Мысырдағы саяси дағдарыстың салдары мен негізгі мәселелері

Опубликовано Август 8, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Мысырдағы 18 күнге созылған жалпы халықтық көтерілістің нәтижесінде 2011 жылдың 11 ақпанында Х. Мүбарактың президенттік қызметтен кеткені белгілі. Саяси дағдарыстан кейін елде тыныштық орнайтындай болып еді. Тек ол дағдарыстан кейін де үш жыл бойы cаяси жағдай тұрақтана қоймады. Үстіміздегі жылдың екінші жартысында ғана мысырлық халық бейбіт өмірге аяқ басқандай. Олай болса, осы сәтке жетуге не кедергі болды, жаңа өмірді аңсағандардың бір мәмілеге келе алмауының басты мәні неде деген сұрақтар көпшілікті мазалайтыны айқын. Сол ретте 11 ақпаннан кейінгі саяси дағдарыстың салдары мен негізгі мәселелерін ашу үшін соңғы үш жылдағы негізгі саяси оқиғаларды жүйелі баяндай отырып саралауға талпындық. Мысырдағы билік 2011 жылғы 11 ақпанның кешінде қорғаныс және әскери өнеркәсіп министрі, фельдмаршал М.Х. Тантави басқарған Қарулы күштердің Жоғарғы кеңесінің қолына өткен болатын. өйткені елдегі соңғы кездегі экономикалық реформа Қарулы күштердің мүддесіне қайшы келді. Х. Мүбарактың ұлы Гамаль президент болған жағдайда жекешелендіру саясаты жүзеге асса, ол мысырлық әскерилердің экономикалық үстемдігіне қауіп туғызары анық еді. Сол себепті елдегі саяси дағдарысты әскерилер өз мүддесіне сай пайдалануға ұмтылады. Ескі биліктен қалған премьер-министр А. Шафик жаңа үкімет құрылғанға дейін өз өкілеттілігін уақытша атқару мүмкіндігіне ие болғанымен, 3 наурызда оны бұрынғы көлік министрі Эссам Шараф ауыстырды. Билікті қолға алған әскерилер, ең алдымен Конституцияның күшін жойып, парламентті таратқан еді [1]. Мысырдағы сол кездегі саяси жағдай өте күрделі болды. Ел көшелерін танктер мен әскерилер бақылауда ұстағанымен, банктер мен мектептер жұмыс істемеді. Елде діниаралық қақтығыстар кең етек алды. Ереуілдердің әлі де толастамауы әскерилерді бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр етті. Соған орай, Х. Мүбарак билігінің негізгі тірегі болған мемлекеттік қауіпсіздік қызметі таратылды. 19 наурызда Конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі референдум өтті. Енді президентті 6 жылдың орнына 4 жылға сайлау белгіленді. Үш мерзімге сайлану және төтенше өкілеттілік жойылған болатын [2]. Жоғарғы төрелік соттың шешімімен 16 сәуірде Мысырдың бұрынғы биліктегі ұлттық-демократиялық партиясы қызметін тоқтатады. Х. Мүбарак пен оның жұбайы Сюзанна атындағы барлық қоғамдық орындардың, мектептердің аты өзгертіліп, елдің бұрынғы көсемін айыптау үрдісі басталады. Елдегі саяси дағдарыстың нәтижесінде «Мұсылман бауырлар» исламдық қозғалысы нығая түсті. Жалпы, бұл исламдық қозғалыс 1928 жылы құрылған болатын. Сол кезден бастап олар ислам мемлекетін құруды жақтаған. Кейінірек Мысырда «Мұсылман бауырлар» қозғалысына тыйым салынып, тек 2000 жылдары қайта саясатқа ашық араласа бастайды. Ал «араб көктемінен» кейін саяси алаңдағы белсенділіктері арта түсті. Президенттік сайлауға қатысу мақсатында 30 сәуірде «Мұсылман бауырлар» саяси бюросының мүшесі Мұхаммед Мүрсидің жетекшілігімен Еркіндік пен әділдік партиясы құрылады. Осындай қиын-қыстау