НАГИБ МАХФУЗ ЖӘНЕ АРАБ РОМАНЫ

Табиғат берген үздік талантының арқасында үнемі заман құбылыстарымен, ондағы өзгеріс- пен байланысты толысып, өзеннен мұхитқа, жас шыбықтан еменге айналып, араб романының әміршісі атанған Нагиб Махфуз – күллі араб елдерінің қай түкпірінде болмасын, есімі құр- метпен аталып, өзі ғұмыр кешкен уақыттың ірі қаламгері, сыншысы, оқырманның емшісі ре- тінде танылған ұлы талант. Қай зерттеушінің еңбегін ақтарып, жазушымын дегеннің ісініп тұрған тамырын бассаңыз да Нагиб Махфуздың жәбәл Мұса тауының тасты айдап ақтарылған асау тасқынындай дарын қуаты мысын басып, мойындамайтыны жоқ. Нагиб Махфуз әде- биетте жарты ғасырдан артық еңбек етіп, тер төкті. Кемеңгер жазушының шығармаларын аудару үрдісі өткен ғасырдың 60-жылдарының басынан қолға алына бастады. Содан бастап араб әлеміне еретерек танымал, қазіргі араб романын тудырушы ұлы тұлғаның есімі алыс- жақын шет елдерге де танылып үлгерді. 1974 ж. өзінде-ақ көрнекті испан арабтанушысы П. Мар- тинес Монтавес «Сөз жоқ, Махфуз — әлемдік деңгейдегі бүкіл қазіргі араб прозасының, ең алдымен, араб романының басты тұлғасы» деп айтқан еді. Нагиб шығармашылығына қанық Таха Хусейн өз уақытында оның Нобель сыйлы- ғына лайықты бірден-бір кандидат деген. Араб тілінің қиын әрі «сирек» тіл деп есептелуі Нобель сыйлығын тағайындаушылардың әр- дайым оған кандидатты тек еуропа тілдерінде жазатын көркем сөз иелерінің арасынан іздеу- лерінде, ал «экзотикалық» тілдерде жазатын авторлар олар еленбейтінде деген өкпесі болған /1, 6-7/. Дегенмен көп ұзамай Стокгольмнен Мысыр еліне келіп жеткен хат араб әлемін дүр сілкін- дірді. Ұлы талант иесі Махфуз ғана емес, қазіргі араб әдебиеті де әлемдік деңгейдегі мәдениеттің көрінісі ретінде сөзсіз ұлт мақтанышына ие болды /1, 7/. Махфуздың шығармашығы жайлы әдебиет шексіз көп. Мысырда ол туралы жазбаған, ол туралы айтпаған әдебиетші де, сыншы да жоқ. Сондай-ақ араб романының әміршісі жайында өзге де араб елдерінде, Еуропада, Америкада да жазатындар өте көп. Махфуздың замандас досы әрі әріптесі Тауфиқ әл-Хаким ол туралы: «Нагиб Махфуз романмен ажырамас «католиктік» неке- ге тұрды». Ол араб романының алып ғимаратын тұрғызып, оны көптеген адам образдарымен толтырды. Бүкіл араб романистикасы Махфуз салған жолмен жүреді» деп оң бағасын бере, Нагиб Махфуздың туылған күнін «араб романы- ның мейрамы» деп атап өтуді ұсынған еді. Мах- фуз жайлы жазылған әдеби зерттеу жұмыстары, сыни мақалалар, пікірлер, сондай-ақ ол берген сұхбаттарды жинастырса, бүтін бір кітапхана құралатынына қарамастан, оның не өмірбаяны, не шығармашылығы жайлы әлі де толық кітап жазылмаған. Сонымен қатар, оның соңғы жа- зылған романдарына арналған көптеген пікірлер авторларының айтуынша, шығармаларының образдылығы мен жөн-жапсарын түсініп, дұрыс талқылау үшін, ең алдымен, оның өткен тари- хын, оның ішінде, жазушының ой-өрнегінен өт- кен, алғаш жазылған еңбектерін жақсылап зерт- теп, білу керек. Махфуздың