Ғұн дәуірі (б.з.д. III ғ. б.з. V ғ.)

Бұл – түркі тілдері дамуының Алтай дәуірінен кейінгі екінші кезеңі. Ғұн дәуірі жыл санауымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап, біздің заманның V ғасыры арасын қамтиды. Бұл дәуірде түркілер мен монғолдар, тұңғыстар мен манчжұрлар ғұн деп аталатын ұлы да күшті империя қалыптастырған. Осы империяның өмір сүрген дәуірі ғұн дәуірі деп аталады. Ғундарды еуропалық тілдерде гун, көне грек тілінде скиф, парсылар тілінде сақ деп түрліше аталатын бұл империяны ғалымдар Қазақстанмен Орта Азияда пайда болған алғашқы тапты қоғам деп есептейді. Қазіргі түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да, түпкі төркіні осы ғұндар. Ғұн империясына ұйтқы болған қандай тайпа, олар қандай тілде сөйлеген деген сұрауларға да бірізді жауап жоқ: кейбір зерттеушілер ғұндар моңғол тілдес болған десе, белгілі археолог А.П. Окладников ғұндардың тілі түркілерге де, моңғолдарға да ортақ болған дейді, Академик В.В. Бартольд батыс ғұн тілі генеалогиялық жағынан чуваш тілімен туыстас десе, Н.А. Баскаков ғұн дәуіріндегі түркі тілі жеке­жеке тайпалық тілдер түрінде болған дейді. Батыс Еуропа түркологтары 1951 жылы жариялаған Түркі филологиясының негіздері атты еңбекте ғұн тілін көне бұлғар, хазар, чуваш тілдерімен бір топқа жатқызылған. Бұлардың бәрі де ғылыми топшылаулар. Қалай болған күнде де ғұн бірлестігі болсын, одан бөлініп шыққан түркілер болсын, олардың тілдері біртұтас тайпалар екендігі ақиқат. Тарихи деректерге қарағанда ғұн империясы Орта Азиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі кең алқапты жайлайды. Л.Н. Гумилев ғұндар бітімі жағынан бір типтес емес, моңғолдық және еуропалық типтердің араларынан пайда болған дейді. Ғұн бірлестігі – жалпы адамзат өркениетіне қосылған зор үлес, жалпы қоғам тарихының дамуына белсенді әсер еткен империя. Ғұн мемлекеті тарихын зерттеуші Л.Н. Гумилев ғұндарда жазу болған, Орхон­Енесей ескерткіштері сол жазудың жалғасы дегенді айтада. Бұл болжамның ақиқат болуы да ықтимал. Кейбір ғалымдар қытай жазбалаларында ғұндардың сөздері кездеседі дегенді айтады. Бірақ ондай бірді­екілі сөздерге қарап ғұндардың тілі мынадай болған деу қиын. Нақтылы және жеткілікті тілдік фактілер болмағандықтан ғұндардың тілін ғалымдар тек жорамалға негіздеп қана сөз етіп жүр. Жыл санауымыздың бірінші ғасырының орта кезінде (581 ж.) хандыққа, билікке таласып, өзара жауласудың және сыртқы дұшпандардың, әсіресе қытайлардың тынымсыз шабуылдары нәтижесінде ғұн империясы Батыс ғұн, Шығыс ғұн болып екі мемлекетке бөлінеді. Кейбір түрік қағандығы (Шығыс түрік қағандығы, Батыс түрік қағандығы) Жетісу, Шығыс Түркістан, Тянь­Шань, Орта Азия аймақтарын жайлаған. Ғалымдар оны біздің заманымыздың 603 жылынан бастап өмір сүрген ерте феодалдық мемлекет деп есептейді. Батыс ғұн құрамына бұлғар, оғыз, қыпшақ, қарлуқ деп аталатын тайпалар және осы тайпалардың атымен аталатын бұлғар тілі, оғыз тілі, қыпшақ тілі, қарлуқ тілдері енген. Бұған қарағанда қазірде белгілі түркі тілдерінің басым көпшілігі Батыс ғұн құрамында болғаны байқалады. Батыс түрік қағандығының орталығы Шу өзені бойында, Суяб деп аталатын қалада болған. Ертедегі үйсін, қаңлы тайпалары да бірлестік құрамына енген. Үш ғасырда Батыс түрік қағандығы құлап, Жетісуда бұрын оның құрамында болған Түркеш тайпасы үстемдік етеді. Бірақ бұл да ұзақ өмір сүрмейді. Бір жағынан арабтардың, екінші жағынан қытайлардың қысымы, өз ішінен билікке таласушылықтардың нәтижесінде Түркеш мемлекеті құлап, билік Қарлұқ тайпасына көшеді. Қарлұқтар Жетісуды 940 жылға дейін билейді. 