да жатады. Осы тақырыпта қолданбалы әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді. Ақпараттар сауалнама әдісі арқылы жиналды. Сауалнамада кездескен сұрақтар респонденттердің қазіргі материалдық жағдайлары, олардың бүгінгі күнгі негізгі табыс көзі, күніне қанша ақша және оны неге жұмсайтындары, отбасылық бюджетті кім жоспарлайтындығын анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғындардың ақша жинау және несиелік ғадеті туралы сұрақтар қойылды. Сонымен, алынған жауаптар бойынша, «Материалдық жағдайыңызды қалай бағалайсыз?» деген сұраққа қатысқан респонденттердің 50 % бірқалыпты, 28,6 % жақсы, 14,3 % өте жақсы және сәйкесінше, 7,1%-нашар деп жауап берген. Бұл сауалнамаға негізінен орташа кіріс табатын адамдар қатысқандығын көрсетеді. «Бүгінгі күнгі негізгі табыс көзіңіз?»сұрағы бойынша, сұралған респонденттердің шамамен 71% тұрақты жұмыс жасаймын десе, 21% әлеуметтік көмек алу арқылы күн көріп отырғандығын айтқан. Әлеуметтік көмек алу, әдетте, ауылдық жерге тән. Сонымен бірге, тағы бір атап өтетін жай, әлеуметтік көмек алушылардың 80% әйелдер болып табылады. Бұл, жалпы әйел адамның қазіргі біздің қоғамдағы әлсіз, әлеуметтік көмекке мұқтаж топ екендігін көрсетеді. Мұндай тенденцияның байқалуын қазіргі кездегі ажырасу құбылысының көбеюімен, жалғызбасты аналар санының артуымен байланыстыруға болады. Келесі сұрағымыз тұрғындардың күніне қанша ақша жұмсайтындығын анықтауға бағытталды. Жауаптарды саралай келе, шамамен 50% респонденттер күніне 500-1000теңге көлемінде ақша жұмсайтындықтарын көрсетсе, 30%-ы шамамен 200-500 теңге, 15%- 2000 теңгеден жоғары көлемде шығынданатынын жеткізген. Ал, қалған 5%- күндігіне ақша жұмсамайтындарын айтқан. Мұны қарапайым тілде қазіргі нарықтық қоғамдағы тұтыну мәдениетінің өзгеруіне, тауарлар бағасының күн сайындап көтерілуіне байланысты деп түсіндіруге болады. Сонымен қатар, гендерлік аспектіде қарастырар болсақ, ерлер мен әйелдердің күндігінде ақша жұмсау ғадеттеінде ерекшеліктер бар. Сұралғандарың жауаптары негізінде, әйел адамдардың ер адамдарға қарағанда күнделікті жұмсайтын шығындары төмен болып келетіндігі анықталды. Ал, сол жұмсалған ақша нақты нендей қажеттіліктерге жұмсалатындығын сұрау арқылы келесі ақпараттар алынды: респонденттердің 100%- бірінші кезекте азық-түлікке және тамақтануға жұмсайды. Мұны А.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы теориясы арқылы түсіндіруге болады. Яғни, адамдар, әдетте бірінші кезекте физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Сонымен бірге, әйелдер ақшаны күніне негізінен, азық-түлікке, тамақтануға, ұялы телефонға бірліктер салуға жұмсаса, ерлер де тамақтануға жұмсайды, дегенмен, жанармай, шылым сияқты ерелерге тән қажеттіліктерге де шығынданатындықтарын көрсеткен. Келесі сұрақ отбасылық бюджетті кім жоспарлайтыны туралы болды. Нәтижесінде, сұралғандардың 36%-ы бірге деп жауап берсе, 15%- әйелі, 15%- күйеуім деген жауап қайтарған. Әр кезде әр қалай, анам немесе әкем деген жауаптар өзара 10%-дан бөлінген. Бұл қазіргі замандық нуклеарлық және эгалитарлық отбасы типтерінің дамуымен байланысты құбылыс деп ойлаймыз. Себебі, дәстүрлі қазақ отбасында отбасылық бюджетті ер адам басқарып, жоспарлап отырған. Ал, алынған жауаптарға сәйкес, ерлі-зайыптылардың отбасылық бюджетті екеуі бірігіп жоспарлауы отбасы институтының белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшырағандығының дәлелі бола алады. Дегенмен, дәстүрлі отбасы типі толығымен жойылып кетті деуге болмайды. 277 Тұрғындардың ақша жинау және несиелік ғадеттері туралы жауаптары негізінен гендерлік аспектіде ерекшеленбейді. Себебі, ақша жинау және несие алу ғадеттері ортақ отбасылық әрекет болып табылады. Сұралғандардың басым бөлігі ақша жинайтындықтарын және оны депозитке салып немесе үйде сақтайтындығын көрсеткен. Олардың барлығы дерлік ақшаларын доллар валютасында сақтайтын болып шықты. Сонымен қатар, респонденттердің жартысынан астамы несие алған адамдар екені анықталды. Несиені қандай мақсатта алдыңыз деген сұраққа респонденттердің 29%- үй алуға, ипотека алдым деп жауап берген. 35%- үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін несие алғандықтарын көрсеткен. Сонымен қатар, несиені той жасау үшін, айналымға енгізу, бизнеске құю үшін де алған респонденттер кездесті. Сонымен, қорытындылай келе, қазіргі нарықтық экономиканың дамыған заманында тұрғындардың монетарлық ғадеттеріндегі өзгерістер мен маңызды процестерге сипаттама беріп, оларға талдау жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Читайте также:  Сейіт би туралы

Оставить комментарий