өзі талай рет өмірбаянын жазуға ниеттенгенмен, жүзеге асыра алмады. Оның айтуынша, «өмірбаянын жазып шығу туралы ой әрдайым келеді. Бірақ ақиқат – қауіпті, әрі дерлік орындалмайтын талап. Себебі мен — ұзақ өтпелі кезеңнің замандасымын. Бұл кезеңде құндылықтар жойылып, жасампаздық етек алып, адамзат атаулы екіге бөліне бастады» деп есіне алады жазушы. Махфуздың өмірбаянын жазу қиынға со- ғады. Себебі онда айтарлықтай оқиға жоқ. Ол Каирде туып, екі қысқа мерзімді сапарын – Мысыр мәдени ағартушылары делегациясының құрамында Югославияға және Йеменге соғыс жүріп жатқанда, мысырлық әскери күштермен сапарын қоспағанда, шет елге аяқ баспаған. 40 жылға жуық мемлекеттік қызметте, бастапқыда уақфтар министрлігінде шенеунік, кейін мәде- ниет министрлігінде әр түрлі қызметтерде істе- ді. 1972 жылы зейнеткерлікке шығып, «әл- Аһрам» газетінің әдеби кеңесшісі болады. Редакциядағы көрші кабинетте өмірінің соңына дейін Тауфиқ әл-Хаким қызмет еткен. Шұғыл жұмыстар, келушілер болмаған кездерде Мысыр әдебиетінің екі бірдей патриархы сүйікті тақы- рыптарында әңгіме шертетін /1, 8/. Жазушылықпен айналысуға бел буған Мах- фуз жүйелі түрде әлем әдебиетінің тарихын толықтай оқып, білуге кіріседі. Бірақ уақыттың тапшылығынан – ол кезде жасы 24-те еді – ол ежелгі Грекия әдебиетінен бастаудан бас тар- тады. Өйткені ол үшін жаңа заман маңыздырақ еді. Сөйтіп ол бірден жаңа заман әдебиетін оқу- ға кірісіп кетеді. Ал жол-жөнекей ежелгі және орта ғасырлардың озық үлгілерімен де таны- сады. Әдебиет тарихынан сілтеме ретінде Махфуз Д. Дринкуотераның 1930 жылға дейінгі батыс Еуропа әдебиетінің тарихын қамтитын кітабын таңдайды. Әрі соған сүйене отырып, түрлі ға- сырдағы, түрлі бағыттағы суретшілер қаламы- нан туындаған әдеби классиканы оқуды жөн көреді. Негізінен ағылшын тіліндегі шығармаларды оқиды, себебі ол кезде көптеген еңбек араб тіліне аударылмаған еді. Ағылшындық Шек- спир, француз Стендаль, неміс Э. Хемингуэй секілді ұлы жазушылардың туындыларын оқып, дүниетанымын кеңейтеді /1, 41/. Махфуз орыс әдебиетінен Достоевскийдің «Соғыс және бейбітшілік», «Қылмыс пен жаза», сондай-ақ Тургенев романдары мен А. Чехов әңгімелерімен сусындайды. Одан кейін ол Мак- сим Горькиймен танысады. Ол туралы Махфуз: «Горькийді одан бұрынғылармен салыстыруға болмайды. Оның шығармашылығында «мақсат- ты әдебиеттің» белгілері айқын байқалады. Автор пафосынан рахатқа бөленесің» — дейді. Махфуздың авторлар мен олардың шығар- маларына деген көзқарасы бірқалыпты емес, олармен жақынырақ танысқан сайын пікірі де өзгеріп отырады. Бірақ жазушының Горькийге деген көзқарасы ерекше. М. Горький шығарма- ларын сипаттай отырып, Махфуздың «мақсатты әдебиет» (әл-әдәб әл-хадиф) деп қолданған термині 50-жылдардағы мысыр сыни әдебие- тінің қалыпты сөзіне айналып кетті. Ол сана- сезімді оятуға және әлеуметтік белсенділікке шақыруға бағытталған нақты әлеуметтік бағыт- тағы әдебиетті көрсетті /1, 42/. 