940 жылы Қарлұқтар жайлаған аймақтарға Яғма деп аталатын тайпа үстемдік етеді де, Қараханидтер мемлекетін қалыптасады. Басында бұлар Шығыс Түркістанды ғана билесе, X ғасырдың ІІ жартысынан бастап, өз биліктерін Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта Азияға дейін таратады. Орталығын Шу өзені бойындағы Баласағұн одан кейін Таразға (Жамбыл) ауыстырылады. XI ғасырдың орта тұсында Қараған мемлекеті үстемдіктен айырылады. Шығыс ғұн бірлестігі құрамына ұйғыр­оғыз, қырғыз­қьшшақ деп аталатын екі тайпа одақтары және олардың тілдері енген. Н.А. Баскаков Тюркские языки дейтін еңбегінде жоғарыда аталған тайпалар тілдерінің бір­бірінен фонетикалық және грамматикалық біраз өзгешеліктерін көрсетеді. Бірақ ол өзгешеліктер қазіргі тілдер материалдары негізінде берілген. Сондықтан оларды аталған тайпа тілдерінің көне замандағы сипаттарын, ерекшеліктерін дәл береді деп айту қиын. Тарихшылар ғұн дәуірінде бұрын бірлестікте болған түркілер мен монғолдар бір­бірінен бөлініп, жеке­жеке халықтар болып қалыптасқан, соның негізінде олардың тілдері де жекеленген деген пікірді айтады: көне түркі дәуірінде түркілер және олардың тілдері бұрын өздерімен бірлікте болған моңғолдардан және олардың тілінен жекеленеді; бұл дәуірде түркі бірлестігі құрамындағы тайпалар айқындалып, олардың әрқайсысы ерекше аталады; түркі тайпаларының бастары бірігіп, «Түркі қағанаты» атты қуатты алғашқы мемлекет қалыптасады; Түркі қағанатын басқарған хандардың, қол басшыларының ата тегі белгілі болады; жоғарыда аталған ерекшеліктерден тарихи мәлімет беретін өзіндік жазбалары болады (ғылыми болжам). Аталған себептерден болар, тарихшы түркологтар VІ ғасырдан басталатын көне түркі дәуірін түркі халықтары мен олардың тілдерінің анағұрлым сенімді, ғылыми тарихының басталған дәуірі дегенді айтады. Түркі хандығын ұйымдастырған, оны басқарған адамдар – Бұмын қаған мен оның інісі Естеміс қаған. Қағандық алғашқыда Моңғолия жерінде пайда болады да, өркендей келе қанатын кең жайып, Солтүстікте славяндар, батысында Византия, шығысында Үндістанға дейінгі аймақтарға тарайды. Ғұндар (грек. hиппоі, лат. cһunnі, hunnі) – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Б.з.б. 1­мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы шекарасы ­ солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байқал өңірі. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұн «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» атауларымен берілген. Б.з.б. ІІІ ғасырдың соңына қарай ғұн тайпалары бірігіп, әскер түзеп, мемлекет құрды. Ғұндар 24 руға бөлінген, билеушілерін бектер деп атаған. Әрбір рудың көшіп­қонатын тұрақты жерлері болған. Жоғары билеушісіне «тәңірқұт» лауазымын берген. Қытай деректерінде ғұндардың жоғары билеушісі «шаньюй» делінген. Ғұндар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дәнді­дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде дамыған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат сайыс ойындарының негізін салған. Көк тәңіріне табынып, ата­баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Олар: ұрлық жасап, кінәлі болғанның жері алынады, шайқаста жаудың басын шауып алған немесе оны тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар соның құлдары мен күңдері етіледі; ұрыс алаңында қаза тапқан адамның сүйегін кім әкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады. Ғұндар