Нәсілдердің психологиялық белгілері

Халық тарихы қашанда оның жан дүниесінен шығады. ­ Әрқилы мысалдар. ­ Францияның саяси мекемелері нәсіл жанынан қалай өрбиді. ­ Сырттай қарағандағы өзгермелілік тасасында олардың шын мәнінде өзгермейтіндігі. — Біздің ең әрқилы саяси партияларымыз, әрқилы аттармен, бірдей саяси мақсаттарды көздейді. ­ Мемлекет пайдасына орталықтандыру және жеке бастамашылықты жою. ­ Француз революциясы ежелгі монархия бағдарламасын қалай орындады. ­ Ағылшын­сакс нәсілінің Мұраты мен латын мұратының арасындағы қарама­ қайшылық. ­ Азаматтар бастамашылығының мемлекет бастамашылығымен ауыстырылуы. — Осы еңбекте баяндалған принциптерді Солтүстік Америка Құрама Штаттары мен испан­ американ республикаларының дамуын салыстыра зерттеуге қолдану. ­ Саяси мекемелерінің бірдейлігіне қарамастан, біреулердің гүлденіп, екіншілерінің құлдырау себептері. ­ Басқарудың және мекемелердің пошымдары халықтардың тағдырына болар­болмас қана ықпал етеді. ­ Бұл тағдыр негізінен солардың мінезінен. (1841­1931), француз психологы. «Халықтар эволюциясының психологиялық заңдары» («Lex Іоі.ч psycliologiiues lie 1 ‘evolution lies peuplcs, 1894) атты еңбегінде ол адамзат тағдыры адам ырқымен жасалған институттардың комегімеп емес, халықтың ортақ санасы арқылы шешіледі деген қорытындыға келді. Бұл тақырып оның «Революция психологиясы » (La revolution Jrancaise ct la psychologic lies revolutions, 1912) атты еңбегінде жалғасын тауып, «Тобыр психологиясы » (La psychologic iles Joules, 1895) деп аталатын еңбегіндегі теориялармен негізделді. Ле Бонның пікірі бойынша, идеяларға бой алдырған шобырды тоқтату мүмкін емес. Ле Бон діндерге де үлкен моп беріп. оларды кез­келген мәдениетінің аса маңызды элементі деп санады. Тарих өзінің басты белгілерінде нәсілдердің психологиялық болмысы туындататын нәтижелерді қарапайым баяндау ретінде қарастырыла алады. Ол балықтың тыныс мүшелерінің оның суда тіршілік етуінің салдары екендігі секілді сол болмыстан өрбиді. Халықтың жан дүниесінің болмысын алдын ала біліп алмасаң, оның тарихы жалғыз ғана кездейсоқтық басқаратын оқиғалар былығы секілді көрінеді. Керісінше халықтың жан­ дүниесі бізге белгілі болса, онда оның өмірі дұрыс та оның психологиялық белгілерінің жазмыштық салдары өзгермейтін жан дүниесі оның өз тағдырын өзі өріп шығаратынын байқаймыз. Әсіресе саяси мекемелерінде нәсіл жанының жоғары билігі барынша айқын аңғарылады.

