Нарративты қызмет және білім легитимациясы

Бұл легитимация проблемасы бүгінде енді тылым тілінің ойынында осал нәрсе ретінде қарастырылмайды. Ол өзі проблема, яғни эвристикалық құрал ретінде легитимацияланған дегеніміз әділ болар еді. Бірақ, онымен айналысудың осы тәсілі, керісінше, жақында пайда болды. Бұған келуден бұрын (яғни, кейбіреулер позитивизм деп атайтын нәрсеге) ғылыми білім өзге тәсілдер іздеді. Ең қызығы, оның ұзақ уақыт көлемінде нарративты білімге тәуелді процедуралардан қашқақтай алмағаны мәлім. Осы нарративтының нарративты емеске айналуын мүлде өткен шақта қалған нәрсе деп қарастырудың қажеті жоқ. Оның анайы мысалы, өздері ашқан жаңалықтарынан кейін телевидениеге шақырылған, журналда интервью берген ғалымдар не жасайды? Олар білім эпопеясын айтып береді, алайда, ол мүлде эпикалық емес. Сөйтіп олар салмағы тек медиа тұтынушыларға ғана емес, олардың ар­ ұжданына да басым нарративты ойынның ережесіне сай болады. Сонымен, бұл факт тривиалды да, қосалқы да емес, ол ғылыми білімнің танымал нәрсеге, оның жұрнағына қатынасына қатысты. Ғылым өзін эпопея ретінде әйгілеуіне мемлекет көп қаржы жұмсай алады, осының арқасында ол оның билеушілері мұқтаж сенім тудырады, қоғамдық келісім жасайды. Демек, нарративтілікке жүгінбеу беймүмкін болған шығар: ең кемінде, ғылым тілінің ойыны өз тұжырымдарының ақиқатын қалауы үшін және ол оны өз күшімен заңдастыра алмағандықтан. Бұл жағдайда біз суреттегендей есте сақтау мен проекциялау мұқтажы ретінде емес, керісінше,ұмыту мұқтаждығы ретінде түсінілген тарихқа жойылмайтын мұқтаждықты мойындау керек еді. Алайда, оған ауысу әлі ерте. Бірақ, кейінгі пайымдаулар барысында легитимация мәселесі жөнінде берілетін көнерген шешімдердің ондайға айналуы принципті түрде емес, тек әйгіленуінде ғана екенін миымызда ұстауымыз керек және олардың бүгін басқа формада сақталуына таңданбауымыз керек. Мүмкін, бұл тұрғыда біздің өзімізге оның статусын анықтау үшін батыстық ғылыми білімнің әңгімелеуін биіктету керек шытар. Өзінің о баста пайда болуынан бастап тілдің жаңа ойыны өзінің өзіндік легитимділігі жөніндегі проблеманы қояды: бұл Платон.

Читайте также:  Антропологиядағы тарих пен ғылым

Бұл арада ғылымның прагматикасы тақырып ретінде эксплицитті түрде немесе болжам ретінде имплицитті түрде қойылған Диалогтың пассаждарын пайымдауға орын жоқ. Өзінің арнайы талаптары бар диалогтың ойыны оған зерттеу мен оқыту екі қызметін қосып, оны нәтижелейді. Мұнда кейбір бұрын аталған ережелерді табуға болады: тек қана консенсус мақсатында жасалған аргументация, келісімге жетудің гарантиясы ретіндегі референт бірлігі, партнерлардың теңдігі және мәселе тағдыр емес, ойын жөнінде екені туралы қосалқы мойындау, өйткені барлық ережені мойындамайтындар — әлсіздігінен немесе анайылығынан — сыртқа шығарылған болып шығады. Әйтсе де, ойынның өзінің легитимділігі жөніндегі мәселе, егер оның ғылыми табиғатын қабылдасақ диалогта қойылған мәселелердің бөлігіне айналуға тиіс. Бұл нәрсеге байланысты кеңінен мәлім мысал өзі о бастан бұл мәселені социо­саяси биліктің мәселесімен қосқасын өте маңызды Республиканың VI және VTI кітаптарында берілген. Мысалы, жауап адамдар неге білімді мойындамай, әңгімені қарайтыны туралы үңгір аллегориясы әңгімелеуінде аздап болса да берілген. Ол сөйтіп, өзінің азаптануы жөніндегі әңгімелерінде берілген. Одан зоры, Платон жазған Диалогтар формасының өзі арқылы легитимация қаруды наррация қолына береді, өйткені олардың әрбіреуі әрқашанда ғылыми дискуссия әңгімелеуінің формасына киінеді. Таластың тарихы баяндалудан гөрі көрінгені, әңгімелегеннен гөрі сахнада қойылғаны және, демек, эпикадан гөрі трагедияға тәуелді болуы тиіс екені мұнда маңызды емес. Мәселе, ғылымның негізін қалаған Платон дискурсының ғылыми емес болғасын тана, оны легитимациялай алатындығында.Ғылыми білім ол үшін ғылым емес болатын өзге білім, әңгімелеуге жүгінбей өзінің ақиқатты білім екенін біле алмайды. Онсыз ол өз­өзінің алдын алуға мәжбүр және сөйтіп өзі жаратпайтын нәрсеге — логикалық қатеге, алдын ала шешімге ұшырайды. Бірақ, ол әңгімеге негізделгенде де сол нәрсеге ұрынбай ма екен? Мұнда соңғыны легитимациялау дискурстарында нарративтінің ғылыми білімге қалай айналатынын зерделеуге орын жоқ. Ол дискурстарға белгілі мөлшерде ұлы антикалық, ортағасырлық және классикалық философиялар жатады.

