Намыс буған ұл

Осыны айтып, шалғайын сілкіп тастаған Шөже орнынан тұра бергенде, Кенесары хан да орнынан атып тұрып: «Атыңызға қанық едім, затыңызды да таныдым. Пендешілікпен тарынып жатқаным рас еді, кешіріңіз Шөже би. Айыбым бар алдында. Қадірлі қонағым боласыңдар. Жүрегі жаудан да, даудан да қайтып көрмеген Әйтеке бидің өнегесінен ауытқымаған екенсіңдер»,—деп, үш құн еру қылып, ерекше сыйлапты. Аттанарда алдарына бір үйіp жылқы салып, иықтарына қамқа тон жауыпты. (1888 жылы туған атамыз Сатыбалды Сәндібекұлы: «Кенесарыдан келген шұбар айғырдың үйірі бүгінге дейін жетті»,—деп отыратын.—Авт). Әлқиса, билер тобы ауылға жақындай бергенде Жаныстан: «Сен неге шамырқандың? Шөкең тоқтатпағанда не істемекші едің?» — деп сұрайды Боймен би. «Неге шамырқанбайын?! Атасы қан шеңгелдеп туған немені қамшының, астына алайын деп едім», — депті Жаныс. Боймен мен Жаныстың араздығы да дәл осы тұста басталған. Шөже: «Балалар мына малға ие болыңдар. Жаттан бұйырғанға жаным жылымаушы еді мал жисам деген мұратым болмап еді», — дегенде, бір үйір жылқыны Бәймен иемденбек ниетте болады да, ерегісіп келе жатқан Жаныс оны қайтарып тастайды, үйірді өз ауылына қарай қайырады. Аузы дуалы би Бәймен өте бай, өзімшіл, тәкәппар кісі екен — өле­өлгенше Жаныспен өштесіп өтіпті».

Екінші: «…Жаныс би пайғамбар жасына жетіп, баласы Тағыберген болыстыққа сайланғаннан кейін Жаныс ауылының қозыкөш жердегі Ащықұдықтан қыстау салдырып, құран аударып, дүнияуи істерден алшақтап отырады екен. Бірде түн ортасында оянған би кемпірін оятып: «түйені қомда, ауылға жүреміз»,— дейді. Сыралғы кемпірі айтқанын eкі етпейді, би түйеге мініп, кемпіріне жетелетіп, өзен бойында отырған баласы Тағыберген болыстың ауылына келеді. Беймезгіл келіп, хабарлас қылмаған әкесінің қылығынан сескенген Тағыберген болыс әйеліне: «Сен шықшы», — дейді. Би келіні ерекше құрметтейді екен. Киіз есігін түріп, тысқа шыға берген келінін көрген би: «Әттеген­ай, балам­ай, бекер шықтың ғой! Өзі шықсын», — депті. Тағыбергеннің амалы таусылады. Сыртқа шыққан болыс ұлына түйенің үстінде тұрып кәрленген би: «Әй, сары ит! Ұзын өмірімде бүлініп көрмеген қазынама шоқаның басын салдың ғой, оңбассың! Ұзын өмірімде мен тайқымаған әділдіктен сен ауа көштің ғой, оңбассың!, — дегенде өз дәуірінде мерейі үстем, беделі биік боп еткен Тағыберген болыс: «Құритын болдым ғой! Пендешілікке барғаным рас еді», — деп отыра кетіпті деседі. Сөйтсе, сол күні кешкілік шектінің бір кісісінен параға бір ат алған екен…» Үшіншісі: «…Жаныс Бәйменнің малжандылығын, мақтаншақтығын ұнатпайды екен. Бір жылы Бәймен Петербор барып, патшадан медаль алып оралады. Содан кейін отырған жерінің бәрінде «Біз ақ патшаға барғанда … Біз патшадан медаль алғанда… Біз ақ патшаны кергенде» деп жиі желігіне көрінеді.

Читайте также:  Теоретическая основа китайской модернизации

Сондай мәжілістердің бірінде патшашыл Бәймен: «… Ақ патша едің ғой! Барлық халыққа бірдей үш сом салық салыпты. Мұнан өткен әділдік бар ма!» — десе керек. Сонда Жаныс би күліп: «Әй, Бәймен, ақ патша сенің айнымас дұғаң болды­ау! Петерборға бекер­ақ барғансың, барған соң бекер­ақ қайтқансын. «Әділ, әділ» деп қоймайсың, мекіренген қойдайсың, сүйекке біткен желігіп, желіге берсең, оңбайсың. Жылқысы алапқа сыймайтын Жолайға да үш сом, он бес мың қойы қораға сыймайтын Орманға да үш сом, қоралы сиырың қонаға симайтын саған да үш сом, жалғыз атты Қайрақбайға да үш сом, жалғыз түйелі Тайлақбайға да үш сом — осы ма еді патшаң? Сол патшаңның қызын!..» — депті. Бәймен дереу арызданады, көп ұзамай Орал бекінісінің (Қазіргі Бірғыз) стражниктер келіп Жапысты айдап әкетеді. Орынборға айдалған Жанысты стражниктер түнге қарай төрт ере киізге орап, киіздің айлық өздері жататын көрінеді. Айтулы, аруақты ерін, әділ биін орысқа пенде еткісі келмеген ел адамдары да түнде жасырын келіп, киіздің тұйық шетін тілді, Жанысты құтқарып алады. Бірақ Жаныс Ырғыздағы түрмеге қайта түседі. Мұны естіген кәpi би Шөже Арыстан правительге (аға султан) барады. Сұлтанның өзі тапсырып қойса керек, стражниктер Шөжені Арыстанның үйіне жолатпайды. Би өлкілдерінің біріне қолқа салса, ол: «Сені жіберсем сұлтан мені құртады ғой», — деп, көнбейтін көрінеді.

Оставить комментарий