өз арасында қылмыс жасап, айыпты болғандардың бетін тілген. Тілінген беттің тыртығы бұрынғы қылмысын білдіріп тұратындықтан, ондай адамдардың қайта қылмыс жасауға батылы бара бермеген. Себебі, келесі жазаланғанда өлім жазасына кесілетін. Ғұндар соғыс тұтқындарын құл қылып, оларды үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланған. Ер азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұн әскерінің негізі – атты әскер. Салт атты жауынгерінің қару­жарағы – садақ, семсер, қанжар, найза, бұғалық (ұры құрық). Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырған. Ғұндардың күшті мемлекет болыл отыруы қытайлықтарға ұнамады. Олар Ғұндарды әлсіретудің жолын іздестіре түсті. Б.з.б. 209 жылдан ғұндарды Модэ (Мөде) басқарды. Модэ билік еткен алғашқы жылдардың өзінде­ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы берді. Кескілескен күресте әскери­саяси қуаты басым Хань әулетін ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәмеленбеуге мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Модэнің алдында бас иіп, онымен «Тыныштық және туыстық туралы шартқа» қол қойды. Бұл шарт бойынша, ол Модэге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сыйлық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды. Шығыста Модэ шығыс ху тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань тайпалары кіретін еді. Батыста юечжи тайпаларына жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұндардың қол астына көшті. Б.з.б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды. Б.з.б. 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Осылайша ғұн мемлекеті құрамына дун­ху, юэчжей, гянгунь (қырғыз), үйсін, қаңлы, т.б. тайпалар кірді. Б.з.б. І ғасырдың орта шеніне қарай империяға айналған ғұн мемлекеті толассыз қанды соғыстан, ушыға түскен тақ таласынан, бір орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей түсті. Нәтижесінде, б.з.б. 56 ж. ғұндар Хуханье бастаған оңтүстік және Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік ғұндар Ордос өңірінде қоныстанып қалды да, солтүстік ғұндар өз тайпаластарының қысымымен Саян және Байкал өңіріне ығысты. Б.з.б. 49 ж. Чжичжи Хань империясына бодандыққа түскен оңтүстік ғұндардың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға әрекет жасады. Бірақ оның бұл ниетінен нәтиже шықпады. Солтүстік ғұндарды 87–93 ж. қытайлардың сяньби және динлин тайпаларының бірлескен одағы талқандады. Жеңіліске ұшыраған солтүстік ғұндардың бір бөлігі V ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды (қара. Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан Ақ, ғұндар). Хань империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 жылғы көтеріліс нәтижесінде, Лю­хан атты өз мемлекетін құрды. 318 жылы Лю­хан мемлекеті Үлкен Чжао және Кіші Чжао болып екіге бөлінді. 329 жылы Кіші Чжао Үлкен Чжаоны және Солтүстік Қытайды бағындырды. 350 жылы шыққан тегі қытай болып келетін Кіші Чжаоның қолбасшысы Жан Мин мемлекет билігін тартып алып, Кіші Чжаодағы ғұндардың көп бөлігін қырып тастады. Бұл көп ұзамай Кіші Чжаоның құлауына алып келді. Оңтүстік ғұндар ІV ғасырдың соңына қарай қайта күшейе түсті. V ғасырдың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. Ордос пен Наньшан (қазіргі ҚХР­дің Ганьсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі мемлекет 439 жылы табғаштардың шабуылы нәтижесінде қирады. Солтүстік ғұндардың Еділ – Жайықтағы үлкен бөлігі ІV ғасырдың 2­жартысында Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе бүктірген соң, аландармен күрес жүргізді (қара. Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан Ғұндардың аландарды талқандауы). 375 жылы остгот, герул, генид тайпаларын бағындырып, Қап тауына жорық жасады (қара. Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан Ғұндардың Қап тауына жорығы). Ғұндардың Батысқа жорығы халықтардың ұлы қоныс аударуына түрткі болды. Ғұндар Еуропада өз империясын құрды (қара. Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан Батыс Ғұн империясы). ІV ғасырдың 2­жартысында Еділ – Жайык өңіріндегі ғұндар Қара теңіздің солтүстік жағалауын жаулап алып, сарматтарды бағындырған кезде аландар ғана табан тіресе қарсылық көрсетті. Бірақ ғұндар 370– 372 жылдары аландарға ойсырата соққы беріп, жеңіске жетті. Аландардың бір бөлігі ғұндарға бағынғанымен, бір бөлігі Рим империясының жеріне өтіп кетті. Сондықтан олар кейіннен Батыс Рим империясы құрамына кіруіне мәжбүр болды. Батыс Рим императоры Грациан өзінің әскери жасақтарын осы аландардан құраған. Батыс Римге қызмет еткен аландардың басшысы Сангибан 451 жылы Аттилаға қарсы соғысудан сескеніп, оған өз еркімен берілмекші болды. Дегенмен, Сангибан Рим императорының ықпалынан шыға алмай, өз әскерімен Каталаун шайқасына қатысты. Каталаун қырғыны атанған осы шайқаста аландардың әскери күші толығымен талқандалды. Ғұндар Қара теңіздің солтүстік жағалауын жаулап алғаннан кейін Кіші Азияға бет бұрды. 395 жылы ғұндар Қап (Кавказ) тауынан өтіп, Кіші Азияға басып кірді. 397 жылға дейін Сирияны, Каппадокияны, Месопатамияны бағындырды. Ол өңірдегі халықтардың ішінде Шығыс Рим империясының қол астына қараған парттар ғана ғұндарға бағынбай қалды. Осылайша Кіші Азияға түркі тілдес халықтардың енуі ғұндардан бастау алады. Ғұн дәуірінің ескерткіштері – Солтүстік Қытай мен Қиыр Шығыстан бастап Дунай, Карпат өлкелеріне дейінгі аралықта ғұндар дәуірінен (б.з.б. 2 ғ. – б.з. V ғ.) сақталған қоныстар, обалар, ғұрыптық құрылыстар, металл өндіру орындары және кездейсоқ табылған көмбелер мен жекелеген заттардың ғылымдағы жиынтық атауы. Оларды зерттеу жұмыстарына бір ғасыр бойы Азия мен Еуропаның ондаған ғалымдары қатысты. Алғаш 100­ден астам обаны қазу үшін Байкал сыртында (Бурятия) XIX ғасырдың соңында Ю. Талько­ Грынцевич археологиялық экспедиция ұйымдастырды. 1924­1925 жылы П. Козлов экспедициясы Солтүстік Моңғолиядағы Ноян­Ола үлкен обаларын зерттегеннен кейін ғұн мәдениеті айқындала түсті. Шығыс ғұндардың негізгі ескерткіштері Ордос, Моңғолия, Бурятияда, ішін­ара Саян­Алтай, Енисей, Қиыр Шығыс өлкелеріне тараған. Оларды С.И. Руденко, И.Л. Кызласов, С.В. Киселев, П.Б. Коновалов, С.И. Вайнштейн, А. Мандельштам, Г.А. Давыдова, И.П. Минаев), Х. Пэрлээ, Ц. Доржсурен (Моңғолия) және кытай, жапон, Еуропа ғалымдары зерттеді. Мұндағы ғұн ескерткіштері б.з.б. ІІ – б.з. І ғ. аралығын қамтиды және суджа, дерестуй деп екі мерзімдік топқа бөлінеді. 