сәтте ел ішінде төңкерістің жаңа толқыны белең алды. Тахрир алаңында жиналғандар Қарулы күштердің Жоғарғы кеңесінің өкілеттілігін азаматтық үкіметке беру талабын алға ұсынды. Мұндай дүрбелең 2011 жылдың 19 қарашасында Каир қаласымен қоса Александрия қаласын да қамтиды. Мысырдың басқа қалаларында да полициямен қақтығыстар жиілеп кетті. Жалпы үшкүндік саяси дағдарыста мыңға жуық адам жарақаттанып, 35 адам қаза болған еді [3]. Тек әскерилер билікті өз қолдарынан шығарғысы келмеді. Керісінше, олар елдегі саяси жағдайдың тұрақсыздығына еш шара қолдана алмады деген сылтаумен Э. Шараф үкіметін таратты. Соған орай, Тахрир алаңындағы шеруге қатысқан жиырмадан астам партияның өкілдері апта көлемінде «ұлттық құтқару» үкіметін құру талабына қол қояды. Бұл үкіметке тез арада экономиканы жандандыру, кедейшілікпен күресу, бағаны ауыздықтау туралы қысқа мерзімде өзгертулерді жүзеге асыру жауапкершілігі жүктеледі. Сондай-ақ үкімет 30 жылдан бері қолданыстағы Мысырдағы төтенше жағдайды жоюға тиіс болды. Саяси дағдарыстың алғашқы сәтінен-ақ билік тізгінін қолдарына шоғырландырған Мысыр Араб Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы кеңесі Мысырдың өтпелі кезеңіндегі үкімет ISSN 1563-0285 kaznu Bulletin. international relations and international law series. №4 (68). 2014 Б.З. Бюжеева, А.Р. Әліпбаев 53 төрағасының міндетін атқарушы ретінде Камаль әл-Ганзуриді тағайындайды. Ол 1996-1999 жылдар аралығында елдің премьер-министрі болған еді. Дегенмен Мысыр Қарулы күштерінің Жоғарғы кеңесі билікті азаматтық басшылыққа 2012 жылдың 30 маусымына дейін өткізетіндіктері туралы 22 қарашада елдің жетекші саяси күштерімен өткізілген келіссөзде уәде береді [4]. әрине, бұл уәделер ел ішіндегі саяси қақтығыстарды толығымен тоқтата алмады. Алайда батыстың қыспағымен елде демократиялық іс-шаралардың алғашқы қадамдары жүзеге аса бастайды. 2011 жылдың қарашасынан 2012 жылдың қаңтары аралығында парламенттік сайлаулар (төменгі палатаға) өткізіліп, Еркіндік және әділдік партиясы жеңіске жетеді. Мысыр парламентінің жоғарғы палатасы – Шура кеңесіне екі сатыдан өткен сайлау барысында мысырлық исламистер басым орынды иеленді. Соның негізінде «Мұсылман бауырлар» исламдық қозғалысы 2012 жылдың 3 наурызында Мысырдың негізгі заңын әзірлейтін Конституциялық комиссиясы туралы заң жобасын жариялайды. Ал Ұлттық жиналыс (парламенттің төменгі палатасы) 29 сәуірде исламистердің басымдылығымен Камаль әл-Ганзури үкіметінің таратылуын талап етті. Тек үкіметті тарату құқы Мысыр Қарулы күштерінің Жоғарғы кеңесінің құзыретінде еді. Сол ретте биліктің әскерилерден азаматтық үкіметке өту талаптары 2012 жылдың 4 мамырында тағы да жалғасты. Мамырдың аяғында өткен президенттік сайлаудың бірінші сатысында оннан астам үміткердің ішінен «Мұсылман бауырлар» исламдық қозғалысының үміткері Мұхаммед Мүрси алға шығады. Елдің конституциялық соты 2012 жылдың 14 маусымында бұған дейін өткізілген парламенттік сайлауды заңсыз деп таниды. өйткені сайлау кезіндегі заң бұзушылыққа байланысты парламенттің үштен бір бөлігі заңсыз депутат атанған болып шықты. Осыған орай, Мысырда парламенттің төменгі палатасы қызметін тоқтатуға