Мысыр және Африка мүйізі аймағындағы қарулы қақтығыстар

Опубликовано Июль 29, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

ХХ ғасырдың 90-жылдары – ХХI ғасырдың басында Африка құрлығында бірқатар қарулы қақтығыс реттелді. Алайда қазіргі күні аймақтағы мемлекеттер шиеленіскен даулы мәселелерді әскери қақтығысқа апармауға тырысқанымен, сарапшылардың пікірінше, Мысыр мен Судан, Судан және Эритрея, Судан – Чад, Либия – Алжир, Сауд Арабиясы ‒ Йемен, Марокко мен Алжир арасында шекарадағы қарулы қақтығыстардың өршуін толығымен жоққа шығаруға болмайды [1]. Мысыр басшылығы африкалық құрлықта аймақтық қақты- ғыстарды реттеу мақсатында белсенді дипломатиялық тал- пыныстар жасауда. Делдал ретінде және Африканың «от нүк- телеріндегі» қақтығыстарды реттеу бойынша көптеген баста- малардың авторы бола тұра, Мысыр халықаралық аренада бітімгерлік рөл ойнауды, сапалы дипломатиялық әлеуеті бар екенін көрсетуге және сонымен бір уақытта көрші елдерде са- яси тұрақтылық орнауына қол жеткізуді көздейді. Бұл тұста Мысырдың аталмыш кезеңдегі аймақтық сыртқы саясатының африкалық бағытында Африка мүйізі (Эфиопия, Эритрея, Джи- бути, Сомали) аймағындағы қарулы қақтығыстарды реттеу мәселесі ерекше орын алып келеді. 1996 жылдың сәуір айында Мысырдың бастамасымен Африканың 53 елінің 49 мемлекеті Африка құрлығын ядролық қарудан азат аймаққа айналдыру жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Құжат ядролық қаруды өндіруге, сақтауға және сынауға, сондай-ақ ядролық қалдықтарды жерге көмуге тыйым салуды қарастырды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері – Ресей, Америка Құрама Штат- тары, Ұлыбритания, Франция және Қытай келісім-шарт орын- далуының кепілдеушілері болды. Бұл оқиғаға байланысты сөйлеген сөзінде Мысырдың сыртқы істер министрі Амр Мұса Израильді «осындай қадам жасауға және ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шартқа қосылуға, Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақты құруға алып келетін қадамдар арқылы араб көршілерімен жақындасуға» шақырды. Мысыр негізгі сыртқы саяси мәселелер, бастысы таяушығыстық рет- теу, ирақ мәселесі және Судан төңірегіндегі жағдай бойынша өз ұстанымын нығайту үшін африкалық ұйымдарды пайдалануға талпынады. 30 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 АҚШ-тың «демократиялық идеяларды тарату» принципінің қалыптасуы: вильсонизмнен … Мысыр «алдымен барлық қақтығыстарды тоқтатып, континенттің барлық мемлекеттері үшін ортақ қауіпті анықтау қажет, содан кейін ғана бірыңғай армия құру керек» деп есеп- теп, бірыңғай африкалық армия құру идеясына қарсы. Бірыңғай африкалық армия құру тура- лы Либияның африкалық Одақтың Сирттегі саммитінде жасаған ұсынысы Мысырдың ғана емес, көптеген басқа да африкалық мемлекеттер- дің қолдауын таппады. Самммиттің қорытынды құжатына континент мемлекеттерінің қақтығыс- тарды тоқтату үшін қақтығыс аймақтарына шұғыл түрде жөнелтілетін жедел әрекет ететін күштерді құру ниеті жайлы бап кірді. 