20­ға жуық қоныс, мыңдаған оба тіркелген. Бірнеше қоныс пен 900­ге жуық оба қазылды. Бурятиядағы Селенга өзені бойынан қазылған Иволга қалашығының маңызы зор. Мұнда орташа аумағы 5×4 м, балшық қабырғалы, төбесі екі қанатты ағаш шатырмен жабьшған 54 үйдің орны анықталды. Қабірлер ұзынша пішінде қазылған, мүрделер ағаш табытқа салынып, басы солтүстікке қаратыла 1­2 м тереңдікте жерленген. Ал үлкен обаларда ағаш табыт бөренеден жасалған қима ішіне салынған. Қабірдегі заттар арасында Қытай бұйымдарынан айна мен теңгелер жиі кездессді және олардың ескерткіштердің уақытын анықтауда үлкен мәні бар. Ноян­Оланың үлкен обалары тас пен топырақтан үйілген. Бұл жерде жерленген ғұн көсемдерінің мүрделері өте терең шұңқыр ішіне орнатылған қос қабатты бөрене қималарға қойылған. Тақтай табыт пен бөрене қималар, қабірдің бас жағына мал бастарының салынуы ғұндар мәдениетінің тұрақты белгілеріне жатады. Темір ұшты жебелерге сүйек ысқырғыштар қондырылған, белдік қапсырмаларына аңшылық сюжеттері мен зооморфты бейнелер тән. Қыш ыдыста толқынды сызықтар түріндегі оюлар жиі кездеседі. Сондай­ак, ағаш, металл ыдыстар да көптеп қолданылған. Ағаш ерлердің ежелгі түрлері пайдаланылған. Ғұн садағының ұзындығы 1,5 м. Сүйек пластиналармен мейлінше күшейтілген, күрделі әрі ауыр садақтың осы түрі жебені сақ садағына қарағанда әлдеқайда алысқа атқан. Ғұн мәдениетіне тән айрықша үлгілер, негізінен, үлкен обалардан алынды. Ғұн дәуірінің ескерткіштерінің келесі топтарына Қазақстан, Орталық Азия, Батыс Сібір, Орал мен Еділдің оңтүстік өлкелеріндегі түрлі жәдігерлер және IV–V ғасырларда Еуропаға барған ғұндардан қалған қабірлер мен көмбелер жатады. Шығыстағы тарихи ғұн мәдениетінің таза сипаттағы ескерткіштері бұл өлкелерге тән емес. Жергілікті қаңлы, үйсін, сармат, т.б. мәдениеттердің ескерткіштері тараған. Бұларға шығыстық ғұн элементтері қосылып, кей өлкелерде кеңқол тәрізді аралас сипаттағы ескерткіштер тобы пайда болған. Жалпы, шығыстық элементтерден, әсіресе, қару­жарақтағы, қыш ыдыстағы, жекелеген бұйым түрлеріндегі ықпалдарды айтуға болады. Жерлеу ғұрпында да өзгерістер байқалады. Оларды А.Н. Бернштам, Ю.А. Заднепровский, С. Сорокин, К.Ақышев, И. Қожамбердиев, А. Максимова, М. Қадырбаев, Б. Нұрмұханбетов, Л. Левина, В. Могильников, И.П. Засецкая, М. Мошкова, О.В. Обельченко, т.б. зерттеді. Кеңқол ескерткіштері Шу мен Таластың жоғарғы алқаптарында ашылды, олардың кейбір ықпалдары Онтүстік Қазакстандағы Жамантоғай, Шәушіқұм, Бөріжар зираттарынан байқалалы. Сонымен қатар ғұн әсері бар Жетіасар мәдениетінің (Арал маңы), құлажорға (Шығыс Қазақстан), қорғантас (Орталық Қазақстан) кезеңдерінің ескерткіштері табылды. Жетісудағы Қарғалы, Теңдік зираттарынан көптеген сәнді алтын бұйымдар, Ақтастағы қоныс пен зираттан құнды деректер алынған. Батыс өлкелердегі сармат тайпаларының соңғы кезеңдеріндегі ескерткіштерінде шығыс ғұндар ықпалы байқалады. Қазақстаннан бастап Қара теңізден Дунай, Қарпатқа дейін тараған IV–V ғасырларға жататын ескерткіштер ерекше топты құрайды. Бұлардың негізгі қару­жарағы мен бағалы бұйымдары көп бекзадалардың, атақты жауынгерлердің қабірлері, жиі кездесетін көмбелері болып табылады. Айрықша белгілері – полихромды стильмен жасалған бағалы бұйымдар. Олар шығыс ғұндарының мәдениетінде жоқ, кейін қалыптасқан дәстүрге жатады. Асыл тастар, түсті шынылар орнату, сіркелеу (зернь), сымкәптеу (скань), бөгетті эмаль және алтын­күмістеу тәсілдерін қолданып жасаған сәнді бұйымдар Қазақстанда (Бурабай, Қарағаш, Қанаттас, Батыр), одан әрі батысқа қарай Еуропа жерлерінен көптеп табылды. Шығыс ғұн ескерткіштері мен Еуропаға барған ғұндарға қатысты ескерткіштердің арасындағы тікелей генетикалық сабақтастық ғылымда дәлелденбеген. Кейбір байланыстар тек жекелеген бұйымдардан ғана байқалады. Солтүстік Кавказға, Еуропаға барған тайпалардың мәдени бейнесінде Қазақстан, Еділ бойының жергілікті мәдениеттерінің салмағы басым.

Читайте также:  Ашық қоғам және оның жаулары

Оставить комментарий