тиіс болды. әрине, бұл да елдегі билікке деген талас-тартыстың көрінісі. әрбір саяси сәтті кімнің шамасы жетеді, сол өзіне ыңғайлауға тырысты. Осы жолы да Мысыр Қарулы күштерінің Жоғарғы кеңесі 17 маусымда елде жаңа парламент сайланғанға дейін заң шығарушылық құзыреттілігіне ие болатындығын жариялайды. Сонымен бірге конституциялық комиссияның құрамын да өздері айқындайтын болды. Тіпті президентті бас қолбасшылық құзыретінен де айырды [5]. Ал 2012 жылғы 24 маусымда өткен президенттік сайлаудың екінші сатысында «Мұсылман бауырлар» исламдық қозғалысының үміткері Мұхаммед Мүрси жеңіске жеткен бойда, бүкіл халық атынан президент болатындығын мәлімдей келе, ешқандай партияда болмайтындығын жариялайды. 30 маусымда президенттік қызметіне кіріскен Мұхаммед Мүрси 8 шілдеде өз жарлығымен Ұлттық жиналысты қайта қалпына келтіреді [6]. Жоғарғы конституциялық сот бұл әрекеттің заңсыздығын ескертеді. Қарулы күштердің Жоғарғы кеңесі де қарсы болады. Осындай қысымның нәтижесінде Мұхаммед Мүрси Жоғарғы конституциялық сот шешімімен келіседі. Президент су ресурстары министрі Хишама Кандиланы жаңа премьер-министр ретінде тағайындайды. Биліктегі ықпалды өз жағына тарту мақсатында 2012 жылдың 12 тамызында президент М. Мүрси Қарулы күштердің Жоғарғы кеңесінің басшысы, қорғаныс және әскери өнеркәсіп министрі, фельдмаршал М.Х. Тантавиді, Мысыр әскерінің бас штабының басшысы Сами Аннанды қызметінен босатады. Бұған тамыздың басында Синай жарты аралындағы қақтығыстардың нәтижесінде бірнеше шекарашының қаза болуы да өзіндік қолайлы сәт туғызғандай. Қарулы күштердің Жоғарғы кеңесінің жаңа басшысы, Қорғаныс және әскери өнеркәсіп министрі, Мысырдың Бас қолбасшысы қызметіне өзін қолдайды-ау деген үмітпен генерал-полковник Абдул Фатах Халил ас-Сиси тағайындалады. Сондай-ақ президент жарлығымен 17 маусымдағы Конституциялық декларацияның күші де жойылады. Президент М. Мүрси өз билігін нығайту мақсатында 2012 жылдың 22 қарашасында соттардың жоғарғы палата мен конституциялық ассамблеяны тарату құқын жоятын Конституциялық декларацияға қол қояды. Сонымен бірге президент «революцияны қорғау мақсатында кез келген декрет» шығару құқын иеленеді. Ол «декреттер» сотта қаралуға жатпайды [7]. әрине, Мүрсидің мұндай іс-әрекетіне оппозиция өкілдері қарсы шығып, бұл шексіз билікті орнату деп айыптады. Бұл шындық еді. «Мұсылман бауырлар» исламдық қозғалысының мүдделеріне негізделген жаңа Конституция референдум арқылы 2012 жылдың желтоқсанында қабылданады. Осыған орай, Мысырда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа «исламдық» Конституция күшіне енді. Бұл Конституция әлдеқайда демократиялық сипатта болғанымен, тек онда Мысырдағы азшылықтың ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. №4 (68). 