2004 жыл- дың қыркүйегінде Мысыр Оңтүстік Африка Республикасында өткен құрлықта жедел әрекет ететін күштерді құруға дайындық бойынша бағдарламаның бөлігі болған «Әуе-десанттық Африка» халықаралық әскери жаттығуларға қа- тысты. Каир Африка мүйізі аймағына зор назарын аударады. XX-XXI ғасырлар тоғысында бұл ай- мақта өршіген этносаралық, конфессияаралық және мемлекетаралық қақтығыстар аймақты мысырлық билік үшін қауіп объектісіне ай- налдырды. Осыған байланысты Мысыр Араб Республикасы (МАР) өршіген қақтығыстарды реттеу және жаңа қақтығыстарды болдырмау мақсатында аталмыш аймақтағы өз дипломатия- сын жандандырды. Осылайша, 1996 жылы Мы- сыр 1995жылдың желтоқсанында бұрқ ете түскен Йемен мен Эритрея арасындағы шекаралық қақтығысты реттеуде өз делдалдық әрекеттерін іске асырды. Нәтижесінде тараптардың дауды Гаагадағы Халықаралық арбитражды трибунал арқылы шешуге келіскендері Каирдың табысты дипломатиясының жемісі болды. Осындай сәтті бітімгерлік саясатының арқа- сында Мысыр халықаралық аренада сенім мен құрмет артуға болатын ел ретінде қалыптасып үлгерді. Жалпы Каирдың Батыспен жағымды қарым-қатынастарын және «пирамидалар елінің» зор зиятты әлеуетін ескере келе, Батыста талай рет Мысыр – Оңтүстік-Шығыс Азияның кейбір елдерін сияқты жылдам және жарқын өрлеу күтіп тұрған болашақ «Ніл жолбарысы» деген пікірлер айтылуда [2]. Бұрынғы Мысыр президенті Хос- ни Мүбарактың өзін қолында зор саяси биліктен басқа, Араб Шығысындағы ең мықты армия шоғырланған перғауынмен жиі салыстырды. Азия және Африканың торабында орналас- қан Мысыр әрқашан оны қоршаған елдер ара- сында ерекше орынға ие болды. Жағрафиялық тұрғыда Мысыр тағы үшінші құрлықпен – «оның табалдырығында жатқан» Еуропамен де байланысқан [3]. Жалпы, қазіргі кездегі Мысыр- дың аймақтағы рөлін мойындамасқа болмайды. Оның үстіне «… Мысырға қатысты мәселелер Таяу Шығыстың тиесілі мәселелерімен өзара байланыста ғана қарастырылуы мүмкін. Мы- сыр батыста Мароккодан Иранға дейін, ал кейбір тұстарда тіпті шығыста Пәкістанға дейін созылған қақпаның басты тасы болып табы- лады. Бұл ауданның бір бөлігіндегі кез келген оқиға оның басқа да бөліктеріне әсер етеді» [4, 415]. Шынында, МАР Таяу Шығыстың гео- саяси кеңістігіндегі соғыс пен бейбітшілік «кілтінің сақтаушысы» болып есептеледі. Себе- бі мысырлық саясаттың кез келген қимылы аймақтық күштер тепе-теңдігін және аймақтағы қауіпсіздік жағдайын өзгертуі мүмкін [5, 4]. Ресейдегі Африка институтының зерттеушісі Э.А. Шауро Африка мүйізі елдері қоғамының әлеуметтік-мәдени өміріндегі исламның шешуші (Сомали мен Джибутиде) немесе маңызды (Эфи- опия мен Эритреяда) рөлін ескертеді. Аймақтағы ислам факторының басым рөлінің дәлелі ретінде автор VII-VIII ғасырлардан тарихи дәйектер келтіреді. Бұл уақыттан бастап арабтар әуелі б.