Нарративты білімнің прагматикасы

Аса дамыған елдердегі білімнің инструменталды концепциясын талдаусыз қабылдаудан бұрын, біз екі қарсы уәж айттық. Білім, әсіресе, оның қазіргі формасында ғылым емес; және соңғысы оның заңдылық проблемасын көз таса қылудың орнына, оны мейлінше кең түрде қою керек. Сонда оның маңызы эпистемологиялық сипатпен шектелмей, социосаяси сипатта да болады. Алдымен «нарративты» білімнің табиғатын нақтылайық; бұл зерделеу бізге казіргі қауымдағы ғылыми білім қабылдайтын форманың ең кемінде бірнеше сипаттарын салыстырмалы түрде жақсырақ ажыратуға мүмкіндік береді; және ол сонымен бірге бүгін легитимдік жөніндегі мәселенің қалай қойылатынын және қойылмайтынын түсінуге көмек береді. Білім тұтастай ғылымға да, тіпті танымға да жатпайды. Таным деп біз объекттерді белгілейтін немесе суреттейтін және барлық өзге тұжырымдардан тыс һәм өзін ақиқатты немесе жалған деп атауға бейім тұжырымдар ансамблі атар едік. Онда ғылым танымның подансамблі болар еді. Егер ол сонымен бірге денотативты тұжырымдар болса, ол оларды қабылдау үшін екі қосымша шартты қабылдауды талап етер еді: оларға жататын объекттердің рекурсивты, демек, бақылауға оңай шартта болғанын; оның тұжырымдары сарапшылар оған сәйкес ретінде қабылдаған тілге жататынын немесе жатпайтынын шешуге мүмкін болғанын. Бірақ «білім» атауына тек қана тұжырымдар ансамблі жатпайды, бұған тапқырлық, жақсы қылықтар, тыңдау қабілеті идеялары қосылады. Сөйтіп, мәселе жалғыз тана ақиқат критерийінің анықтамасы мен қолдануынан асып түсетін және эффективтілік (техникалық квалификация) әділеттілік немесе/және бақыт (этикалық көрегендік), дыбыс, түс(бояу) сұлулығы, естуге, көруге, сезуге қатысты сұлулық критерийлерінің анықтамасы мен қолданысына жететін белгілі компетенция туралы. Осылайша түсінілген білім біреуді «жақсы» денотативті тұжырымдарды, бірақ сонымен бірге «жақсы» прескриптивті тұжырымдарды, «жақсы» бағалаушы тұжырымдарды айтуға қабілетті қылатын нәрсе. Ол өзгені сыртқа шығару есебінен, мысалы, когнитивті тұжырымдарға қатысты емес. Керісінше, ол субъект үшін жақсы перформацияларды мүмкін қылады: дискурстың көптеген объекттерін білу, шешу, бағалау, өзгеріске түсіру. Осыдан оның ең басты сипаттарының бірі шығады: ол компетенциялардың кең құрылымымен тең, ол субъектті негіздейтін компетенциялардың түрлі нұсқаларын құрайтын субъектте нақтыланған жалғыз форма. Оның баса айтатын өзге сипаты: мұндай білімнің жоралғы­дәстүрмен туыстастығы.