Бізге мұны бірнеше мысалдармен дәлелдеу оңай. Әуелі Францияны, яғни барынша терең төңкерістерді бастан өткерген, небәрі бірнеше жылдың ішінде мекемелері сырт қарағанда түбірінен өзгеріске ұшыраған, партиялары әрқилы ғана емес, тіпті басы піспейтін секілді көрінетін әлемдік елдердің бірін алайық. Бірақ егер біз осынау сырт қарағанда соншалық ұқсамайтын, осынау ұдайы күресіп келе жатқан партияларға психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың нақты болмыста оз нәсілінің мұратын дәл білдіретін мүлдем бірдей ортақ қорға ие екендігін атап өтуге тура келеді. Ымырасыздар, радикалдар, монархистер, социалистер, қысқасы, барынша әрқилы доктриналардың барлық қорғаушылары әртүрлі жалаулар астында мүлдем бірдей мақсатты: кісіні мемлекеттің сіңіріп жіберуін көздейді. Олардың бәрі бірдей барынша көксейтін нәрсе ­ бұл ескі орталықтандырылған және цезаристік режим, бәрін басқаратын, бәрін реттеп отыратын, бәрін уысында ұстайтын, азаматтардың өміріндегі барлық ұсақ­түйекті шектеп отыратын және осылайша оларды ойланып­толғану мен бастама жасаудың титімдей де сәулесін көрсету қажетінен босататын мемлекет. Мемлекеттің басына қойылған билік мейлі король, император, президент, коммуна, жұмысшылар синдикаты және т.б. деп аталсын, бәрібір ол өкімет, ол қандай болса да, міндетті түрде бір ғана мұратты көздейді, және бұл мұрат ­ нәсіл жанының сезімдерін білдіру. Ол басқа ештеңеге жол бермейді. «Францияның ерекше кемеңгерлігі сол, ­ деп жазады өте байыпты бақылаушы Дюпон Уайт: ­ егер өзінің үкіметі қолдап, ынталандырып отырмаса, ол әсемдеуге және тіпті өркеният мәнісіне қатысты кейбір өзекті де қажетті нәрселерде үлгеріп отыруға дәрменсіз». Сонымен, егер біздің адуын қызбалығымыз, біздің бар нәрсеге наразы болуға тым бейімділігіміз, жана үкімет біздің тағдырымызды бақыттырақ етеді деген идея бізді өз мекемелерімізді ұдайы өзгерте беруге апарып тірейтін болса, онда бізді билеп­төстейтін ата­ бабалар аруағының ғаламат үні бізді тек сөздеріміз бен сыртқы пошымымызды өзгертуге бұйырған. Біздің нәсіліміздің жанынын санасыз билігі сондай, біз тіпті өзіміз құрбандығы болып табылатын иллюзияларды байқамаймыз. Егер тек сыртқы порымға ғана назар аударатын болсақ, онда, әрине, біздің ұлы революция жасаған режимнен өзге, ескі режимнен күштірек өзгешеленетін режимді елестету қиын. Ал пакты болмыста, алайда бұған күмандануға болмайды, ол монархия содан бірнеше ғасыр бұрын бастаған орталықтандыру ісін аяғына дейін жеткізіп, тек корольдік дәстүрді жалғастырды.

Читайте также:  Мағжан Жұмабаев "ҚОЙЛЫБАЙДЫҢ ҚОБЫЗЫ" поэмасы

Егер Людовик XIII мен Людовик XIV революция ісіне баға беру үшін өздерінің табыттарынан тұрып келсе, онда олар, соз жоқ оны жүзеге асыруда орын алған кейбір зорлық­зомбылықты айыптар еді, бірақ олар мұны өздерінің дәстүрлері мен өздерінің бағдарламаларына қатаң сәйкес нәрсе ретінде қарастырып, егер өздері осы істі қандай да бір министріне тапсырған болса, ол мұны жақсырақ орындап шыға алмасын мойындар еді. Олар Франция бұрын­соңды білген үкіметтердің ішіндегі ең төмен революцияшыл нақ революция үкіметі дер еді. Мұның үстіне олар Францияда соңғы жүз жыл ішінде бірінен соң бірі ауысып келіп отырған әрқилы режимдердің бірде­бірі бұл істі қозғауға тырыспағанын: соншалық дәрежеге дейін ол дұрыс дамудың жемісі, монархиялық мұраттың жалғасы және нәсіл кемеңгерлігінің көрінісі екенін атап көрсетер еді. Соз жоқ, о дүниеден оралған сол даңқты әруақтар өздерінің орасан бай тәжірибесіне сүйене отырып, кейбір сын ескертпелерін айтар еді, және, бәлкім, «жаңа құрылыс» мемлекетте үкіметтік аристократиялық кастаны бюрократиялық кастамен алмастырып, ескі аристократияның билігінен неғұрлым елеулі, жеке кісіге тәуелсіз билік құрғанына назар аударар еді, өйткені тек жалғыз бюрократия ғана саяси өзгерістердің ықпалынан жалтарып кете отырып, дәстүрлерге, корпоративтік рухқа, жауапсыздыққа, тұрақтылыққа, яғни өзін мемлекеттегі бірден­бір билік иесі болуға міндетті түрде жетелейтін толып жатқан шарттарға адал болады. Айтпақшы, латын халықтары, бостандықтан гөрі теңдікке әлдеқайда көбірек мән беретінін, деспотизм атаулыға, тек ол деспотизм жеке кісі болмаса болғаны, оп­оңай көне кететінін ескерсек, менің ойымша олар осы сын ескертпелерін тықпалай бермес те еді. Білкім, олар қазір өмірдің титтей актысын қоршап тұратын қисапсыз қаулыларды, мыңдаған бұғауларды мүлдем қажеті жоқ тым тирандық нәрселер деп тауып, егер мемлекет бәрін оз уысында ұстап, бәріне шек қойып, азаматтарды бастама атаулыдан айырса, онда біз өз еркімізбен, ешқандай жаңа революциясыз­ақ, толық социализмнен бірақ шығатынымызға назар аударар. Бірақ ондай жоғары «өріс» қабаттарына шапақ шашатын жаратқан нұры, немесе, ол жеткіліксіз болса, бізді белгілі бір себептер күшінде тұрғанда салдарлар геометриялық прогрессияда өсе береді деп үйрететін математикалық таным, оларға социализм дегеніміз монархиялық идеяның ең шетін көрінісі екенін, ол үшін революция жеделдеткіш фаза екендігін түсіну мүмкіндігін берер еді. Сонымен, қай халықтың да мекемелерінен біз бір мезгілде осы еңбегіміздің басында келтірілген кездейсоқ жағдайларды да, біз анықтауға тырысқан тұрақты заңдарды да кездестіреміз. Кездейсоқ жағдайлар тек атауларды, сыртқы пошымды жасайды.