з. IV ғ. христиандық тараған Қызыл теңіз жағалауында өз ұтанымдарын нығайта бастай- ды [6, 3-4]. Және Мысыр өзінің Африка мүйізі елдерімен қатынастарында бұл дау тудырмай- тын дәйекті пайдаланып келеді. МАР көршілес жатқан африкалық елдерде этносаралық алауыз- дықтар мен басқа да мемлекетаралық қақтығыс- тарға тартылмаған байсалды тәртіптер болға- нына мүдделі. Оған қоса бұл тәртіптердің араб- тық бағытты жақтаушы, ислами негіздегі, сон- дай-ақ Африкадағы арабтардың көшбасшысы – Мысырмен тығыз ынтымақтастыққа дайын тәртіптер болғандығын көздейді. Каирдың мұн- дай ұстанымы көп жағдайда Мысырдың ішкі қауіпсіздігінің ислам радикализмі мен онымен тығыз байланыстағы халықаралық лаңкестік сияқты қауіптерін жою, халықты ауыз сумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері қажеттілігінен туындайды. Африка мүйізі аймағындағы африкалық мем- лекеттер де Мысырмен тығыз қатынастар орнатуға мүдделі. Эфиопиямен шекара қақтығысы аяқтал- ғаннан кейін Эритреяның шет елдермен саяси және экономикалық ынтымақтастыққа ұмтылу беталыстары байқалды. 2002 жылдың өзінде-ақ Эритрея президенті Исайяс Афеворки Каирге сапары кезінде МАР президенті Хосни Мүба- ракпен және Араб Мемлекеттері Лигасының (АМЛ) басшылығымен болған келіссөздерінде ISSN 1563-0226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2 (72) 2015 31 Ашинова Б.Д., Актаулова Б.Ж. Эритреяның «тарихи және жағрафиялық тұр- ғыда араб елі болып табылатындығын» мәлім- деді. 2003 жылдың қаңтарында Эритрея АМЛ- ге бұл ұйымда оған тұрақты бақылаушы мәр- тебесін беру туралы өтінішін білдірді. Себебі Эритреяның Мысырмен саяси ынтымақтастығы АМЛ шеңберінде беки түсер еді. Ал 2003 жылы ақпан айының аяғында Мысыр және Эритреяның балық шаруашылығы министрліктерінің ара- сында балық ресурстарын дамыту, теңіз өнім- дерін сату және эритреялық балық аулау фло- тына техникалық персоналды дайындау салала- рындағы ынтымақтастық жөніндегі меморан- думға қол қойылды [7, 70]. Африка мүйізі аймағындағы қарулы қақты- ғыстарды реттеуге бағытталған Х. Мүбарактың бастамалары Мысырдың келесі президенті Мұхамет Мүрсидің саясатында жалғасын тап- ты. Осылайша, Мысырдың бұрынғы президенті М. Мүрсидің АҚШ-қа алғашқы сапары кезінде 2012 жылы 26 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамбле- ясында сөйлеген сөзінде: «Сомали халқының Нассан Шейх Мұхаметті ел президенті ретінде сайлауы елдің күрделі өтпелі кезеңінің табысы болды. Бұл оқиға ел бірлігі мен тұрақтылығына қарай оң қадам болып табылады. Мен бұл Ассамблеяның барлық мүшелерін тұрақтылыққа, мемлекеттік институттарды қайта құруға, сома- ли халқының жақсы болашаққа ұмтылуын іске асыруға қол жеткізуді көздейтін әрекеттеріне қарсы әрекет етуге талпынғандармен күресінде Сомали үкіметінің талпыныстарын қолдауға шақырамын», – деп мәлімдеді [8]. Осылайша, бүгінгі кезеңде Мысыр сыртқы саясатының стратегиялық міндетіне елдің Араб әлеміндегі жетекшілігін біртіндеп орнату және аймақта МАР ұстанымдарын саяси және эконо- микалық тұрғыда нығайту жатқызылады. Оның ішінде Каирдің Африкадағы маңызды мақсатына аймақтағы қарулы қақтығыстарды бейбіт жол- мен реттеу жатады. Сол себепті Мысырда ұлттық қауіпсіздік концепциясын қалыптастыру кезінде Африка мүйізі аймағының елдеріне ерекше рөл беріледі. Демек, қорытындылай келгенде, Африка мүйізі аймағы Мысырдың аймақтық сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады.

Оставить комментарий