2014 54 Мысырдағы саяси дағдарыстың салдары мен негізгі мәселелері – либералды секуляристерден бастап копттық христиандарға дейінгілердің мүдделері ескерілмеген [8]. Билікке жеткен «Мұсылман бауырлардың» азшылық көпшілікке бағынуға тиіс деген қағиданы негізге алғандығы үлкен қателіктің бастамасы еді. Онда шариғат – Конституцияның негізгі өзегі деп белгіленген, олай болса әртүрлі конфессия арасында, ерлер мен әйелдер арасында тепе-теңдіктің болуы күмән туғызды. Жаңа саяси жағдайға либералды жастардың да көңілі толмады, ең соңында халық бір-бірімен қырқысты. Олар да жеңісті «Мұсылман бауырлар» өз пайдасына пайдаланып кеткендігімен келісе алмады. Билікке келген исламистерге қарсы оппозициялық топты МАГАТЭ төрағасы болған Мұхаммед әл-Барадей, Араб мемлекеттері Лигасының басшысы болған әмре Мұса сияқты көрнекті саяси қайраткерлер қолдады. Олар жаңа билік демократиялық ұрандарды желеу етіп, бір адам мен бір партияның шексіз билігіне ұмтылғандығынан қауіптенді. Осындай саяси әрекеттердің салдарынан 2013 жыл Мысыр елі үшін жаңа қақтығыстардың орын алуымен белгілі. Қаңтардың аяғындағы қақтығыстардың барысында 22 адам қаза болды. Ал 26 маусымда Каирдің солтүстігіндегі әл-Мансұр қаласында билік пен оппозиция жақтастарының арасында болған қақтығыс салдарынан 1 адам қаза тау- ып, 237 азамат жарақаттанған еді [9]. Қақтығыс болған күннің ертеңінде Мұхаммед Мүрси Мысыр халқына арнап үндеу жариялады. Аталған құжатта ол президенттік мерзімде атқарылған іс-шараларды атай келіп, ел Конституциясына енгізілуі тиіс өзгерістер мен толықтыруларды бекітетін Ұлттық келісімнің жоғары комиссиясын қалыптастыруға шешім қабылдағанын айтты. Енді Мысырдағы барлық саяси күштердің бірлесіп жұмыс істеуі қажет екендігін түсінді. Дегенмен Мүрсидің жақтастары мен қарсыластарының шерулері толастамады. Елдегі саяси қауіпті жағдайды түсінген бірнеше министрлер мен генералдар қызметтен кетті. Мұхаммед Мүрси Қарулы күштерден 48 сағаттық талаптың күшін жоюға шақырып: «Президенттік міндетімді Конституцияға сәйкес атқара беремін. Елдегі тұрақсыздық пен берекесіздікке экс-президент Хосни Мүбарактың билігін жақтайтындар кінәлі. Билік басына заң бойынша келгендерді арандатуға тырысуда», – деп мәлімдейді. Ол са- яси дағдарыстың алдын алу мақсатында елдегі барлық саяси күшке алдағы парламенттік сайлауға дайындық жүргізетін коалициялық үкімет құруды және Конституцияға енгізілетін өзгерістерді бекітуге, сондай-ақ парламент мүшелерін анықтауға тәуелсіз комиссия құруды ұсынды. 3 шілдеде оппозиция мүшелері мысырлық билікті президенттен бастап түгел тұтқынға алды. Мысырдың қорғаныс министрі әбдел Фаттах ас-Сиси: Мысыр әскері Мұхаммед Мүрсиді қызметінен босатқанын мәлімдеді. Конституциядағы заңдар уақытша тоқтатылады. Оған халықтың талап-тілегіне сәйкес өзгерістер енгізіліп, елде жаңа үкімет құрылады деді. әскери басшылық президенттің міндетін уақытша атқаруды Конституциялық соттың төрағасы Адли Мансұрға тапсырды. Ия, бұл саяси төңкеріс, оны «контреволюция» деп атауы да өзіне лайық десек болады. өйткені билікке сол 2011 жылғы революцияға дейінгі билік еткен әскери топпен бірге экономикалық және бюрократиялық элита қайта келді. Тіпті олардың билігі кезінде мысырлық әлеуметтік-экономикалық даму әлдеқайда ілгері болғандығын алдыңғы мақалада жан-жақты дәйектеген болатынбыз. Дегенмен де Мысырдағы жаңа саяси төңкеріс те қантөгіссіз болмады. Елдегі саяси дүрбелең кезінде 14 адам қаза тауып, 350 адам түрлі деңгейде жарақат алды [10]. Бұл саяси дағдарыс та 2011 жылғы саяси дағдарысқа өте ұқсас, тек керісінше