Читайте также:  ОРАЛМАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

Бұл әрдайымғы азап. Декарттікі сияқты тәуекелді ой тылымның легитимділігін Валери pyx тарихы деп атаған нәрседе немесе Тәсіл туралы зерделеу аттылы ағарту романының нұсқасында ғана көрсетуге қабілетті. Аристотел ғылыми деп жарияланған тұжырымдарды қолдайтын ережелердің суреттеуін олардың Болмыс жөніндегі дискурстағы легитимділігінен бөлектегенде, және одан бетері, референт болмысы туралы айтуға талабы бар ғылыми тілдің тек аргументация мен дәлелдерден, яғни диалектикадан тұратынына сендіргенде, әрине, ең озығы еді. Қазіргі тылымның легитимация проблематикасында екі жаңа компонент пайда болады. Біріншіден, дәлелді қалай дәлелдеу керек сауалына немесе одан жалпы формада: ақиқаттылықтың шарттары жөнінде кім шешеді сауалына жауап бергенде бірінші дәлелдің метафизикалық зерттеуінен немесе трансцендентті авторитеттен бас тартса, ақиқаттылықтың шарттары, яғни тылым ойынының ережелері осы ойынға имманенті екені мойындалады. Демек, олар тек осы ғылыми талас алаңында тана орнығады және сарапшылар консенсусынан өзге осы ережелердің жөнді екенін дәлелдейтін дәлел жоқ. Бұл қазіргі заманға тән дискурстың шартын осы шарттар туралы дискурста анықтау диспозициясы Ренессанс гуманизмінен бастап және өзгеше Ағарту дәуірінде, Sturm und Drang­та, немістік идеалистік философиясында, Франциядағы тарихи мектепте нарративты (халықтық) мәдениеттердің дәрежесін қайта тұрғызумен ұштасты. Наррация легитимация ляпсусы болудан қалады. Бұл білім проблематикасындағы әңгімелеуге эксплицитті шақыру буржуазияның дәстүрлі биліктерге қатысты эмансипациямен сабақтас. Әңгімелеулерді білу батысқа жаңа биліктердің легитимациялану шешімін беру үшін келеді. Нарративты проблематикада бұл сауалдың қаһарман есімінен күтетіні табиғи нәрсе: қоғам үшін шешім қабылдауға кімнің хұқығы бар? Өкімі міндеттейтіндерге үлгі болатын субъект қандай? Социосаяси легитимділікті сұрағыштайтын бүл тәсіл жаңа ғылыми позициямен ұштасады: қаһарманның аты — халық, заңдастыру белгісі — оның консенсусы, оның шешімді үлгілендіру тәсілі. Мұнан прогресс идеясы бұлтартпас түрде шығады. Ол білім жинақталған деген қозғалыстан өзге ешнәрсе емес, бірақ бұл қозғалыс жаңа социосаяси субъектті қамтыған. Халық өз­өзімен ғалымдардың қоғамдастығы ақиқат және жалған не нәрсе деп пікір сайыстырғанындай әділет пен әділетсіздік жөнінде таласады, ол олар ғылыми білімді қалай жинақтаса, азаматтық заңдарды солай жинақтайды, ғалымдар жаңа «парадигмалар» жасап, заңдарын өзінің танымы жарығында қалай қайта қараса, ол солай өзінің консенсус ережелерін конституциялық диспозициялар арқылы дамытады.

Читайте также:  Батыс әлемінің тарихы

Мұнда әлгі «халықтың» дәстүрлі нарративты білімдерден мүлде өзге екені көрінеді. Жоғарыда айтылғандай, соңғылар ешбір институциялық талқылауды, ешбір кумулятивті прогрессияны, ешбір әмбебаптылыққа талпынуды талап етпейді: бұлардың бәрі ғылыми білімнің операторлары.Сондықтан егер «халық» арқылы жаңаша легитимацияланудың өкілдері сонымен бірге тағдыры енді тек обскурантты болатын азшылық немесе потенционалды сепаратисттер ретінде түсінілген халықтың дәстүрлі білімінің жоюшылары болса, оған таңданудың еш қажеті жоқ. Сол сияқты бұл еріксіз абстрактты субъекттің тағдыры ол шешімдерді талқылаушы және қабылдаушы ретінде алынған және Мемлекеттің бәрін немесе бөлігін қамтитын институцияларға қосарланғаны да түсінікті. Дәл осылайша Мемлекет туралы мәселе ғылыми білім жөніндегі мәселеге жапсырылады. Бірақ, бұл тоқайласудың оңай емес екені де түсінікті. Өйткені, ұлт немесе адамзатқа болатын «халық» әсіресе өзінің саяси институцияларында танымға қанағаттанбайды; ол заңдарды құрастырады, яғни үлгілер құндылығы бар өкімдерді тұжырымдайды. Демек, ол өзінің компетенциясын тек ақиқатқа тәуелді денотативты тұжырымдардың материалында тана емес, сонымен қатар, әділдікке таласы бар прескриптивті тұжырымдарда да жүзеге асырады. Анау да, мынау да компетенцияны ұстап тұруға бейім мазмұны бар нарративты білімнің қасиеті, өзгесін айтпағанда, осындай. Әңгімелеуді білімнің заңдылығы ретінде қайта кіргізетін біз айтып отырған легитимацияның тәсілі әңгімелеу субъектін когнитивты немесе практикалық ретінде: таным қаһарманы немесе еркіндік қаһарманы ретінде әйгілеп, екі бағытта дамуы мүмкін. Және осы альтернатива себебінен әрқашанда бір мағыналы болатын легитимация емес, әңгімелеудің өзі де толық версияны беруге жеткіліксіз сияқты.

Оставить комментарий