30-жылдардың ортасында әдеби туынды жазуға кіріскен Махфуз өзіне белгілі бір талап- тар қояды. Алдымен, ол Ежелгі Мысыр жайлы тарихи роман жазуға, екіншіден, сол романды жазу барысында Вальтер Скоттың еңбектеріне сүйенуге бел байлайды /1, 43/. Махфузға дейін тарихи романды ағылшын роман жазушыларына сүйене отырып, Жиржи Зейдан жазатын еді. Христиан дініндегі ағарту- шы Ж. Зейдан ислам тарихы жайлы 14 роман жазып үлгерген еді. Ал мұсылман Махфуз, керісінше, ежелгі Мысырдың тарихы, яғни перғауындар жайында жазуға көңіл бөледі. Екеуі де ұлттық өзіндік сана-сезімнің қалыптасуына айрықша маңызды орынды иеленеді. Бірақ Махфуз бен Зейданды бөлген отыз жыл – өте жылдам дамушы араб әдебиеті үшін үлкен мерзім. Зейдан танымал ағартушы ретінде ислам тарихын, араб тарихы ретінде қарастырып, оны оқырманға шынайы түрде жеткізуге тырысады. Ал идеалистік фило- софияның концепцияларын меңгерген, 1919 жылғы көтерілістен туған үміт пен үмітсіздік кезеңінде балалық шағын өткізген Махфуз халық бостандығын, туған елінің тәуелсіздігін, мысырлық көне дәуірдегі батырларды аңсайды. «Ескішілдікті», «дәстүрлілікті» айыптаудан Нагиб Махфуз бас тартпады. Дегенмен оның жазған әрбір жаңа кітабындағы сарын, әрбір ұшқыр ойлы сөз жаңашылдардың сол дәуірдегі күрделі мәселелермен байланысты рухани сезімтал тілшілеріне тиіп те үлгерді. Әдебиет дәстүршілдікке еліктеуден емес, оны біліп, онымен бәсекелесу арқылы дамиды. 60-жыл- дары Мысырда «жаңа роман» атты жанр пайда болғанда, әдеби сыншылар жас роман жазушы- лардың әлсіз қырларына сын айта келе, олардың туындыларында Махфузға еліктеу басым екен- дігін айтады. Және Махфузды толықтай зерттеп білмей, оның шығармаларын өне бойларынан өткізбей, оған еш қарсылық танытпастан жас роман жазушылардың нақты бір туынды жасап шығарулары ойға қонымсыз /1, 43-44/ деп сынаған. Махфуз романдарында оның өмірбаяны мүлдем айтылмады деу дұрыс емес. Әрине өзге прозашылар секілді айқара ашылмай, біраз ұста- нымды болғаны көрінеді. Өмірінің көптеген оқиғаларын, өмірбаяндық фактілерді, ішкі ойлары мен сезімдерін өз кейіпкерлеріне беріп, «табыстады» десек те болады. Бірақ ол өзінің жеке тұлғасын ешбір жерде ашып жазбайды, әрдайым астарлап баяндайды. Сұхбат кезінде Махфузға Поль Валеридің сөзін дәйектеп, ішкі дүниесінде өз әлемін алып жүретін әрбір көркем өнер иесі оны түсіндіре білу керек деп, «Бізге өз әлеміңізді түсінді- ріңізші», — дегенге Махфуз: «Менің ойымша, Поль Валери кітаптар жайында айтпақ болған. Өйткені суретші өз әлемін кітаптардан өзге еш нәрсемен түсіндіріп бере алмайды. Өнер үдерісі бір мезгілде дүниетаным мен жазушының өз- өзін танып білуі. Ал бұл үдеріс түпкілікті жал- ғасады. Нагиб Махфуз романының шексіз үлкен әлемін толықтай қамтамасыз етіп жазу үшін зор күш-жігер мен ізденіс қажет. 