жағымен. Біріншіден, Мысыр революциясы елдің экономикалық элитасын әскерилермен ымыраласуға мәжбүр етіп, Мүрсиді тез арада қызметтен кетіруге біріктірді; әзірше бұл екі топтың бөліну белгісі байқалмайды. Екіншіден, 2011 жылғы қаңтарда «біртұтас» болған исламдық топ екіге жарылды: «Мұсылман бауырлар» билігінен сескеніп қалған исламдық Хизб ан-Нұр сияқты партиялар мен секуляристік солшыл-либерал топтың көпшілігі бүгінгі билікті қолдауда. Шілдедегі саяси тұрақсыздыққа байланысты Мысырдың Африкалық Одақ құрамындағы мүшелігі уақытша тоқтатылды. Оның басты себебі демократиялық жолмен сайланған президентті тақтан тайдыру мысырлық Конституцияға қайшы келеді. Яғни, билік заңсыз жолмен ауысты. Африкалық Одақ кеңесі Мысырды Одақ құрамында әрекет ету құқығынан уақытша айыруға шешім қабылдайды. Мұхаммед Мүрси биліктен кеткеннен кейін 2013 жылдың 3 шілде күні Мысырда Конституцияның заңдық күшінің жойылғандығы жарияланды [11]. Сонымен бірге мысырлық қарулы күштер «Мұсылман бауырлар» қозғалысының белсенділерін біртіндеп тұтқындауға кірісті. ISSN 1563-0285 kaznu Bulletin. international relations and international law series. №4 (68). 2014 Б.З. Бюжеева, А.Р. Әліпбаев 55 Елді дағдарыстан алып шығу үшін «Жол картасы» шеңберінде құрылған арнайы комиссия жаңа Конституцияның мәтінін әзірлеуді бастайды. Комиссияны әмір Мұса басқарады. әмір Мұса – Мысырдың бұрынғы сыртқы істер министрі (1991-2001), Араб мемлекеттері Лигасының Бас хатшысы (2001-2011) болған тұлға, 2012 жылғы президенттік сайлауының үміткері. Комиссия құрамына 50 адам мүше болып, олардың арасында саясаткерлер, әскерилер, христиан дінінің өкілдері мен «Мұсылман бауырлар» қозғалысынан екі мұсылман өкілі кіреді [12]. Жаңа Конституцияның мәтінін 2013 жылдың 3 желтоқсан күні Мысырдың уақытша президенті Адли Мансұр бекітеді. Жаңа негізгі заңда ел өміріне исламның ықпалы шектеледі де, әскерилер мен бір палаталы парламенттің өкілеттілігінің күшейгендігі белгіленген. Яғни, жобада Мысырда «азаматтық үкімет» орнатылып, шариғат өлшемдерін қолдану шектелгені айтылған. Араб тілінде «азаматтық» деген сөз діни емес дегенді, сонымен бірге әскери де емес дегенді білдіреді. Демек, мемлекетті діни қайраткер де және әскери құрылымнан шыққан тұлға да басқаруға тиіс емес. Ал президенттікке ұсынылған генерал Абдул-Фаттах Халил Ас-Сиси болса әскер қатарынан кетіп, азаматтық президент болуға уәде береді. Жаңа Конституция бойынша әскерилерге келесі екі президенттің мерзімдері кезінде қорғаныс министріне үміткерді ұсыну құқы берілген. Ал парламент президентті ығыстыру және айыптау құқына ие болады. Бұл үшін депутаттардың үштен екі дауысы жеткілікті [13]. әрине, жаңа Конституцияның мәтініне көңілі толмағандар референдум өткізуге қарсылықтарын білдіріп жатты. Референдумның бірінші күні өткен қақтығыс барысында он адам қаза болды. «Мұсылман бауырлар» ұйымының жақтаушыларының Каир маңындағы қалашықта дауыс беру шараларын өткіздірмеу әрекеттері әскерилер мен полицияның қарсылығына тап болып, бес адам мерт болса, Бени-Суэйфедегі осындай қақтығыста бір адам, Сохаг қаласындағы қақтығыста төрт адам қаза болған еді [14]. 