Ал негізгі заңдар халық мінезінен туындап, ұлт тағдырын жасайды. Жоғарыда баяндалған мысалға біз басқа нәсілдің ­ психологиялық болмысы француздардан мүлдем өзгеше ағылшын нәсілінің үлгісін қарсы қоя аламыз. Тек бір ғана осынау фактының салдарынан оның мекемелері француз мекемелерінен түбегейлі өзгешеленеді. Ағылшындарда билік басында, Англиядағыдай монарх отырса да, немесе, Құрама Штаттардағыдай президент отырса да, олардың басқару салты әрқашан бәз баяғы негізгі белгілерді сақтайды: мемлекет қызметі минимумға, жеке адамдар қызметі максимумға жеткізілетін болады, мұның өзі латын мұратына түбірінен кереғар. Порттар, каналдар, темір 494 жолдар, оқу орындары ешқашан мемлекеттің бастамасымен емес, жеке адамдардың бастамасымен жасалып, қолдау тауып отырады. Революциялар да, конституциялар да, деспоттар да қандай да бір халықтың бойында жоқ қасиеттерді оған бере, немесе онда бар, оның мекемелері туындайтын қасиеттерді жоя алмайды. Әрбір халық өзі лайық басқару пошымына ие болады деген ой талай рет қайталанды. Ол басқаша пошымға ие бола алады дегенге жол беру қиын. Жоғарыдағы қысқаша толғамдар мынаны көрсетеді: халықтың мекемелері оның жан дүниесінің көрінісін құрайды, және олардың сыртқы пошымын өзгерту оған оңай болғанымен, олардың негізін өзгерте алмайды. Енді біз бұлардан да анық қандай да бір халықтың жан дүниесі қай дәрежеге дейін оның тағдырын билеп­төстейтінін және мекемелердің сол тағдырда қандай мардымсыз рол атқаратынын көрсетеміз. Бұл мысалдарды мен бірдей дерлік табиғи ортада қатар өмір сүрігі жатқан, өркенияты да, дамуы да бірдей, бір­бірінен тек мінездері жағынан ғана өзгешеленетін еуропалық екі нәсіл тұратын өңірден аламын: әңгіме Америка туралы. Ол мойнақпен жалғасып жатқан жеке­жеке екі материктен тұрады. Осынау материктердің көлемі бірдей дерлік, топырағы да өзара өте ұқсас. Олардың бірін ағылшын нәсілі, екіншісін испан нәсілі жаулап алып, мекендеген. Осынау екі нәсіл бірдей республикалық конституциялармен өмір сүреді, өйткені Оңтүстік Америка республикаларының бәрі оз конституцияларын Құрама Штаттар конституциясынан көшіріп алған. Сонымен, бізде осынау халықтардың әрқилы тағдырын өзімізге түсіндіре алатын олардың нәсілдік өзгешеліктерінен басқа ештеңе жоқ. Енді осы өзгешеліктердің не бергенін көрейік. Әуелі бірнеше созбен Қурама Штаттарды мекендеген ағылшын­саксон нәсілінің белгілерін қорыта айталық. Бәлкім, бұл дүниеде осы нәсілдің өкілдеріндей бір текті және неғұрлым анық жан дүниесі бар ешкім жоқ шығар. Мінез тұрғысынан алып қарағанда, бұл жан дүниесінің басым белгілері, некен­саяқ халықтарда ғана кездесетін (бәлкім, римдіктерді қоспай) ырық қоры, мұқалмас күш­жігер, орасан зор бастамашылық, асқан сабырлылық, шегіне жеткізілген тұйықтыққа дейінгі тәуелсіздік сезімі, ғаламат белсенділік, бойға берік сіңген діни сезім, өте табанды инсаният және парыз жөніндегі өте анық түсінік. Интеллектулдық көзқарас тұрғысынан арнайы сипаттама беру, яғни басқа өркениятты ұлттардан табыла қоймайтын айрықша қасиеттерді көрсету қиын.