1952 жылы Махфуздың кейінде араб әдеби әлемінде әйгілі «Трилогиясы» жазылып бітеді. Трилогияға «Сарайлар арасында», «Қиялдағы сарай», «Шекер үй» [«Бейна әл-Қасрейн», «Қаср әш-Шәуқ», «әс-Суккария»] еңбектері енеді. Бұл 3 романның да атауы Каирдегі ескі квартал- дардың атымен аталған. Онда соғыс кезінде өмір сүрген каирлік отбасының өмірі сурет- теледі. Автордың және сыншылардың айтуын- ша, «Трилогия» «сыни реализм стилінде» жа- зылған. Көлемі жағынан үлкен бұл үш роман кейде «Каирлік үштік» деп те аталады. 1952 жылы жазылып біткенмен, тек 1956-1957 жж. ғана жарық көреді. Осыдан бастап, автор араб көркем әдебиетінің алғашқы жарық жұлдызына айналады. Бұл романдарда мысырлықтар алғаш рет әлеуметтік-саяси бағыттың, қақтығыс пен қарсылықтың айқын беллетристикалық көріні- сін иеленеді. Тель-Авив университетінің про- фессоры Сассон Самех аталған трилогияға «Мы сыр қоғамын, саясатын зерттеуші кез-келген саясаткер Махфуз трилогиясын оқымай өтуі мүмкін емес» — деп жоғары баға берген болатын. Сонымен көптеген жылдар бойы жас Мах- фуздың бойында әлемді танып-білуге қол ұшын беретін, әдебиетке деген махаббатын күшей- тетін және бұл әлемнің сырт-келбетін өз ойын- дағыдай етіп қалыптастыруға негіз болатын тылсым күшті ол философиядан іздеді. Ізденісі жеңіспен аяқталды. Соңғы шешім Махфуз әдебиетттің де дүниені танып білуде зор рөлі бар екеніне көз жеткізгенінде белгілі болды. Оған белгілі бір психологиялық кедергіні жеңіп шығу қажет еді. Философияны оқып, оны зерттеп білуге кет кен талай жылдар, әрине бостан-бос өткен жоқ. Философиялық дайындық Махфуздың белгілі бір заттарға деген көзқарасын өзгертті, өмірлік танымын кеңейтті, әрбір жеке құбылыстарға жалпы түсінік бергізіп, ойлаудың «романдық стилін» өмірге әкелуіне бірден-бір себеп болды. Суретші-Махфуздың ой өрбітуі — өте кең. Мұндай жағдайда новеллаға лайық қысқа әрі динамикалық фабулаларды құру да өте қиын. Тек уақыт өте келе ғана, өмірбаяндар (сира- лар) мен астарлы әңгімелер жазуда өзіне ыңғайлы формаларды ашады. Көлемінің азды- ғына қарамастан, ол барлығын қамтып, аяқтал- ған бір ойды бере алатынына көз жеткізеді /1, 40/. 1959 жылдың қыркүйек айында «әл-Аһрам» газеті Нагиб Махфуздың «Біздің көшенің бала- лары» [Аудад харатина] атты жаңа романын жариялай бастайды. Алайда Махфуз бұл роман- нан соң өзін не күтіп тұрғанын білген де жоқ еді. Аз ғана уақыт өтер-өтпестен жазушының атына көшелерде, жұма намаздарында лағынет- тер айтылды. Онымен қоса, әл-Азһар «әл-Аһрам» газе- тінің беттерінде мұндай «дінбұзарлық» кітап- тың шығуына наразылық білдірді. Сөйтіп, Мы- сырда оның кітап болып басылып шығуына тиым салынды. «Біздің көшенің балалары» романы алғаш рет 1967 жылы Бейрутта «Дар әл- Әдәб» баспасында жарық көрді. Ал Мысырда ол туралы айтуға да тиым салынып, тек Махфуз Нобель сыйлығына ие болғаннан кейін ғана шығармаларының тізіміне енгізіледі /1, 182/. Әл-Азһардың наразылық білдіру себебі неде? Роман неге мысырлықтардың көңілінен шықпады? Оның мән-жайына келер болсақ, романда құдай туралы «өзге тілмен» айтылады, дұры- сырақ айтсақ, әңгіме Алла тағала емес, мүлдем басқа құдай жайында. Роман халық аңыздарының негізінде жазыл- ған. Ұрпақтан ұрпаққа, ауыздан ауызға тарап келе жатқан аңыздарды автор «көше тұрғында- рының» аузына салады /1, 184/. Сондай-ақ ро мандағы барлық аллегориялар оңай көрінеді. Таяу Шығыстағы Адам мен Хауа жайындағы үш монотеистік діннің хикаялары, жәннаттан қуылу, Мұса пайғамбардың, Иса пайғамбардың, сондай-ақ пайғамбарымыз с.