2012 жылғы Конституцияны өзгерту туралы референдум Мысырда мысырлықтар үшін 2014 жылдың 14-15 қаңтарында өткен болатын. Ал шетелде тұратын мысырлықтар 8 қаңтардан бастап 12 қаңтарға дейін дауыс берген еді. Жалпы тұрғындардың 39 пайызы қатысып, елдің жаңа Конституциясын 98,1% басым дауыспен қолдады [15]. Мысырдың жаңа Конституциясы осындай қантөгісті жағдайда қабылданды. Жаңа Конституцияға деген қарсылықтардың болуының басты себептерінің бірі – уақытша үкіметтің «Мұсылман бауырлар» қозғалысын лаңкестік ұйымы деп жариялауы. Қозғалыс бұл кезеңге дейін өте көп жақтаушыларға ие болып келді. 2013 жылы азайғаны болмаса, 2012 жылғы маусым айындағы президенттік сайлауда М. Мүрсиді жақтап 50 %-дан астам дауыс жинаған болатын. Сол себепті «Мұсылман бауырлар» қозғалысын саяси алаңнан толығымен аластату елдегі әлеуметтік-саяси жағдайды ушықтыра түсері анық. Дегенмен жаңа келген биліктің «Мұсылман бауырлар» қозғалысын шеттетуі үлкен мәнге ие. өйткені ол Мысырдағы ең ықпалды күштердің бірі екендігі белгілі. Мысыр елінің президенті болуға бірнеше үміткер тіркелген болатын. Олар: Абдул-Фаттах ас-Сиси – Мысырдың қорғаныс министрі; Хамден Сабахи – 2012 жылғы президенттік сайлауға үміткер, Намыс партиясының мүшесі, 2013 жылы М. Мүрсиді биліктен кетіруді қолдаған; Мортада Мансұр – копттік христиан, 2012 жылдан Мысырдағы Либералды конституциялық партияның төрағасы; Халед әли – заңгер; Мұхаммед әл-Барадей – соңғы он екі жыл көлемінде МАГАТЭ басшысы; Ахмед Шафик – генерал-лейтенант, 2011 жылдың басында үш ай көлемінде Мысырдың премьер-министрі. Тек үміткерлердің кейбіреуі сайлауға қатысудан өздері бас тартты. Ең соңында Мысырдың сайлау комиссиясы белгіленген мерзімде толық құжаттарын өткізгендер деп екі үміткерді мәлімдеді [16]. Олар: Абдул-Фаттах ас-Сиси және Хамден Сабахи. Уақытша үкімет Абдул-Фаттах ас-Сисидің сайлауда жеңіске жетуіне барлық жағдай жасағандай. Конституциялық өзгертулердің өзі толыққанды билікке ие болуға бағытталған. Мысырдың жаңа президенті ретінде 26 мамырдағы президенттік сайлауда 97% дауыспен жеңіске жеткен Абдул-Фаттах Халил ас-Сиси 2014 жылдың 8 маусымында өз қызметіне кірісті. Мысырдың жаңа Конституциясы бойынша Президент төте сайлау барысында сайланады және төрт жыл мерзімге, сонымен бірге екі мәрте ғана сайлану құқы белгіленген [17]. Жаңа Конституция ескі тәртіптің саяси қайраткерлерінің қайта саяси өмірге келуіне жол ашты. Бір палаталы парламентке президенттің ықпалын күшейту де өте оңтайлы. Бұл Мысыр елінің кейінге қайта оралуы емес пе деген де күдік туғызады. «Мұсылман бауырлар» сияқты өте ықпалды саяси қозғалысты биліктен шеттету олардың қарсылығын күшейте түсетіндігі әбден ықтимал. Бола­ ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. №4 (68). 2014 56 Мысырдағы саяси дағдарыстың салдары мен негізгі мәселелері шақта оларды сыртқы күштердің пайдаланбасына кім кепіл? Олай болса, елдегі саяси жағдайдың тез арада тұрақтануы негізгі мәселе болып қала бермек. 2014 жылдың 5 желтоқсан күніне белгіленген парламенттік сайлаудың нәтижесінде құрылатын Мысырдың бірпалаталы жаңа заңдық билігі елдегі саяси жағдайдың бірқалыпқа түсуіне өзіндік үлесін қосады деп сенеміз.

Оставить комментарий