Читайте также:  РАЙЫМЖАН МАРСЕКОВТЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Тек әр нәрсенің практикалық әрі тиімді жағын қағып алып, химералық ізденістермен сарсылмауға мүмкіндік беретін естілікті, фактыларға өте ықпалдастықты, ал ортақ идеялар мен діни дәстүрлерге ұстамды­сабырлы қатынасты атап өтуге болады. Осынау жалпы сипаттамаға өмір жолы мүлдем айқын және одан да жақсы өмірді таңдап алуға болар еді­ау тіпті топшыламайтын адамның алғаусыз оптимизмін қосу керек. Өз отанының, өз отбасының, өз дінінің өзінен не талап ететінін әрқашанда жақсы біледі. Бұл оптимизм оны шетелдік атаулының бәріне менсінбей қарауға дейін жеткізілген. Шетелдіктер мен олардың салттарына осынау менсінбеушілік Англияда кезінде өзінің дәуірлеп тұрған шағындағы римдіктердің варварлар жөніндегі менсінбеуінен асып түседі. Бұл менсінбеу сондай, шетелдіктер жөнінде инсанияттық ереже атаулы жайына қалады. Егер отандастары жөнінде қолданылса, барынша терең де бірауызды ашу­ыза туғызатын қылықтарды басқа халықтар жөнінде заңды деп есептемейтін бірде­бір ағылшын саяси қайраткері жоқ. Шетелдіктер жөніндегі осынау менсінбеу философиялық көзқарас тұрғысынан өте пасық сезім екені күмәнсіз, бірақ халықтың әл­ауқаты көзқарасы тұрғысынан аса пайдалы. Мұны ағылшын генералы Уолслей дұрыс байқағанындай, бұл Англияның күш­қуатын жасайтын қасиеттердің бірі. Англияның материкпен қатынасын жеңілдететін Ламанш астынан туннель қазуға рұқсат беруден олардың бас тартуын (айтпақшы, әбден негізді) біреу ағылшындар жат жұрттық ықпал атаулының өз ішіне өтуіне қытайлардан бір кем емес күш­жігер жұмсайды деп өте орынды айтты. Біз жаңа ғана тізіп шыққан барлық белгілерді әрқилы қоғамдық қатпарлардан табуға болады; ағылшын өркениетінің олар өзінің терең ізін қалдырмаған бірде­бір элементін атай алмайсыз. Бұл Англияға тұңғыш рет келген әрбір шетелдікті бірден қайран қалдырмай ма? Ол тәуелсіз өмір сүруге қажеттілікті ең елеусіз жұмыскердің лашығынан ­рас, тар, бірақ мәжбүрлеу атаулыдан қорғалған және көршілік атаулыдан оңаша бөлмеден; бірін­бірі басып кетпеу үшін өзі бойынан қажетті ыждағаттың бір бөлшегін табуға қабілетсіз адамдардың қауіпсіздігін тек күшпен қамтамасыз етуге болатындай, тілсіз қой секілді жандарм күзететін шарбақ сыртына қуып тығылмай, жұрт ерсілі­қарсылы сапырылысып, біреу кіріп, біреу шығып жататын вокзалдардан байқайды. Ол нәсілдің күш­қуатын жұмыскердің қауырт еңбегінен де, каршадайынан өзін өзі билеп, өмірде өзінен басқа ешкім оның тағдырымен айналыспайтынын білетін оқушының еңбегінен де; оқытуды байқап қана жүргізіп, есесіне өздері дүниедегі ең ұлы қозғаушы күштердің бірі деп санайтын мінезді қалыптастыруға айрықша мән беретін профессорлардан табады.