а.с. прототиптері беріліп, танымал батырлардың өмірбаянын жа- затын ортағасырдағы араб халықтық романда- рының үлгісіндегідей аңыз-әңгіме үлгісінде өзгертіліп жазылған. Осылай автор діндегі ақи- қатты халықтық аңыз ретінде ұсынады /1, 185/. Бірақ бұл оның шығармашылығына кері әсерін тигізген жоқ. Ол басқа да романдар жазу арқы- лы шығармашылығын әрі қарай асқақтатты. Махфуз араб жазушыларына араб ұлтының көне тарихын «таза қолмен» игерудің үлгісін жасап кетті. Тарихи шындық қандай формада, қандай мазмұн, қандай қуатымен жұртты бау- райды, ол жағы жазушының қабілеті, тәжіри- биесіне, білім деңгейі, саяси-әлеуметтік түсінігі, талғамы мен танымына қатысты. Әлбетте нақты деректердің ізінен айнымай, соның шығу себеп- терін, салдарын, нәтижесін қатаң жүйемен баян- дауға негізделген жалаң, жалаңаш тарихты, оның өнер қуатымен іші, сырты бірдей ажарла- нып, келісімін тапқан көркем панорамамен шатастыруға болмайды. Нагиб – не нәрсе жазса да түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазатын қаламгер. Ол – араб әдебиетінде әлі игерілмей жатқан тыңға түрен салған, жаңа сүбелі бағыт іздеп, жаңа сүлей суреткер атағын жалпақ жұрты мойындап, қаламынан шыққан дүниесін іздеп жүріп оқып, сағына қауышатын халық жазу- шысы ретінде шапшаң мойындалған, сан мил- лиондаған оқырманы бар бірден-бір қуатты қалам иесі, дейді зерттеушілер /9,162-166/. Нагиб Махфуз шығармалары өзінің мазмұ- нына сай араб, әсіресе Мысыр әдебиетіне мүлде тың формалар енгізді. Солардың бәрін сайып келгенде, ерекше аңғарылатын бір нәрсе – Мах- фуз шығармаларының құндылығы, байсалды, ойлы мазмұнда жазылуы және сөз шеберлігі /8, 66/. Нагиб Махфуз сынды өнер туындыларының озық үлгілерінің мәңгілік маңызын жоғалт- пауының шарттары бар. Біріншіден, белгілі бір кезеңдегі ақиқат өмірдің және сол кезеңдегі нақ- ты бір көркем туындыда көрініс тапқан адам са- насы деңгейінің өзіндік ерекшелігі. Екіншіден, уақыт жағынан айырмасына қарамастан, адам дамуының ортақтығы, яғни төменнен жоғарыға қарай өсу ерекшелігі. Н. Махфуздың стилі қарапайым ойды көр- кем етіп жеткізуімен, сондай-ақ күрделі ойды оқырмандарға оңтайлы әрі оңай етіп жеткізу ерекшелігімен дараланып тұрады. Оның шы- ғармалары рухы жағынан барынша шыншыл болып келеді /10, 225-226/. Ал кей кездерде оның туындыларында кездесетін метафора- лардың тұңғиығына енгенде, кейде тіпті ол шындықтан алшақтап асыра сілтейтін де тәрізді. Қарымды қаламгер, үлкен жүректі азамат болып еліне танылған Махфуздың әдеби мұрасы — өте бай.

Читайте также:  Төрт түліктің терісіне қатысты тілдік бірліктер

Оставить комментарий