Расында да, прескриптивті немесе бағалаушы тұжырым денотативты немесе техникалық материядағы «жақсы перформация болмағанда не болады? Әлгі нәрселердің бәрі «жақсы» деп бағаланса, олар сұхбаттасушы­білімдарлар ортасында қабылданған әділдік, сұлулық, ақиқат және эффективтілік критерийлеріне сай болғаны. Алғашқы философтар тұжырымдарды легитимациялаудың бұл тәсілін пікір деп атаған. Осындай білімді сипаттап, білімдіні білімсізден (кірме, баладан) айыра алатын консенсус белгілі халықтың мәдениетін негіздейтін нәрсе. Білімнің құрылым ретінде және мәдениет ретінде көріне алатынын ескерткен бұл кіріспе этнологиялық суреттеулерді мүмкін етеді. Бірақ, жедел дамушы қоғамдарға арналған антропология мен әдебиет өзінің ең кемінде белгілі аймақтарда қабілетті екенін көрсетеді. Даму идеясының өзі түрлі компетенциялар дәстүрдің біртұтастығы ретінде алынған және инновациялар, дебаттар және арнайы зерттеулер объектісін құрайтын квалификацияларға бөлінбеген даму еместік көкжиегінен туындаған. Бұл оппозиция «қарабайырлар» мен «өркениеттілер» арасындағы білім ахуалының табиғи өзгеру оппозициясы емес, оны «жабайы» және ғылыми ой машығы формалды тең деген тезиспен және оған мүлде қарама­қарсы дәстүрлі білімнің қазіргі компетенциялардың шашыраңқылығынан асып түсетіні туралы тезиспен тоқайластыруға болады. Барлық бақылаушылар білімнің әдеттегі халі және оның тылым дәуіріндегі халі арасындағы аракідік драматизациялау және ұғу үшін ұсынған сценарийлары қандай болғанда да дәстүрлі білім пайымындағы нарративты форманың асып түсетініне келіседі. Біреулер бұл форманы өз­өзі ретінде пайымдайды, өзгелері одан структуралық операторлар диахрониясының сыртын көреді, олардың ойынша ол ойынға тартылған білімнің өзін негіздейді; үшіншілері, Фрейд мағынасындағы «экономикалық» пайымдау жасайды. Бізге мұнда нарративты форманың фактын ғана ұстау маңызды. Әңгімелеу бұл білімнің асқан формасы, және көп мағынада. Ең алдымен, бұл әйгілі халық хикаялары жақсы немесе жаман деп атауға болатын құрылымды өзі айтып береді, яғни қаһармандардың талпыныстарын аяқтайтын жеңіс немесе жеңілістер, және әлгі жеңістер немесе өзінің легитимдігін қоғам институцияларына береді (мифтердің қызметі), әлде интеграцияның жақсы немесе жаман нұсқаларын (бақытты немесе бақытсыз қаһармандар) орнықты институцияларға (аңыз, ертегілерге) береді. Сөйтіп, бұл әңгімелеулер, бір жағынан, олар айтылатын қоғамның критерийі болатын компетенция критерийлерін анықтауға, және өзге жатынан, осы критерийлер арқылы жүзеге асқан немесе жүзеге асатын перформацияларды бағалауға мүмкіндік береді.

Читайте также:  Белдеулік уақыттың ұмтылысынан кейінгі әлемдік тарих

Екіншіден, нарративты форманың білімнің өзге дамыған дискурсынан айырмасы, ол тіл ойындарының көптеген түріне орын береді: Әңгімелеуде дентотативты тұжырымдар оңай орын табады, мысалы, аспан, маусымдар, флора мен фауна не деген нәрселерде; деонтикалық тұжырымдар, әлгі референттердің өзіне катысты немесе туыстық, жыныс айырмашылығы, балаларға, көршілерге, жат адамдарға қатысты не жасауға тиіс екенін суреттегенде; интеррогативты тұжырымдар, мысалы таңдау (сауалға жауап беру, жеребеде бөлшек таңдауда) эпизодтарында, баға беру тұжырымдары және т.т. Критерийлерін әңгімелеуде табатын компетенциялар сөйтіп тығыз матада, әңгімелеу матасында бір­бірімен араласып кетеді және білімнің осы түрін сипаттайтын ансамбль перспективасында тәртіптенеді. Біз мұнан сол байыптылау түрде осы әңгімелеулердің таралымына қатысты үшінші қасиетті зерделейміз. Олардың наррациясы бәрінен жиі, онда прагматиканы орнықтыратын ережелерге бағынады. Бірақ, бұл институциялар арқылы осындай қоғам осындай жас шамасындағы топты, жанұяны маманданған топтар категориясына әңгімеші рөлін береді деген нәрсе емес. Біз оларға ішкі мәні бойынша жататын халық әңгімелеулерінің прагматикасы жөнінде айтқымыз келеді. Мысалы, кашинахуа тайпасының әңгімешісі өз әңгімесін әрқашанда орнықты тұжырыммен бастайды: «Мынау … туралы хикая. Қалай болғанда да мен оны осылай естігем. Енді мен өз кезегімде оны сіздерге айтып беремін, тыңдаңыздар!» және ол оны өзге инвариантты тұжырыммен аяқтайды: «Мұнда … туралы хикая аяқталады. Сіздерге оны айтып берген пәленше… (кашинахуаның есімі). Егер ақ адам айтса, испан немесе португал есімі. Осы қосарланған прагматикалық инструкцияның суммарлы анализі мынаны айғақтайды: әңгімеші өзінің хикая айту компетенциясын тыңдаушы барлығынан шығарады. Белсенді тыңдаушы, оны тыңдағанда потенциалды түрде әлгі биліктің өзіне бағынады. Әңгіме айтылған және ежелден айтылған деп жарияланады (тіпті егер нарративты перформация айқын инвективті болса да): оның қаһарманы, кашинахуа, өзі де осы әңгіменің тыңдарманы болған және оның айтушысы да бола алады. Осы шарттар ұқсастығына байланысты әңгімеші бұрынғы өз Бабасындай бұл әңгіменің қаһарманы да бола алады. Іс жүзінде ол қажетті түрде осындай болады, өйткені, ол әңгіме аяғында аталатын есімге ие, ал ол есім кашинахуаның әкесінің атын заңды түрде тарататын үлгілі әңгімеге сай.