Читайте также:  Ұлттық мемлекет үшін күрес

Веллингтон Колледжі үшін тағайындалған жыл сайынғы сыйлықты алу шартын белгілеуге ағылшын королевасы өкілеттік берген принц Альберт ғылымдарды үйренуде ең жоғары табысқа жеткен тәрбиеленушіге емес, ең асқаралы мінезді деп мойындалған шәкіртке беріледі деп ұйғарды. Біздің бүкіл білім беруіміз (мұнымен біз жоғары білім деп санайтынды түсініп) жастарды лекцияларды қайталап айтып беруге мәжбүрлеуге саяды. Жастардың кейін де осы дағдысын сақтап қалатыны соншалық, баяғыда жаттап алғанын өмір бойы қайталаумен болады. Азаматтың қоғамдық өміріне тереңдеп бойлап, ол егер ауылдағы бұлақ көзін жөндегісі келсе, теңіз портын салғысы немесе темір жол төсегісі келсе, әрқашан мемлекетке емес, жеке инициативаға жүгінетіндігін көреді. Өз зерттеуін жалғастыра отырып, ол коп ұзамай, бұл халықты шетелдік үшін ең төзгісіз ұлт ететін кемшіліктеріне қарамастан, тек сол ғана нағыз бостан екендігін біледі, өйткені тек жалғыз сол ғана өзін­өзі басқару өнеріне үйреніп, үкіметке жігерлі биліктің минимумын ғана қалдыра алды. Егер оның тарихына көз жүгіртіп қана өтсең, оның үстемдік атаулыдан ­ діннің үстемдігінен де, автократтардың үстемдігінен де бірінші болып арыла алғанын көресің. Сонау XV ғасырдан Фортескью латын халықтарының мұрасы Рим заңын ағылшын заңына қарсы қойды: мұның біріншісі автократизмнің шаруасы және тұла бойына адамды құрбандыққа шалу тән, екіншісі ­ ортақ ырық шаруасы және кісіні қорғауға әрқашан әзір. Мұндай халық жер шарының қай нүктесіне барып орналасса да, ол іле­шала үстем халыққа айналып, құдіретті империялардың негізін қалайды. Егер олар езгіге ұшыратқан нәсіл, мысалы, Америкадағы қызыл түстілер, жеткілікті әлсіз болып, бірақ жеткіліксіз пайдалы болмаса, ол жүйелі түрде құртыла береді. Бірақ езгіге ұшыраған нәсіл, мысалы, Үндістан ұлттары, жойып жіберуге тым коп болып шықса, және ара­арасында өнімді еңбек ете алатын болса, онда ол жай ғана өте қатал вассалдық тәуелділік ахуалына түсіріледі де, тек қана өздерінің қожайындарына еңбек етуге мәжбүр болады. Бірақ әсіресе Америка сияқты жаңа елде өзінің орын алғаны үшін тек ағылшын нәсілінің жан дүниесіне қарыздар, қайран қалдыратын табыстарды ізерлеуге болады. Мәдениеті жоқ, азын­аулақ тағылар ғана мекендеген, өзінен басқа арқа сүйері де, сенері де жоқ елдерге көшіп қонып, оның қандай болып шыққаны баршаға белгілі. Әлемдік ұлы державалардың бірінші қатарына тұру үшін оған жүз жылға да жетпейтін уақыт жеткілікті болды, және қазір онымен бәсекеге түсе алатын ешкім жоқ. Ұлы республика азаматтарының жұмсайтын инициативасы мен жеке жігердің орасан зор ауқымы туралы білгісі келетін адамдарға мен М. Рузьенің Құрама Штаттар туралы кітабын оқып шығуды ұсынамын. Адамдардың өзін­өзі басқару, ірі кәсіпорындар ашу, қалалар, мектептер, гаваньдар, темір жолдар және т.б. салу үшін біріге білу қабілеті барынша жоғары деңгейге жетіп, мемлекет қызметінің аясы ең төменгі деңгейге түскеніне қарап, онда мемлекеттік өкімет жоқ дерлік деуге болады.

Полиция мен дипломатиялық өкілдіктен басқа, оның неге қызмет ете алатынын тіпті ойлап табу мүмкін емес. Айтпақшы, Құрама Штаттарда мамыражай тірлік кешу тек жоғарыда мен баяндаған қасиеттерге ие болу шартымен ғана мүмкін, және шетелдіктердің оған қоныс аударуы нәсілдің негізгі рухын өзгерте алмайтыны нақ сондықтан. Онда тіршілік ету шарты сондай, ондай қасиеттері жоқ адам тез арада баз кешуге бұйырылған. Тәуелсіздік пен қажымас күш­ жігерге толы бұл атмосферада тек ағылшын­сакс қана өмір сүре алады. Итальян онда аштан өледі, ирландық ең төмен жұмыстарда өлмешінің күнін көреді. Ұлы республика, әрине, бостандық мекені, бірақ ол теңдіктің де, бауырластықтың да мекені емес. Жер шарының бірде­бір елінде табиғи іріктеу өзінің темір құрсауын дәл осындағыдай күшті сездірген емес. Мұнда ол аяу дегенді білмейді; бірақ нақ сол аяусыздықтың салдарынан қалыптасуына сол жәрдемдескен нәсіл өзінің күш­қуаты мен қайрат­жігерін сақтап қалып отыр.

Оставить комментарий