Нұрбет би

Кешегі дүние жүзін сілкіндірген Әмір Темірдің кеңесшісі бола білген Асан ата /Ұзын ата/ мен Мелде би бабасының тәлім­ тәрбиесінен үлгі етіп, пайдалана білген Нұрбет бабамыз уақытысында Оңтүстік асып, Ташкент — Самарканд, Мырзашөл аумағына өзінің әділдігімен, сөз тапқыштығымен, парасаттылығымен, батылдығымен, өзіне өтініш айтып келген кісілерді таңғалдырған. Ол бабамыз ұзын бойлы, денелі, реңді өте сұлу кісі екен. Жастайынан ағайын арасындағы дау­жанжалды шешуге көп араласып, би­болыстардың шешіміне өзінше талдау жасап, мағынасына өте терең мән берген. Жерлестері бұл кісінің талантын бағалап, Көксарай, Аққұм, Жосалы аумағына би етіп сайлайды. Көксарай ауылындағы Сапарбай болыс салдырған мешіттен діни сауатын ашып, өздігінен кітаптарды көп оқып, білімін көтерген қазақ шежіресін көп оқып, тайпа­ру және ондағы беделді билер мен болыс, батырларының еңбектерін жатқа айтып, оны өзі билік жасағанда мақалдап, жұмысына жарата білген. Сондықтан бұл кісінің беделі өсіп, аумақтағы шешілмеген көп мәселені ақылдаса шешуге жұрт ағылып келіп, қуанып қайтатын болған. Өз қаражатымен Шәуілдірдегі «Сарыкөл» маңында мешіт салдырған, ұстаздарын /молдасын/ Бұхарадан алдырып, оларға жағдай жасап, мұсылман дінін насихаттауға жол ашқан.

Жаугершілік заман ғой, Ресей мен Қоқан хандығының қыспағына түскен халқымыз көп азап шеккен. Сонда да болса елдің болыстары / зиялы кісілері/— Сапарбай, Арқабай, Аужан, Керімбек, билер — Тұрлыбек, Төкен, Сапақ батырлар — Қайып, Өстемір, Мұсабек және Жаманқара мен Парпенқұлмен ақылдасып, жұмыстарына бағыт сілтеп, қыт тауып керекті жеріне пайдаланып, ынтымақтаса отырып, талай қиын жағдайлар болса да бейбіт жолмен шешкен. Нұрбет бабаның іскерлік қабілетінің жоғары екенін байқаған елдің зиялы кісілері тек қана құрметтейтін би емес, бүкіл Қоңырат тайпасының «Төбе биі» деп атап, құрмет көрсеткен. «Сарыкөлдегі» әкім кішкене кезінен көз жанары ете нашар болғандықтан құранды тағы басқа діни кітаптарды өздігінен оқи алмаған. Оған туысы Зауырбек Мамытов 1 —2 парақтағы аяттарды дауыстап оқып береді. Оны әкім әр күні жаттап отырады. Сонымен керім құран мен пайғамбардың хадистері мен шариғаттың бәрін — 6666 аятын жатқа айтып және сол аяттың қай бетте екенін тағы айтып, өз замандастарын таңғалдырған.

Читайте также:  Ұлттық мемлекет үшін күрес

Бұхарадағы діни басқармасына барып білімін тексертіп, мұсылман дініне еңбегі сіңген, яғни «қары» деген діни атақ береді. Ол кісі Арыс, Отырар және Ордабасы аудандарын аралап, Ислам дінінің қасиеттерін насихаттаған. Кейінгі кезде «Дермене» кеңшарында жүріп, жергілікті тұрғындар бұл кісінің бiлiмiмeн, өте кішіпейіл мінезімен санасып еткен. Қайтыс болған соң орталық мешітті «әкім қара мешіті» деп атап, облыстық әділет басқармасынан өткізіп, заңдастырған. Heмepeci Зәуірбек туысын оқытумен қабат діни кітаптарды көп оқып, Бұхарадағы жоғары мектепті бітіріп, Оңтүстікке Самарканд, Ташкент, Мырзашөл, Жетісай аумағына белгілі үлкен ғұлама молда және үлкен емші болып, діннің сүйіспеншілігіне бөленді. Жергілікті жұртшылық ол тұрған ауылды «Зәуірбек молда ауылы» деп атайды. Нұрбет бабаның өзінің әділдігі мен құдай берген талантының арқасында өмір сүрген уақытында да, дүниеден өткен соң да адамгершілік қасиеті мен ілтипатты істерін осы уақытқа шейін аңыз етіп әңгімелейді. Би бабаның немере інісі Ақдала —кеңшарының тебе биі атанып, бұл күнде 90­ды алқымдаған Досхан Қоншынбеков қарт. Сап атамыздың — Асан, Ақан, Дәуім, Жаман бабадан, Жаман бабаның екі баласы болған. Олар —Жарылқап және Қажыгүл. Жарылқап бабамыздың 4 әйелінен 12 перзенті болған. 12 ұлдың біреуі Ораз деген атаның 6 ұлы болған. Ол Телқозы, Сақынбай, Жұманбай, Ақай, Айдақара, Есенқара. Нұрбет ата сол Ақай бабаның 4­ші баласы болып есептелінеді. Перзенттері— Мамыт, Атанбек, Қаншынбек, Әкім, Зауырбек, Паржан, Асқар, Тұрсынбек.

Кешегі дүние жүзін сілкіндірген Әмір Темірдің кеңесшісі бола білген Асан ата /Ұзын ата/ мен Мелде би бабасының тәлім­ тәрбиесінен үлгі етіп, пайдалана білген Нұрбет бабамыз уақытысында Оңтүстік асып, Ташкент — Самарканд, Мырзашөл аумағына өзінің әділдігімен, сөз тапқыштығымен, парасаттылығымен, батылдығымен, өзіне өтініш айтып келген кісілерді таңғалдырған. Ол бабамыз ұзын бойлы, денелі, реңді өте сұлу кісі екен. Жастайынан ағайын арасындағы дау­жанжалды шешуге көп араласып, би­болыстардың шешіміне өзінше талдау жасап, мағынасына өте терең мән берген. Жерлестері бұл кісінің талантын бағалап, Көксарай, Аққұм, Жосалы аумағына би етіп сайлайды. Көксарай ауылындағы Сапарбай болыс салдырған мешіттен діни сауатын ашып, өздігінен кітаптарды көп оқып, білімін көтерген қазақ шежіресін көп оқып, тайпа­ру және ондағы беделді билер мен болыс, батырларының еңбектерін жатқа айтып, оны өзі билік жасағанда мақалдап, жұмысына жарата білген. Сондықтан бұл кісінің беделі өсіп, аумақтағы шешілмеген көп мәселені ақылдаса шешуге жұрт ағылып келіп, қуанып қайтатын болған. Өз қаражатымен Шәуілдірдегі «Сарыкөл» маңында мешіт салдырған, ұстаздарын /молдасын/ Бұхарадан алдырып, оларға жағдай жасап, мұсылман дінін насихаттауға жол ашқан.

Читайте также:  Рукиннің Маңғыстауға келуі

Оставить комментарий