Читайте также:  Тәуке тұсындағы қазақ хандығы

Бұл мысал арқылы әрленген прагматикалық қағида, әрине, жаппайлануға жатпайды, бірақ, ол дәстүрлі білімде кеңінен мойындалған қасиетке сілтейді: нарративты «позициялардың» (айтушы, адресат, қаһарман) таратылғаны сондай, мысалы, айтушының бір позициясын иемдену үшін өзге, адресат позициясын қоса иемдену дәйегіне сүйенеді және есім иесі арқылы ол әңгімеде айтылып қойылған, яғни өзге нарративты жағдайлардың диегетикалық референті позициясына қойылған. Бұл наррацияны тарататын білім әсте де тұжырымдау қызметімен шектелмейді, ол бір уақытта тыңдалу үшін айтылатын нәрсені және айту үшін тыңдалуға тиіс нәрсені һәм әңгімеден объект жасау үшін (диететикалық болмыстың сахнасында) не ойналуға тиіс екенін орнатады. Демек, бұл білімге қатысты тілдің әрекеттері әрекетке тек айтушы арқылы емес, сонымен бірге мұның бәрі кімге арналғаны арқылы және үшінші мәртеде кім туралы айтылғаны арқылы келтіріледі. Бұл механизмнен шытатын білім біз орамы ашық деп атайтын нәрсеге қарсы «жинақы» көрінуі мүмкін. Ол әңгімелеулер дәстүрінің бір уақытта критерийлер дәстүрі екенін айқын көрсетеді. Критерийлер білімнің үш нұсқалы компетенциясын анықтайды: айту білімін, тыңдау білімін, істеу білімін, онда қоғамдастықтың өз­өзімен және өзінің айналасымен қатынасы ойналады. Әңгімелеулер арқылы таратылатын нәрсе әлеуметтік байланыс орнататын прагматикалық қағидалардың тобына жатады. Мұнан гөрі мұқият зерттеуге тұратын бұл нарративті білімнің төртінші аспекті, оның уақытқа ықпалы. Нарративты форма белгілі ырғаққа бағынады, ол уақытты тең кезеңдерге бөлетін өлшемнің және олардың кейбіреуінің ұзақтығымен көлемділігін түрлендіретін акценттің синтезі. Бұл вибраторлы және музыкалды қасиет кашинахуаның кейбір ертегілерінің ритуалды орындауында өте анық көрінеді: инициалды жағдайға аударылып, өте орныққан формада, мәнін оған қойылған лексикалық және синтаксикалық ауытқулар көлегейлейтін тілге, олар ұшы­қиыры жоқ бір ырғақты ән арқылы орындалады. «Қызық білім екен, — деуі мүмкін біреулердің, — ол тіпті өзі назар аударған жастарды ұғына алмайды!» Алайда бұл кәдімгі әдетті білім, балалар санамағының білімі, біздің уақытымызға дейін оған жұрт жетуге тырысқан білім, немесе ең кемінде, оған репетитивті музыка жақындауға тырысқан білім. Оның бір түрлі қасиеті бар: дыбыстық құбылыстарда бір қалыпты өлшем акцентті жеңген сайын, оның сөйленгені немесе сөйленбегі маңызды емес, уақыт еске сақтаудың негізі болудан қалып, еске сақтау қабілеті жоқ интервалға айналады.

Ол кезеңдер арасында аса айырмашылық болмағасын, оларды есептеуге тиым салады да, оларды ұмытылу құрдымына тастай салады. Қазіргі әлеуметтік білімнің кейбір қабаттарында әлі де айналыста бар, мүмкін әңгімелеулердің кішігірім жұрнағындай, немесе ескі әңгімелеулердің матрицасындай дикцияларды, мақал­мәтелдерді, максималарды сұрастырыңызшы, сонда оның просодиясында осы ыңғайсыз ырғақтанудың таңбасын табасыз. Ол біздің білімнің «Ұмытпау» деген алтын ережесіне толығынан қайшы келеді. сөйтіп, бір жағынан, нарративты білімнің ажалды функциясы мен, өзге жағынан, критерийлерді қалыптастыру, компетенцияларды және біз жоғарыда айтқан әлеуметтік реттеулерді бір қалыптау арасынан сәйкестік табу керек. Оңайлату қиялы ретінде әңгімелеуден компетенцияның басты формасын жасайтын белгілі қауымдастық, барлық әдеттегі жағдайға қайшы, өз өткенін есте сақтау қабілетін керек етпейді. Ол өзінің әлеуметтік байланысы материалын мағыналаудан ғана емес, орындау әрекетінен де табады. Әңгімелеудің референциясы өткен шаққа қатысты болып көрінуі мүмкін, іс жүзінде ол тек осы әрекетке замандас. Ол әрбір кезде «мен оны қалай айтқанын естідім» және «Сіз қазір оны тыңдайсыздар» арасындағы өткінші ырғақтылықты паш ететін қазіргі акт. Наррацияның бұл түрінің прагматикалық протоколдарындағы нәрсенің маңыздысы, олар әңгіменің барлық оқиғаларының принципті түрде бір маңыздылығын белгілейді. Әдетте жиі болатындай, оның болмауы да мүмкін, сондықтан бұл этикетке қатысты юмор, немесе жабығу элементін өз­өзіңізден жасырмаңыз. Әйтсе де мән әрбір перформацияның акценттік айырмашылыққа емес, бір ырғақты бөлінуге берілген. Міне, сондықтан бұл уақыттануды өткінші және ессіз деп атауға болады. Ең соңғысы, нарративты форманы артық санайтын мәдениет өзінің өткен шақты еске түсіруді керек етпейтіні сияқты өзінің әңгімелерін заңдастыруының арнайы процедураларын да, әрине, керек етпейді. Әдетте, біріншіден, оның нарративты инстанцияны оны әңгімелеулер прагматикасында артық хұқыққа иелендіру үшін өзгелерден бөлетінін, екіншіден, оның осылайша адресат пен әңгімеден бөлінген әңгімешінің оның айтқанын айту үшін қандай түрде хұқыққа ие болатынын сұрап алатынын, ақыры, оның өз легитимдігінің анализі мен еске түсіруін жасайтынын өте жеткіліксіз түрде елестетеді.

Читайте также:  Каспийское море. Общие сведения

Және оның наррацияның ұғымға сыймайтын субъекттіне әңгімелеулерге билік беретінін одан да аз елестетеді. Бұл соңғылар өз­өзінен берілген билікке ие. Белгілі мағынада халық оларға белсенділік беретін күш қана, және одан зоры, ол мұны тек оны айту барысында емес, оларды тыңдап та, және олардың көмегімен өзі айтқандай болып, яғни, оларды өзінің институцияларында ойнатып: демек, сонымен бірге өзін адресат пен әңгіме позициясына қалай қойса, әңгімеші позициясына да солай қояды. Сөйтіп, өзі тура легитимация жасайтын халықтық нарративты прагматикасы мен бұл Батыста белгілі өзі легитимділік туралы мәселе немесе интеррогативты ойынның референті ретіндегі легитимділік тудыратын тіл ойыны арасында үйлесімсіздік бар. Әңгімелеуді, біз көргеніміздей, компетенцияның критерийлары анықтайды және олардың қолдануын әрлейді. Сонымен, олар мәдениетте не айтылуға және жасалуға тиіс екенін анықтайды және өздері оның бөлігі болғандықтан, олар сөйтіп, заңдастырылған (легитимді) болып шытады.

Оставить комментарий